Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет300/464
Дата31.12.2021
өлшемі5.18 Mb.
#21079
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   464
– ғылыми-зерттеу; 
– аниматорлық [3]. 
Қазіргі  таңда  болашақ  маманның  функционалдық  сауаттылығы  білім  кеңістігіндегі  білімді  құзы-
реттілікке бағыттау парадигмасына байланысты туындап отыр. Бұл дегеніміз ЖОО білім алушы меңгеруі 
тиіс  білім,  білік,  дағдыларының  жиынтығы,  яғни  оқытудың  түпкі  нəтижесі  білім  алушы  бо-йында 
қалыптасатын құзыреттіліктің қалыптасуында. Заманауи маман даярлаушы жоғары мектеп оқытушысының 
басты  назары  өз  пəнінде  ғана  емес,  алдында  даярланып  жатқан  маманның  болашақ-тағы  алатын  орны, 
іскерлігі, маман ретінде дамуы мен жетілуінде. 
Кузьмина  Н.В.  пікірінше,  құзыреттілік  педагогтың  басқа  бір  адамды  дамытуына  негіз  болатын 
білімділігі  мен  абыройлығы.  Кривцов  Л.Ю.:  «Кəсіби  құзіреттілік  -  маманның  білім,  іскерлік  жəне 
дағдыларды меңгеруін көрсететін сапаларының жиынтығы» десе, көпшілік педагогикалық əдебиеттерде: 
«Кəсіби  кəмелеттілік,  кəсіби  іс-əрекетті  шығармашылық  деңгейде  қазіргі  сəтте  социумда  қабылданған 
нормалар мен стандартқа сəйкес жүзеге асыру» тұрғысында анықтама берілген [4, 89 б]. 
Құзыреттілік – маманның білімі, біліктілігі жəне дағдылары негізінде нақты кəсіп аясында жоғары 
сапалы  жəне  мөлшерлік  еңбек  нəтижелеріне  жету  үшін  нақты  жұмыс  түрлерін  білікті  атқара  алу 
қабілеті.  Біліктілік  –  адамның  қандай  да  бір  кəсіби-еңбек  қызметін  орындауға  деген  дайындық  деңгейі 
немесе біліктілік – кəсіпті меңгеру деңгейі.  
Кəсіби  құзыреттілік  -  педагогикалық  қызметті  жүзеге  асырудағы  теориялық  жəне  практикалық 
дайындықтың  бірлігі.  Белгілі  ғалымдар  С.Е.  Шишов  пен  В.А.  Кальней  өскелең  ұрпақтың  бойына  білім 
мекемелері мынадай құзырлылықты қалыптастыруы тиіс деп есептейді: 
1. Саяси жəне əлеуметтік құзыреттілік. Олар адамның өзіне жауапкершілік ала алуында. 
2.  Көп  мəдениетті  қоғамда  өмір  сүре  алуға  байланысты  құзыреттілік.  Ұлтаралық  келісім,  басқа 
мəдениет, дін өкілдерін құрметтеу. 
3.  Жазбаша жəне ауызша  қарым-қатынас жасай алу құзыреттілігі. Бұл əрбір адам үшін аса маңызды 
мəселе, бұған сонымен қатар бірнеше тілді білу де жатқызылады. 
4. Ақпараттық қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзіреттілік. Бұл жаңа технологияларды білу, 
ақпараттар ағынынан қажеттісін таба білу, оған сыни баға беру білу деген мағынаны береді. 
5. Тұлғаның жеке жəне қоғамдық өмірінің негізі болып табылатын - өмір бойы білім алуға қабілет-
тілік [5,109 б]. 
М.А. Чошанов құзыреттіліктің төмендегі белгілерін ажыратқан: 
-
 
тұлғаралық жəне еңбектегі байланыс мəдениеті; 
-
 
қызметтің  экономикалық,  əлеуметтік,  құқықтық,  адамгершілік,  психологиялық  аспектілерін 
меңгеруі; 
-
 
қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы; 
-
 
практикалық кəсіби тапсырмаларды орындауға дайындық əлеуеті; 
-
 
нақты жағдайларға байланысты қандай да бір əдістерді пайдалану; 
-
 
біліктілігі; 
-
 
тиімді шешім кабылдау қабілеті [6, 3 б]. 
5В012300  –  «Əлеуметтік  педагогика  жəне  өзін-өзі  тану»  мамандығы  бойынша  жалпыға  міндетті 
білім  беру  стандартының  8.4  пунктінде  кəсіби  құзыреттілігіне  қойылатын  талаптар  төмендегіше 
берілген: 
Арнайы  құзыреттілік  –  əлеуметтік  педагогика  жəне  өзін-өзі  тану  саласындағы  кəсіби  іс-əрекет-
терді жеткілікті деңгейде меңгеруі, өзінің алдағы кəсіби тұрғыда дамуын жобалай алу қабілеттілігі.  


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
197
 
Коммуникативтік құзыреттілік – басқа адамдармен қажетті қарым-қатынасты орната алуға жəне 
қолдай  білуге,  түсінікті  болуға,  еркін  қарым-қатынас  жасай  алуға  қабілеттілігі;  жоғары  деңгейдегі 
мəдениетті меңгеруі.  
Ақпараттық құзыреттілік – ақпараттық технологияларды меңгеру, ақпараттардың барлық түрлерімен 
жұмыс  істей  алу  қабілеттілігі;  қажетті  ақпаратты жеке  іздестіруі,  талдауы  мен  іріктей алуы,  оларды 
ұйымдастыруы, жаңартуы, сақтауы жəне жеткізе білуі.  
Зерделілік құзыреттілік – өзінің міндеттерін орындауды аналитикалық ойлау мен кешенділік тұр-
ғысынан шешу қабілеттілігі; тұлғалық өзін-өзі іске асыру мен өзін-өзі дамыту амалдарын, тұлғаның 
кəсіптік деформациялануына қарсы құралдарды меңгеруі;  
Əлеуметтік құзыреттілік – əлеуметтік өзара əрекеттестікте тиімді өмір сүру мен жемісті қызмет 
етуге  қабілеттілігі;  рационалды  жəне  жауапкершілікті  пікіп-таластарда  жəне  басқалармен  келісім-
ділікте  жетістікке  жетуде  өзгере  алуы  мен  бейімделуі;  кəсіптік  қауымдастықта  дұрыс  қарым-қатынаста 
болуы, өзінің кəсіби еңбегінің нəтижелеріне əлеуметтік жауапкершілікте болуы. 
Жеке құзыреттілік – өзінің дамуы перспективасын, кəсіптік талаптар мен шектеулерді, қоғамдық 
өмірдің  сұраныстарын  айқындауға,  талдауға  жəне  бағалауға  қабілеттілігі;  өзінің  дарындылығын 
көрсете  білуі,  өмірлік  жоспарын  жасауға  жəне  дамытуға,  дене,  рухани  жəне  зерделілік  тұрғысынан 
өзін-өзі  дамытудың,  эмоционалдық  тұрғыда  өзін-өзі  реттеу  мен  өзін-өзі  қолдаудың  тəсілдерін  мең-
геруі,  өзінің  жұмысының  нəтижелерін  жақсартуға  қабілеттілігі  мен  даярлығы,  жекелік-тұлғалық 
ерекшеліктері  мен  кəсіптік-психологиялық  əлеуетін  жеке  пайдалану  есебінде  еңбек  тиімділігін  көтеруі, 
өзі,  өзінің  сапалары,  ерекшеліктері,  қажеттіліктері,  мотивтері,  құндылық  бағдарлары  туралы  дұрыс 
түсініктерінің болуы. 
Кəсіби құзыреттілігі – білім алушылардың тұлғалық жəне əлеуметтік дамуына бағытталған кəсіптік 
іс-əрекеттерді  жүзеге  асыруға  қабілеттілігі;  жеке  тұлғаның  жалпы  мəдениетінің  қалыптасуы  мен 
əлеуметтенуіне,  кəсіптік  білім  беру  бағдарламаларын  саналы  таңдауы  мен  бірізділікпен  меңгеруіне 
ықпал  ету;  əлеуметтік  тəрбиенің  əр  түрлі  амалдары  мен  əдістерін  пайдалану;  білім  беру  мекемелерінің 
əлеуметтік  саласын  үйлестіруге  ықпал  ету;  өзінің  кəсіби  біліктілігін  жүйелі  көтеріп  отыру,  əдістемелік 
бірлестіктердің  жұмыстарына  жəне  əдістемелік  жұмыстың  басқа  да  түрлеріне  қатысуы,  ата-аналармен 
(олардың  орнындағы  адамдармен)  байланысты  жүзеге  асыруы,  еңбекті  қорғау,  техника  қауіпсіздігі 
мен  өртке  қарсы  қорғаныс  ережелері  мен  нормаларын  орындауы,  білім  беру  процесінде  білім 
алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыздандыруы [3].  
Соңғы жылдары ғылыми-педагогикалық еңбектерде кəсіби құзыреттілік маман иесінің дайындық 
сапасына қойылатын  талабы  немесе  кəсіби  теориялық білімдері  мен  практикалық біліктілігі  ретінде 
қарастырылады. Біздің түсінігімізше, кəсіби құзіреттілік – ерекше міндетті жүзеге асыруда қолданылатын, 
барлық білім мен дағдының жиынтығын құрайтын нəтижелі кəсіби іс-əрекетке деген қатынасы. 
Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті,  əлеуметтік  ғылымдар  факультеті,  əлеуметтік 
педагогика жəне өзін-өзі тану кафедрасында 5В012300 – «Əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану» 
мамандығы бойынша даярланатын білім алушыларға арналып жасалған білім беру бағдарламасында 
жалпыға міндетті мемлекеттік стандартта нақтыланған маманның атқаратын кəсіби іс-əрекет түрлері 
мен  кəсіби  құзіреттілік  түрлеріне  сəйкес  білім  беру  бағдарламасы  əзірленген  [7]  (Кесте  -  1).  Білім 
беру  бағдарламасы  -  білім  алушылардың  қандай  да  бір  академиялық  дəреже  немесе  біліктілік  алуы 
үшін қажетті негізгі құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған оқыту бағдарламасы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
198
 
Кесте 1 - 5В012300 – «Əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану» мамандығы бойынша дайындалған 
модульдік білім беру бағдарламасы (Қабылдау 2015-2016ж.) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   464




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет