Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет330/464
Дата31.12.2021
өлшемі5.18 Mb.
#21079
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   464
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
216
 
-
 
оқыту  процесінде  студенттердің  пікірлері,  қызығушылықтары  мен  бастамаларына  негізделе 
отырып оқыту. 
Бұл міндеттердің ойдағыдай жүзеге асуында келесі педагогикалық шарттар басшылыққа алынады: 
-
 
оқыту процесінің анық мақсатты көздеуі; 
-
 
мақсаттардың анық болуы ұстуденттер оқу іс-əрекетінде көрінетіндей, өлшенетіндей етіп белгіленуі); 
-
 
студенттердің оқу іс-əрекетін ұйымдастыра алу, міндеттерді дұрыс бөліп беру. 
Дидактикалық талаптар: 
-
 
оқу материалын саралау, талдау, дайындау; 
-
 
оқытудың техникалық құралдарын пайдалану; 
-
 
оқу материалын анық, сенімді  түрде жеткізе алу. 
-
 
Перцептив талаптар: 
-
 
студенттердің рухани жан дүниесіне əсер ете алу; 
-
 
студенттердің эмоционалды жағдайларын объектив бағалай алу, 
-
 
ізденушілік қабілет:  
-
 
педагогикалық жағдаяттарды дер кезінде анықтай алу жəне объектив баға беру; 
-
 
педагогикалық технологияларды қолдана алу т.б. 
Педагогикалық  іс-тəжірибе  барысында  жоғарыда  баяндалған  пікірлер  негізінде  “Педагогика”, 
“Педагогика  тарихы”  пəндерінен  студенттерді  рухани  қалыптастыру  мүмкіндігіне  ие  болған  тақы-
рыптар бойынша бірнеше сабақтар ұйымдастырылды. 
“Педагогика” пəнінен “Біртұтас педагогикалық процесте оқушылардың ғылыми дүниетанымы мен 
санасын  қалыптастыру,  ұлттық  жəне  жалпы  адамзаттық  құндылықтардың  үйлесімдігі  негізінде 
ұлттық сана мен демократиялық пікірді қалыптастыру”, “Оқу-тəрбие процесінде  азаматтық тəрбие”, 
“Оқушылардың  рухани  моральдік  тəрбиесі”,  тақырыптарын  өту  арқылы  студенттерде  ғылыми 
дүниетаным,  ұлттық  сана,  идеология,  елжандылық,  ұлтжандылық  -  азаматтық  тəрбиенің  негізі  екендігі, 
елжандылық  ұғымының  мəні,  саналы  тəртіп,  саналы  тəртіп  -  жеке  тұлғаның  рухани  жақтан  қалып-
тасуын  қамтамасыз  ететін  жəне  əлеуметтік  қоғам  дамуын  белгілеуші  фактор  екендігі  жөніндегі 
ұғымдарды қалыптастыруға баса назар аударылды. 
Мысалы,  “Біртұтас  педагогикалық  процесте  оқушылардың  ғылыми  дүниетанымы  мен  санасын 
қалыптастыру.  ұлттық  жəне  жалпы  адамзаттық  құндылықтардың  үйлесімдігі  негізінде  ұлттық  сана 
мен  демократиялық  пікірлеуді  қалыптастыру”  тақырыбын  өтуде  студенттердің  ұлттық  жəне  жалпы 
адамзаттық құндылықтарды үйренуге деген қызығушылықтарын оятуға, “Педагогика  тарихы” пəні-
нен “Ескі жазба ескерткіштерде тəлім-тəрбие мəселелері”, “Шығыс ренесансы дəуірі жəне онда тəлім-
тəрбиенің  өркендеуі”,  “Авесто”  шығармасын  өтуде  ондағы  негізгі  идеялар  “Ізгі  пікір,  ізгі  ниет,  ізгі 
əрекет” концепциясы, ондағы бейбіт жəне  өркендеген  қоғам құру идеялары, қоғам дамуы, ел бостан-
дығы мен қауіпсіздігі  жолында аянбай қызмет ету, ұлт пен ұлыстар арасында өзара татулық орнату, 
Абу Наср Фарабидің “Кемелденген адам” концепциясы əлеуметтік қатынастар мəні жөніндегі  пікір-
лері, жан-жақты кемелденген адам жайлы көзқарастары, жан-жақты дамыған адам бейнесі, Абу Наср 
Фарабидіңел  басқару  саясаты  туралы  пікірлерінің  "Мəңгілік  Ел"  ұлттық  даму    идеялары  мазмұны  
мен  сарындас екендігіне студенттер  назары аудару қажет. 
Болашақ  педагог-мамандарды  "Мəңгілік  Ел"  ұлттық  даму  идеялары  негізінде  рухани  тұрғыдан  
қалыптастыруда оларды жан-жақты кемелдендіруге қызмет ететін ғылым, əдебиет, өнер, дін, сияқты 
қайнар көздер  мен  руханияттың  құрылымдық  элементтері  саналатын  білім  жəне ғылымдарды  игеру 
негізінде жүйелі жүзеге асырылғанда тиімді болып табылатындығын ескерген жөн. 
Жоғарыда аталған мəселелерді жинақтай отырып, төмендегідей ой қорытындылауға болады: 
1.
 
Оқыту,  білім  беру  процесін  демократиялық  принциптер  негізінде  ұйымдастыру  студенттердің 
əлеуметтену процесін жеделдетіп, азаматтық позициясын қалыптастырады. 
2.
 
Студенттерді  рухани  тұрғыдан  қалыптастыруда  олармен  өзара  тең  құқықтылық,  өзара  көмек, 
ынтымақтастық принципі негізінде жұмыс жүргізу олардың өзіне деген сенімін арттырып, өз бетінше 
іздену, білімін нығайту мүмкіндіктерін жүзеге асыруға септігін тигізеді. 
3.
 
Студенттерді  ұлттық  даму  идеялары  негізінде  рухани  тұрғыдан  қалыптастыруда  педагоги-
калық циклдағы пəндер мəн-мазмұнымен үлкен мүмкіндіктерге ие саналады. 
4.
 
Студенттерді рухани – адамгершілік жақтан қалыптастыруда əлеуметтік факторлардың (жағымды, 
жағымсыз) ықпал ету күшін реттеу білім беруде көзделген нəтижелерге жетуде оңды нəтиже береді. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
217
 
5.
 
"Мəңгілік  Ел"  ұлттық  даму  идеялары  негізінде  жастарды  рухани  тұрғыдан  қалыптастыруда, 
білімділік, жоғары моральдік қасиеттер: қоғам дамуы жолында  қызмет ету, отансүйгіштік сезімге ие 
болу, ел тыныштығы, ұлт азаттығы, Отан азаттығы жəне тəуелсіздігі жолында қызмет ету, интерна-
ционалдық, толеранттық қасиетке ие болу, ұлттық мақтаныш, адамгершілік сезімдері негізгі көрсет-
кіш болып есептеледі. 
 
1
 
Н.Ə.  Назарбаев  халыққа  Жолдауы  «Қазақстан  жолы  -  2050:  бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ» 
Астана, 2014 жылғы 17 қаңтар 
2
 
Косиченко  А.Г.  Духовный  путь:  от  осуществления  к  осмысленному  бытию  \\  Проблемы  духовного 
развития. Алматы: Ақыл кітабы, 1998. - 37 с 
3
 
Туленов Ж., Ғафуров З. Философия : Олий уқув  юртлари учун дарслик. - Т.: Уқитувчи, 1997. 294-б. 
4
 
Юсупов Э. Инсонкамолотинингмаънавийасослари. – Т.: Узбекистон, 1995. - 32 б. 
5
 
Ахияров К.Ш. Формирование ценностных ориентации будущих учителей. // Ж. Педагогика. 2002. № 3. - 
С. 50 - 55. 
6
 
Сиземская  И.Н.,  Гессен  С.И.:  Всякое  хорошо  поставленное  образование  по  необходимости  будет 
национальным. // - Ж.: Педагогика. 2002. № 4. – С. 44-50.  
7
 
Савотина Н.А. Гражданское воспитание: традиции и современные требования. əə Ж. Педагогика. 2002. 
№ 4. – С. 39-44.  
8
 
Харисова Л.А. Ислам: Духовно-нравственное обучение школьников: Конспекты занятий. –М.: Гуманит. 
изд. центр Владос. 2002. - 176 с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   464




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет