​Абай Құнанбайұлы қазақтың бас ақыны



Дата04.12.2022
өлшемі2,98 Mb.
#54805

​Абай Құнанбайұлы - қазақтың бас ақыны

Орындаған : Жақсан Асылзат

Бекен Жұлдыз

Жоспары :


Абай - қазақтың бас ақыны
    • Абай өлеңдерінің құрлысы .

Талдау жасау
    • Пайдаланылған әдебиеттер

Абай қазақтың бас ақыны.

  • Абай атамыздың шығармашылық мұрасы - халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймаған рухани қазына. Ақын Абайдан асқан бұрын-соңғы заманда, қазақ даласында, біз білетін ақын тумады. Ақынның шығармалары халықты білімге,ғылымға шақырады, əрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиіп, өмірге үйретеді.
  • Зəки Ахметовтың айтуынша,"Абай есімі- қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен əлеуметтік əділдіктің символы". Меніңше, Зəки Ахметовтың бұлай деуі, Абайдың өліңдері, қарасөздері, шығармалары бізге үлгі беріп, шабыттандырады.Ол Абайдың есімін қазақ халқына үлгі беріп, қазақ халқын қараңғылықтан құтқарғысы келеді деп түсінеді. Ал Ж.Ысмағұловтың айтуынша,"Бұл күнде Абай сөзі ана сүтімен бірге дамиды десе, артық айтқаны емес. Ана сүті тəн қорегі ретінде жас сəбидің буыны беріп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді" дейді.

Менің ойымша, Ж. Ысмағұловтың бұлай деуі, біз əріп тани бастағаннан бері Абайдың шығармаларын оқи бастаймыз, сонда біздің бойымызға ата-анамыздың тəрбиесімен қатар Абай атамыздың үлгілі сөздерінен бірге тəрбие аламыз. Абайды оқыған адам өсе келе өзін қоршаған адамдардың ішіндегі ең сыйлылардың бірі болады. Абай ақынның шығармалары ғылымға, білімге, тəрбиеге үйретеді. Абай атамыз өзінің шығармаларын өзгелерга пайдасы тиуі үшін жазған. Бұны біз Абайдың бірінші қарасөзінің мына жолдарынан көруге болады:" Кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын я оқысын,я керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі ". Былайша айтқанда,Абайдың шығармашылығы өмірге үйретеді.

  • Менің ойымша, Ж. Ысмағұловтың бұлай деуі, біз əріп тани бастағаннан бері Абайдың шығармаларын оқи бастаймыз, сонда біздің бойымызға ата-анамыздың тəрбиесімен қатар Абай атамыздың үлгілі сөздерінен бірге тəрбие аламыз. Абайды оқыған адам өсе келе өзін қоршаған адамдардың ішіндегі ең сыйлылардың бірі болады. Абай ақынның шығармалары ғылымға, білімге, тəрбиеге үйретеді. Абай атамыз өзінің шығармаларын өзгелерга пайдасы тиуі үшін жазған. Бұны біз Абайдың бірінші қарасөзінің мына жолдарынан көруге болады:" Кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын я оқысын,я керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі ". Былайша айтқанда,Абайдың шығармашылығы өмірге үйретеді.

Абайдың өлең құрылысын зерттеуші авторлар С.Мұқанов «Абай қазақтың өлең мәдениетіне 11 түрлі өлең техникасын қосты» десе, Е.Ысмайлов «...Абайда 16 түрлі жаңа өлең құрылысы бар» дейді.

  • Абайға дейінгі ауыз әдебиеті, тарихи әдебиетті алсақ, қазақ өлең құрылысының үш-ақ түрі болатын:
  • 1. Он бір буынды; 2. Жеті буынды; 3. Аралас буынды (бұған кіретіндер - әнге арналған өлеңдер мен жырларда көп кездесетін көп жолдары жеті буын, кейде сегіз буын және буындары аралас келіп отыратын өлеңдер). Мысалы:
  • 4 3 4
  • Қара таудың басынан көш келеді,
  • 4 3 4
  • Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
  • 4 3 4
  • Ел-жұртынан айрылған жаман екен,
  • 4 3 4
  • Екі көзден мөлдіреп жас келеді1.

Қазақ өлең құрылысына Абай енгізген жаңа түрлері дегеніміздің үлгісі ретінде бірнеше мысалдар келтірейік. С е г і з б у ы н д ы ө л е ң: 4 4 Жарым жасы ( ) киім киіп, 4 4 Келді жанға ( ) жылы тиіп. 4 4 Диуана болды ( ) бұл көңілім, 4 4 Басылмай бір ( ) құшып-сүйіп...

А л т ы б у ы н д ы ө л е ң: 3 3 Қара көз, ( ) имек қас, 3 3 Қараса ( ) жан тоймас. 3 3 Аузың бал, ( ) қызыл гүл, 3 3 Ақ тісің ( ) кір шалмас...

Талдау

  • Қыс
  • Ақ киімді,/ денелі,// ақ сақалды,/// 11 б.а
  • Соқыр, мылқау,/ танымас// тірі жанды./// 11 б.а
  • Үсті-басы/ ақ қырау,// түсі суық,/// 11 б.б
  • Басқан жері/ сықырлап,// келіп қалды./// 11 б.а

4 тармақтан құралған 6 шумақты өлең; 10-11-12 буын; 3 бунақ; қара өлең ұйқасы(ааба)

Пайдаланған әдебиеттер

  • 1. Абай (Ибраһим Құнанбаев). Өлең - сөздің патшасы. - Алматы: Дәуір, 2006.- 566 б.2.
  • 2. Абай. Шығармаларының екі томдық жинағы: Өлеңдер мен аудармалар.- Алматы: Жазушы, 2002. - 296 б.
  • 3. Абай. Өлеңдер, поэмалар, аудармалар мен қара сөздер. - Алматы: Жібек жолы, 2005.- 488 б.
  • 4. Абай. Қара сөз = Книга слов. - Семей: МКА, 2007.- 368 б.
  • 5. Абай. Қалың елім қазағым.- Алматы: Атамұра, 2002.- 224 б


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет