А. В. Луначарский айтуынша: «Жаңа адамды қалыптастыруда негізгі жағдайы ұжым»,-дейді. Н. К. Крупская: «жеке адамның дамуы және қалыптасуы ортасы ол ұжым»



Дата23.04.2022
өлшемі21,85 Kb.
#32030

Оқу тәрбиесіндегі ұжымды қалыптастыру және қарым-қатынастың ерекшеліктері

  1. Ұжым туралы ұғым;

  2. Ұжымның даму кезеңдері;

  3. Ұжымдағы іс-әрекет пен қарым-қатынастарды ұйымдастыру ерекшеліктері және тұрлі аспектілер мен оның түрлері;

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:



  • Крупская Н. К. «Воспитание коллектива», 10 том, 1958 жыл;

  • Макаренко А. С. «Сочинения», 5 том, 1958 жыл;

  • Сухомлинский В. А. «Ұжымның құдіретті күші», Алматы, Мектеп 1979жыл.

Ұжым – бірігу, топ, жиын, біріккен жиналыс.

Ұжым – тәрбиедегі маңызды құрал. Жеке адамның дамуында ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Оның жан-жақты дамуына, дамудың мүмкіншіліктерін тек қана ұжымнан алады.

Ұжымның іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай бірнеше түрге ажыратылады, тізімі төмендегідей:



  • Кәсіпшіл ұжым (өндіріс орындарындағы, шығармашылық, әскери, оқу орындарындағы);

  • Қоғамдық ұйымдар (партия, қоғам қозғалыс ұйымдары, кәсіподақ ұйымдары);

  • Ерікті қоғам (ғылыми, ғылыми-насихаттаушы, әскери-спорттық);

  • Өз әрекетімен ңстелінетін ұйымдар (көркемөнерпаздар, коллекционерлер қоғамы, жеке және шағын фирмалар).

Осы айтылған ұжымдарда адамдардың шешетін міндеттері: еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын тездету, саяси тұрақтылықты сақтау. Халық шаруашылығының барлық салаларын демократиялық және жариялық принципін қолдауды т. б.

Ұжым проблемасына еңбек сіңірген педагогика ғылымдарының қайраткерлері, халық ағарту озат өкілдері: А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, М. П. Блонсы, С. Т. Шацкий, В. А. Сухамлинский аса көп назар аударды.

А. В. Луначарский айтуынша: «Жаңа адамды қалыптастыруда негізгі жағдайы ұжым»,-дейді.

Н. К. Крупская: «жеке адамның дамуы және қалыптасуы ортасы ол - ұжым»,-дейді. Мектептегі қоғамдық ұйымдар балалардың қарым-қатынасына үлкен әсер етеді.

А. С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің теориясын жасады. Оның іс-әрекетін, қарым-қатынасы, дәстүрі сияқты тәрбие мәселелері ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізін жасайды. А. С. Макаренко ұжымда тек мейірімді адам болуы жеткіліксіз. Ол ұжым мүддесі мен қоғам мүддесіне сай өмір сүре білуі қажет. А. С. Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір белгілерін көрсетті:


  1. Ұжым тәрбиесінің мақсаты;

  2. Ұжым адамды жалпы мақсатқа, еңбекке ұйымдастырып біріктіреді;

  3. Ұжымның өзін-өзі басқаруы.

Негізгі ұжым – бұл контактілі ұжым бірлестігі. Мысалы, контактілі ұжым – бұл студенттер, негізгі топ, фокультет т. б. Снымен ұжым – көздеген мақсатына жетудегі ұйымшылдық пенмақсатқа жету іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.

Ұжымның даму кезеңдері

Оқушылар ұжымы 3 даму кезеңінен өтеді. А. С. Макаренко 3 түрге бөліп жіктеді:

1-кезең – мұнда оқушы ұжымы жеткіліксіз ұйымдасқан топ. Сондықтан мұнда ұжым ұйымдастырудан бастайды., ол үшін талап қоюдан бастайды. Сонымен қатар, қойылған талап іс-әрекет орындалуға тиісті нақты міндеттер белгіленеді.

а) мінез – құлық нормасын үйрету;

б) әлеуметті тәжірибеге тарту.

Бұл үшін ұжым іс-әрекеті белсенді, ынталы, инициативалы оқушыларға сүйену керек.


  1. Кезең аяқталуы үшін мына мәселелерді еске алған жөн:

  • Ұжымды нығайтуға бағытталған мақсатты анықтау;

  • Ұжым іс-әрекетінің дамуы;

  • Жеке адам арасындағы қарым-қатынас, іскерлік пен гуманистік қатынастың пайда болуы;

  • Барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенді топтың болуы (актив).

Мұғалімнің негізгі қызметі – оқушыларға ұйымды ұйымдастыру, ұжымға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.

А. С. Макаренко: «Ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын ұжымжы тәрбиелеуден бастау керек.»

2-кезең Ұжым өзін-өзі басқаруға, сынып жетекшінің ұйымдастырушылық қызметінен ұжым органдарына көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы: жұмысты бірігіп жоспарлау, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекетін бақылау тағы да басқалай жағдайлар.

Мұғалімнің қызметі – коммуникативтік балалармен байланыс жасай білуі. Оқушылардың инициативасын қолдау, ынтасын қуаттау, жалпы оқушылардың күш-қуатын біріктіру және нығайту. Яғни ұжымның бұл даму кезеңі жеке адамға талап қою, және оны ұжым арқылы жүзеге асыру.

3-кезең – бұнда ұжымның іс-әрекетінің дамуымен сипатталады. Бұл кезеңде қоғамның өмірдегі фактілерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық ұжым пікірін пайдаланады. Бұл кезең ұжымның өрлеу кезеңі деп аталады. Ұжымды құраушы оқушылар ұжым жұмысын белсеніп орындауында, гуманистік қатынастың дамуында. Бір – біріне ілтипатты болуы, жолдастарының қуанышына, мұқтажына ортақтасуы, мінез құлық нормасын сақтауы осы кезеңнің басты қағидалары. Оқушылар ұжымды нығайту мен қалыптастыруда маңызды мәселе ол мақсат қою, перспективаны талдау. Осы тұрғыдан Макаренко 3 түрлі перспективаға бөледі.


  1. Жақын перспектива – күнделікті өмірде жеке адамды әр түрлі іс-әрекетіне ынталандыру, қызықтыру. Жақын перспективаға жататын: жақын перспективті жарыс, экскурсия, жексенбілік, серуен, цирк, музей, көрмеге бару, үйірмедегі қызықты жұмыстар т. б.

  2. Орта перспектива – ол пән бойынша олимпиадаға қатысу, сурет конкурстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыпта диспут өткізу т. б. Мұндай оқиға оқушылар үшін өте қуанышты болады.

  3. Қашық перспектива – бұл ұжымның немесе жеке адамның бір жұмысты ұзақ мерзімді орындауға талпыну мақсаты. Мысалы, келешек мамандық таңдауы, білім алу, мектеп бітіргеннен соң жоғарғы оқу орнына түсу т. б. Адамның отанға қызмет етуі.

Осы перспектива оқу – тәрбие процесін тиімді пайдалануы әрбір мұғалімнің міндеті. Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы зор.

Дәстүрлі ұжымды нығайтады, оның өмірін толық тұрақты етеді.

Дәстүрдің көп түрлері бар. Мысалы: мектеп мерекесі, конкурс, олимпиада, соңғы қоңырау, оқушыларға көмектесу, аға ұрпақтың мұрасын үйрету, ұжым абыройы үшін күресу.

«Дәстүр – бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріп отыратын қоғамдыұ өмірден, ұжымдағы дамдардың қатынасын көрсететін нормалар мен принциптер»

Дәстүрдің 3 түрі бар:


  1. Дәстүрлі көпшілік шаралары (мектеп мерекелері, олимпиадалар, дәстүрлі жиналыстар);

  2. Мектеп өмірінің маңызды оқиғалары (10 жыл толуы, салтанатты дәстүрлі соңғы қоңырау);

  3. Оқушылырдың іс-әрекетіне қатысты дәстүр (сынып тазалығын сақтау, ауырғанға қамқорлық, бірлескен сыныпқа байланысты еңбек, сынып абыройы үшін күресу, радиохабар, қабырға газеті, көрмелер өткізу т. б.)

В. А. Сухамлинский балалар ұжымын дамыту теориясына өз үлесін қосты. «Ұжым құдіретті күш» атты еңбегі бар.

В. А. Сухамлинский пікірі бойынша қарым-қатынас жайында жаңашыл мұғалімнің идеяларымен ұштастыруы. Мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен рөл атқарады, ондағы іс-әрекет яғни сабақ оқу, еңбек ету негізгі қызметтердің бірі(қоғамдық сенбілік, ағаш отырғызу, тазалау баланы дамыта түседі). Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екенін түсінеді. Сондықтан оны үнемі даытып, жетілдіріп отыру керек. Педагогикалық ұжым оқйту және тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты ерекшеленеді.



Түрлі аспектілер:

  1. Экономикалық аспект жағы- мұнда балалар еңбек ұжымымен танымады. Еңбекке деген қарым-қатынасын қалыптастырады, соның белсенді мүшесіне айналады.

  2. Саяси жағдайдағы аспект – ұжым арқылы мектептегі балаларды өзін-өзі басқаруға саяси компанияларды сайлауға, реферумдарға, фестивалдарға, әртүрлі мерекелерге дайындық жұмыстарына араластырады. Осы арқылы оқушылар қоғам өмірінде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып отырады., өзіде қатысады.

  3. Әлеуметтік жағдайдағы аспект – балалар ұжымының әлеуметтік тұрмыстық жағдайы.

  4. Адамгершілік жағдайдағы аспект – бір-біріне деген адамгершілік, мейірімандық, тілектестік қалыптастыруға септігін тигізеді. Жолдастары алдында қоғам мүлкін, тәртібін сақтай біледі.

  5. Қоғамдық-құндылық аспектісі – бұнда ұжым идеялық бағыт бағдар алады. Ұжым біртұтастығын, бірлігін бағалау, дамыту саласында көп жұмыс атқарады.

  6. Эстетикалық – мәдени аспект – бұл ең бір маңызды бөлігі. Мәдени-эстетика адамның рухани мәдениеті. Балалардың өз бойына мәдени-рухани байлық жинауға көмектеседі. Оқушылардың өнерге, шығармашылыққа өз уақытын дұрыс пайдалануға тәрбиелейді.

  7. Құқық жағдайындағы аспект - оқушылар ұжым құқығын өмір тұрғысынан қарастырады. Әр түрлі жағдайлардағы балалрдың құқықтарымен таныс болады.

  8. Психологиялық аспект – оқушылар ұжымының қоғамдық ортада қалыптасуының бағыты жөнінде түсінік береді, сондай-ақ оларға психологиялық тұрғыдар бір-біріне көмек көрсетуге, ұжымда өмір сүруге, еңбектенуге, қуануға, өзгелерге демеу көрсетуге үйретеді.

  9. Ұйымшылдық аспектсі – мұнда баланы тәрбиелеудің ең маңызды бөлігі жатыр. Оқушылар арасында лидерлерді анықтап, тәрбиелеу, сонымен қоса бір-біріне деген көмек, талап қоя отырып, еркін қарым-қатынас жасауға бағыттайды.

  10. Жеке-индивидуальді аспект – психологиялық дамуды, рухани мықтылықты балалар әлемінде орнату. Баланы жеке қалдырып өзінің қоршаған ортаға қатысы туралы ойлап, түйін қабылдауына нұсқаушы аспект.

  11. Педагогикалық аспект-бұның мәні баланың жас ерекшелігі тәрбиелеушінің жас ерекшелігі ұжым тәрбиедегі негізді қалыптастырушы. Педагогикалық ұжым бала өмірін қоғамдық өмірге тәрбиелеу, бағыттай білу.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет