«abay» бастауыш мектеп-гимназиясы



бет1/77
Дата24.11.2022
өлшемі88.52 Kb.
#52399
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77

«ABAY» бастауыш мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, «Ұлы дала» шағын ауданы 10/1 БСН ,
Байланыс тел. 87023402321, электрондық пошта abay.school_taraz@mail.ru
«Бекітемін» «Келісемін» Қауымдастық отырысында қаралды
Мектеп-гимназия директоры Оқу ісі жөніндегі орынбасары Бірлестік жетекшісі:___________ _____________ _______________
« »___________2022 ж « »___________2022 ж « »___________2022 ж
КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Пәні: Әдебиеттік оқу


Сыныбы: 2


Пән мұғалімі:

Күнтізбелік тақырыптық жоспар:

• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (өзгерістермен және толықтырулармен 2020жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық);


• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2021 жылғы 26 наурыздағы №125 бұйрықпен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен, 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);


2022-2023 оқу жылы
Түсінік хат
Қазақ тілі (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)
«Қазақ тіл» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып табылады. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану.
Пәннің мазмұны мәтін түрлері, көркем шығармалар мен аутентті материалдар арқылы оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыруды, оқығаны бойынша пікір білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды қамтиды.
Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі оқушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын жүргізіп отыру болып табылады. Мысалы, мына тапсырма үлгілері жазылым дағдысын дамытуға ықпал етеді:
1) оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу;
2) газет-журналдарға шағын хабарлама, мақала жазу;
3) белгілі оқиғаны өз ойынша өзгертіп аяқтау;
4) оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау;
5) грамматикалық және ортақ тақырыптар аясында шығармашылық тапсырмалар (ребус, пиктограмма, сөзжұмбақ, сәйкестендіру және толықтыру тест тапсырмалары) құрастыру;
6) ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру;
7) жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестерінен сөздік құрастыру;
8) сұхбатқа жазбаша сұрақтар дайындау.
9) диктант; грамматикалық тапсырмалар; бақылау ретіндегі көшіру; мазмұндама; шығарма; тест тапсырмалары.
Пән бойынша 2-сыныпта жүргізілетін жазба жұмыстарының көлемі:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет