Ақ Сарбаз Әлемі. indd


ЕСТЕЛІК, НЕМЕСЕ БІР ҒҰМЫРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет8/109
Дата19.01.2023
өлшемі3.4 Mb.
#61959
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   109
ЕСТЕЛІК, НЕМЕСЕ БІР ҒҰМЫРДЫҢ
МИНИЦИКЛДА ҚАЙТАЛАНУЫ
Ұстаз бала кезі туралы естелікпен бөлісуде.
Қала маңындағы бұрыннан қалған казак-орыстар 
мекендейтін ауыл мектебінде оқыған екен. Мектептің дені 
орыс балалар болғандықтан бұны шеттету, кемсіту, қорлау 
үнемі болған. Осыған қарамастан рухын жасытпай: «қазақ 
жаман» дегеннің аузынан бір қойып қалады екен де, ерегестің 
ақыры күнара төбелессіз өтпейді екен.
Бір күні өзіме бала кезден қас боп келе жатқан ұзын 
бойлы орыс баламен жекпе-жекке шығатын боп ауыл 
сыртындағы терең шұңқырларға келдік – деп есіне алды Ұстаз. 
Қарсыласымды қолпаштаған балалар айналамда топырлап 
жүр. Төбелеске шығар алдында қандай жағдайда кім жеңетіні 
жайлы келісеміз. Қарсыласым айтады: «кімнен бірінші қан 
шығады, сол жеңілген деп саналсын!»
Мен бұл шартқа қарсымын. Өйткені мұрным тез қанайды. 
Менің шартым: «кім бірінші жылап қалады, сол жеңілген деп 
саналсын»
Дау басталады. Дауға нүкте қоятын Сібірден көшіп келген 
бала болатын. Өзі мықты, ешкімге соқтықпай жөнімен 
жүретін. Төбелесте де бас төреші боп жеңісті әділ бағалайтын. 
Қалғандары оған дау айта алмайды.
Сібірлік бала менің шартымды дұрыс деп қолдаған соң 
төбелес басталады. Қарсыласым ретін тауып мұрнымды 
қанатады. Нөкерлері «жеңдік!» деп шулап қоя береді.
«Жоқ!» дейді Сібірлік бала. Әлі ешкім жылаған жоқ. Төбелес 
жалғассын!
Мен басымды кесіп алса да қыңқ етіп үн шығармасым 
өзіме аян. Ақырында мені төмпештеймін деп шаршаған 
қарсыласымды ебін тауып құлатып аламын да, кеудесіне 


31
мініп алып әйда төмпештеймін. Тек өзім ғана үшін емес, бүкіл 
елім үшін кек алып жатқандай айызым қанады. Әлгі бала бұл 
қорлыққа көп шыдай алмайды. Көзінен сорасы аға өкіріп үйіне 
қайқаяды. Мен жеңімпазбын!!!
Әлі есімде. Біз кезекті бір төбелеске кірісер алдында күн 
ұясына батқалы тұрған. Төбелес көп болса сүт пісірімге 
созылған шығар. Шайқас менің жеңісіммен аяқталып, өзіме-
өзім келіп айналама көз салғанда күн көкжиекке отырған 
екен. Ал, мен өмір-бақи қырқысып өткендей күй кештім. Мен 
бұның сырын кейін ұқтым. Осы кезде басымнан бұрынғы бір 
өмірімнің оқиғасы минициклда қайталаныпты ғой!
АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ
Үнді философиясындағы Құдайдың қиратушы бейнесі 
Шива туралы білетін адам оның мүсіні мен суретіндегі көкпен 
боялған тамағына назар аударары анық. Аңыз бойынша 
ертеде жер бетінде улы мұхит пайда болыпты дейді. Ол 
мұхитқа қонған құс та, түскен аң да қырылып, жақындаған 
адам ауруға ұшырайды. Ел бұл мұхиттан қалай құтыларын 
білмей басы қатады. Сол кезде Шива адамдарды аяп, мұхитты 
ұрттап алып тамағында сақтапты деседі. Осыдан кейін оның 
тамағы көгеріп кеткен.
Осы аңыздың негізінде шындық жатыр!
Чернобыл апатынан кейін Ақ Сарбаз бауырлас украин 
халқына жаны ашып, өз еркімен сұранып, жұмыс істейтін 
мекемесінен апат аймағына аттанған. Сол жерде үш адамның 
мерзімін орындап, үш ай өз құдыретімен жаңбырлы маусымды 
тоқтатып, жұмыс жасаған.
Бұл оқиға оның «Тәңір Жауынгері» кітабында баяндалады.
Осы оқиғадан кейін Ұстаз зоб ауруына шалдыққан. Улы 
радиациядан тамақ безіне зақым келіп өмір бойы ем қабылдап 
жүруге мәжбүр болыпты.
Ұстаз туралы


32
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   109




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет