Қабыкенова Ботакоз фии-204 Әлеуметтану ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау



Дата07.01.2022
өлшемі0,8 Mb.
#18394

Қабыкенова Ботакоз ФИИ-204

Әлеуметтану ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау

1тапсырма

Әлеуметтік -(социальное– латынның «socialis» – «бірге», «жолдастық», «қауымдық» деген сөзінен шыққан) – социологияның категориясы ретінде:

1) адамның қоғамдық өмірінің мәнін;

2) адамның жануарлардан айырмашылығын;

3) адамның табиғаттың ажырамас бөлігі екендігін;



4) қоғамдық жүйелер құрылымдарын тиімдірек пайдалану жолдарын көрсету үшінқолданылады.
Әлеуметтік ақпарат-қоғамдық, сондай-ақ, адам, қоғам және табиғат арасындағы қатынастардың өзара әсерін реттеп отыру үшін қолданылатын, қалыптасқан, үнемі жаңарып отыратын білімдердің, мәліметтердің жиынтығы.
Әлеуметтік арақашықтық-(социальная дистанция) әр алуан топтардың, таптардың бір – біріне деген қарым – қатынастарын, жақындығын, қарама-қайшылығын, қоғамдағы орнын білдіреді.
Әлеуметтік байланыс-(социальная связь) жеке адамдардың немесе топтардың бір-біріне деген кез келген әлеуметтік-мәдени қатынастарын бейнелейтін түсінік. Бұл түсінікті социологияға Э.Дюркгейм енгізген болатын.
Әлеуметтік бақылау-(социальная контроль) әлеуметтік институттардың, мекемелердің, қоғамның сан алуан салаларының қызметіне, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың іс-әрекетіне қоғамдық мүдделер мен әлеуметтік ғұрыптар тұрғысынан баға беру және тыйым салу механизмі.
Әлеуметтік бейімделу-(социальная адаптация) адамның немесе топтың өз қажеттілігіне сәйкес жаңа әлеуметтік ортаны белсенді түрінен игеруінен және әлеуметтік жүйедегі өз орнын ауыстыруынан көрінеді.
Әлеуметтік ғадет-(социальное поведение) адамдардың субъективті мінездемелерінен және іс-қимылдарынан, әлеуметтік белсенділіктерінің нәтижесінен көрінетін әлеуметтік ортаның сипаттамасы. Әлеуметтік ғадеттің негізгі түрлері: еңбектік, өндірістік, ұйымдық, функционалдық, демографиялық, экономикалық, қоғамға жат т.б.
Әлеуметтік ереже-адамдардың мінез-құлқын және олардың топтағы қарым-қатынасын реттейтін тарихи қалыптасқан әдет.
Әлеуметтік жоспарлау-әлеуметтік процестердің дамуы мен жүзеге асырылу жолдарының ғылыми негізделген мақсаты мен міндеттері, көрсеткіштері. Әлеуметтік институттардың, саяси партиялардың немесе ұйымдардың белгілі мерзімге жоспарланған қызметінің негізгі қағидаларының мазмұны әлеуметтік бағдарламалар деп аталады.
Әлеуметтік жіктеу-(социальная стратификация) стратификация термині латынның "statum” жік, қабат және "facere”-"жасау” деген сөздердің қосындысынан алынған. Әлеуметтік жіктеудің негізін салған М.Вебер.
Әлеуметтік идеал-тарихи әлеуметтік нақтылықтың жан-жақты жетілген, жақсартылған, белгілі бір адамның немесе әлеуметтік топтың санасындағығ болашақтағы бейнесінің көрінісі.
Әлеуметтік институт-қоғамдық қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін мамандандырылған іс-әрекетті жүзеге асырудың бір түрі. Әлеуметтік ғұрыптар мен санкциялар арқылы әлеуметтік институттар қоғамда ұйымдастырушы, реттеуші, басқарушы, тәрбиелеуші қызметтерін атқарады.
Әлеуметтік қарым-қатынастар-әлеуметтік субъектілердің қоғамдағы жағдайы мен қоғамдық роліне байланысты туатын, олардың өзара қатынас, қызметін білдіретін, салыстырмалы түрде анықталатын тәуелсіз, ерекше қарым-қатынастардың бір түрі.
Әлеуметтік қауымдастық-(социальная общность) әлеуметтік ішкі байланыстардың негізі тұратын аймағы бір және бірлескен өмір сүру нәтижесінде қалыптасқан материалдық және мәдени құндылықтары ортақ адамдардың тұрақты бірлестігі. Әлеуметтік қауымдастықтың негізгі белгілері: ынтымақтастық, келісім, жоғары дәрежедегі бірлік.
Әлеуметтік құбылыс-әлеуметтік қасиеттері мен белгілері бар әлеуметтік шындықтың көрінісі. Әлеуметтік өмірде айқын байқалып, бірден аңғарылытынның бәрі әлеуметтік құбылыс болып табылады.
Әлеуметтік құрылым-қоғамдағы еңбектің күрделенуіне, оның бірлігіне, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму деңгейіне байланысты болатын өзгерістерді көрсететін, сонымен бірге нақты кезеңдегі әлеуметтік жүйенің элементтері арасындағы тұрақты қалыптасқан құрылым. Әлеуметтік құрылымның негізгі түрлері: макроқұрылым, микроқұрылым.
Әлеуметтік мәртебе-көпшілік мойындаған құндылықтар жүйесі тұрғысынан қарағандағы қоғамдағы әр түрлі объектілердің, құбылыстардың әлеуметтік маңыздылығына берілетін баға.
Әлеуметтік мобильділік-адамның, әлеуметтік топтың әлеуметтік құрылымдағы өз орнын ауыстыруы, адамның бір әлеуметтік топтан екінші бір әлеуметтік топқа өтуі немесе сол топтың ішінде орнын өзгертуі.
Әлеуметтік орта-адамдардың қалыптасуына, өмір сүруіне, дамуына және қызмет етуіне қоғамдық жағдай туғызатын адамды қоршаған нақты әлеуметтік әлем.
Әлеуметтік прогресс-қоғамдық өмірдің күрделенуі, өндірістің, мәдениеттің, әлеуметтік еркіндік, теңдік, әділеттіліктің өркениетті бағытпен дамуы.
Әлеуметтік роль-белгілі бір әлеуметтік бағытты ұстанған жеке адам ғадетінің, мінез-құлқының, тәртібінің жүйелі ресми үлгісі.
Әлеуметтік статус-әлеуметтік топтар мен оның өкілдерінің қоғамдағы, әлеуметтік байланыстар мен қатынастар жүйесіндегі орнын көрсетеді. Әлеуметтік статус бедел,билік сияқты ұғымдар арқылы анықталады.
Әлеуметтік ымыра-(социальный компромисс) өзара әсер етуші әлеуметтік топтардың өзара келісі арқылы әлеуметтік қарама-қайшылықтарды, келіспеушіліктерді, дауларды шешу.
Әлеуметтік эксперимент-әлеуметтік объектіге арнайы енгізілген басқарушы және бақылаушы факторлар әсер еткенде туындайтын сандық және сапалық өзгерістер жөнінде мәлімет алу әдісі.
№2 тапсырма










Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет