Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет81/464
Дата31.12.2021
өлшемі5.18 Mb.
#21079
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   464
Түйін сөздер: орта кəсіптік білім беру, колледж, танымдақ белсенділік. 
 
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру дидактика саласындағы зерттеулердің басты 
мəселелерінің бірі болып  отыр.  Оқушыларының  танымдық белсенділігі оқыту үдерісінде  оқушылардың 
өз бетінше іс-əрекет етуі жəне шығармашылық белсенділігін дамытудың негізгі тəсілі ретінде қарас-
тырылады. 
Колледж оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мəселесін теориялық зерттеу бұл 
жағдайда іс-əрекеттік тəсіл өнімді болатынын көрсетті. Іс-əрекет  тəсілі негізінде құрылған оқыту бір 
жағынан,  оқушылардың  шығармашылық  əлеуетін  белсенді  дамытады,  екінші  жағынан  оқу  мотива-
циясын қалыптастыруда тиімділігі жоғары. Колледж оқушыларының танымдық белсенділігін қалып-
тастыру негізгі сипаттамасын беру үшін «іс-əрекет» ұғымын анықтап алуымыз қажет. Философиялық 
түсінікте «іс-əрекет – бұл адамның табиғатты туындатып, шығармашылық түрде қайта құруы болып 
табылады.  Осылай  бола  тұра,  адам  іс-əрекет  субъектісі,  ал  табиғат  объекті  болады»  [1,  91  б.].         
В.Г. Афанасьев, И.С. Кант іс-əрекетте өзара ықпалдасу, объектілердің іс-əрекет үдерісінде өзін жəне 
нақты бір ортаны өзгертуі сияқты аспектілерді қарастырады. Іс-əрекет түрлі үдерістерді, интеллектуалдық, 
рухани, сыртқы жəне ішкі жақтарын қамтиды [2]. 
Леонтьев  А.Н.,  Рубинштейн  С.Л.,  Узнадзе  Д.Н.  сияқты  психолог  ғалымдар  іс-əрекет  ұғымын 
субъектінің заттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған субъектінің тіршілігін жүзеге асы-
ратын үдеріс ретінде қарастырады; 
-  субъектінің  дүниені,  материалдық  жəне  рузани  мəдениеттің  белгілі  бір  өнімін  өндіру  немесе 
туындаиуға бағытталған белсенділігі; 
- өзінің құрылымы, ішкі өзгерістері мен түрленулері бар жүйе. Əрекет дегеніміз - түрлі қажеттерді 
өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Əрекет – іс əрекеттің шағын бөлігі. 
Ол жеке мақсатты орындауға  бағытталады, əрекетті орындау тəсілдері операциялар деп аталады. 
Біз  өз  зерттеулерімізде  іс-əрекет  ұғымының  келесі  анықтамасына  бағдарланамыз:  іс-əрекет  адамның 
шығармашылық жаңалықтарға, ақиғатты жəне өзін-өзі жетілдіруге бағытталған адам белсенділігінің 
арнайы  түрі.  Берілген  жағдайда  іс-əрекет  қоршаған  ақиқат  дүние  танылатын,  білімдер  меңгерілетін, 
икемділіктер мен дағдылар қалыптастырылатын адам дамуының қажетті шарты болып табылады. 
Колледж оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мəселесіне қатысты ғылыми əде-
биеттерде сонымен қатар «оқу іс-əрекеті» жəне «танымдық іс-əрекет» ұғымдары қарастырылады. 
Моминбаев Б.К., Зеер Э.Ф. «оқу іс-əрекеті» жəне «танымдық іс-əрекет» ұғымдарын тең жағдайда 
қарастырады.  Бұл  екі  үдеріс  барысында  оқу  пəндерінің  мазмұны  жəне  оқушының  білім  алуына 
қажетті тəсілдер, икемділіктер мен дағдылар меңгеріледі [3, 230]. 
Біз өз зерттеу зерттеу жұмысымызда танымдық іс-əрекетті оқушыны қоршаған дүниемен мақсатты 
бағытта  ұйымдастырылған  іс-əрекет  ретінде  қарастырамыз.  Бұл  іс-əрекет  нəтижесінде  ол  ғылыми 
білімдер  жүйесі  жəне  іс-əрекет  тəсілдерін  меңгереді.  Берілген  осы  анықтама  танымдық  іс-əрекет 
процесінің түрлі жақтарын ашады. 
Кез-келген іс-əрекеттің  бағыттылығы  оның  пəнімен  анықталады, іс-əрекет пəніне байланысты  іс-
əрекеттің түрінің өзі өзгеріске түсіп отырады. Кез-келген іс-əрекетті жүзеге асырудың тиімділігі оның 
құрылымына,  яғни  пəніне  (мотив),  іс-əрекет  түріне,  мақсатына,  шартына,  операцияларына  байла-
нысты болады. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
43
 
Сонымен  жүргізілген  талдау  оқушылар  іс-əрекет  арқылы  ғылыми  білімдер  жүйесін  жəй  жүзеге 
асыру немесе шығармашылық деңгейде меңгереді деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Белгілі 
бір іс-əрекетті меңгеру белсенді тұлғаны ақлыптастырудың шарты (негізі) болмақ. 
Колледж  оқушыларының  танымдық  белсенділігін  теориялық  талдау,  оның  тиімді  шешімі  іс-əре-
кеттік жəне тұлғалық-бағдарланған тəсілдерді пайдалану арқылы жүзеге асыруға болатынын көрсетті. 
Тұлғалық-бағдарланған  тəсілге  сəйкес  кəсіптік  білім  беру  болашақ  кəсіби  іс-əрекетінің  жаңа  сапалы 
мəн-мағынасы  мен  технологияларын  меңгерген  іс-əрекет  субъектісін  қалыптастырудың  күрделі  үдерісі 
ретінде  қарастырылады. Бұл  үдерісте  тұлғаның  өздігінен  білім  ала  алуы  мен  танымдық  белсенділігі 
маңызды рөл атқарады. 
Осыған  байланысты  «белсенділік»  ұғымын  «танымдық  белсенділік»  ретінде  қарастыруымыз  қажет. 
Белсенділік – белсенділіктің қозғаушы күші - қажеттілік пен құштарлық. Тіршіліктің негізі - қозғалыс 
пен іс-əрекет болса, оның не қарқынды, не баяу жүруі қажеттілік пен құштарлық шегіне байланысты. 
К.А. Абульханова - Славская тұлғаның белсенділігін іс-əрекет субъектісі ретінде қалыптастыруға 
өзін-өзі ұйымдастыруы мен өзін-өзі реттей алуы деп қарастырады [4, 181 б.]. 
Осылайша, бір зерттеушілер белсенділікті іс-əрекетпен теңестірсе, екіншілері белсенділікті іс-əре-
кеттің нəтижесі, ал басқалары белсенділік – іс-əркетке қарағанда анағұрлым кең ұғым деп қарастырады. 
Белсенділік  іс-əркеттен  ажырамас  ұғым  болғандықтан,  біз  зерттеуімізде  белсенділікті  тұлғалық 
құрылым деп қарастырамыз жəне ол оқушының ерекше жай-күйін жəне оның іс-əрекетке деген қаты-
насын (жалпы процеске белсенді қатысу, жылдам əрекет ету) білдіреді деп тұжырым жасаймыз. 
Оқу  үдерісінде  оқушылардың  белсенділігі  мəселесіне  одан  əрі  зерттеулер  жүргізілді.  Оқытуда 
ескерілетін  бірқатар  жаңа  дидактикалық  қағидалар  (заңдылықтар)  қалыптастырылды.  Аталған  қағи-
далдың ішінда маңыздылары: оқыту қиындықтардың жоғары деңгейінде жүргізілуі тиіс; оқыту үдерісінің 
барысында  материал  жоғары  қарқында  берілуі  тиіс,  ал  жаңа  білімдерді  меңгеру  жаңа  білімдерді 
оқып-үйренумен байланысты жүргізілуі тиіс. 
Танымдық белсенділік құрылымында келесі компоненттер ерекшелеп көрсетіледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   464




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет