Абай Құнанбаевтың өмір жолы



бет1/6
Дата30.11.2022
өлшемі40,08 Kb.
#53991
  1   2   3   4   5   6

МАЗМҰНЫ



Кіріспе…………………………………………………………………......….…3-5
1 Абай Құнанбаевтың өмір жолы…………………………………....…….......6-8
1.1 Абай Құнанбаевтың шығармаларының әлеуметтік мәні………..............9-14
2 Тәжірбиелік бөлім
2.1 Абай Құнанбаевтың шығармаларының адемгершілік идеясы…….......15-20
Қорытынды………….…………………………………………………………....21Пайдаланылған әдебиеттер……………………………..……………………….22
Қосымша : слайд


Кіріспе
Зертеудің көкейкестілігі.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ,
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз.
Абайдың бұл сөздерінің мәні күні бүгінге дейін зор. Күні бүгін айтылып отырған сөз сықылды. Ақын айтқан «өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, орынсыз мал шашу» сияқты теріс әдеттерге біз күні бүгіннің өзінде де аяусыз күрес ашып келеміз, біз де жастарды осы айтылғандарға қарсы тәрбиелейміз. Ал оның айтып отырған «талап, еңбек, ғылым, қанағат, рахымы» да қазіргі тәрбиеге дәл келеді. Талап ет, еңбек ет, ойлы бол, бір нәрсені өз бетіңмен іздеуге тырыс, досқа қайырымды бол деп біз де айтамыз. Абай айтқан бұл пікірлердің бәрі де бүгінгі тілекпен түгел қабысады. Сондықтан да мен бұл тақырыпты өзекті болғаны үшін алып отырмын. Сан ғасырлық Абай поэзиясы, ел қамын жақтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес. Ол халықтың түбегейлі мүлдесін, арман-тілектерін оқу-білім қаншалықты терең үғып-түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік қуаттылықпен айтып, жеткізе алғандығында ақын үлкен творчестволық тұлға, қазақ халқының маңдай алды ақыны жүздеген поэзия туындыларының авторы, ұлы ойшыл ұстаз.
Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы-сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады.
Абай поэзиясының ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы ол өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық бейнелеп берді. Бірақ, ақын творчествосы жарты ғасырды қамтитын тарихи дәуірді танытады деу аз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-сана, білім-ғылым түсініктердің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыр әріде жатқанын ескерсек, Абай поэзиясы - ағартушылық көзқарасы қоғамның дамуындағы бір елеулі кезенді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді. Абайдың педагогикалық еңбектерін дұрыс түсініп игеру арқылы ғана, шынайы халқымызға тән тәлім-тәрбиеміздің қайнарынан қанып ішуге мүмкіндік ашамыз. Сонда ғана, Абайдың ұрпағына өсиет етіп қалдырған «...мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла...» деген сөзінің мәніне түсінеміз. Күллі адам қауымында өткен, ақыл-парасат алыптарының ішінде, ой кермегін тартып, тіршілік тұңғиықтарын ұғынған сайын, өздерінің кемелдеріне жеткен кемеңгерліктерін ұрпақ тәрбиесіне арнамағандары аз. Сонау, көне дүние данышпандары: Сократ та, Платон да, Аристотель де, төрткүл тіршіліктің тылсым сырларын шешкен ата-бабаларымыз - Әбунасыр әл-Фараби, Әбу Абдолла ибн-Мұса әл-Хорезми, Әбу Әли ибн - Сина, Ғұламаһи Дуани да мектеп ашып, шымырлай аққан ой құдіретін ұрпақ тәрбиесіне бұрған. Олай болса, ұлы ойшылдардың қол созған мұраттарының тікелер жері, тікелей адам тәрбиесімен астасып жатыр. Тіпті, кешегі өткен Декарт, Локк, Каменский, Ж.Ж. Руссо, Л.Толстой да тәрбие саласына бар жиған-тергендерін толғаныстары, тіршілікпен тікелей жалғасу үшін, екі түрлі арнаға педагогика мен психология салаларымен үндесе қабысуға мәжбүр болады екен. Осыдан келіп, кемеңгерлікке жеткен жанның қос қанаты ойшылдық пен ұстаздық бір-біріне толықтырып,ғажайып үлкен үндесіктерге жететінін аңғарамыз. Қазіргі кезде рухани мәдениеттініміздің тарихына айрықша назар аударылып отырғанның себебі де осы. Жастар тәрбиесінде халқымыздың рухани мұраларын пайдаланып, жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік туып отыр. Сондықтан да ұлттық мәдениетіміздің дамуына зор үлесін қосқан ұлы дала ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың педагогикалық мұрасын зерделеу ешуақытта маңыздылығын жоймайды . Ал бұл мәселені зерттеу педагогикалық пәндер курсының мазмұнын кеңейтіп, онан әрі байыта түсетіні хақ. Міне қазіргі заманда осындай рухани байлық пен ішкі дүниенің үндестігі барлық азаматтарға керек. Оны адам бойында қалыптастыру үшін мектеп үрдісіне адамгершілік пен жақсылыққа шақырған адамдардың шығармаларын көптеп оқу керек. Ал, ол ойлар Абай Құнанбайұлының шығармаларында ерекше кездеседі. Сондықтан да бұл тақырып қазіргі таңда өте өзекті болып отыр.
Зерттеудің мақсаты: Абай Құнанбаев еңбектеріндегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді мүмкіндігіңізше ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, оларды педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде тимді пайдалану
Зерттеудің міндеттері:

  1. Абай Құнанбаевтың әлеуметтік-қоғамдық көз қарастары және шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие мәселелерін педогогикалық пәндердің әрбір тақырыптарына пайдалануға іріктеу;

  2. Абайдың педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану жолдарын анықтау;

  3. Абайдың тәлім-тәрбиелік ой пікірлері педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану атты арнаулы курс бағдарламасын жасау, оны өткізу, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру;

Зерттеудің нысаны: барлық білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбиесі үдерісі.
Зерттеудің пәні: Абай Құнанбаев шығармаларын зерттеп талдап педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану
Зерттеудің құрлымы: Бұл курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және бөлімшелерден , қорытындыдан , жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет