Абай Құнанбайұлы Он тоғызыншы қара сөз Орындаған: Хазипан Дариға және Амантай Сымбат



Дата18.11.2022
өлшемі1,06 Mb.
#51177

Абай Құнанбайұлы Он тоғызыншы қара сөз

Орындаған:Хазипан Дариға және Амантай Сымбат


Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.

Бірінші түйін

  • Абай Құнанбаев өзінің он тоғызыншы қара сөзінде:. «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» — дейді. Адам баласының бойындағы естілік қасиеті туабітпейтінін, естіліктің күнделікті өмірде сезіну, түсіну арқылы қалыптасатынын айтады.
  • Туа сала ешкім дана болмайды, оқып, біліп, жақсыны бойына сіңіре алған есті болады. адам баласы өмір тәжірбиесінің нәтижесінде жақсылық пен жамандықтың ажыратып, естілік пен ессіздікті айыра алады . Адам баласы есейе келе, күнделікті өмірден алған тәлім-тәрбиесінің, тәжірибесінің арқасында, санасы, білімі дами береді.

Екінші түйін – зейін қою, естігенді, білгенді қорыту. «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды... Сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек?» Өкінішке қарай, осы қасиет – ынта-зейінмен қабылдау, көп жағдайда жетіспей жатады.
Менің пікірім бойынша, Абай атамыз бұл қара сөз арқылы адамдардың бірден ақылды, атақты, данышпан болып туылуы мүмкін емес екендігін, адам барлығын біліп туылмайтынын түсіндіргісі келген. Өмірдегі қиыншылықтар мен түрлі қиын-қасіреттерді, жаман мен жақсыны көріп қана бұл дүниеде бір нәрсені біліп, үйренуге болады. 
Ең маңыздысы - өмірдегі әр болған оқиғадан өзіңе сабақ алу. Егер жақсы болса, одан да игі істерді жасауға тырысып, ал жаман болса, сол істерді жасамауға ниет қылған жөн. Бір сөзбен айтқанда, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет