Абай Құнанбайұлы «Ғашықтық құмарлықпен – ол екі жол » өлеңі Абай шығармаларында отбасын құру, жар таңдау, әйел теңдігі, адал махаббат мәселесі ерекше сөз болған. «Ғашықтық, құмарлықпен — ол екі жол»



Дата19.05.2023
өлшемі16,75 Kb.
#95357

Абай Құнанбайұлы «Ғашықтық құмарлықпен – ол екі жол...» өлеңі
Абай шығармаларында отбасын құру, жар таңдау, әйел теңдігі, адал махаббат мәселесі ерекше сөз болған.
«Ғашықтық, құмарлықпен — ол екі жол» таза махаббат сезімдерін қастерлейтін өлеңдер болса, «Мен сәлем жазамын»— ғашығына деген сағыныш сезіміне толы мұңды елең. Ал «Қор болды жаным» тіпті сағынышты, зарлы өлең деуге де лайық, бірақ қайғы мен үміт аралас келеді.

Бірінші анықтап алайық: Лирика дегеніміз не?


- Лирика - адамның көңіл - күйін, қуаныш - реніш сезімін білдіретін поэзия.
- Лириканың неше түрі бар, қане, бірге кім атап көрейікші.

Лирика бес түрге бөлінеді.


1. Табиғат лирикасы
2. Махаббат лирикасы
3. Философиялық лирика
4. Саяси лирика
5. Көңіл – күй лирикасы
Енді оқушылар сонымен бүгінгі тақырып лириканың қай түріне жатады екен? - Махаббат лирикасына жатады.

Дәптермен жұмыс.


Махаббат лирикасына жататын өлеңдері тақырыбы жағынан, көркемдік сипат - өзгешелігі жағынан да сан алуан.
Абай «Ғашықтық, құмарлық пен — ол екі жол» деген өлеңінде:
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол,— десе,
«Сен мені не етесің» өлеңінде:
Серт бұзғаның, біл, орны — шоқ,— дейді.
Алдыңғы өлеңінде мейірімділік, кешірімділік сарыны басым келсе, екінші өлеңінде сөзінде тұрмаған жар жазалы болады, о дүниеде қасірет шегеді дейді. Мұны ақынның екі өлеңіндегі екі түрлі көркемдік шешім тапқаны деуге лайық. Біріншісінде ақын (айтушы) адал сезімін білдіргендей болса, екінші өлеңінде ғашық жігіттің (өлеңдегі жинақталған лирикалық кейіпкердің) ғашығына, сүйгеніне мені тастап басқамен мүлде кетер болсаң, кейін осындайға душар боласың деп қимастықпен айтқаны байқалады. «Сен мені не етесің?» өлеңіндегі әр шумағы ұзынды - қысқалы он төрт тармақтан құралатын бұл өлшемді Абай өзі де басқа өлеңдерінде қолданбайды. Жастардың, көпшіліктің айтуына лайықтап жазған өлеңдерін ақын кең тараған жеті - сегіз буынды, алты буынды өлшеммен шығарған.

1 - тапсырма. Оқулықпен жұмыс. «Түртіп алу» әдісі


Қақтаған – жалпы қақта сөзінің бірнеше мағынасы бар:
1) отқа қақтау;
2) күнге қақтау;
3) қақтап сауу және т. б. Бұл жерде: күн күмістен қақтап, тегістеп жасалған әшекей мағынасында.
Абай өлеңдерінен қанатты сөздерді табу (ауызша)
Жігіттің құны - жүз жылқы, ары – мың жылқы.
Жаным арымның садағасы.
Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар.
Арыңды жасыңнан сақта, ар ақылдың сауыты.
Ғашықтың тілі тілсіз тіл.
Қорлық өмірден, ерлік өмір артық.

«Миға шабуыл» әдісі


Абай шығарған әсем әндері мен аудармалары өзі шығарған әуендерімен халыққа кеңінен тарағандығын білеміз. Абайдың ғашықтық, махаббат туралы қандай әндерін білесіңдер?
- «Көзімнің қарасы», « Қор болды жаным», «Айтым сәлем, Қаламқас», «Татьянаның хаты» т. б.

Үйге тапсырма: - «Сезімнің сыртқа шықпас күші бар ма?...» ойтолғау жазу.



Сабақты қорыту
Жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз;
Өмір мен өлім, адам жанының қалтарыстарымен сырлары туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз;
Тіршіліктің мәңгі сауалдарына жауап іздеп, он сегіз мың ғаламның құпиясы туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз;
Адамгершілік пен арлылық, махаббат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет