Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет174/464
Дата31.12.2021
өлшемі5.18 Mb.
#21079
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   464
Түйін сөздер: генетикалық-молекулалық əдіс, ақпараттық-молекулалық білім, технология, ДНҚ. 
 
«Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасы» білім беру жүйесіндегі 
заманауи  талаптарға  сай  келетін,  өзгерістердің  жаңа  бағыты  деуге  болады.  Қазіргі  кезде  білім  беру 
орындарының  алдында  тұрған  міндет  пен  білім  беру  саласындағы  жаңаша  өзгерістер  Қазақстанның 
əлемнің бəсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясына сай түбегейлі өзгеруде.  
Қазақстан Республикасы президенті Н.Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан 
мемлекеттің  жаңа  саяси бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауында  «Дамыған  бəсекеге  қабілетті 
мемлекетке айналу үшін біз жоғары білімді ұлт болуымыз қажет», – делінген. Қазақстан  Республикасы 
«Білім  туралы»  Заңында:  «білім  беру  жүйесі  міндеттерінің  бірі:  ұлттық жəне  жалпы  азаматтық  құн-
дылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне 
кəсіптік  шыңдауға  бағытталған  сапалы  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау  жəне  белсенді 
азаматтық  ұстанымы  бар  жеке  адамды  тəрбиелеу,  республиканың  қоғамдық  –  саяси,  экономикалық 
жəне  мəдени  өміріне  қатысу  қажеттілігін,  жеке  адамның  өз  құқықтары  мен  міндеттеріне  саналы 
көзқарасын қалыптастыру» - деп көрсетіледі. Ал бұл міндеттерді жүзеге асырудың шарттары ретінде: 
оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, ғылымның соңғы жаңалықтарын, 
жаңа  технологиялық  құралдарды  пайдалану,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге 
шығу сияқты мəселелер жатқызылған [1].
 
Қазіргі білім беру жүйесінің жаңа деңгейге көтерілуінің бір бағыты қазіргі заманғы технологияны 
оқыту үдерісінде тиімді пайдалану [2]. 
Динамикалы дамып келе жатқан заманауи қоғам мамандар даярлауға жаңа талаптар қояды: оқытудың 
ақпараттық  формаларынан  интербелсенді  формалары  мен  əдістеріне  көшу,  мəселе  туындату  мен 
танымдық  əрекет  ізденістері  элементтерін  енгізу,  оқытуда  білімгерлердің  өзіндік  жұмыстарының 
резервтерін пайдалану, «оқытушы-студент», «студент-студент» жүйелеріндегі тұлғааралық өзара қарым-
қатынасты  қамтамасыз  ету,  тұлғаның  өзін-өзі  кəсіптік  анықтауында  белсенділік  принципін  жүзеге 
асыру,  оқытуды  кəсібилендіру  [3].  Бүгінде  «инновация»  сөзі  күнделікті  өмірімізге  енгені  белгілі, 
себебі қоғам "жаңа" адам "жаңа" білім жүйесіне қажеттілігін айқындап отыр. Инновация (латын сөзі, 
in-b, novis-новое) - жаңарту, "жаңа", "жаңалық" немесе "инновация", "инновациялық үрдіс". Бұл ұғымдар 
К. Ангеловский (1991) [4], В. Загвязинский (1990) [5], В. Ляудис (1994) [6], Л. Подымова (1195) [7], 
М.  Поташник (2000)  [8], А.  Пригожина (1995)  [9],  В.  Сластенин  (1997)  [10],  Т.  Шамова (1993)  [11],   
Н. Юсуфбекова (1991) [12] еңбектерінде кеңінен ашылған.Қазақстанда "инновация" ұғымын пайдалануды 
қазақ  тілінде  анықтаған  ғалым  профессор  Н.  Нұрахметов.  Ғалым  "инновация,  инновациялык,  үрдіс 
деп  отырғанымыз  -  білім  беру  мекемелерінің жаңалықтарды жасау,  меңгеру,  қолдану  жəне  таратуға 
байланысты бір бөлек кызметі" –деп анықтама берген. С. Ожеговтің сөздігінде "инновация" ұғымына 
келесі анықтамалар берілген 1) "жаңа" шыққан немесе жасалған, жақында пайда болған, бұрынғының 
орнын  басатын,  алғаш  ашылған  жаңалық;  2)жақын  арада  өткенге  немесе  қазіргі  уақытқа  жататын 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
111
 
жаңалық;  3)бұрыннан  таныс  емес,  беймəлім  енгізілген  жаңалық  [13].  Л.Румянцева  өз  зерттеуінде 
"жаңа"  ұғымының  екі  типін  атап  көрсетті:  1)  алғаш  жасалған,  таза  жаңа,  бұл  жаңалық  ашу,  жаңа 
ақиқат,  ұстаным;  2)  жаңалық,  құрамында  ескі  жəне  жаңаның  араласуы,  екеуі  қосылып  бұрынғы 
білімді толықтырады,нақтылайды[14]. 
Сонымен  инновациялық  оқыту  –  саналы  ұйымдастырылған,  жобаланған,  басқарылатын,  болашаққа 
ұмтылған,  оны  жүзеге  асыруға  дайын  тұлғаны  дамытуға  бағытталған  оқыту  үрдісі.Инновациялық 
оқытуға көшу дегеніміз инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану болып табылады. 
Бұл  білім  беру  орындарының  білім  мазмұны  мен  оқыту  əдістері,  бағдарламаларын,  формаларын, 
жаңашыл  педагогтердің  тəжірибесін,  соның  ішінде  педагогикалық  жүйенің  қазіргі  талаптарға  сай 
əдістемелік жаңаруы болып табылады. Осы аталған жаңа құралдарды біз педагогикалық технология 
ұғымы  шеңберіне  жинақтасақ,  ол  "əдістеме"  немесе  "бағдарламаға"  қарағанда  ауқымды,  білім  беру 
мен тəрбиенің жаңа мазмұнын айқындайды. 
«Оқыту технологиясы»,  «білім беру технологиясы» ұғымдары ғылыми зерттеу жұмыстары бары-
сында қолданысқа енуде. Бұл мəселелерді зерттеген ғалымдар Б.Т. Лихачев (1998) [15], В.В. Сериков 
(1994) [16], В.П. Беспалько (1989) [17], С. Сполдинг (1972)[18], В.М. Монахов (2006) [19], М.В. Кларин 
(1989)  [20],  И.Я.  Лернер  (1981)  [21],  П.И.  Пидкасистый  (2004)[22],  В.В.  Гузеев  (1998)  [23],  Н.Д.  Хмель 
(2008) [24], Н.Н. Тригубова., Н.Н. Хан (2007) [25] т.б. өз үлестерін қосқан. 
Ақпараттандыру заманында оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану, жаңаша оқыту 
технологияларын  пайдалану,  осы  орайда  болашақ  мамандар  дайындауда  білім,  білік,  дағдысын  қа-
лыптастыруда  білім  беру  мазмұны  кеңейіп,  өзгеріп  отыр.Болашақ  биолог  мамандарын  дайындау 
саласында  да  бүгінгі  ақпараттық  құралдар  мен  жаңа  зерттеу  құрылғыларының  дамуы,  білім  беру 
саласында  біраз  өзгерістерді  енгізуді  талап  етіп  отыр.  Ақпараттық  технологияларды  пайдалану, 
жаңаша оқыту технологияларын сабақ барысына енгізу арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру 
үрдісін  интенсификациялау  мен  модернизациялаудың  тиімді  тəсілдерін  іздестіру  бүгінгі  оқытушы-
ның  келбеті  мен  біліктілігіне  айналуы  қажет.  Аталған  жағдайлардың  бірі  ретінде  биология  сала-
сындағы соңғы ғылыми зерттеуде пайланып жүрген қондырғылар мен зерттеу нəтижелерін білімгер-
лерді  оқыту  мен  оқу  процесіне  ендірудің  қадамдары  ретінде  генетикалық-молекулярлық  зерттеу 
əдістерін  айтуға  болады.  Заманауи  зерттеу  жұмыстары  генетикалық-молекулярлық  əдістерді  пайдалану 
шетелде  ғана  емес  Қазақстанда  да  кең  етек  алуда.  Осы  əдістерді  үйрену,  маман  дайындауда  сабақ 
барысына пайдалану қажеттілігі туып отыр. Зерттеу жұмысымыздың мақсаты білімгерлерде алдыңғы 
қатарлы жетекші ғылыми зерттеу жүргізу ұйымдарының зерттеу жұмысын ұйымдастыру нəтижесінде 
ғылыми  зерттеудің  спецификасы,  модернизацияланған  генетикалық  зерттеу  əдістері  туралы  жалпы 
көзқарасы  қалыптасады,  инновациялық  құралдарды  пайдалана  отырып,  зертханалық  жұмыстардың, 
білімгерлердің ғылыми жобалық, бітіру жұмыстарын орындау кезінде сапасын арттыру, ғылыми көз-
қарасын қалыптастыру, қызығушылығын арттыру болып табылады. 
Биолог мамандарын дайындауда «Микология», «Фитопатология», «Гендік инженерия», «Молекулалық 
биология»  т.б.  сабақтарында  ақпараттық-молекулалық  білім  беруде  пайдаланылатын  əдіс  түрлеріне 
тоқталайық.  «Саңырауқұлақ  түрлерінен  ДНҚ  бөліп  алу.  ДНҚ  концентрациясын  анықтау»  зертханалық 
сабағы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   464




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет