Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет319/464
Дата31.12.2021
өлшемі5.18 Mb.
#21079
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   464
Түйіндеме 
Оразов Ш.Б.– п.ғ.д., профессор, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ – түрік уиверситеті 
Дене тəрбиесі жəне спорт мамандарын дайындау жүйесінде студенттердің өз бетімен  
кəсіби білімін жетілдіру 
Кəсіби  білімін  өз  беттерімен  жетілдіруінің  маңызды  шарты  –  жоғары  оқу  орындарындағы  оқу  кезеңінде  
студенттердің үздіксіз практикасының ұйымдастырылуы маңызды болып табылады. Тек студенттердің практи-
калық қызметінде кездесетін міндеттермен, жағдайлармен үнемі бетпе-бет келіп отыруы ғана, олардың біртін-
деп өз беттерімен кəсіби білімін жетілдіруіне əсерін тигізбекші. 
Студенттердің өз беттерімен кəсіби білімін жетілдіруінің маңыздылығы мынаған келіп саяды: жоғары орын-
дарында оқыған кезінде олар сыни ойлауды, кəсіби міндеттерін шешудің жаңа да тың тəсілдерін табуды үйре-
нулері  керек,  ғылыми  ақпарат  тасқынында  бағыттарын  анықтай  білуі  тиіс.  Студенттердің  кəсіби  білімін  өз 
беттерімен  жетілдіру  процесінде  оқытушы  студенттердің  танымдық  қызметіндегі  ұйымдастырушысы,  көмекшісі, 
тəлімгері болуы керек, бұл өз кезегінде оқытушыға қойылатын талапты күшейтеді. Кəсіби білімді өз беттерімен 
жетілдіруін  басқаруға  тек  оқу  тобы  мен  мамандандырудың  оқытушылары  ғана  қатысып  қоймайды.  Сонымен 
қоса,  осынау  процесс  студенттердің  кəсіпті  таңдауымен,  кəсіби  қызығушылығымен,  педагогикалық  қызметке 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
209
 
бейімділігімен, өз бетімен білімін жетілдіруге талпынысымен, басқаша айтқанда, студент тұлғасын жан-жақты 
зерттеу негізінде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда жоғары оқу орындарында психологиялық қызметтің ұйым-
дастырылуы  маңызы.  Кəсіби  білімін  өз  бетімен  жетілдіру  –  жас  маманның  тұлғасын  қалыптастырудағы  қозғаушы 
күш.  Өз  бетімен  кəсіби  білімін  жетілдірудің  дербестік,  шығармашылық  сипаты  студент  жеке  тұлғасының 
қалыптасуында да маңызды роль атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   464




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет