Абай мектебінің қалыптасуы



бет3/5
Дата19.01.2023
өлшемі1,79 Mb.
#61900
1   2   3   4   5

М.Әуезовтің білуінше, Абайдың ақын шәкiрттерiмен көп әңгiме-дүкен құрып, оларды ақындық өнерге баулуға белсене кiрiскен екі уағы бар: 1889-90 және 1894-95 жылдар. Сүйікті баласы Әбіштің қазасы, өзге де себептер бар, 1895 жылдан соң шәкірт жастардың көпшілігі Абай мектебінен қол үзе бастағаны байқалады. Мысалы, Мұқа туған жері – Көкенге, Уәйіс – Шұбартауға оралды. Ақыр соңына дейін ұлы Абайдың жанынан табылып, күнделікті қарым-қатынаста болғандар – Ақылбай, Мағауия, Көкбай және Шәкәрім. Мұхаңның: «Осы төрт ақын – Абайдың нағыз толық мағынадағы шәкірттері», – дейтіні сол.

  • М.Әуезовтің білуінше, Абайдың ақын шәкiрттерiмен көп әңгiме-дүкен құрып, оларды ақындық өнерге баулуға белсене кiрiскен екі уағы бар: 1889-90 және 1894-95 жылдар. Сүйікті баласы Әбіштің қазасы, өзге де себептер бар, 1895 жылдан соң шәкірт жастардың көпшілігі Абай мектебінен қол үзе бастағаны байқалады. Мысалы, Мұқа туған жері – Көкенге, Уәйіс – Шұбартауға оралды. Ақыр соңына дейін ұлы Абайдың жанынан табылып, күнделікті қарым-қатынаста болғандар – Ақылбай, Мағауия, Көкбай және Шәкәрім. Мұхаңның: «Осы төрт ақын – Абайдың нағыз толық мағынадағы шәкірттері», – дейтіні сол.

Өзіне баулуы

  • Абайдың шәкірттерін қалай баулыған дегенге келер болсақ, өлең, дастан жазуды үйрену, шежіре, тарих деректерін жинау, ән шығару өнерлері маңдай алдыға шығады. Абай Ақылбайға «Дағыстан», «Зұлыс» атты әңгімелі өлең, яғни дастандар тақырыбын берсе, Мағауияға «Қасым» деген поэма желісін және «Еңлік-Кебек» салт-дәстүр жырын жазуды ұсынады. Көкбай Абылай хан туралы «Сабалақ» атты тарихи дастан жазуға шұғыл кіріседі. Ал, Шәкерім қазақтың ру шежіресін түзіп, тарихын түгендеу жайлы ұстаздың тапсырмасын алады. Осылайша «Абай өзі істемесе де, бой ұрған бірталай тың еңбек туады» (Әуезов). Сөз ыңғайына айтайын, ұлы ақын шәкірттеріне берген тақырыптар Абай кітапханасы тізімін ашуға септігін тигізе алады.

Көкбай ақын

Абай мектебінің көрнекті өкілі – Көкбай өзінің естелігінде 1890 жылдың соңында Ақшоқыда өткен бір мәжілістен кейін, ұстазы Абайдан тапсырма алғанын айтады. Дастан қып жазуға Абылай-Кенесары тақырыбын беріп: «Абылай да, Кенесары да қазақтың мақтан қылатын ерлері. Бұлардың еңбегі де айта қалғандай, ұмытпастық еңбек. …Сен үйіңе барып орнығып отырып, осыны өлең қылып кел деді», – дейді («Абай» журналы. 1992. №1). Көкбайдың үйі Тақыр деген өзеннің бойында екен. Шыңғыстың сай-саласынан Бауырға қарай ағып шығатын сулар көп. Солардың ішінде қатарлас екі қысқа өзен – Мұқыр мен Тақыр негізінен тобықтының Көкше руына тиесілі болған. Тақырдағы Көкбай ауылы Шыңғыс пен Орда тауының аралығында, Шыңғысқа жақындау, одан 10 шақырымдай берідегі жазықтатұғын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет