Абай атындағы ҚазҰпу-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп жəне дене мəдениеті» сериясы, №3 (22),2009ж


ЖАЗУШЫ НЫҒМЕТ ҒАБДУЛЛИННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ



жүктеу 2.2 Mb.
Pdf просмотр
бет11/15
Дата15.03.2017
өлшемі2.2 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

ЖАЗУШЫ НЫҒМЕТ ҒАБДУЛЛИННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ 
 БАЛА ТƏРБИЕСІ 
 
Р.Ш. Уразбаева – 
 Алматы үздіксіз білім беру университетінің аға оқытушысы 
 
Қазіргі  қазақ  жазба  əдебиеті  Ұлы  Отан  соғысынан  кейін  тың  тақырыптармен  толықты.  Əсіресе 
өскелең  жас  ұрпақтардың  бойына  жақсылық,  адамгершілік,  имандылық,  еңбек  сүйгіштік,  адалдық  
қасиеттерді сіңіруде қазақ жазба əдебиетінің ролі аса жоғары болды. Балалар əдебиетіне қалам тартқан əр 
жазушы  өз  туындыларында  ең  алдымен  баланы  тек  жақсылыққа  тəрбиелеуді  көздеп,  небір  мағыналы 
шығармаларды  дүниеге  əкелді.  Кішкентай  кейіпкерлердің  жан-дүниесін  асқан  шеберлікпен  суреттеп, 
шынайы ауыл жастарының бейнесін бере білген шығармалар көбейді. Көркем шығарма – ақиқат өмірдің 
көрінісі. Онда нақтылы өмірдің ізі, сəулесі, шындығы барынша көрінбек. Сонымен қатар өнерде даралық 
та  сипат  бар.  Ол  жазушының  өз  дүниетанымынан  туған.  Онда  оның  өз  жүрек  лүпілі,  өз  ой-сезімі  бар, 
көргені, тоқығаны бар. Өнер адамы өмір жайлы өз толғанысын, ой-сезім түсінігін бейнелейді. Шығармада 
жазушының  бүкіл  жан  дүниесі  ашылады,  сүйеніш-күйініші  көрінеді [1,7]. Сондықтан  да  қолына  қалам 
алып,  өмір  жырын  жырлаған  əрбір  қаламгер  өзі  өмір  сүріп  жатқан  қоғамға  сырт  қарамайды,  мұңын 
жоқтап,  көркемдік  түйін  жасайды.  Тəрбие  қағидалары  бойынша  жастар  бойына  сіңер  ізгі  қасиеттерді 
көркем  туындыларында  суреттей  білген  қаламгерлер  кейінгі  толқын  жас  ұрпаққа  өнеге  боларлық  тың 
бейнелерді туғызды. Бұл тұрғыдан алғанда жасөспірімдерге біршама соны туындылар арнаған жазушы – 
Нығмет  Ғабдуллин.  Өмірдің  өзінен,  алысқа  бармай-ақ  бүкіл  қазақ  қауымына  таныс  қарапайым  ауыл 
тағдырын жырлап өткен жазушының балаларға арналған шығармаларының негізгі мақсаты жастарды өмір 
сырын  ұғынуға,  адамгершілікке,  мейірімділіке,  достыққа,  еңбек  сүйгіштік  пен  ұлы  имандылыққа  баулу. 
Осы негізгі өмір  қағидаларын негіз етіп алған жазушының «Екі дос», «Дос сөзі», «Жаңа бұлақ» əңгімелері 
ауыл балаларының, жалпы адамзаттың табан тірер тұғыры пəк достыққа арналған. «Екі дос» əңгімесінде 
Баянжан мен Алтай атты екі достың арасындағы кикілжің мен өзара түсініспеушілік сөз болады. «Алтай 
деген  бір  өжет  бала.  Өзі  қандай  пысық,  тапсырған  ісіңе  қандай  тиянақты» [3,9] деп,  Баянжанның 
жылқышы ағасы Алтайды көп адамдардың көзінше мақтайды. Бұл сөзді естіген «ақ қайыстан өзектеп  ат 
қамшы  өріп  отырған»  Баянжанның  ішіне  көре  алмаушылық,  қызғаныштық  сезімдер  ұялайды.  Өзінен 
досының асып кеткенін қызғанып, іштей арбасып қалады. Балалық бақастықпен «Күш сынысып көрейін, 
сонда кімнің батыр екенін көрерміз» деп кіжінеді. «Қалай ақымды алсам екен» деп ойланған Баянжан енді 
есебін тауып досын бір сүріндірмекші болады. Жылқышы ағасының тапсыруымен қорадағы қос жиренді 
көлге  апарып    шомылдырып  жатып  екі  бала  ат  үстінде  аударыспақ  ойнайды. «Қайтсем  де  одан  артық 
екенімді  дəлелдеймін»  деп  тырысқан  Баянжан  бұрынырақ  қимылдап  досын  жалаңаш  иықтан  қағып 
жібереді,  бірақ  тақымы  мықты  Алтай  жантайып  барып  бойын  түзейді  де,  жолдасының  білегінен  өзіне 
жұлқып тартып аттан аударып түсіреді. «Өзімнен күші артық  емес екен, тек қапы қалдым» деп өкінген 
Баянжан енді «Анау жүрген бұзауға дейін жарысайық» деп аттан жығылады. Жайлауға барып «көптен құр 
жүрген бір жорға дөненге» құрық салып жылқы ішінен ұстауда да Алтай ептілік, табандылық танытады. 
Асау қашағанды ұстап алған соң, кешке төсекке жатқан Баянжан күндізгі болған жағдайлардың бəрін ой 
елегінен  өткізіп  барып  жолдасының  артық  қасиеттерін  мойындағандай  болады.  Ертесіне  түнде  жылқы 
бағуға  шыққан  екі  бала  нөсерлетіп  жауған  жауынның  астында  өздерінің  тағы  бір  төзімділігін  танытса, 

                   Весник КазНПУ им.Абая,серия 
«Начальная школа и физическая культура», №3(22),2009г.
 
 
 
 
 
 
70
жылқыға тиген қасқырды үдемелеп, бастырлата қуған Баянжан  өжеттік танытады. Ақырында «Сен дұрыс 
айтқан екенсің, Алтай, жасқанбаған кісі қорықпайды екен» [3,17] деген шешімге келеді. Бұл шығармадағы 
негізгі  айтар  ой,  шешімді  түйін  екі  достың  арасындағы  достық,  сыйластық  қарым-қатынас,  кіршіксіз 
достықты  бағалай  білушілік.  Балалық  шалалықпен  өз  қатесін  мойындамаған  негізі  ақ  көңіл,  адал  дос 
Баянжанның  ақырында  өжеттік  танытып,  қасқыр  соғуы,  досының  батылдығын  мойындауы,  ақ  адал 
достықты  қадір  тұтуы  көрінеді.  Ал    жазушының  «Дос  сөзі»  əңгімесі  достық  сынына  арналған  əңгіме. 
Мұнда  да  екі  жан  достардың  арасындағы  өзара  сын,  сынды  түзеу,  өз  қатесін  түсіну  деген  сияқты 
проблемалы  мəселелер  көтеріледі.  Сынып  жиналысында  жалқау  əрі  олақ  досы  Əсетті  сынаған  Нұрлан  
өзінің  адалдығымен,  бірбеткейлігімен,  ақылдылығымен  көрінеді.  Нұрлан  үлкенге  ізеті,  достыққа 
адалдығымен ерекшеленеді.  «Дос жылатып айтады» дегендей араларынан қыл өтпестей адал досы Əсетті 
сынағанда  «досым  жақсы  болсын,  еңбек  етуге  үйренсін»  деген  ақ  адал  достық  ниетпен  көмек  қолын 
созады. Бірақ «досым мені сынайды» деп үш ұйықтаса түсінде көрмеген  Əсет Нұрланға осы өзара сыннан 
кейін қатты өкпелейді.  Əке сөзін жерге тастап, айтқан өтініштерін орындамай, далада ойнап-ойнап, үйге 
кеп жата кететін, үй шаруашылығына қол ұшын тигізбейтін, əке-шешесіне еш қандай балалық көмегі жоқ, 
ата-ана тапсырмаларын орындамай «ұмытып кетіппін» деп өтірікке сая салатын Əсеттің шын беті Нұрлан 
жиналыста  бетіне  басып  айтқанда  жолдастары  арасында  танылады.  Осы  жиналыстан  кейін    өз  қатесін 
мойындамаған Əсет Нұрланға қырын қарап одан достығын үзеді, жолдастық сынын теріс түсінеді. Бірақ 
осы сынып жиналысынан кейін Əсет біртүрлі өзгереді. Енді ол үй шаруашылығына қолқабыс жасап, ата-
ана айтқанын орындап, еңбекке төселе бастайды.  Таңертең тұрып құдықтан ат суғара қою, бұзауға шөп 
салу,  отын  ұсақтау  секілді  жұмыстарды  айтқызбай-ақ  өзі  істеп  жүрді [3,60]. Ал  əкесі  Əсет  сыналған 
жиналыстың мəн-жайына қанық екен. 
 «-Құрбылары  өзін  мықтап  тұрып  сынаған  екен,  содан  бері  Əсетім  мықты  боп  алды.  Көресіз  бе, 
достық  сөздің  қандай  əсер  еткенін!»,-  деп        риза  болады [3,62]. Əкесінің  бұл  сөзін  естіген  Əсет  іштей 
қателігін бетіне басып түзу жолға салған достарына ризашылығын білдіреді. Ал енді жазушының «Жаңа 
бұлақ» əңгімесінде жас пионерлер Кəкімжан мен Мұқан деген екі оқушының бұлақ көзін тауып «Пионер» 
деп  ат  қойғанын,  бұл  бұлақтың  шипалы  су  болып  шығып,  қанша  адам  емделіп,  дертінен  айыққанын 
жазады.  Бұл  əңгімеде  мақтаншақтық  қасиеті  бойында  жоқ  екі  жас  баланың  достықты  шын,  жоғары 
бағалайтынын, өздері тапқан бұлаққа ат қоярда:  
-Бұлақты тапқан Мұқан мен Кəкімжан. Солардың атымен аталсын, - деді бір бала. 
Қалғандары осы сөзді қуаттай бергенде Мұқан қолын жоғары көтеріп: 
-Жоқ,  бұларың  дұрыс  емес.  Бұлақты  Кəкімжан  екеуміз  емес,  жорыққа  шыққан  бəріміз  таптық,-
деді. 
-Ия, бəріміз,-деді Кəкімжан оны құптап. 
Мұқан  достарына  бір  қарады  да,  дəл  осы  шақта  жиналыс  басқарып  тұрғандай-ақ  салмақты 
дауыспен: 
-Біз пионерлерміз. Бұл бұлақ – Пионер бұлағы деп аталсын. Қосылатындарың қол көтер,-деді. 
Балалар бір-біріне қарасып сəл бөгеліп қалды да, дереу бəрі бірден қол көтерді. Жаңа туған жас 
бұлақ  пионер  есімімен  аталды [3,117] дейді  жазушы.  Осы  өздері  тапқан  бұлақтарын  жеке  күтімге  алған 
Кəкімжан мен Мұқан «бұлақ суының ел игілігіне жарағанына қуанады».  
Атап  айтуға  тұрарлық  бір  жаңалық  соңғы  жылдарда  əңгімелерде  қарапайым  еңбек  адамының 
тірлігі,  ауыл  өмірі,  соның  ішінде  жастар  жайы  олардың  арман-қиялы,  махаббат,  семья,  ата-ана  мен 
баланың  қарым-қатысы  тағы  басқа  толып  жатқан  проблемалар  əңгіме  жанрының  тақырып  ауқымының 
кеңейе  түскенін  дəлелдейді.  Сөйтіп,  бүгінде  əңгіме  күрделі  өмірдің  əр  саласын  қамтып  отыр.  Бұл 
жылдардың  табысы  тақырып  өрісінің  кеңеюі  ғана  емес,  біраз  жазушылардың  қызықты  шым-шытырық 
тартысқа  құрылған  оқиғалардан  көрі  психологизмге  көп  мəн  беретіндігі.  Адамдарымыздың  қарым-
қатынасын, күнделікті өмірін суреттей отырып, мораль, этика сияқты маңызды мəселелерді көтерді. [2,16]. 
Демек  жазушы  балаларға  арнап  қалам  желісін  тартқан  əңгімелерінде  достық,  адамгершілік,  еңбек 
сүйгіштік, ата-ана сыйластығы т.с.с. мəселелері көтерілген. Жазушының суреткер есебінде жеңіске жеткен 
көркемдік  бір  ерекшелігі  бала  ұғымына  лайық  қарапайым  сөздерге  көп  ой  сыйғыза  білушілік,  жай 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп жəне дене мəдениеті» сериясы, №3 (22),2009ж. 
 
 
 
 
 
 
 
71
сөздердің өзін  басқа  қырынан  таныта  отырып,  шынайы  да  шымыр  дүние  жасай  білуінде.  Арадан  жарты 
ғасырдан  астам  уақыт  өтсе  де  қоғам  тезінен  түспеген  бүкіл  адами  ұғымдар  үлкен  шеберлікпен 
бейнеленген.  Жазушы  кейіпкері  құрғақ  сөздерге  əуес  емес,  бəрі  қайнаған  еңбек  үстінде  көрінеді,  өз 
қателіктерін іс барысында түсінеді, істің дұрыс-бұрыстығына көз жеткізе нық шешімге келеді. Соынмен 
қатар,  көзімізді  аша  көкейімізге  тұнған  дала  табиғатының  көркем  көрінісін  суреттеуде  қаламгер  соны, 
ұтқыр  табыстарға  жеткен.  Бүлдіршіндей  бала  жүрегіне  туған  жер  келбеті,  əрбір  тал  мен  тіпті  бір  уыс 
шөбіне дейін ыстық. «Кір жуып, кіндік кескен, ата-бабадан мирасқа қалған туған жер» деп айтар үлкендер 
тəлімінен  қуат  алып  өскен  балалардың  туған  жерге  деген  махаббаты,  табиғатың  көркем  құдіретін 
қызықтап,  құпия  сырын  танып  білсем  деген  бала  тілектері  керемет.  Бұл  сырлы  сезімдерді  жазушы  «күн 
нұрына малынып тұрған дала», «көгілдір аспанда түтілген түбіттей ақшыл бұлт», «көмескі жұлдыздардың 
беті бүркелу», «көлді жиектеу», «ағаш, бұта бас иісіп, сəлем етеді», «бұлаңдап ағып жатқан бұлақ» т.с.с. 
əсем,  соны  сөздермен  айшықтайды.  Негізі  жазушы  туған  табиғатымызды, сүю, аялау  жағын өзекті негіз 
етіп  алады. «Шіркін!  Біздің  ауылдың  табиғаты  қандай  тамаша,-деп  ойлайды  балалар,-созылып  жатқан 
ағаш, айнала көл, даласы кілем төсеп тастағандай, анау көрінген иір өркеш жоталар қандай əдемі!» [3,116] 
деп тамсанған жас жеткіншектердің жаны сұлулыққа, əсемдікке құмар, туған жерін құрметтеу, қасиеттеу, 
ардақ  тұту  сезімдері  бар.  Туған  жерін  тамсана  сүйген  жазушының  жас  кейіпкерлері  туған  жерден  нəр 
алған нағыз дала перзенттері!  
Жазушының  шығармасындағы  көркемдік  ерекшеліктері  қазіргі  оқырман  түсінігіне  лайық, 
түсінікті  де  шымыр  жазылған.  Қаламгердің  ауыл  көрінісін  суреттеуі,  ауыл  жұмысына  кəдікті,  еңбекпен 
есейген,  мал  бағудың  негізін  білетін  қарапайым  ауыл  балаларының  əрбір  қимылы  дейін  жүрегімізге 
соншалықты  таныс,  жанымызға  жақын,  жайлы.  Бұл  шығармалардың  жазылғанына  біраз  жыл  өтсе  де 
қазіргі  таңдағы  өмір  үрдісінен  өз  мағынасын  жоя  қоймаған,  жас  өспірімдерге  берер  өмірлік  сабағы, 
көрсетер үлгісі, тəлімдік мағынасы ерек.  
 
  
1. Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын таныту.- Алматы, 1998. 
2. Рүстембекова Р. Қазіргі қазақ əңгімелері.- Алматы, 1988. 
3. Ғабдуллин Н. Кейінгі толқын. – Алматы, 1976. 
 
Резюме 
 
В этой статье рассматривается педагогическое мировоззрение писателя Ныгмета Габдуллина. 
 
Summary 
Pedagogical worldoutlook of the writer Nygmeta Gabdullina is considered In this article. 
 
 
МҰҒАЛІМНІҢ САБАҚҚА ҚАТЫСУЫМЕН ТАЛДАУ ƏДІСТЕРІ 
 
К.К.Берлибаев-  
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқытушысы, 
Е.Е.Оспанкулов  - 
 Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқытушысы, 
ДМж/еБƏД ТƏ кафедрасы 
 
               Мектеп  басқарушылары үшін ең қажетті əрі міндетті нəрсе мұғалімдердің сабағына қатысу жəне 
талдау.  Бұл  басқарушы  үшін  əрі  қиын,  əрі  абырой.  Мектеп  директорының  басқару  ісіндегі  ең  басты 
міндеті: мұғалімдердің сабағына қатысу жəне талдай білу. Оқушыларға қандай дəрежеде білім мен тəрбие 
беріліп  жатқанын  білу.  Сондай-ақ  оқушылардың  қандай  пəнге  қызығушылығы  басым  сол 

                   Весник КазНПУ им.Абая,серия 
«Начальная школа и физическая культура», №3(22),2009г.
 
 
 
 
 
 
72
қызығушылықты  пəн  мұғалімдері  қалай  ұйымдастырады,  талапты  оқушылармен  сабақта  ғана  емес, 
сыныптан  тыс  жүргізілетін  жұмыстардың  нəтижесі  қандай  болмақ?  Мектепте  мұғалімдер  оқушыларды 
пəн олимпиадаларына қалай даярлайды, аудандық, облыстық қала берді, республикалық олимпиадаларда 
мектеп ұжымы жеңіске қалай жетеді? Міне, осының бəрі мектеп басқарушысының бақылауы, бағыт беруі 
арқылы жүзеге асырылатын жұмыстар.  
    Мектеп əкімшілігінің сабаққа қатысудағы басты міндеті - мұғалімдерге əдістемелік көмек, жас 
мұғалімдерге үйрету,өз мектебіндегі, аудан, облыс, республика мектептеріндегі əрбір пəн мұғалімдерінің 
озық тəжірибелерін пайдалану жолдарын үйрету. Мектеп басқарушылары кез келген пəн мұғалімдерінің 
сабағына  қатысу  үшін,  өзі  сол  пəннен  оқушыларға  берілетін  білім  дəрежесін,  бағдарлама  талабын, 
оқулықтағы  берілген  тақырып  мəтінінің  ғылыми  мазмұнын,  оқушылардың  сол  тақырыпты  меңгеру 
мүмкіндігін  алдын-ала  біліп  алу  керек.  Егер  басқарушы  мұғалімнің  сабағына  кіргенде  өзінің  əкімшілік 
билігін пайдалану, мұғалімді кемсіту, өзіне бағындыру мақсатын қойса, онда ол мұғалімнің тəжірибесіне, 
оқу – тəрбие   жұмысының жақсаруына көмек емес, оған кері əсерін тигізеді. 
    Басқару  кез  келген  мұғалімнің  сабағына  қатынасар  алдында  мынадай  негізгі  міндеттерді 
ойластырғаны жөн.  
    Біріншіден: мұғалімнің сол сабақты өтудегі негізгі жəне қосымша мақсатын, көздеген мақсатқа 
жетудегі əдіс – тəсілдерін, жəне тəсілдерді орындау жолындағы ізденістерін таразылап алғаны жөн.  
    Екіншіден:  мұғалімнің  алдағы  қойған  негізгі  мақсатын  орындаудағы  келтірілетін  факторлар, 
олардың  үйлесімділігі,  бала  біліміне  əсері,  берілген  білімді  жетілдірудегі  оқушылардың  құлшынысы 
немесе  өз  бетінше  жұмысты  орындауға  қызығушылығы,  орындау  нəтижесін  саралау.  Міне,  ұзақ  жылғы 
мектеп  басқарудағы  өз  тəжірибемізден  жəне  басқа  да  елдердегі  мектеп  басшыларының  тəжірибесін 
зерделей келгенде мынадай пайдалы ұсыныстар тəжірибеге қажет – ақ.  
Жұмыс  дəптеріндегі  ерекшеліктер  мен  жоспарлар:  Директор  міндетті  түрде  əдістемелік 
жұмыстарды жүргізу жəне бақылау үшін күнделік жүргізеді.  
1. 
Дəптерге  барлық  мұғалімдердің  тізімі  жазылады,  тізімде  мұғалімнің  бітірген  оқу  орны, 
білімі, алған мамандығы, жұмыс стажы, қосымша 
2. 
атқарған жұмысы, өзі оқытатын пəні бойынша (кейде өз мамандығы емес, қосымша басқа 
пəнді оқытуы мүмкін, білімін жетілдіру жолдары, мұғалімнің алдына қойған мақсаты қарастырылады). 
3. 
Мектептегі  сабақ  кестесі,  мұғалімдердің  апталық  жүктемесі.  Бөлінген  сынып  жетекшілік 
немесе сыныптан, мектептен тыс оқушылармен ұйымдастырылған оқу мен тəрбие жұмыстарының кестесі. 
4. 
Мұғалімге берілген қоғамдық жұмыстар, Секцияда, əдістемелік кеңестерде, педагогикалық 
кеңесте,  ана-аналар  мен  қоғамдық  ұйымдарда  жасайтын  баяндамалы  мен  өзінің  білімі  мен  тəжірибесін 
жетілдіруге  зерттеу  тақырыптары,  оны  орындау  жөніндегі  жоспары.  Егер  күнделік  дəптерде  осындай 
жазылған  жоспар  болса,  əрбір  пəн  мұғалімінің  сабағына  қатысар  алдында,  ал,  мұғалімнің  кім  екенін, 
қандай оқу – тəрбие жұмыстарымен шұғылданып жүргенін біледі. Соған сəйкес сабаққа қатынасу кестесін 
жасайды. Ол кестемен мұғалімдерді таныстырады.  
    Қазіргі  кезде  мектеп  басшылары  тарапынан  қалыптасқан  мынадай  бір  «əттегенайлар»  бар. 
«Мұғалімнің əрбір сабағы ашық əрі үлгілі болу керек» - деген сылтаумен «мен қай кезде блса да мұғалім 
сабағына  қатысуға  құқым  бар», - деп  мұғалімнің  сабағына  зорлықпен  қатысатын  кездері  бар.  Бірақ  бұл 
талап  барлық  уақытта  орындала  бермейді.  Біз  оны  көп  жылғы  тəжірибеден  білеміз.  Директор  мұғалім 
сабағына қорқыту үшін қатысуды мақсат қойса, онда директор беделі төмендейді. Бұл əлсіз əрі білімсіз, 
əрі  басқарудың  əдіс – тəсілдерін  жете  білмейтін  директордың  əдісі.  Директор  немесе  оқу  ісінің  
меңгерушілері мұғалімдердің сабағына қатынасу үшін таблица жасап алуына болады.  
    Мұғалім мен оқушылардың сабақ кезіндегі  іс-əрекеттері.  
1.  Оқушылардың сабаққа тегіс жəне белсенді қатысуы, оқуға ынтасы. 
     Сабаққа дайындығы. 3-5 минут. 
2.  Мұғалімнің жаңа сабақты бастау əдісі немесе өткен сабақты қайталау тəсілі. 3-4 минут.  
3.  Өткен сабақты материалдарды қайталау. Немесе оқушылардың есіне қайта түсіру əдістері. 10-
12 минут.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп жəне дене мəдениеті» сериясы, №3 (22),2009ж. 
 
 
 
 
 
 
 
73
4.  Жаңа  материалды  баяндау,  түсіндіру  əдістері  қолданылған  көрнекі  жəне  техникалық 
құралдардың сабаққа сəйкестігі, оның білімді тиянақтауға əсері. 10-15 минут.  
5.  Жаңа сабақты бекіту əдістері (оқушылар жаңа материалды қалай түсінді, ауызша жауап, əлде 
практикалық дағдыны меңгергенін көрсету т.б.), 3-5 минут. 
6.  Оқушылардың  өз  беттерінше  жұмыс  істеу  белсенділігі,  білуге  деген  ынтасы  (Үйге  берілген 
тапсырманы орындауға белсенділігі) 1-3 минут. 
7.  Өткен  сабақты  қорытындылау,  бекіту,  оқушылар  еңбегін  бағалау.  Баға  қою,  оны  талдау 
əдістері. 1-2 минут.      
 Мұғалімнің сабақты бастау əдісі. Оқушылардың сабаққа белсенділігі қандай? Оқушылар сабаққа 
толық  қатысса,  жазу,  сызу  құралдары,  оқулықтар  мен  қосымша  əдебиеттер  бар  болса,  өздері  сабаққа 
белсенділік көрсетсе, мұғалім үшін ең қуанышты сəт болып табылады. Сабақтың нəтижелі өтуі көбіне осы 
ұйымдастыру кезеңіне тікелей байланысты. Бұл мұғалімнің еңбегінің жемісі  
 Егер  мұғалім  сабақты  үй  тапсырмасын  тексеруден  бастаса,  үй  тапсырмасын  оқушылар  толық 
орындап  келсе,  сыныпта  бірден  белсенділік  болады.  Олар  орындаған  жұмыстарын  мұғалімге  көрсеткісі 
келеді. Мұғалім оқушыларды аралап, жұмыстарын тексеріп шығады. Одан əрі парта бойынша салыстыру, 
біріне-бірін тексерту, тақтаға шығарып орындату, бақылау, оны басқа оқушыларға дұрыстығын тексерту, 
оқушы  белсенділігін  арттырады.  Егер  жаңа  материалды  оқытудан,  түсіндіруден  бастаса,  онда  мұғалім 
басқа  əдіс  қолданады.  Сабақты  алдын-ала  даярлаған,  тақтаға  жазылып  қойылған  жоспары  бойынша 
баяндау,  əңгімелесуден  видеофильм,  диафильм,  слайд  көрсетуден  бастаса,  оқушылар  назары  бірден 
сабаққа ауады. Арасында сұрақ-жауап əдісі арқылы оқушыларды сабаққа түгел қатыстыра отырып, сабақ 
барысында  оқушылардың  берілген  тапсырманы  өз  беттерінше  орындауға  назары  ауады,  мұғалімнің 
еңбегінің нəтижесі байқалады.    
   Жаңа  сабақты  бекіту  немесе  оқушылардың  түсінгендерін,  білгіндерін  анықтау  үшін  мұғалім 
сабақ үстінде орындаған жұмысты не үшін орындады, одан шəкірт нені білді. Соны дұрыс анықтай білсе, 
жаңа материал оқушыға ұғымды болады.  
                Үйге  тапсырма  сыныпта  берілген  білім  генвариантты  (негізгі  білуге  тиісті  білімді  нақтылау) 
негізде  берілуі  тиіс.  Ал,  вариативті  білім  негізіндегі  тапсырма  қосымша  білімді  өз  бетінше  меңгеруге 
негізделу  қажет.  Бірақ  үй  тапсырмасы  оқушылардың  өз  беттерінше  орындай  алатын  дəрежеде  жəне  сол 
тақырыпты тереңірек меңгеруге мүмкіндігі бар тапсырмаларға негізделеді 
      Сабақтың  қортындылануы  бұл  оқушы  мен  мұғалімнің  бүкіл  сабақта (45 минут)  берілген 
білімнің  нəтижесі.  Оқушылар  білгені  мен  үйренгенін  екі  ауыз  сөзбен  тұжырымдаса,  сабақтың  нəтижесі 
болғаны.  Бірақ  мұғалім  сабақ  соңында  үйге  берілген  тапсырманы  дəптерге,  немесе  күнделікке  қайта 
жаздырып,  уақытты  өткізіп  қоңыраудан  соң  бағаны  күнделікке  қойып,  баларды  топырлатса,  сабақ  өз 
мерзімінде аяқталса, нəтижелі болады.  
              Жалпылай бақылаудың жүйесі 
     Жетекшілік  жəне  қоғамдық  тапсырмаларды  орындауы  айқындалады.  Жасалған  жоспардың 
орындалу мерзімі белгіленеді. Мұндай жағдайда басқарушыға мұғалім, ұжым тарапынан реніш болмайды. 
Жұмыс жоспарлы түрде жүргізіледі. Əрбір мұғалімнің жұмысының бақылау мерзімі де айқын көрсетіледі. 
Сөйтіп  оқу  жылы  ішінде  жоспарланған  жұмыс  бақыланып,  бағаланып,  көтермеленіп  отырады.  Бақылау 
нақты  орындалған  жұмыстардың  іс – қағаздары  арқылы  ғана  жүзеге  асады.  Мұғалім  жұмысын  бақылау 
мынадай жүйе арқылы жүргізіледі. 
1.
 
Мұғалімнің аты – жөні 
2.
 
Оқытылатын пəні 
3.
 
Қандай разряд (категория) қашан берілген 
4.
 
Ашық сабақтар өткізген уақыты 
5.
 
Білім көтеру курсынан соңғы рет қашан өткен 
6.
 
Білімін өз бетінше жетілдіреді, қандай тақырыпта зерттеу жұмыстарын жүргізеді  

                   Весник КазНПУ им.Абая,серия 
«Начальная школа и физическая культура», №3(22),2009г.
 
 
 
 
 
 
74
7.
 
Өзінің тəжірибесі жөнінде əдістемелік педагогикалық кеңесте қандай тапырыпта тəжірибе 
көрсетті, қанша рет сөйледі 
8.
 
Оқытқан  оқушыларының  (мектепішілік,  аудандық,  облыстық,  республикалық) 
олимпиадалардағы көрсеткіші 
9.
 
Əкімшілік жағынан көрсетілген көмек. 
 
 
Резюме 
Для  одменстраци  школы,самое  нужное  и  обязательное  вещ,пресудстве  и  анализ  зонятий 
преподавателей. 
  
Summary 
 
In this Article is considered presenting the lesson and checking the methods. 
 
     
Оқыту үрдісінде қолданылатын педагогикалық технологиялар түрлері  
Смаилова Б.Ө. - ҚазҰПУ-дың оқытушысы 
Еліміздің  егемендік  алып,  қоғамдық  өмірдің  барлық,  соның  ішінде  білім  беру  саласында  жүріп 
жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты 
талпыныстарға  жол  ашты.  Оқу  тəрбие  үрдісін  жетілдіру  мақсатында  жоғарғы  жəне  орта  білім  беру 
мекемелерінде  педагогикалық  технологияларды  қолдану  маңызды  болып  табылады.  Педагогикалық 
технологияларды  қолдану  оқу  үрдісін  жетілдіру  мүмкіндіктерін  арттыра  түседі.  Оқу  үрдісін  жетілдіріп, 
сапалық  білімін  дамытады.  Ал  педагогикалық  технология  оқыту  мақсатына  жетудің  тиімді,  нақты 
жолдарын  көрсетеді.  Ол  үшін  дамыта  оқыту  (Л.С.Выготский,  Л.В.Занков,  Д.Б.Эльконин,  В.В.Давыдов 
т.б.),  ынтымақтастық  педагогикасы  (Ш.А.Амонашвили,  В.Ф.Шаталов,  Е.Н.Ильин,  С.Н.Лысенкова  т.б.), 
дидактикалық  бірліктерді  ірілендіру  (П.М.Эрдниев,  Б.П.Эрдниев),  деңгейлік  саралап  оқыту  (Н.П.Гузин, 
Г.К.Селевко, В.В.Фирсов). Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М.Монаховтың, 
Дьяченконың  оқытудың  ұжымдық  тəсілі,  сондай-ақ,  Қазақстандық  профессор  Ж.Қараевтың  оқытуды 
дербестендіру мен дифференциялау жəне білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына 
негізделген    жаңа  педагогикалық  компьютерлік  технологиясы  еліміздің  көптеген  мектептерінде 
қолданылып жүр. Қазір Республика оқу  орындары,  педагогикалық  ұжымдары  ұсынылып отырған көп 
нұсқалыққа  байланысты  өздерінің  қалауына  сəйкес  кез  келген  үлгі  бойынша  қызмет  етуіне  мүмкіндік 
алды.  Бұл  бағытта  білім  берудің  əртүрлі  нұсқадағы  мазмұны,  құрылымы,  ғылымға  жəне  тəжірибеге 
негізделген  жаңа  идеялар,  жаңа  технологиялар  бар.  Сондықтан  əртүрлі  оқыту  технологияларын  оқу 
мазмұны  мен  оқушылардың  жас  жəне  психологиялық  ерекшеліктеріне  орай  таңдап,  тəжірибе  сынап 
қараудың  маңызы  зор.  Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейінше 
сауатты,  жан-жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңа    технологияны    меңгеру    мұғалімнің  
интеллектуалдық, кəсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық  жəне  де басқа  көптеген  адами  келбетінің 
қалыптасуына  игі  əсерін    тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тəрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына  
көмектеседі.   Қазіргі  кезде  егемен  елімізде  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып,  əлемдік  білім  беру 
кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда.  Бұл  педагогика  теориясы  мен  оқу-тəрбие  үрдісіндегі  елеулі  өзгерістерге 
байланысты  болып  отыр:  білім  беру  парадигмасы  өзгерді,  білім  берудің  жаңа  мазмұны  пайда  болуда. 
Атап айтқанда:                                            
-  білім  мазмұны  жаңа  біліктермен,  ақпарттарды    қабылдау    қабілеттерінің  дамуымен,  ғылымдағы 
шығармашылық жəне нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи 
түсуде; 
-  ақпараттық  дəстүрлі  əдістері – ауызша  жəне жазбаша, телефон  немесе радио байланыс қазіргі 
заманғы  компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде; 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп жəне дене мəдениеті» сериясы, №3 (22),2009ж. 
 
 
 
 
 
 
 
75
-  баланың  жеке  басын  тəрбиелеуде,  оның  жан  дүниесінің  рухани  баюына,  азамат,  тұлға  ретінде 
қалыптасуына көңіл бөлінуде: 
-  мектеп    отбасы    мен    қоршаған    əлеуметтік    ортаның    бала    тəрбиесіндегі  рөліне  мəн  берілуде.                      
Оқыту  технологиясын  жетілдірудің  психологиялық – педагогикалық  бағыттағы    негізгі  ой- 
тұжырымдары  төмендегіше сипатталады: 
-  есте  сақтауға    негізделген    оқып    білім    алудан    бұрынғы  меңгергендерді    пайдалана    отырып, 
ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу; 
-  білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой əрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу; 

оқушыға  орташа  деңгейде  білім  беретін  бағдарламадан  жекелеп,  саралап  оқыту 
бағдарламасына  өту.  Қазіргі  кезде      педагогикалық  технология  ұғымы  біздің  педагогикалық 
лексиконымызға  берік  еніп  келеді.  Дегенмен,  оның  мəн-мағынасы  туралы  пікірлер  алуан  түрлі. 
Түсіндірме  сөздікте: «Технология – бұл  қандай  да  болсын  істегі,  шеберліктегі,  өнердегі 
амалдардың жиынтығы» делінсе, Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі 
бір  мақсат  көздей  əсер  ететін  педагогикалық  ықпал  деп  түсіндіреді.  Ал,  технологиялық  үрдісті 
нақты, педагогикалық нəтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде 
көрсетеді  жəне  педагогикалық  технология  түпкілікті  өзгермейтін  механикалық  құрылым  емес, 
қайта  бала  мен  мұғалімнің  үнемі  түрленіп  отыратын  өзара  қарым-қатынасының  өзегі,  мазмұнды  
ұйымдастырушы  құрылымы.                                                                                                                                             
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – бүкіл оқыту үрдісі мен білімді 
техникалық жəне адам ресурсын олардың бір-біріне өзара əсерін, білім берудегі формасын оңайландыру 
міндеттерін  ескере  берудегі  меңгеруді  жүзеге  асырудың  жүйелі  əдісі.  М.В.Кларин  «Педагогикалық 
технология – бұл  педагогикалық  мақсатқа  қол  жеткізу  жолындағы  қолданатын  барлық  қисынды  ілім 
амалдары  мен  əдіснамалық  құралдарының  жүйелі  жиынтығы  жəне  жұмыс  істеу  реті», - деп  анықтайды.                      
Оқыту  технологиясы  мектепте  оқу  үрдісіне  қажетті  əдіс,  тəсіл,  амал,  дидактикалық  талап  секілді 
психологиялық-педагогикалық  іс-əрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың 
тəртібіне, оқуға, ынтасына, оқу іс-əрекетіне игі мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық  қызметі  
болып    табылатын    педагогикалық    іс-тəжірибесінің    нəтижелігіне,  жинақтылығына    ұтымды    əсер  
ететіндей оқу-тəрбие  процесінің  басты  күре  тамырының  рөлін  атқарады.  Технология – оқушы  мен  
ұстазға    бірдей    қолайлы    жағдай    тудырушы  оқу    процесін    ұйымдастыру    жəне    жүргізу,  бірлескен  
педагогикалық    əрекетті  жобалаудың    жан – жақты    ойластырылған    үлгісі  /МонаховВ.М./.                      
Педагогикалық  технология – практикада  іске  асырылатын  педагогикалық  жүйенің  жобасы    /Беспалько 
Б.П./.                                                                                                                                                                                                    
      Кез  келген  елдің  экономикалық  қуаты, халқының  өмір  сүру  деңгейінің  жоғарылығы, дүниежүзілік 
қауымдастықтағы  орны  мен  салмағы  сол е лдің технологиялық  даму  деңгейімен  анықталады.  Жалпы  
қоғам  дамуы  мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы 
мен  осы  саланы  ақпараттандыру  деңгейіне  келіп  тіреледі.    Білім    беру    саласындағы    технологиялық  
идеялар  жаңадан   пайда  болған жоқ.  Оқытуды  технологияландыру   туралы   ойды  осыдан  400  жыл  
бұрын  Я.А.Коменский айтқан болатын. (А.Кузибецкий).  Оқыту  технологиясы  педагогикалық  əдістерге  
негізделген. 1960  жылдарда    шетел    зерттеушілері    «педагогикалық  технология»  терминін    енгізді.  
«Педагогикалық    технология  дегеніміз – тəжірибеде  жүзеге  асырылатын  белгілі  бір  педагогикалық  
жүйенің    жобасы,  ал    педагогикалық  жағдайларға  сай  қолданылатын    əдіс,  тəсілдер – оның    құрамды  
бөлігі  ғана » (В.Беспалько).  Педагогикалық  технология  оқыту үрдісін  жобалау,  ұйымдастыру  жəне 
оны  өткізудің  формасымен  анықталады. Педагогикалық  технологияның  өзіндік  ерекшілігі:  қойылған  
мақсатқа    жету    мүмкіндігіне    кепілдік    беретін    оқыту    үрдісін    құрастыру  жəне  оны    жүзеге    асыру. 
Оқытылатын пəн мазмұны,  мұғалім  мен оқушының  өзара  байланыс  іс-əрекеті,  оқушының  ішкі даму 
үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат ғана педагогикалық технология  құрылымын  түсіну  кілті  бола 
алады.  Қазіргі  таңда  оқытылатын  пəндер  балалардың  болашағына,  таңдайтын    мамандығына    қарай 
бағытталуына,  яғни  мақсатты  білім    беру  ісіне  ерекше  назар  аударылуы  қажет.  Өйткені,  жеке  тұлға,  

                   Весник КазНПУ им.Абая,серия 
«Начальная школа и физическая культура», №3(22),2009г.
 
 
 
 
 
 
76
шығармашылық    тұлға    қалыптастыру    білім    мен  тəрбие    берудегі    мемлекеттік    істің    ең    маңыздысы  
болып  отыр.  
      Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңында: «Білім  беру  жүйесінің басты міндеті- ұлттық 
жəне  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика    жетістіктері  негізінде  жеке  адамды 
қалыптастыруға    жəне    кəсіби  шыңдауға  бағытталған    білім    алу    үшін    қажетті    жағдайлар  жасау; 
оқытудың  педагогикалық  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  
коммуникациялық  желілерге  шығу» - деп білім беру жүйесін одан əрі дамыту міндеттерін  көздейді. Бұл 
міндеттерді  шешу  үшін,  мектеп  ұжымдарының,  əрбір  мұғалімнің  күнделікті  ізденісі  арқылы,  барлық 
жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық  жаңа  практикаға,  жаңа  қарым-қатынасқа 
өту қажеттігі туындайды.  Бүкіл  дүниежүзілік  білім  əлеміне  кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда 
білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тəрбие үрдісіне нақты өзгерістер 
енгізумен  қатар  жүргізіледі.  Елімізде    болып  жатқан  түрлі  бағыттағы  өзгерістер    білім  бару  қызметіне 
жаңаша  қарауды,  қол  жеткен  табыстарды  сын  көзбен  бағалай  отырып  саралауды,  жастардың 
шығармашылықтарын дамыту мұғалім іс-əрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.                               
               Қазіргі кезде қолданылып жүрген педагогикалық технологияның   негізіне жататындар:  
   -  əрбір оқушыны жеке жəне дара ерекшеліктерін ескеру; 
  -   оқушылардың  қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру; 
   -  оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру. 
Педагогикалық технологияларды мынадай топтарға жинақтауға болады.  
1. 
Педагогикалық  қарым-қатынасты  демократиялық  жəне  ізгілік  негізінде  құру  педагогикалық 
технологиясы: 

Ынтымақтастық педагогикасы; 

Ізгілікті-тұлғалы оқыту технологиясы; 

Адамгершілікті қалыптастыруға негізделген əдебиетті оқыту  жүйесі (Е.Н.Ильин). 
 
2. 
Оқушы əрекетін жандандыру жəне жетілдіру негізіндегі оқыту технологиясы: 

Ойын-сабақ технологиясы; 

Проблемалық оқыту; 

Модульдік оқыту технологиясы (М.М.Жанпейісова); 

Шаталовтың тірек конспектісі негізінде оқыту технологиясы. 
 
3. Оқу процесін ұйымдастыру жəне басқару тиімділігіне негізделген оқыту технологиясы: 
-        Бағдармалап (программалап оқыту); 
-        Дифференциялап оқыту
-        Даралап оқыту; 
-        Ұжымдық жəне топтық тəсілдері; 
-         Компьютерлік технология. 
 
4.  Əдістемелік жетілдіру жəне дидактикалық қайта өңдеу негізіне қарай құрылған оқыту технологиясы: 
-        Ірілендірілген дидактикалық бірліктер (П.М.Эрдниев); 
-       «Мəдениет диалогы», (В.С.Библер, С.Ю.Курганов); 
-         Ақыл-ой əрекетін сатылап дамыту теориясын жүзеге асыру технологиясы (М.Б.Волович). 
5.   Табиғаттəнділік, ұлттық педагогика əдістерін пайдалануға негізделген оқыту технологиясы: 
-       «Сауаттылыққа тəрбиелеу» Кушнер технологиясы; 
-       М.Монтессори технологиясы. 
6.      Альтернативті оқыту технологиясы: 
-        Вальдорф педагогикасы (Р.Штейнер); 
-        Еркін еңбек технологиясы (С.Френе). 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп жəне дене мəдениеті» сериясы, №3 (22),2009ж. 
 
 
 
 
 
 
 
77
         Қорыта  келе,  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  зейін-зерделік, 
кəсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жəне басқа да көптеген ұстаздық  келбетінің қалыптасуына игі 
əсерін тигізеді, өзін- өзі дамытып, оқу-тəрбие үрдісін  жүйелі  ұйымдастыруына  көмектеседі. 
 
 
 
1.  «Білім туралы» мемлекеттік  бағдарламасы.- Астана, 2000 
2.  Беспалько В.П. Слагаемые  педагогической  технологии. -М: Педагогика, 1989 
3.  Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Алматы, 2004 
 
 
 
 
Резюме 
             В  статье  рассматриваются    сущность  и  содержание  современной  педагогической  технологии. 
Излагаются виды, роль и значение инновационных педагогической технологии. 
 
Summary 
 
This Article considire essense and contain of the modern pedagogical technology.The Innovational technology of 
pedagogy is told types, cole and its meaning.   
 
 
 
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет