Абай өлеңдеріндегі метафораның ағылшын тіліндегі нұсқасын талдау



Дата07.01.2022
өлшемі19,07 Kb.
#17999

Абай өлеңдеріндегі метафораның ағылшын тіліндегі нұсқасын талдау.

Қазіргі кезде метафораларды аудару жолдары, аударма сәйкестілігіне жету және аудармашыға деген прагматикалық баламалылықтың ықпалы жөніндегі пікірлерде бірізділік жоқ. Бүгінгі аудармаға барынша анық әдіснамалық сұрақ қою қажеттілігі және алдыңғы аударма тәжірибелеріне сүйене отырып, қашан да көкейкесті ағылшын тіліндегі жаңа аудармаларын жасауға деген сұраныс зерттеудің қаншалықты өзектілігін көрсетеді. Абай

Құнанбаев поэзиясының ағылшынша аудармасының авторлары: Dorian

Rottenberg, Tom Botting, Olga Shartse, Irina Zheleznova.

Абай Құнанбаевтың «Базарға, қарап тұрсам, әркім барар» өлеңінде метафоралардың ағылшын тіліне аудару деңгейін қарастырайық. Ең алдымен олардың қазақ тілінен ағылшын тіліне қалай аударылғанына талдау жасайық:

1-мысал, осы өлеңнің 10- тармағында мынадай сөздер кездеседі: Демекпін жалпақ жұртқа бірдей жағар -[1], сонымен, бұл жерде «жалпақ жұртқа» деген метафоралық тіркесті кездестірдік. «Жалпақ» деген сөз бұл жерде ауыспалы мағынада қолданылып тұр, себебі, лексикалық тұрғыдан алып қарағанда «жалпақ» сөзі пішінді білдіреді. Ал мына шумақта бұл сөз барлық, бүкіл жұрт деген мағына береді. Енді, дәл осы тармақтың ағылшынша аудармасына назар аударайық:

Perhaps he won't like certain things he has heard [2]. Көріп отырғанымыздай «жалпақ жұрт» деген сөз тіркесінің нақты аудармасы бұл тармақта жоқ. Аудармашы мағынасына байланысты «жалпақ жұрт» деген сөзді «he» деп, жекеше түрдегі есімшеге алмастырып отыр. Бархударов ұсынған аударма трансформацияларының ауыстыру түріне жатқызуға болады.

Ағылшын тіліндегі аударманы қазақ тіліне кері аударғанда мынадай аударма аламыз: I don't say that everything is the same for the people. Әрине, жалпақ жұрт сөзін сөзбе-сөз аудару мүмкін болмағандықтан, мен оны жай ғана жұрт, адамдар деп алар едім.

2-мысал, дәл осы өлеңнің 11- тармағында: Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ[1], делінеді. Әрине, «тесік моншақ» сөз тіркесі бұл жерде метафоралық қасиетке ие. Себебі, тесік моншақ сөзі бұл өлең ішінде мүлдем басқа мағына береді. Өлеңді зейін қойып оқысақ, Абай «тесік моншақ» деп өзінің осы өлеңін айтып тұрғанын түсіну қиын емес. Демек, ол өзінің өлеңін моншақпен салыстырып тұр. Дәл осы тармақтың ағылшынша аудармасы мынадай: Since people find beads that had dropped to the ground [2]. « Тесік моншақ» сөз тіркесін аудармашы «beads» деп алыпты. Қазақ тіліне ол «моншақ» леп аударылады. Демек, аудармашы дәл осы сөзді сөзбе-сөз аударған. Негізінде «тесік моншақ» тіркесі қазақ тілінде ешқандай нәрсе жай қалмайды, әр нәрсенің өз орны бар деген мағына береді.

3-мысал, дара ақынымыздың «Жастықтың оты, қайдасың?» атты өлеңінің алғашқы тармақтарында:

Жастықтың оты, қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай? – делінеді [3]. « Жастықтың оты» деген сөз тіркесі метафоралық тіркес ретінде берілген. Себебі, жастықтың оты дегеніміз, жастық шақтың ең қызықты да әсем кездерін деген сөз. Уақытқа байланысты қолданылған бұл метафораның ағылшын тіліндегі аудармасы мынадай: Where are you, my fiery youth, reply? - [2], «жастықтың оты» тіркесі «fiery youth» ағылшын тілінен сөзбе-сөз «оттай жанған жастық шақ» деп аударылады. Демек, автор аударма жасау барысында түпнұсқада берілген мағынадан алшақ кеткен жоқ.

4-мысал:

«Қансонарда бүркітші шығады аңға» атты өлеңде:

Қанат, құйрық суылдап ысқырады-делінген [4]. Автор бұл тұста метафораны өте тиімді қолданған. Былай алып қарасақ, әңгіме бұл жерде аңдардың, жан-жануарлардың, құстардың қанаттары мен құйрықтары жайында болып отыр. Ағылшын тіліндегі аудармасын байқап көрелік: With a cry the men in the saddle sweep the valley at a trot– [2] бұл жердегі аударма түпнұсқамен мүлдем сәйкес келмейді. Ағылшыннан аударатын болсақ: Салт атты ер адамдарлың айқайы кең алқапқа жайылады- деп аударылады. Көріп отырғанымыздай аудармашы түпнұсқадан мүлдем алшақ кеткен. Бұл ауыстыру тәсілі бойынша аударылған. Бұл жерде мәселе жан-жануарлар туралы болғандықтан: With wing and tail animals are making noise – деген аударманы қолдану арқылы түпнұсқа мағынасына жақынырақ болар едік.

5 –мысал:

Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,

Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға [4],

Сонымен, бізге «қанды көз» сөз тіркесі қажет. Бұл жерде қанды көз деп түлкіні айтып тұрғанын өлеңнің шумақтары бойынша түсінуге болады.

Аудармасы: The fox cannot reach safety that he sought to gain in height [2]. Бұл жерде аудармашы біз қарастырып өткен «қанды көз» демей, метафораны қолданбай жай ғана the fox, яғни түлкі деп алған. Мағыналық аударманы қолданған. Жалпы мағынасы дұрыс берілген, алайда автордың айтқанын метафоралық тіркеспен бере алмаған.

6-мысал:

Аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап,

Ол да талас қылады шыбын жанға- [4]. Шыбын жанға- өзінің жанын сақтау, яғни өмірі үшін күрес. He'll put up a fight for his life today [2]. Аудармасы автордың айтқысы келген мағынасын түсініп, дұрыс түрде аударылған, өмірі үшін күреседі делінген. Берілген мысалда аударма тіліне автор балама тәсілі арқылы дұрыс аударған.

7- мысал:

Жарқ-жұрқ етіп, екеуі айқасады,

Жеке батыр шыққандай қан майданға [2]. Бұл тармақтарда автор түлкі мен қыран құсты жеке батырмен салыстырып тұр. Әрине, олар жан-жануарлар, батыр бола алмайды, дегенмен, автор осындай метафораны қолданып, оқырман назарын ерекше аударған.

The fox and the eagle have met.

Now the jousting will start.- аудармашы тағы да автордың қолданған метафорасын мағынасы бойынша түлкі мен қыран бүркіт деп алған. Бұл тағы да мағыналық аударманың мысалы бола алады. Аударма ағылшын тілді оқырманға түсінікті болу үшін, метафоралық тіркестің мән-мағынасын толық жеткізу үшін мен мынадай аударма ұсынар едім: When they fighting with each other It is similar to battle of heroes.

8-мысал:

Біреуі — көк, біреуі — жер тағысы,

Адам үшін батысып қызыл қанға [4]. Осы сөздер арқылы жазушы қыран бүркіт пен түлкіні аспан мен жердің иесіне салыстыра айтып тұр.

The bird and the fox- each a valiant knight [2]. Аудармашы тағы да автор қолданған метафорадан бас тартып, өзіне ыңғайлы түрле тағы да қыран құс пен түлкі деп аударған екен. Бір жағынан алып қарағанда, аудармашы бірдей сөздерді жиі қолданады, ал автор болса, метафораларды қолданып өлеңін әсерлі етеді. Егер дәл осы жолдарды орысшадан емес түпнұсқа тілінен яғни қазақ тілінен аударғанда мынадай аударма шығар еді деп пайымдаймыз:

One of them is god of the sky, and another of the earth

Бұл жерде бүркіт пен түлкі туралы айтып тұрғандықтан, олардың біреуінің көктегі, біреуінің жердегі маңызы туралы айтылған.

9- мысал:

Құсы да, иесі де қоразданар,

Алпыс екі айлалы түлкі алғанда [4], – Алпыс екі айлалы түлкі, яғни қу түлкі, бұл жерде, әрине, бәрімізге белгілі түлкінің қулығы туралы сөз қозғалуда. The huntsman struts proudly, his smile glad and wide-

His bird won the bout, and the fox could not dodge [2]. Қоразданар сөзі мақтанар деген мағына береді. Ағылшын тілінде берілген аударма барысында біз ол сөзді кездестіреміз, бірақ аудармашы соған қоса бірнеше сөздерді берген аудармада, мүмкін оның қажеті де шамалы шығар. Түпнұсқада құс та, иесі де мақтанады, ал аудармада тек қана иесі мақтанады. Аудармаға ұсынар нұсқамыз: The huntsman and his bird are proudly, When the bird catches a cunning fox.

11- мысал: Сонымен қос ақынның «Сегіз аяқ» атты туындысында мынадай шумақтар кездеседі:

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл бұл жердегі толғауы тоқсан қызыл тіл деген сөз – айтатын мәселесі көп тіл деген мағына береді [5]. Негізінде қызыл тіл тіркесі басқа да көптеген ақындардың шығармаларында, сонымен өатар мақалмәтелдерде де кездеседі. Ағылшынша нұсқасы келесідегідей:

You ninety-times strung and well-tensed tongue,

Speak, if you will – to speak is your right [2] аудармашы қызыл тіл тіркесін well-tensed tongue деп аударған, көріп отырғанымыздай аударма тілінде түске байланысты айтылған сөз жоқ. Демек, аудармашы бұл тіркесті сөзбе-сөз аудармаған, және дұрыс істеген. Қызыл тіл деген сөзді red tongue деп алса оқырманға мүлдем түсініксіз болар еді. Аудармашы лекскикалы трансформацияның ауыстыру түрін қолданған.

Қорытындылай келсек, Абай шығармашылығын түпкілікті аудару мәселесі әлі толық қолға алына қойған жоқтығын байаймыз, яғни Абай өлеңдеріндегі метафораның ағылшын тіліне аударылу деңгейі төмен. Сондықтан бұл жағдайды шешу үшін мықты филолог-аудармашыларды даярлау керек.



Әдебиет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет