Абайдың 31-і қара сөзі



Дата04.11.2022
өлшемі15,2 Kb.
#47578

  1. Зейін дегеніміз — сананың қандай да болса бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы. Зейін түрлері:

Үйреншікті зейін. Бірқатар психологтар зейіннің тағы үшінші түрін айырып көрсетеді, бұл белгілі бір ерік күшін жасағаннан кейін адам жұмыстың «байыбына барып», өзін оған оңай жұмылдыра алатын кезде пайда болады.
Ырықты зейін. Зейіннің бұл түрін сондай-ақ алдын ала ниеттену зейіні деп атайды. Оқушы есеп шығарып жатады, оған сол есепке ақыл-ойын жұмылдыру қиын, бірақ ол өзін-өзі соған зорлайды, шарттарына зер салады, ойға шомады.
Ырықсыз зейін. Егер мұғалімнің түсіндіруі мазмұны мағынан қызықты болып келсе, көрнекі құралдар қолданылса оқушылар педагогтің сезін өздері-ақ ұйып тыңдайды, көрсеткендерін көңіл қоя қарайды.
Зейіннің кейбір ерекшеліктері болады, бұл әр адамда әр түрлі дәрежеде бейнеленеді. Кейде адам жұмысқа не бақылауға сондай беріліп кетеді де, басқа нәрсені байқамайды. Бұл — зейіннің қасиеті, ал зейіні аударылған нәрсеге берілу, мұны зейіннің бөлінуі деп атайды. Зейіннің маңызды қасиеті — оның тұрақтылығында, басқа імрсеге көңіл аууына берілмеуінде, осының арқасында адам белгілі бір затқа немесе әрекетке ұзақ уақыт көңіл аударып шұғылдана алады.

  1. Абайдың 31-і қара сөзі:

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
Қандай да бір білім алу кезінде адамда ниет болу керек. Абай атамыз айтқандай көкірегі жаңа білімдерге ашық болуы керек.

  1. Дарвиннің ұсынған тұжырымдамасы бойынша сыртқы эмоциялық экспрессия көп жағдайда туа біткен болып табылады және ағзаның өмірінде бейімделушілік, биологиялық қызметті орындайды. Адамдарда эмоцияның басты әлеуметтік-психологиялық қызметі эмоцияның арқасында біз бір-бірімізді сөйлеуді пайдаланбай түсінісуге, бір-біріміздің жағдайымыз туралы қарым-қатынас жасауға мүмкіншілігіміз бар.

Джеймс-Лангенің эмоциялар теориясы – эмоциялардың пайда болуы еріксіз қозғалу саласындағы, сондай-ақ жүрек, қантамыр, секреторлық қызметтің саласындағы өзгерістердің сыртқы әсерлерінен туындайды. Эмоциялық күйініш-сүйініштер осы өзгерістермен байланысты түйсіктердің жиынтығы болып шығады.

  1. Темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс – әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себеп – салдарына тәуелсіз бір қалыпты көрінеді. Есейген шақта да, өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді. Темперамент түрінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетүге қаратылмай, нақты іс – әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Темпераменттің 4 түрі бар. Олар: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик. Бұл темперамент түрлерінің әрқайсысының өз жағымды және жағымсыз қасиеттері бар. Бірақ та мұндай жағдайларға қарап біз адам жаман немесе жақсы деп бөле алмаймыз. Өйткені, барлығының өзіндік ерекшеліктері бар.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет