А. Т. Ақажанова



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата03.03.2017
өлшемі0,9 Mb.
#6404
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

 

 

 

 

 

 

 

А.Т. Ақажанова 

 

 

 

 

 

Девиантология  

 

 

 

 

Оқу құралы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы  

2009 

 

 



2

УДК 159.9(075.8) 

ББК 88.52я73 

А 37

 

 

Басылымға ҚазМҚПУ-нің Педагогика жəне психология факультетінің 

ғылыми кеңесі ұсынған 

 

ПІКІР ЖАЗҒАНДАР: 

Ш. Т. Таубаева — педагогика ғылымдарының докторы, профессор 

Х. Т. Шериязданова — психология ғылымдарының докторы, 

профессор 



Л. К. Көмекбаева — психология ғылымдарының кандидаты, доцент 

 

 

      А. Т. Ақажанова — психология ғылымдарының кандидаты,  

                                           доцент  



А 37 Девиантология: Оқу құралы.— Алматы: Нұр-пресс, 2009.— 126 б. 

 

ISBN 9965-813-75-2 



 

Еңбекте  "Девиантология"  жаңа  курсына  қатысты  дəрістердің  қысқа 

мəтіндері  мен  əдістемелік  нұсқаулар  берілген.  Аталған  курс  магистра-

тураның 2-курсында  жəне  күндізгі,  сырттай  оқу  бөлімдерінде  оқыты-

лады. 

Кəмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлқы психологиясының 



болмысы,  негізгі  теориялық-əдістемелік  қағидалар,  ауытқушы  мінез-

құлық түрлерінің жіктелімі, жас жəне тұлғалық ерекшеліктер,  асоциалды 

жəне қоғам тəртібіне қарсы топтардың құрылу тетіктері, психологиялық-

педагогикалық превенция жəне интервенция əдістері ашылады. Ауытқу-

шы  мінез-құлықтың  қалыптасуына  Бүқаралық  ақпарат  құралдарының 

ықпалы  мəселесіне,  балалар  мен  жасөспірімдердің  педагогикалық  жəне 

əлеуметтік  қараусыз  қалуы,  олардың  мінез-құлықтарының  "жəбірлену-

шілік"  мəселелеріне  баса  назар  аударылған.  Девиантты  мінез-құлықты 

зерттеудің  заманауи  психологиялық  əдістерінің  негізгі  қағидалары 

түсіндіріледі. 

Оқу құралы магистрант-психологтарға, студенттерге жəне  кəмелетке 

толмағандардың девиантты мінез-құлықтың əртүрлі көріністерін ғылыми 

тұрғыда қарастыратын зерттеушілерге арналған.  

                                                                                           ББК 88.52я73 



А 

                                                                            ©  А. Т. Ақажанова, 2009. 



ISBN 9965-813-75-2                                          © Нұр-пресс,  2009. 

0303010000 

00(05)09 

 

 



Мазмұны 

 

 

Алғы сөз............................................................................................4 

«Девиантология» курсын оқытудағы əдістемелік нұсқаулар......7 

Дəрістер мазмұны ...........................................................................8 

Курстық жəне дипломдық жұмыстардың тақырыптары .........102 

Аттестациялау сұрақтарының тақырыптары ............................104 

Емтихан сұрақтары .....................................................................105 

Психологиялық-педагогикалық глоссарий ...............................108 

Ұсынылатын жəне қолданылған əдебиеттер ............................117 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



4

АЛҒЫ СӨЗ 

 

Тəуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан ұрпақтарын тəрбиелеу 

мен  оларға  білім  берудегі  маңызды  бағыт — балалар  жəне 

жасөспірімдермен  жүргізілетін  психологиялық  жəне  педагоги-

калық  жұмыс.  Жасөспірімдердің  қылмыстық  істерінің  өршуі, 

əлеуметтік жетімдік пен жасөспірімдердің назардан тыс қалуының 

етек  алуы  барлық  азаматтық  институттарға  бірнеше  міндеттер 

жүктейді:  кəмелетке  жетпеген  азаматтардың  құқықтық  əлеумет-

тенуі  мен  мемлекетімізде  болып  жатқан  өзгерістерге  бейімделуін 

жетілдіру мақсатында кешендік жəне кəсіби шаралар даярлау.  

Кəмелет  жасқа  толмаған  балалардың    девиантты  мінез-құлық 

мəселесі  осы  жас  санатына    қандай  да  бір  қатысы  бар  адамдарда 

аса  қызығушылық  тудырады.  Бүгінгі  таңда  осы  туындаған  мəсе-

лені  тек  ғалым — философтардың,  заңгерлердің  жəне  социолог-

тардың ғана  терең зерттеу қажеттілігі өзекті емес, сонымен қатар 

жоғары  оқу  орындарын  бітірушілер  үшін  де  өте  маңызды,  себебі 

олардың  əрі  қарайғы  іс-əрекеттері  тікелей  тəжірибе  тұрғысынан 

араласуды  жəне  осы  бағытта  қолданылатын  ескірген  əдіс-тəсіл-

дерді  қайта  қарап,  жаңартуды  талап  етеді.  Отбасы  институттары 

мен  мектептердің,  интернаттар  мен  жабық  мекемелердің 

жұмыстары əлсіреді; жоғары оқу орындарының студенттері мінез-

құлқында ауытқулары бар балалармен жұмыс жасау үшін қажетті 

білімдер  мен  нақты  дағдыларды  меңгермеген.  Отбасы  мұқтажды-

лығының  əлеуметтік-экономикалық  мəселелері,  имандылық  пен 

адамгершіліктің  болмауы,  өмірге  деген  тұтынушылы-өзімшілдік 

қарым-қатынасы  кəмелетке  толмаған  балалардың  өзіне  жəне 

айналасындағы  адамдарға  байыпсыз  қарауын  туғызады.  Адамгер-

шілік  пен  құқық  туралы  түсініктер  тек  сөз  жүзінде  ғана  қалып, 

олардың  мінез-құлықтарының  негізгі  реттеушілері  бола  алмады. 

Нəтижесі — бақылаусыз  қалған  жəне  тастанды  балалардың  саны 

өсуі,  отбасы  мен  қоғамның  мəдени-моральдық  бастауларын  бұр-

малау  мен  елемеу,  мінез-құлықтың  қоғам  тəртібіне  мүлдем  сай 

болмауы.  Бұның  барлығы  нашақорлыққа,  ішімдікке  салынушы-

лыққа,  жасөспірімдердің    жезөкшелікке  салынуына,  ұрлыққа,  то-

науға,  бұзақылыққа  жəне  т.с.с.  заң  бұзушылықтарына  əкеледі. 

Педагогикалық  ұжымдар 

(гимназиялар,  колледждер,  жоғары  оқу 


 

 



орындары

) жетім балаларға қатысты атқарылатын жұмыс сипатын 

əлі  толық  түсінбейді  жəне  осыған  қатысты  ғылыми  тұрғыдан 

негізделген əдістемелерді білмейді. Бұл міндет кəмелетке толмаған 

балалармен  айналысатын  комиссия  мен  инспекцияға  жүктелген. 

Олардың  қызметтік  міндетіне  жасөспірімдердің  мінез-құлықта-

рының  деструктивті  түрлеріне  əкімшілік  тұрғыдан  ықпал  ету 

кіретін.  Кəмелетке  толмаған  балалар  үшін  əділ  сот  жүргізуге 

қатысқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының 

өкілдері ең ірі шара қабылдады. Олар халықаралық  заңнамаларға 

(«Балалар  құқығы  туралы  Конвенция»,  1989  жыл;  кəмелетке 

толмаған  балалар  арасындағы  қылмыстың  алдын  алу    туралы 

БҰҰ-ның  басқарушы  қағидалары; «Пекин  ережелері»  атты  Эр-

Риядтық  қағидалар, 

1990 жыл), сонымен қатар Қазақстан Респуб-

ликасының  заңдарына 

(ҚР  Ата  заңы,  1995, «Қазақстан  Респуб-

ликасындағы бала құқығы туралы» заң, 

2002 жəне т.б.) негізделіп 

жасалынған  «Қазақстандағы  Ювеналды  юстиция»  жобасын 

ұсынды.  Басты    мақсат — заң  бұзушыларға  қатысты  əділетсіз 

қарым-қатынасты өзгерту. Осындай бағытта  «Ювеналды юстиция 

жүйесіндегі əлеуметтік қызметкерлердің кеңес беру жəне қарым — 

қатынас  жасау  дағдылары»  атты  практикалық  семинар  өткізілді 

(Жазғы  мектеп,  ЮНИСЕФ,  шілде  2005  жыл).  Осы  жəне  басқа  да 

шаралар  мінез-құлықтарында  ауытқушылық  бар  кəмелетке  тол-

маған  балалармен  жүйелі  жəне  мақсатты    түрде  жұмыс  істеудің 

негізгі  мəселелерін  шеше  алмайды.  Осы  қалыптасқан  жағдай 

педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерін  кəсіби  даяр-

лауға өзгерістер енгізуді талап етеді. Себебі олар мінез-құлқы мен 

дамуында  ауытқулары  бар  жəне  оқу  пəндерін  меңгеруде  қиын-

шылыққа  кездесетін  балалармен  жəне  жасөспірімдермен  кəсіби 

жұмыс атқаруы  қажет.  

Курстың мақсаты: студенттердің кəмелетке толмаған балалар 

мен  жас  өспірімдердің  мінез-құлықтарындағы  ауытқуларды  бол-

жау  жəне  алдын  алу  бойынша  түсініктері  мен    психологиялық 

жəне педагогикалық білімдерін жетілдіру. 



Курстың міндеттері: 

 Студенттерде  нормадан  ауытқушы  мінез-құлық  табиғаты 

туралы теориялық білім қалыптастыру; 

 Девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына əсер етуші жағым-

сыз факторлар туралы студенттердің білімдерін жетілдіру; 

 

 



6

 Студенттерді кəмелетке толмаған балалардың мінез-құлықта-

рындағы  ауытқушылықтың  негізгі  алдын  алу  шараларымен 

таныстыру; 

 Бағдарламаның  мазмұнына  сай  балалармен  жəне  жасөспі-

рімдермен    түзету — реабилитация  жұмыстарына  арналған  тре-

нингтік  сабақтарда  студенттердің  практикалық  дағдыларды  иге-

руіне жағдай жасау. 



Пререквизиттер:  

 Девиантологияның негізгі терминдері мен ұғымдарын білу; 

 Мінез-құлқында  ауытқулар  бар  кəмелетке  толмағандар  тура-

лы мəлімет жинау; 

 Білім беру жəне тəрбиелеуде қиындықтар көретін балалардың 

ата-аналарымен сабақтар жоспарлау; 

 Мінез-құлықтың  ауытқу  себебін  анықтау  бойынша  диаг-

ностика; 

 Тұлғааралық дау — жанжалды шешу мақсатында балалармен, 

ата-  аналармен  жəне  педагогикалық  ұжым  мүшелерімен  кеңес 

өткізу; 

 Ата-аналар  мен  балаларға  арналған  түзету  жəне  тренингтік 

сабақтар.  

Берілген курсты оқу нəтижесінде магистранттар мен студенттер 

кəмелетке толмаған балалардың мінез — құлқындағы ауытқу тура-

лы  ғылыми  тұрғыда  негізделген,  толық  түсінікті  қалыптастыру 

мақсатында ауытқушы мінез- құлық мəселелерінің бүгінгі таңдағы 

жағдайы  жəне  қолданылатын  əдіс-тəсілдердің  əр  алуандығы 

туралы білім алады.                                     

 

Осы пəнді оқытар алдында оқытылатын пəндер тізімі: «Жалпы 



психология», «Əлеуметтік  педагогика», «Психогенетика», «Заң 

психологиясы», «Конфликтология», «Жеке  тұлға  жəне  топ  пси-

хологиясы», «Əлеуметтік  психология», «Психологиялық  кеңес 

беру негіздері» жəне т.б.              

Осы  оқу  құралында  дəрістердің  қысқаша  мəтіндері,  бағдар-

ламада  көрсетілген  тақырыптардың  мазмұнын  меңгеруге  қатысты 

нұсқаулар берілген. Қосымшада практикалық сабақтар барысында 

қолданылатын «Əлеуметтік-психологиялық тренингтердің» кейбір 

түрлері қолданылатын əдебиеттерімен бірге берілген. Магистрант-

тар мен студенттердің бастапқы дереккөздермен атқаратын өзіндік 

жұмысына баса назар аударылған. 


 

 



«Девиантология» курсын оқытудағы əдістемелік нұсқаулар 

 

1. Оқу  құралы 



11 тақырыптың негізгі мазмұнын толық ашатын 

дəрістерден тұрады. Мақсаты — заманауи психологиялық теория-

ларға  сүйене  отырып,  кəмелетке  толмаған  жастардың  девиантты 

мінез-құлықтарының  негізгі  мəселелері  туралы  қысқа,  жинақы 

мəлімет беру. 

2. Ауытқушы  мінез-құлық  тақырыбы  пікірталас  тудыратын 

жəне  пəнаралық  сипатты  тақырып  болғандықтан,  берілген    оқу 

құралының  қысқаша  дəріс  конспектілері  əр  тақырыптан  кейінгі 

көрсетілген бастапқы дереккөздерді алмастыра алмайды. 

3. Алған  білімді  меңгеру  деңгейін  бекітуге  арналған  сұрақ-

тардың көмегімен тексеруге болады. 

4. Төмендегі нұсқауларға сүйену қажет:  

 тақырыптардың атауларымен  танысу жəне  олардың  əрқайсы-

сы туралы жалпы хабардар болу; 

 тапсырмаларды орындау жəне қажетті материалдарды іріктеу 

барысында оқытушымен кеңескен жөн; 

 тақырып  бойынша  дəріс  тыңдаған  соң,  оқу  құралындағы 

мəтінмен  салыстыра  отырып,  оны  өз  бетінше  конспектілеп  алу 

қажет; 

 ұсынылған əдебиеттермен танысып, конспект дайындау; 



 бастапқы дереккөздерге сүйене отырып, бақылау сұрақтарына 

толық əрі дəлелді жауап беруге тырысу; 

5.Əлеуметтік-психологиялық  тренингтер  өткізу  барысында 

«Психолого-педагогическая  коррекция  девиантного  поведения 

несовершеннолетних» 

(Акажанова А.Т.— Алматы: КазГосЖенПИ, 

2005  жəне  «Практикум  по  девиантологии»)  атты  арнайы  курсқа 

арналған оқу-əдістемелік құралдарды қолдануға болады. 

6.  Сабақтарға  дайындалу  барысында  психологиялық  жəне 

педагогикалық глоссарийге сүйену қажет.  



 

 

 

 

 

 

 



8

1-тақырып 



 

Балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы 

психологиялық жəне педагогикалық мəселе ретінде 

 

Тарихқа терең бойлай отырып, біз адамдардың іс-əрекеттерінің 



іздерін  байқаймыз,  бұл  іс-əрекеттері  қазіргі  қоғамдық  ғылым 

тілінде  девиантты  мінез-құлық  деп  аталады 

(өзін-өзі  өлтіру, 

нашақорлық, басқаларға агрессивті əрекет, қылмыстық

). 

Негізге  алынатын  факт  ретінде,  біз  девиантты  мінез-құлық — 



бұл  жүйелі  немесе  көпжақты  анықтаушы 

(полидетерминтті)  құ-

былыс. Аталған құбылыс пайда болғанда тарихи, макроəлеуметтік, 

əлеуметтік-психологиялық жəне жеке тұлғалық факторлар бірлесе 

əрекет  етеді.  Сондықтан  да  девиантты  құбылыстардың  себеп-

терінің жиынтығын зерттеу пəнаралық ғылыми міндетті қамтиды. 

Ғылыми  пəндер  салаларының  ешқайсысында  да  осы  құбы-

лыстарды түсіндіруге жəне олардың қоғамдық əрекеттерінің алдын 

алу шараларын даярлауға қажетті барлық ұғымдық құралдар жоқ. 

Тек  қана  жалпыға  танымал  ғылымдар  тобы:  əлеуметтану,  пси-

хология,  тарих,  этнография,  құқықтану,  педагогика,  психиатрия, 

генетика  жəне  т.б.  девиантты  құбылыстардың  барлық  «өлшем-

дерін»  тұтас  талдай  жəне  алынған  мағлұматтарды  ұйымдастыра 

алады.  Осының  барысында  психология  тұлға  деңгейінде 

девиантты  мінез-құлықтың  нақты  генезисін  де 

(«предевиантты 

синдромды»  сипаттай  отырып

),  қоғамдық  санкциялардың  басты 

амал-тəсілдерін де, соның ішінде емдеу мен ресоциализацияны да 

анықтап түсіндіреді.  

Осы  бөлімнің  міндеті  «мінез-құлықтағы  ауытқушылық 

(де-


виация

)» ұғымын анықтау болып табылады. Девиация (ауытқушы-

лық

)  көпшілік  мақұлдаған    нормалар  мен  белгіленген  стандарт-



тардан 

(моральдық,  əлеуметтік,  заңдық)  ауытқыған  мінез-құлық 

деп  есептеледі.  Психологияда  адамның  белсенділік  деңгейін 

көрсету үшін іс-əрекет, қарым-қатынас, таным секілді ұғымдармен 

қатар  «мінез-құлық» термині  кең  қолданылады. Кез  келген  мінез-

құлыққа баға беру əрдайым қандай да бір нормамен  салыстыруды 

қажет  етеді.  Алайда,  өкінішке  орай,  барлық  мүшелері  жалпы 

нормативті талаптарға сай əрекет ететін қоғам жоқ. Ауытқушылық 



 

 



əртүрлі формада кездесуі мүмкін: дарындылар, дуаналар, тақуалар, 

əулиелер, қылмыскерлер жəне т.б. 

Əлеуметтануда  ауытқыған  мінез-құлықтың  пайда  болуының 

себептерін  түсіндіретін  бірнеше  бағытты  бөліп  көрсетеді. 

Н.Смелзер: «девиантты  мінез-құлық  деп  қоғамда  қалыптасқан 

нормалар мен типтерге сай келмейтін іс-əрекеттерді түсіну қажет» 

деп  жазған.  Кейбір  зерттеушілер  аталмыш  ұғымды  анықтауда 

қосымша,  дəлірек  анықтайтын  белгілерді  енгізуді  ұсынады. 

Сонымен,  Роберт  Мертон  «Əлеуметтік  құрылым  жəне  аномия» 

атты  еңбегінде  мінез-құлықта  ауытқулардың  пайда  болуының 

себептері  қоғам  ұсынған  мақсаттар  мен  оларға  қол  жеткізу 

құралдарының  арасындағы  келіспеушілік  деп  есептейді,  басқаша 

айтқанда, адамдар аномия күйіне əртүрлі жолдармен бейімделеді: 

конформизммен  немесе  мінез-құлықтағы  ауытқулардың  əр  алуан 

түрлерімен.  В.  Фокс  девиантты  мінез-құлық  «тəртіп  бұзушыны 

түрмеге  қамауға  немесе  басқа  жазаға  тартуға  əкелетін,  нормадан 

ауытқу» деп есептейді. Бұл анықтамалар «девиантты мінез-құлық» 

ұғымының мазмұнын едəуір тарылтады, өйткені əлеуметтік-құқық 

саласының аз ғана бөлігін қамтиды.  

ХХ  ғасырдың  басында  бихевиористтер  мінез-құлық — 

психологиялық  ғылым  пəні  деп  жариялағаннан  кейін,  адамның 

мінез-құлқы туралы ғылыми түсініктер кең тарала бастады. Мінез-

құлық психологиясының негізін салушылардың бірі Джон Уотсон 

(1931)  мінез-құлық  туралы  мынандай  пікір  айтқан: «мінез-құлық 

— жұмыртқаның ұрықтануы кезінде пайда болатын жəне ағзаның 

дамыған сайын күрделенетін үздіксіз белсенділік ағыны».  

Тұлғаның    мінез-құлқын  зерттейтін  бұл  пəнаралық  саланың 

қазіргі  күйі  ынтымақтастық  емес,  қарама-қарсыластық  сияқты 

көрінеді. Бүгінгі таңда кең тараған əрекеттің бірі  девиантты мінез-

құлық  психологиясы  мен  психопатологиясының  қарама-қарсы-

лығы  болып  табылады,  яғни  сау  жəне  ауру  психикалық  іс-əрекет 

мəселелерін  шектеу,  оларды  бір-бірінен  ажыратып  қарастыру. 

Девиантты  мінез-құлықтың  айқын  мысалы — есірткі  заттардың 

қолданылуы.  Оның  психологиялық  мəселесі 

(есірткіге  психоло-

гиялық  тəуелділік

)  жəне  медициналық  (наркотикті  теріс  пайда-

лану


),  физикалық  тəуелділік — нашақорлық.  В.Д.Менделевичтің 

бұл  күрделі  мəселені  ғылыми  тұрғыдан  қарастыруы    өзекті  əрі 

қызықты.  Əртүрлі  көзқарастардың  біржақты,  тайыз  кəсібилігін 

 

 



10

ескере отырып, ғалым «девиантты мінез-құлық психологиясының» 

ғылым жүйесінде алатын орны туралы өзінің көзқарасын ұсынады. 

 

                              девиантты 



Психиатрия  

↔  мінез-құлық  ↔ клиникалық  ↔ психология                  

                            психологиясы 

 

Бұл  схема  девиация  түріндегі  бір  мінез-құлықтық  құбылысты 



мамандардың  психопатиялық симптом ретінде де, психологиялық 

құбылыс  ретінде  де  түсіндіретіндіктерін  көрсетеді.  В.Д.Менде-

левичтің  пікірінше, «нормадан  ауытқыған  кез  келген  мінез-құлық 

стереотипін  девиантты  деп  белгілеу  анағұрлым  адекватты  болып 

табылады». 

 

                  девиантты           



1. Психопатологияның белгілерінсіз 

Норма 


↔ мінез-құлық       2. Психопатология негізінде 

 

     



          

Автор қалыпты жəне гармониялық мінез-құлық құрамын бөліп 

көрсетеді:  психикалық  үрдістердің  теңгерілуі 

(темперамент 

қасиеті

),  икемділік  жəне  өзін-өзі  актуальдендіру  (мінез-құлық 



ерекшеліктері

), имандылық, жауапкершілік, ұяттылық (жеке тұлға 

деңгейінде

).  Норма  да,  ауытқушылық  та  жеке  тұлғаның  осы 

аталған  үш  элементіне  негізделеді.  Өз  көзқарастарының  басты  ой 

желісін  ескере  отырып,  В.Д.Менделевич  кітабында  мынандай 

анықтама  береді: «Адамның  девиантты  мінез-құлқы  қоғамда 

қабылданған  нормаларға  қарсы  келетін  жəне  психикалық 

үрдістердің  теңсіздігінде,  бейімсіздікте,  өзін-өзі  актуальдендіру 

үрдісінің бұзылуы кезінде жəне өзінің мінез-құлқына эстетикалық 

жəне  өнегелі  қадағалаудан  ауытқу  кезінде  пайда  болатын  қылық 

жүйесі немесе жеке қылық болып табылады» 

[14-бет]. 

Қазіргі  кезде  девиантты  мінез-құлықты  зерттеу  екі  бағытта 

қарастырылады:  біріншісі — психикалық  денсаулық  нормасынан 

ауытқыған  мінез-құлық  ретінде 

(жүйке  аурулары,  психосома-

тикалық  бұзылулар,  патологиялық  күй  жəне  т.б.

);  екіншісі — 

«əлеуметтендіру — дезадаптация — оқшаулау» құқықтық, мəдени 

жəне  əлеуметтік  нормаларды  бұзуымен  байланысты  əлеуметтікке 

қарсы  мінез-құлық.  Девиацияның  ең  айқын  көрінісіне  делин-



 

 

11 



квентті 

(құқыққа  қарсы)  жəне  криминалды  (қылмыстық)  мінез-

құлық  жатады.  Психологиялық  сөздікте  девиантты  мінез-құлық 

«адамның  белгілі  бір  қоғамда  бекітілген  немесе  қалыптасқан 

нормалар  мен  үміттерге  сай  келмейтін  іс-əрекеті,  қылығы»  деген 

мағынада  берілген.  Сондықтан  да  ауытқыған  мінез-құлық  психо-

логия,  педагогика,  психиатрия  секілді  ғылымдардың  зерттеу 

нысаны  болса,  əлеуметтік  құбылыс  ретінде  əлеуметтану,  құқық, 

əлеуметтік  психология  ғылымдарының  зерттеу  пəні  болып 

табылады.  

С.А.Беличева девиантты мінез-құлықтағы əлеуметтік ауытқуды 

былайша топтастырады:  

а

)  пайдакүнемдік  бағыттар:  материалдық,  қаржылық,  мүліктік 



пайда табуға ұмтылумен байланысты заң бұзушылық, теріс қылық. 

Бұлар: ұрлық, тонау, алыпсатарлық, алаяқтық жəне т.б.; 

ə

) қастандық бағыттар: жеке тұлғаға қарсы бағытталған əрекет-



тер: тіл тигізу, бұзақылық, ұрып соғу, өлтіру, зорлау жəне т.б.; 

б

) əлеуметтік енжар түрлері: белсенді өмір салтынан қашқақтау, 



азаматтық  міндеттерден  бас  тарту,  жеке  жəне  əлеуметтік  мəсе-

лелерді  шешуге  құлықсыз  болу.  Бұл  топқа  жұмыстан,  оқудан  бас 

тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, өз-өзіне 

қол жұмсау жəне т.б. жатады. 

Даму  мен  мінез-құлқында  ауытқушылықтары  бар  балалар 

санының  артуы,  əлеуметтік  девиация  мен  мектепке  бейімдел-

меудің  оқушылар  арасында  көбеюі  «Девиантология»  курсын 

енгізу  қажеттілігін  тудырды.  Аталмыш  курс  студенттерді  дамуы 

мен мінез-құлқында ауытқушылық бар балалармен жұмыс істеуге, 

сонымен  қатар  оларды  тиімді  оқыту  мен  тəрбиелеуге  даярлауды, 

болашақ  мұғалімге  психологиялық  жəне  педагогикалық  түзету 

жұмыстары əлеміне енуге көмектесуді, бұндай балалармен жұмыс 

істеудің  қиындықтары  мен  күрделі  жақтарын  көрсетуді,  балалар 

мен  жас  өспірімдердің  дамуы  мен    мінез-құлқындағы  ауытқулар 

мəселесін  шешудің  арнайы  жолдары  мен  құралдары  жиынтығын 

ашып  көрсетуді;  педагогикалық  тұрғыдан  қараусыз  қалған  жəне 

тəрбиелеуі  қиын  кəмелетке  толмаған  балалармен  жұмыс  істеудің 

алдын алу шараларымен таныстыруды көздейді. Дамуында кемші-

ліктері  мен  мінез-құлқында  ауытқулары  бар  кəмелетке  толмаған 

балалармен  жүргізілетін  тəрбиелік — алдын  алу  жəне  түзету-

реабилитациялық  жұмыс  осы  уақытқа  дейін  оқыту  үрдісін  ба-

 

 



12

ланың  жеке  тұлғасын  «қайта  шыңдауға», «қайта  жасауға»  бағыт-

тайтын  қайта  тəрбиелеу  педагогикасына  негізделген  əкімшілік-

жазалау  тұжырымына  сүйеніп  жүзеге  асырылды.  Сонымен  қатар, 

шетел  мемлекеттерінің  арнайы  тəрбиелеу  мекемелерінің  тəжіри-

бесі,  Қазақстан  Республикасындағы  білім  беру  жүйесінің  өзгеруі, 

мақсатты  бағытталған  психологиялық  жəне  педагогикалық  зерт-

теулердің нəтижелері ерекше педагогикалық назар аударуды талап 

ететін  балалар  мен  жас  өспірімдермен  алдын  алу  жұмыстарында 

бұл  бағыттың  келешегі  жоқ  екендігін  көрсетті.  Кəмелетке 

толмаған  балалардың  девиантты  мінез-құлқының  алдын  алу  мен 

психологиялық жəне педагогикалық түзетудің жалпы білім беретін 

мектепте  педагогикалық  үрдісті  ізгіліктендіру  мен  дарашылдан-

дыру  (гуманизациялау  мен  индивидуализациялау)  қағидаларына 

сүйенетін  тиімді  жəне  нəтижелі  жолдарын  қолдану  қажеттілігі 

туындады.  Əкімшілік  жəне  ресми  түрде  жарияланатын  тұжырым-

ның  орнына  мінез-құлқы  мен  дамуында  ауытқулығы  бар  балалар 

жəне  жасөспірімдермен    жүргізілетен  тəрбиелеу  жұмысының  кү-

зету-қорғау  парадигмасы 

(ювеналды  психология)  қолданылуы 

тиіс.  Аталған  бағыттағы  басты  əрекеттер  бейімделу,  орнын  тол-

тыру,  ақтау,  түзету  болып  табылады.  Алайда  алдын  алу  психоло-

гиясы мен түзету педагогикасы 

(дефектологиямен салыстырғанда) 

қалыптасу  сатысында  тұр.  Балаларды  «норма — ауытқушылық» 

аясында  зерттейтін  ізденіс  жұмыстары  пайда  болды 

(мысалы, 

мінезге баса назар аудару, қауіпті топ балалары жəне т.б.

). 

Сондықтан  да  мінез-құлық  пен  дамудағы  ауытқушылықтармен 



жүргізілетін  түзету  психологиялық  жəне  педагогикалық  жұ-

мыстардың  болмысы  мен  табиғатын  анықтау  үшін  арнайы  білім 

беру  мекемелерінің  ғылыми  жаңалықтарына,  алдын  алу  психо-

логиясы  мен  арнайы  педагогика  салаларындағы  ғылыми  зерттеу-

лерге баса назар аудару қажет.  

 

1-тақырып бойынша сұрақтар  



 

1. «Девиантологияның»  ғылымның  басқа  салаларымен  пəнара-

лық байланысы. 

2. В.Д. Менделевичтің ауытқыған мінез-құлық мəселелерін ғы-

лыми зерттеуі. 


 

 

13 



3. С.А.  Беличеваның  девиантты  мінез-құлыққа  жасаған  тұжы-

рымдамасы. 

4. Қазақстан  Республикасындағы  кəмелетке  толмаған  бала-

ларды  тəрбиелеу-профилактикалық  жəне  психологиялық  түзету 

жұмыстарының жай-күйі.                                                                           



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет