Абай атындағы ҚазҰпу-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп жəне дене мəдениеті» сериясы, №3 (22),2009ж


ДЕНЕ ТƏРБИЕСІ ҮРДІСІНІҢ НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ АДАМГЕРШІЛІК



Pdf көрінісі
бет10/15
Дата15.03.2017
өлшемі2,2 Mb.
#9840
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

ДЕНЕ ТƏРБИЕСІ ҮРДІСІНІҢ НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ АДАМГЕРШІЛІК 
Қ¥НДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
  
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Қ.Қ.Мамбетов – 
М.Əуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қаласы 
 
   Студенттерімізді  парасатты,  білікті,  мəдениетті  де  білімді  етіп  тəрбиелеп,  олардың 
дүниетанымын  жалпы  адамзаттық  деңгейге  дейін  дамытамыз  десек,  ұлттық  жəне  адамгершілік  намысы 
бар, студенттерді бүгінгі қоғамның элеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерін жоғары оқу орнындағы оқу-
тəрбие  саласына  материалдық  базасын  жақсартуға  жұмсауға  тиіспіз.  Озық  өнегелі  дəстүрімізден 
студенттердің  адамгершілік  қүндылықтарының  сабақтастығын  елестету  қиын.  Еліміздің  ертеңгі  ісі 
студенттеріміздің тəрбиесіне байланысты. 
   Бірыңғай  мəдениет  жасаймыз  деп,  ұлт  мəдениеті  атаулыны  менсінбеудің  нəтижесінде  қазақ 
жастарының  арасында  республикамыздың  тарихын,  тілін,  мəдениетін  білмейтін,  мəдени  жəне  əдеби 
мұраларын  өз  тілдерінде  оқып,  тəлім-тəрбие  ала  алмайтын  жастар  көбеюде.   Өкінішке  орай
адамгершілікті аяқ асты ету, жастардың еңбекті сүймеуі, жалқаулық, нашақорлық пен маскүнемдік, тағы 
басқалардың  жиі  көрінуі  үлттық  адамгершілік  тəлім-тəрбиенің  дұрыс  жүргізілмеуінен  туындап 
отырған қүбылыстар. 
   Ғасырлар  бойы  халқымыз  үрпағын  ізгілікке,  өз  елін  сүюге  баулып  келеді. «Білім  туралы» 
Қазақстан  Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі  №319  Заңының  «Оқу  жəне  тəрбие  үрдісін 
ұйымдастыру»  атты (28-6. 3-т)  тармағында  «Білім  беру  ұйымдарындағы  тəрбие  бағдарламалары  оқу 
үрдісінің  қүрамдас  бөлігі  болып  табылады  жəне  білім  алушылардың,  тəрбиеленушілердің  патриоттық, 
азаматтық,  имандылық  сезімін  қалыптастыруға,  сондай-ақ  жан-жақты  қызығушылықтары  мен 
қабілеттерін дамытуға бағытталған»,-деп атап көрсетілген [1]. 
   Н.Ə.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты - қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-
экономикалық  жэне  рухани  дағдарыстарды  жеңіп  шыға  алатын,  ізгіленген XXI ғасырды  қүрушы  іскер, 
өмірге икемделген, жан-жақты мəдениетті жеке түлғаны тəрбиелеп қалыптастыру деген түжырым жасады. 
Сол  себептен  «Студенттердің  адамгершілік  құндылықтары»  үғымының  мəні:  қоғамдық  қатынастардың 
өзгеруіне  байланысты  жалпыадамзаттық  қүндылықтарды  жеке  түлғаны  қалыптастырудың  негізі:  өз 

                   Весник КазНПУ им.Абая,серия 
«Начальная школа и физическая культура», №3(22),2009г.
 
 
 
 
 
 
64
халқының мəдениетін, əдебиетін, тілін, салт-дəстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы, халықтардың да тілі 
мен мəдениетіне, салт-дəстүріне қүрметпен қарайтын нағыз мəдениетті адам қалыптастыру [2]. 
    Адамгершілік  ұгымдары - жеке  бастың  басқа  адамдарға  жəне  қоғамға  моральдық  қарым-
қатынасының  мəнді  жақтарын  бейнелейтін  үғым.  Моральдық  үғымдардан  моральдық  сана  көрінеді. 
Маңызды  моральдық  үғымдарға:  ізгілік,  борыш,  шыншылдық,  абырой,  ар-ождан,  жауапкершілік,  т.б. 
жатады.  Моральдық  үғым  мазмүны  мінез-қүлықты  бағалаумен  жəне  оның  мотивімен  айқындалады. 
Адамгершілік  қатынас  моральдық  талапқа  сəйкес  көрініс  табады,  олар  ең  алдымен  қоғамның  мінез-
қүлыққа  міндеттелген  шешімін  қабылдайды,  қоғамның  сүранысына  қарай  адамгершілік  қатынасты 
жоспарлайды.  Талапқа  сəйкес  адамгершілік  қатынастың  мазмұнын  анықтай  отырып,  оларды  жүзеге 
асырудың  амал-жолдарын  қарастырады.  Талапқа  сəйкес  қарапайым  қоғамдық  тəртіпті  қамтамасыз  ету 
үшін  жəне  адамдарға  құрмет  сезімін  тарту  үшін  сақтау  қажет.  Талапқа  сəйкес: «кісі  өлтірме», «ұрлық 
істеме», «өтірік айтпа», «берген сөзіңде тұр», «жалқау болма», «жазықсызға жала жаппа», «тəртіпті бол», 
«əдепті  бол», «басқаларға  сыйлы  бол»  жəне  т.б.  адамгершілік  талаптар  жатады.  Адамгершілік  талапқа 
сəйкес адам үшін маңызды қоғам мен жеке басқа тəн салаларды, мəселен еңбек ұжымы, отбасы, қоғамдық 
ортадағы мінез-қүлықтар, ер адам мен əйел адам, ата-ана мен балалар арасындағы қатынасты, т.б. реттеп 
отырады. 
   Қоғамның  экономикалық  жəне  əлеуметтік  жаңа  жағдайына  байланысты  халықтық  негіздегі 
студенттердің  адамгершілік  қүндылықтары  педагогикалық  теория  мен  жоғары  оқу  орнындағы  оқу-
тəрбие жүйесінің келесі мəселесі жөніндегі концепцияда студенттерді адамгершілік, мейірімділікпен 
инабаттылыққа  тəрбиелеу  көзделген.  Ол  үшін  студенттердің  адамгершілік  қүндылықтары  классикалық 
тəсілдемелеріне назар аударып, студенттерінің тəрбиесінің жүйелілігін сақтау керек. Оның мəнісі, ұлттық 
адамгершілікті  қалыптастыратын  халықтың  салт-дəстүрлері  мен  əдеп-ғұрыптарына  студенттерді  үздіксіз 
тəрбиелеу арқылы қол жеткізу. Студенттердің адамгершілік қүндылықтарының мүрасының əдістемелерін 
меңгеру бүгінгі тəрбиенің ең көкейкесті мəселесі [3]. 
  Жоғарғы  оқу  орындарында  студенттерге  адамгершілік  тəрбие  беру  мəселесін  зерттеуде 
Ш.А.Амонашвили,  Р.Г.Амосова,  О.С.Богданова,  В.И.Петрова,   сонымен      қатар      Х.Арғынов,   
К.Бозжанова,   М.Жұбанова,Ғ.Жүнісова, Р.Қоянбаев, А.Меңжанова, С.Рахметова, Ə.Сыздықов, Т.Сабыров 
т.б. қомақты үлес қосты. 
  Біздің зерттеу тақырыбымыз бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде ғылыми түрғыдан қарастырылмай 
келе  жатқан  мəселе.  Алайда  көрнекті  ғалым  педагог-  психологтар  Г.Н.Васильцева,  Г.Н.Волков, 
А.А.Диваев, Қ.Б.Жарықбаев,А.Э.Измаилов,    С.Р.Раджабов,    С.Қ.Қалиев,   И.О.Обидов,   Қ.Сейсенбаев, 
Н.Сафаров, С.А.Ұзақбаева, Ю.И.Ханбиков т.б. ғылыми еңбектерінде халықтық педагогиканың    дамуы,    
педагогикалық        заңдылықтары,    жеке        басты  nқалыптастырудағы  отбасының  алатын  орны 
мəселелерін қарастырған. Бұдан қазіргі кезеңде өмірдің жəне педагогикалық практиканың қажеттілігі мен 
педагогика  ғылымында  жоғарыда  айтылған  мəселенің  толықтай  қарастырылмауы  арасындағы  қарама - 
қайшылық айқын көрінеді. Бұл қарама - 
қайшылықты  шешу  зерттеу  тақырыбымыздың  мəселесі 
болып табылады. Туындаған мəселені қарастыруда дене тəрбиесі үрдісінің мүмкіндіктерін студенттердің 
адамгершілік  қүндылықтарын  қалыптастыруда  маңызының  барлығын,  оның  əдістерін,  жолдарын, 
амалдары  мен  жұмыс  түрлерін  айқындау  зерттеу  жүмысымыздың  тақырыбын  белгілеуге  мүмкіндік 
жасады. 
   Ұлттық тəрбиенің арқауы болып табылатын халық тағылымының мəн-маңызы мен құндылығын 
белгілі  ғалымдар  Г.С.Виноградов,  В.Ф.Афанасьев,  А.Ф.Хинтибидзе,  А.Ш.Гашимов,  Г.Н.Волков, 
И.Я.Ханбиков, А.Э.Измаилов жəне т.б. зерделеген. 
  Қазіргі заман талаптарына сай тарихи-теориялық, практикалық тұрғыдан қарастырылған бірқатар 
ғылыми  еңбектер  жарық  көрген.  Солардың  ішінде  А.Қ.Қисымова  «Қазақтың  халықтық  педагогикасы 
арқылы оқушыларға адамгершілік тəрбие беру» ғылыми диссертациясында халықтық педагогика арқылы 
оқушыларға  адамгершілік-жыныстық  тəрбие  берудің  теориялық  негіздерін,  педагогикалық  мəселелерін, 
оқушылардың адамгершілік -жыныстық тəрбиесін халықтың халықтық педагогикасы арқылы жетілдіріп, 
үйымдастыру жолдарын көрсетті [4]. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп жəне дене мəдениеті» сериясы, №3 (22),2009ж. 
 
 
 
 
 
 
 
65
   Д.Ə.Нұрғалиева  «Тəрбие  үрдісінде 5-9 сынып  оқушыларының  адамгершілік  қүндылықтарын 
қалыптастыру»  атты  ғылыми  еңбегінде  қазіргі  қоғамның  жағдайында  жеке  адамның  тұлғалық 
дамуына  негіз  болатын  жалпы  адамзаттық  қүндылықтың  тірегі - адамгершілік  қүндылықтарды 
қалыптастыру  үғымдарына  анықтамалар,  сипаттамалар  беріледі [5]. Тəрбие  үрдісінде 5-9 сынып 
оқушыларының адамгершілік қүндылықтарын қалыптастыру  жағдайын  саралау  мен  диагностикалау 
мақсатында  педагогикалық  диагностика  мəселесіне  байланысты  амалдар  мен  əдістемелерге 
талдау  жасалған.  Ранжирлеу  əдістемесіне  орай  қүндылықтар  терминалдық,  инструментальдық  болып 
бөлінеді, оның артықшылығын өткізу мен нəтиже алудағы жылдамдығы, жинақтылығы, көпжақтылығы, 
нұсқау  мен  тізімдерді  түрлендіру  арқылы  ақпарат  алуға  болатындығы  мен  түсіндіріледі.  Оқушыларда 
адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастыруда  педагогикалық - диагностикалық  бағдарламасындағы 
əлеуметтік  мəнді  қүндылықтарды  саралай  оырып,  интериозациялау  арқылы  жеке  қасиеттерге  айналу 
жолдарын,  бұл  қасиеттердің  қүрылу  жəне  даму  белгілері  арқылы  адамгершілік  құндылықтарының 
қалыптастыру  динамикасын  бақылау,  оқушылардың  адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастыру 
үрдісінде  өзін-өзі  айқындаудағы  ынтасы  мен  дайындығыны  көрсете  алады.  Тəрбиелік  модульдік 
технологияның  ерекшеліктерін  айқындап, «Адамгершілік  құндылықтар  əлемі»  атты  тəрбие 
технонологиясы  жасалып,  сабақ  түрлері  мен  əдістемелік  көмекші  қүралды  тəжірибеге  ендірді [6]. 
Ш.Д.Дүйсенбекова  «Қазақтың  халықтық  педагогикасы  арқылы  оқушыларды  адамгершілікке  тəрбиелеу» 
атты  ғылыми  мақаласында  ұрпак  тəрбиесі  ұзақ  жəне  күрделі  үрдіс  екенін  айта  келе,  халықтық 
педагогиканың үздіксіздігінің, халық өмірінде күнделікті кездесіп жүрген құбылысты, затты кəсіби еңбек 
туындыларын жəне оның балалар үшін басталу кезеңін, жас баланың тіл дамыту жəне сан есебін үйрену, 
ойлау қабілетін дамыту үрдісінде жұмбақ тақпақты пайдаланғанын зерттеген [7]. Т.С.Сламбекова «Қазақ 
халқының  моральдық-этикалық  дəстүрлерінде  студенттерді  адамгершілікке  тəрбиелеу»  атты  ғылыми 
еңбегінде  моральдық-этикалық  дəстүрлерде  жеткіншектерді  адамгершілікке  тəрбиелеуде  қазақ  халқы 
нақты  принциптерді  (табиғилық,  бірізділік,  пысықтау,  сенімділік,  əділеттілік,  үлтжандылық,  түсініктілік 
жəне  айқындылық,  бақылау,  қолдау,  іскерлік),  əдіс-тəсілдер  мен  амал-жолдарды  (үйрету,  көрсету, 
жаттықтыру,  қайырымды,  ілтипатты  қатынас  жасау,  адамгершілік  сезімін  ояту,  ақыл-кеңес  беру, 
моральдық  қолдау,  үлгі  көрсету,  сенім  арту,  ренжу,  наразылық  білдіру,  айыптау,  еркелетіп  кінə  арту, 
жалған  енжарлық  көрсету,  қолдау,  ескерту,  сұрау,  сендіру,  талап  ету,  мақтау-мадақтау,  тапсырма  беру, 
қайрау,  алғыс  айту,  жазғыру,  жарыстыру,  жазалау,  жанама  ықпал  ету,  қызықты  да  жауапты  іс-əрекетке 
баулу, бұйыру, тұспалдап айту, теріс бата беру, т.б.) негізге алған. Зерттеу барысында болашақ үстаздарды 
қазақ  халқының  моральдық-этикалық  дəстүрлерінде  адамгершілікке  тəрбиелеудің  тиімді  шарты  ретінде 
ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың да мəнін анықтаған [8]. 
   Т.А.Ақпаев,  Қ.І.Адамбеков  жəне  Ə.Ж.Тастанов  «Балалар  мен  жасөспірімдердің  дене  тəрбиесі 
жүйесін  қалыптастыру  негіздері»  атты  оқу  қүралында  жүргізілген  зерттеулер,  негізінен,  студенттердің 
дене  тəрбиесінің  практикасы  мен  теориясының  жекелеген  мəселелерін  ашуға,  студенттердің  жас 
ерекшеліктеріне  қарай  психологиялық,  физиологиялық  өзгерістерін  ескере  отырып,  қимыл-қозғалыс 
дағдыларын  жан-жақты  тəрбиелеуге,  жеке  спорт  түрлері  бойынша  дененің  жалпы  мүмкіндіктерін 
дамытуға  арналған.  Қазақстандағы  түрғындардың  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  педагогика  мен 
медицинаның  өзекті  мəселесі  болып  табылады.  Сондықтанда  балалар  мен  жасөспірімдерді  дене 
тəрбиесінің  медико-педагогикалық  аспектілерін  түсінік  беру  мен  авторлар  өзінің  алдына  келесі 
міндеттерді  қояды:  жеке  жəне  қоғамдық  денсаулығын  нығайту  үшін  дене  тəрбиесі  тəсілін  пайдалану 
қағидаларын  баяндау,  балалар  мен  жасөспірімдердің  дене  тəрбиесінің  жүйесін  элеуметті-педагогикалық 
бағытпен талдап беру жəне оларды жетілдіру жолдарын ғылыми түрғыдан дəлелдеу [9]. 
 
1.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. №319. - Астана, 2007. 
2.  Төлеубекова Р.К. Адамгершілік тэрбиесінің негіздері.- Алматы, 1991. 
3.  Адамгершілік сабақтары. Құрастырған: Игенбаева Б.Қ. - Алматы, 2001. 
4.  Сəдірмекова 
Ж.Б. 
Жеткіншектерді 
 
халықтық 
 
педагогика 
арқылы 

                   Весник КазНПУ им.Абая,серия 
«Начальная школа и физическая культура», №3(22),2009г.
 
 
 
 
 
 
66
адамгершілікке тəрбиелеу. П.ғ.к. дисс.- Алматы, 1996. 
5.  Қисымова 
А.Қ. 
Қазақтың 
халықтық 
педагогикасы 
арқылы 
оқушыларға 
адамгершілік тəрбие беру: Пед.ғыл.канд.дисс.-Алматы, 1994.- 1236. 
6.  Волков Г.Н. Этнопедагогика. – Чебоксары,1974. 
7.  Нұрғалиева  Д.Ə.Тəрбие  үрдісінде 5-9сынып  оқушыларының  адамгершілік  құндылықтарын 
қалыптастыру: Автореф.пед.ғыл.канд. -Алматы,2005.-24б. 
8.  Дүйсембекова  Ш.Д.  Қазақтың  халық  педагогикасы  арқылы  оқушыларды  адамгершілікке 
тəрбиелеу.- Семей, 2005. - 1506. 
9.  Сламбекова 
Т.С. 
Қазақ 
халқының 
моральдық - этикалық 
дəстүрлерінде 
   студенттерді     адамгершілікке   тəрбиелеу:Пед.ғыл.канд.дисс.-Алматы,2003. 
10.Ақпаев  Т.А.,  Тастанов  Ə.Ж.  Балалар  мен  жасөспірімдердің  дене  тəрбиесі    жүйесін 
қалыптастыру негіздері: оқу құралы. - Алматы, 2006. 
 
Резюме 
Теоретические основы формирования нравственных ценностей студентов в процессе физического 
воспитания. 
 
Summary 
The theosical basis of the tosmation of the mozal nalue of the students in the pzocess of phisical 
educahion. 
 
 
АЛГЕБРА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОҚЫТУДЫҢ КƏСІБИ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ 
 
Х.С.Какибаева - 
Абай атындағы ҚазҰПУ –дың аға оқытушысы  
 
    Қазақстан  Республикасындағы  білім  беру  жүйесінің  одан  əрі  жетілдіруіне  орай  тəжірибе 
енгізіліп отырған бастауыш сыныптарға арналған төлтума бағдарлама жəне оқу-əдістемелік жиынтықтың 
ерекшеліктерін  ескеріп,  математиканы  бастауыш  буында  оқытудың  мақсаты,  мазмұны,  əдіс-тəсілдері, 
құралдары  жəне  жұмыстың  түрлері  туралы  болашақ  мұғалімдерге  қажетті  теориялық  жəне  практикалық 
білім, білік жəне дағдылардың жүйесін игеру – бұл курстың басты мақсаты болып табылады.  
    Қазақстан  Республикасы  білім  беру  жүйесін 2015 жылға  дейін  дамыту  тұжырымдамасында 
білім берудің мазмұнын білім мен біліктілік мазмұнына қарай (нəтижеге бағдарланған білім беру) өзгерту 
қажеттілігі атап көрсетілген. Жалпыға міндетті орта білім стандарттарында (жалпы бастауыш білім) білім 
объектісі  ретінде – білім  мазмұны  алынған  болса,  өркениетті  елдердің  тəжірибесінде  білім  объектісі 
ретінде    -  оқыту  нəтижесі  алынған.  Осыған  орай  білім  мазмұнын  жаңарту  мен  оқытудың  инновациялық 
əдістерін өндіру бүгінгі күннің талабы болып отыр. /1 
    Кəсіби  білім  берудің  Қазақстандық  моделі  берік  негізді  болуы  үшін  болашақ  мұғалімдер 
санасына өз халқының тарихи тамырын, рухани жəне отан сүйгіштік идеяларын жəне де мол тəжірибесін 
сіңіру қажет.  
    Бүгінгі  таңда  ғылымның  даму  дəрежесіне  сай  терең  білімді,  саналы  тəрбиелі,  жан-жақты 
дамыған қоғам мүшесін даярлау мақсаты өзекті мəселеге айналып отыр. Осыған орай, педагог – ғалымдар 
білім мазмұны мен оқыту əдістерін жетілдіру мəселелерін қарастырып, олардың қазіргі талапқа үйлесімді 
нұсқаларын ұсынуда. Білім беру ісін жақсарту бағытында тиімді ұсыныстар, ой-пікірлер айтылып жүр.  
   Болашақ  бастауыш  сыныптар  мұғалімінің  кəсіби даярлығы əралуан  пəндерді  оқыту  барысында 
жүзеге  асырылатын  психологиялық-педагогикалық,  пəндік-теориялық  жəне  дербес  əдістемелік 
компоненттерді қамтиды. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп жəне дене мəдениеті» сериясы, №3 (22),2009ж. 
 
 
 
 
 
 
 
67
    1969  жылғы  бағдарламаға  сəйкес  математиканың  бастауыш  курсына  алгебра  элементтері 
енгізілді.  Алгебралық  материал 1-ші  сыныптан  бастап  арифметикалық  шама  жəне  геометриялық 
материалдармен тығыз байланыста оқылады.             
Бастауыш мектепте қарастырылатын алгебралық ұғымдар: 

өрнек (санды жəне əріпті) жəне оның мəні; 

санды теңдік жəне санды теңсіздік; 

теңдеу, теңдеуді шешудің тəсілдері; 

күрделі өрнектер мен теңдеулер; 

теңбе-тең түрлендірулер; 

өрнектегі амалдарды орындаудың реті.                                              
    
Бұл ұғымдарға бастауыш сыныптарда анықтама берілмейді, олар көрнекілік, жаттығулар арқылы 
қалыптастырылады./3    
   Бастауыш  математика  курсында  қарастырылған  алгебралық  ұғымдар  орта  буынның  «Алгебра» 
курсына  алдын-ала  дайындық  ретінде  қарастырылады.  Кез-келген  алгебралық  ұғым  остенсивті    түрде 
оқытылып-үйретіледі. 
   Өрнектердің  оқылуын  (айтылуын),  жазылуын,  оларды  құра  алуды,  мəндерін  таба  алуын  жəне 
əріпті өрнектің мəнін табу үшін əріптің мəнін білу керектігін игерулері тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сандық өрнек 
Сандық  теңдік 
жəне  теңсіздік 
 
Əріпті өрнек 
Теңдеу 
Алгебралық ұғым 
    Алгебраның  элементтері  қатарына  жататын  «теңдік», «теңсіздік», «өрнек», «өрнектің  мəні» 
сияқты түсініктер сандар мен шамалар жəне олармен жүргізілетін амалдар, сондай-ақ оларды салыстыру 
сияқты мəселелермен тығыз байланыста қарастырылады /3/. 
Мұнда  бастауыш  мектептің  математика  курсында  қарастырылатын  алгебралық  ұғымдардың  əр 
түрлі тұрғыдағы түсініктемелері келтіріледі. Бұл өз кезегінде болашақ бастауыш сыныптар мұғалімдерінің 
математикадан теориялық дайындығын арттыра түсуге ықпал жасайды.  
 Оқушылар 4 + 1, 8 – 3 сияқты санды өрнектермен олардың қосындысы мен айырмасына сəйкес 
атай отырып, математиканың алғашқы сатысында  1-сыныптан бастап танысады. Ары қарай күрделі (екі 
немесе одан да көп, жақшамен, жақшасыз) құрылған өрнектер пайда болады. Сонан соң оқушылар күрделі 
емес алгебралық өрнектермен танысады. Мысалы, a + b, 22 – c  т.с.с. əріптерді қолдану  бастауыш сынып 
оқушыларының  алған  білімдерін  қорытындылау  деңгейін  көтеруге  көмектесіп,  кейінгі  сыныптарда 
алгебраның жүйелі курсын оқып үйренуге дайындайды. Алгебралық өрнектердің түрленуі математиканың 
алғашқы сатысында оқытылмайды. Оқушылар тек түрлендіруді арифметиканың заңдары мен қасиеттеріне 
негізделген  санды  өрнектермен,  сондай-ақ  қосындыны  санға  бөлу,  қосындыдан  санды  алу  т.с.с. 
ережелерімен орындайды.  
    Өрнек  ұғымы  бастауыш  мектепте  мəтінді  есептерді  шығарғанда  кеңірек  қолданылады. 
Оқушылар жауапты санды өрнекпен жазумен танысып, берілген санды өрнек бойынша есеп құрастырады.  
Мысалы, 1.Балалар 95 кітапхана  кітабын  жөндеді.  Оның 22-сі  математика  оқулығы,  табиғаттану 
одан 30 кітап артық, қалғаны – орыс тілі кітабы.  
22 + 30;  95 – 22;  95 – (22 + 30) өрнектері нені білдіретінін түсіндір.  

                   Весник КазНПУ им.Абая,серия 
«Начальная школа и физическая культура», №3(22),2009г.
 
 
 
 
 
 
68
2. (45 + 35) : 5 өрнегі бойынша есеп құрастыр.   
    Математиканың  бастауыш  курсында  теңдеу  жеке  тақырып  болып  қарастырылмайды.  Олармен 
танысуды  оқушылар  (□ + 4 = 9,  12 -  □ = 9 т.с.с.)  бос  толтыру  арқылы  бастайды.  Бұл  оқушыларда 
«теңдік», «теңдіктің оң жəне сол жағы» деген ұғымдарды қалыптастыруға көмектеседі. /2 
   Математиканың  бастауыш  курсында  теңдеудің  қарапайым  жəне  күрделі  түрлері  оқытылып 
үйретіледі, оларды шешудің тəсілдері қарастырылады. Кестелік жағдайға келтірілген жəне санның ондық 
құрамына негізделген теңдеулер «сынап көру» тəсілімен шешіледі. 
   Кейінірек оқушылар ( х · 6 = 54,  х + 8 = 21,  х · 5 = 348 – 63, 28 – х = 13 т.с.с.) жай теңдеулермен 
танысады. Бастауыш буында қарапайым теңдеулерді, сондай-ақ амалдың қандай да бір компоненті немесе 
нəтижесі санды өрнектер болып келетін теңдеулерді қарастырып, оларды шешу тəсілдерін үйрету керек. 
Осы  теңдеулерді  шешу  кезінде  «белгісіз  қосылғышты  табу  үшін  қосындының  мəнінен  белгілі 
қосылғышты  шегереміз»  немесе  «азайтқышты  табу  үшін  азайғыштан  айырманың  мəнін  азайтамыз»  т.б. 
қажетсіз  ережелерден  аулақ  болу  керек.  Оның  орнына  тура  теңдіктің  қасиетіне  жəне  амалдардың  өзара 
кері  екендігіне  сүйеніп  шешу  тəсілі  үйретілуі  тиіс.  Берілген  шарты  бойынша  теңдеу  құрастыру,  теңдеу 
құрастыруға  арналған  мəтінді  есептермен  танысып,  теңдеу  шешу  ұғымы  қалыптасады.  Теңдеу – 
құрамында  əріпті  өрнек  болатын  теңдік  түрінде  енгізіледі  жəне  сол  теңдікті  тура  санды  теңдікке 
айналдыратын  əріптің  мəнін  табу.  Теңдеулерді  шешу  тəсілдерін  үйрету  жəне  олардың  көмегімен  есеп 
шығаруды  қарастыру  бастауыш  буын  оқушыларын  келесі  сыныптардың  талабына  сай  дайындауды 
қамтамасыз етеді. Өйткені олар теңдеуді шешуге дағдыланады жəне теңдеу құру арқылы есеп шығарудың 
тəсілінің  мəн-мағынасы,  ерекшелігі  жайында  бастама  түсінік  алады.  Соның  нəтижесінде  алгебра 
элементтерін оқытудың басты мақсатына жетудің негізі қаланады. /2  
   Оқыту  процесінде  мəтінді  есептерді  теңдеу  құру  арқылы  шығару  əдісі  қолданылып  келеді. 
Есептерді теңдеу құру арқылы шығару 1-сыныптан басталып, оның əдістеріне үйретуді 4-сыныптан бастап 
бір  жүйеге  түсіру  керек.  Теңдеу  құру  арқылы  шығару  тəсілініздеуді  есептің  мағынасынондағы  берілген 
шарттардың бəрін жəне шамалардың арақатыстарын қарастырудан бастаған дұрыс. 
   Сандарды салыстыру – заттардың екі тобын алып, қай топта заттардың артық, кем немесе сонша 
екенін  анықтаумен  байланыстырылады  жəне  салыстырудың  нəтижесі  сəйкес  сандардың  жəне  қатынас 
таңбаларының ”>“, ”<“, ”=“ көмегімен  жазылып  көрсетіледі.  Олардың  теңсіздіктер  туралы  түсінікті  көп 
таңбалы  сандар  немесе  арифметикалық  өрнектерді  салыстыру  негізінде  алады.  Осылайша  бастауыш 
сынып оқушыларында теңдік пен теңсіздік туралы ұғымдар қалыптасады.  
   Құрамында  бір  ғана  əріп  болатын  қосындылар  мен  айырмалар  құруға,  əріптің  берілген 
мəндерінде,  олардың  мəндерін  табуға  болады.  Қарапайым  өрнектерді  бір-бірінен  ажырату,  оларды  оқу, 
жазу  жəне  құру,  əріпті  өрнектің  мəнін  табу  сияқты  мəселелерді  оқып  үйренеді.  Математикада  белгісіз 
санның орнына ”əріп “ жазады. Мысалы,  а + 2,  4 – а.  Бұлар - əріпті өрнектер. 
   Жақшасыз  жəне  жақшамен  берілген  өрнектерде  қосу  жəне  азайту  амалдарын  орындаудың  рет 
тəртібімен  таныса  отырып,  орындау  ережесі  меңгеріледі.  Жақшасыз  өрнектерде  алдымен  көбейту  мен 
бөлу амалдарын, одан соң қосу мен азайту амалдарын орындайды. Бұдан соң жақшамен берілген өрнектер 
қарастырылады. 
   Сонда  математикалық  терминдерді  қолдануға  бірізділіктің  сақталуы  мүмкін,  яғни  «өрнек», 
«қосынды»  жəне  «айырма», «өрнектің  мəні», «қосындының  мəні», «айырманың  мəні»  терминдері 
мағыналық тұрғыдан алғанда бір-бірінен туындайтын болады.  
 
1. 
Қазақстан Республикасы білімді дамыту Тұжырымдамасы. – Астана, 2004. 
2. 
Тонких А.П. Математика. Книга 2.  – М., 2002. 
3. 
Оспанов Т.Қ. Бастауыш мектепте математиканы оқыту əдістемесі. – Астана 2007. 
 
 
Резюме 
  В статье  рассматривается  профессиональная направленность при обучении элементов алгебры. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп жəне дене мəдениеті» сериясы, №3 (22),2009ж. 
 
 
 
 
 
 
 
69
 
 
Summary 
  In this article is considered the professional direction of elements in algebra.  
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет