Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет262/464
Дата31.12.2021
өлшемі5.18 Mb.
#21079
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   464
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
171
 
əлеуметтік-нышанды  тану  функцияларын  белгілейді.  Имидждің  социологиялық  анықтамасы  бейне, 
əлеуметтік сурет, əлеуметтік бедел сияқты ұғымдарға байланысты [1]. 
Ғылыми  əдебиеттің  анализі  көрсеткендей  спорт  имиджінің  мəселесін  мына  негізгі  аспектілер 
бойынша  қарау  қажет:  психологиялық,  педагогикалық,  кəсіптік,  физиологиялық,  коммуникативтік, 
социологиялық, саясаттанушылық. 
Психологиялық  салада  бұл  мəселе  имидж  қалыптасудағы  психиканың  тану  функциясының  рөлі; 
айқын  түйсіну,  қабылдау  жəне  ұсыну  жүйелері  сияқты  имидждің  қалыптасу  ерекшеліктері;  спортта 
имидж құрудағы процессінде ойлау, эмоция, есте қалу, сөйлеу, елестету ролі; имидж қалыптасудағы 
қажеттіліктер,  соқыр  сезімнің  ролі;  спортшы  имиджінің  оның  темпераменті,  сипаты,  еркіндік,  өзін-
өзу  реттеу,  өзін-өзі  босаңсу,  өзін-өзі  иландыру  мүмкіндіктеріне  тəуелді болу;  спортшының, жаттық-
тырушының  тұлғалық  имиджін  түзету;  имидждің  қалыптасуындағы  жанасқыштық,  эмпатиялық, 
рефлексивтік,  шешендік  сияқты  қасиеттердің  ролі;  имидждің  құрылу  процесіндегі  нəтижелі  вер-
балдық емес қарым-қатынастың ролі; спортта имидждің түрлерінің қалыптасуындағы кəдімгі (энерге-
тикалық) жəне теоретикалық (ақпараттық) сана əрекетінің ерекшеліктері; имиджді құру процесіндегі 
фасцинация, аттракция  əсерінің жəне  түстің  психологиялық қасиеттерінің рөлі сияқты  мəселелердің 
зерттелуіне байланысты.  
Спортта  имидж  мəселесінің  психологиялық  саласы  келесі  мəселелерді  қозғайды:  спортшылар, 
жаттықтырушылар, спорт жетекшілері, менеджерлердің мінез-құлқының нəтижелі үлгісін өңдеу; спортта 
имидж  құру  процесіндегі  топ  психологиясын  есепке  алу;  спортта  имидж  қалыптасу  процесінде 
адамдардың  санасына,  соқыр  сезіміне  əсер  ету  ерекшеліктері;  спорт  имиджін  қалыптастыру  мақса-
тында  психологиялық  əсер  етудің  белсенді  құралдарын  іздеу  жəне  зерттеу;  спортта  имидж  қалып-
тастырудағы нейролингвистикалық бағдарламалаудың рөлі жəне мүмкіндіктері; спортшы, жаттықтырушы, 
спорт  менеджерінің  тұлғалық  имиджінің  қалыптасуының  психологиялық  жағдайы;  бұқаралық  ақпарат 
құралдарының өкілдерімен жұмысқа психологиялық тұрғыда дайындалу жəне т.б.  
Спортта  имдиждің  психологиялық  жағы  өз  Отанына,  мемлекетке  сүйіспеншілік  сезімін  спорт 
арқылы  тəрбиелеу,  спорт  аренасында  жеткен  жетістіктер  арқылы  мемлекет  беделін  құру  жəне  кү-
шейту  сияқты  маңызды мəселелерді  тікелей  бейнелейді.  Мемлекетте  спорт  дамуының  деңгейі  оның 
демократиялануы,  оның  мүмкіндіктері  мен  жетістіктері  көрсеткіш  болып  табылады.  Біздің  өрке-
ниеттің  тарихы  көрсеткендей  кез  келген  кезеңде  өскелең  ұрпақтың  тəрбиесі  тікелей  спортпен 
байланысты.  
Спорттағы имидж мəселесінің кəсіптік саласы, ең алдымен, имидждің қалыптасуына байланысты 
əрекеттің құралдарын зерттеумен сипатталады (жайғастыру, айлы-шарғы жасау, мифологиялау, эмо-
циялану,  формат,  верболдану,  тəптіштеу,  ақпаратқа  ерекше  көңіл  бөлу,  көнеру,  қашықтық,  метафо-
ризация,  көзбен  шолу  жəне  т.б.).  Осымен  имиджелогия  айналасады,  ол  көрсетілген  аспаптарды  осы 
саланың мамандары – имиджмейкерлер мен ПР қызметкерлері қолданады.  
Спортта имидж құрудың физиологиялық ерекшеліктерін зерттеудің негізгі заты болып табылады: 
спортта белгілі имидждің жеткізушісі болу функционалды дайындық мəселесі; имидждің қалыптасу 
процесін  реттеу  физиологиялық  механизмдері;  спортта  спортшының  физиологиялық  қасиеттерінің 
оның имиджіне əсер етуі, ағзаның белгілі имидждің болуына байланысты түрлі əсер етулерге физио-
логиялық реакция беру.  
Мəселенің  коммуникативтік  саласы  –  ол  спортта  имидж  қалыптасуындағы  қарым-қатынастың 
ролін,  имидж  құру  үдерісінде  ақпарат  тарату  заңдылықтары  мен  ерекшеліктерін,  бұқралық  ақпарат 
құралдарында  (БАҚ)  ақпараттың  əрекет  ету  ерекшеліктерін,  БАҚ-тың  спортта  имидждің  қалыптасу 
үдерісіндегі маңыздылығын зерттеу.  
Мəселенің  социологиялық  саласы  спорт  социологиясының  шеңберінде  спортта  имидждің  пайда 
болу  жəне  даму  заңдылықтарын;  əлемдік  құрылымдағы  оның  орнын;  спортта  имидждің  қалыпта-
суына алуан  түрлі əлеуметтік білімдердің əсерін, күрделілігіне байланысты  түрлі əлеуметтік жүйелерді, 
ортақтық  формаларын,  əлеуметтік  институттар  мен  үдерістерді,  спорт  сияқты  еңбек  жəне  əрекет 
саласындағы имидждің қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу талпынысын көрсетеді.  
Саясаттану  тұрғысында  қаралып  отырған  мəселе  спортшылардың,  спорттың  жеке  түрлерінің, 
түрлі  халықаралық  жарыстарда  Олимпия  ойындарында  спорт  командаларының  беделді  имиджін 
пайдалану  арқылы елдің саяси  имиджін  қалыптасуының  заңдылықтарын  зерттеуіне,  түрлі  қоғамдық 
бірлестіктер мен саяси партиялардың спорт имиджінің қалыптасуына əсер етуіне, мемлекет басқару 
формасына (монархия, республика жəне т.б.), саяси режимдерге (тоталитаризм, авторитаризм, демократия 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
172
 
жəне т.б.), мемлекеттік құрылым (біртекті мемлекет, федеративтік мемлекет жəне т.б) формаларына 
байланысты имидждің қалыптасу процесінің ерекшеліктеріне байланысты.  
Кəсіптік имиджді иелену – бұл іскер адамның, бизнесменнің, көшбасшының, спортшының қойған 
мақсаты  емес,  алайда  осындай  мақсаттың  болуы  елеулі  тұлғалық  жəне  кəсіби  сипаттама  құрайды, 
практикалық  тұрғыда  терең  мағынасы  бар.  Өз  имиджінің  қамы  –  бұл  адамдардың  санасында  оны 
сақтап қалу, өзін ең жақсы таныстыру рəсімі.  
Имидж  ұғымы  дербестендіру  ұғымына  жақын,  бірақ  соңғымен  салыстырғанда  тұлғаның  табиғи 
қасиеттері  ғана  емес,  арнайы  құрылған  қасиеттері  де  жатады.  Бұдан  басқа,  имидж  адамның  сыртқы 
бейнесін ғана емес, адамның ішкі дүниесін, оның психологиялық түрін көрсетеді.  
Түптеп  келгенде    имидж  –  тұлға  қалдыратын  əсер.  Тұлғаға,  адамдардың  сол  немесе  өзге  тобын 
ұйымдастыруына  қатысты  əрекеттер,  фактілер,  мəліметтер  қалай  қабылдануына  жəне  түйсіндіруіне 
баға  беру  ептілік  –  спорттық  жүйеде  имидж  басқарудың  ең  маңызды  психологиялық  негізі  болып 
табылады.  
Гносеологиялық  жəне  психологиялық  тұрғыда  көптеген  спорт  имиджінің  ішінен  келесі  негізгі 
топтарды  белгілеуге  болады:  Олимпиялық  спорт  имиджі,  Көне  əлемдегі  спорттың  имиджі,  жаңа 
уақыт  (XVII-XVIII  ғғ)  кезеңдегі  спорт  имиджі,  екі  дүниежүзілік  соғыс  арасындағы  кезеңдегі  спорт 
имиджі;  бұрыңғы  КССР,  ТМД  елдерінің  спорт  имиджі,  спортшының  имиджі,  жаттықтырушының 
имиджі, спорттық команданың имиджі жəне т.б. 
Сонымен,  дене  шынықтыру  мұғалімінің  имиджі  ішкі  жəне  сыртқы  өзара  байланысты  компоненттер 
жататын құрылымы бар біртұтас жүйелі білім.  
Ішкі  компоненттерге  жатады:  білім  (жалпы  кəсіптік  білім,  педагогикалық  имиджелогияның 
теориялық  негіздер  білімі);  жасай  білу  (əдістемелік,  психотехнология,  болдау-бағалау  саласындағы 
ептілік);  эмпатия  мен  толеранттылыққа  қабілет;  түсіністікке,  бірге  мазасыздануға,  білім  алушылардың 
тəуелсіздігі  мен  дербестігіне,  кəсіби  жеке  басының  өсуі  мен  дамуына  бағдар  жасалған  нұсқаулар; 
құндылықтар  (бала  өмірінің  құндылығы,  өзі  мен  денсаулығының  құндылығы);  мұғалімнің  өзін-өзі 
баламалы бағалауы.  
Сыртқы компоненттер: мұғалімнің сыртқы келбетінде, іскерлік мəнер мəнмəтінінде; мұғалімнің 
сөзінде;  мұғалімнің  басқаруының  демократиялық  деңгейінде;  мұғалімнің  білім  алушымен  бірлесіп 
дене шынықтыру-спорттық іс-əрекетке əуесқойлық негізінде қатынасу мəнері. 
 
1 Валеева О.Н. Имидж личности: социально-психологический анализ феномена// Личность, семья и общество: 
вопросы педагогики и психологии. 2014. – №42. 
2  Волков Б.С. Психология юности и молодости: Учебн. пособие. – М.: 2006. – 256 с. 
3 Дагаева Е.А. Методология изучения имиджа как социально-психологического феномена // Психологическая 
наука и образование psyedu.ru. 2011. – №1 
4 Насыбуллин А.Р. Социально-психологические особенности имиджа будущего бакалавра: Автореф. дис. … 
канд. пед. наук / А.Р. Насыбуллин. – Казань, 2015. – 27 с. 
5 Симонова И.Ф. Педагогика имиджа / И.Ф. Симонова. – СПб.: Ультра Принт, 2012. – 304 с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   464




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет