Абылай хан құрметтеген Көкжал Барақ қандай бағаға болса да лайық



Pdf көрінісі
Дата22.02.2017
өлшемі216,19 Kb.
#4679

                                                                   

29.10.2013

 

Абылай  хан  құрметтеген  Көкжал 



Барақ қандай бағаға болса да лайық 

Ежелгі түркілердің қарашаңырағы – атажұртымызға ие болып қалған қазақ халқы-

ның  мыңдаған  жылғы  тарихы  ерлік  пен  қаһармандыққа  толы.  Қазақ 

батырларының  қаһармандық  рухы,  әсіресе,  жерімізді  жоңғар  қалмақтары 

басқыншыларынан  азат  еткен  ХVІІІ  ғасырдағы  ұлы  шайқастарда  жарқырай 

кӛрінді. 

Менің бүгінгі  әңгімем  Абылай  ханның  ақ  туы  астында  жаратушы  берген  жетпіс 

жастың елуін ата жаумен айқаста ӛткізген Кӛкжал Барақ туралы. 

Кӛкжал  Барақ  Шүрекұлы  1701  жылы  қазіргі  Шығыс  Қазақстан  облысындағы 

Жарма  ауылының Қызылсу  –  Шар  ӛзені  маңындағы  Кӛкжар  деген жерде ӛмірге 

келген.  Ұлы  атасы  Ӛтейге  дейінгілері  ежелден  ішкі  Алтай  атанып  келген 

Марқакӛлдің Сартауы,  батысы  Зайсан кӛлінің  Қара  Ертісі  мен  Ақ  Ертісінің  сол-

түстігіндегі таулы-тасты, ӛзенді, кӛлді ӛңірді мекендеген. 

Кӛкжал  Барақ  найманның  бір  буыны  –  ергенектіден  тарайды.  Барақ  дүниеге 

келгеннен  кейін  шешесі  кӛп  ұзамай  қайтыс  болады.  Әкесі  Шүрек  елі  мен  жерін 

жау  шеңгелінен  босату  жолындағы  шайқастардың  бірінде  қаза  табады.  Осылай 

қабырғасы  қатып,  бұғанасы  әлі  бекімеген  Барақ  пен  інісі  Басар  әкесінің  ағасы 

Шонаның  қолында  қалады.  Бес-алты  жастарында  туысының  қозы-лағын 

қараумен, он жастан аса мал бағумен айналысады. Ел азаттығы жолында тұлпар 

тізгіндеп,  ту  кӛтерген  ағаларына  он  бес  жасында  ерген  Барақ  он  алты  жасында 

ұрысқа еніп, найза қағыстыра бастайды. 

Кӛкжал  Барақтың  елді  елең  еткізген  алғашқы  ерліктерінің  біріне  тоқталсақ, 

Балажал,  Бӛке  жайлауындағы  бірнеше  ауылды  жоңғарлардың  шауып  кеткені 

жӛнінде  жаушылар  хабар  жеткізгеннен  кейін  ол  мыңға  жетер-жетпес  қолды 

бастап  жатжерліктердің  үш  мыңнан  асатын  әскеріне  қарсы  шабады.  Түн  ортасы 

болмай-ақ  жау  жағының  тең  жарымдайы  қатардан  шығады.  Батыр  Убашыға 

байтал  түгіл  бас  қайғы  болса  керек,  қарасын  кӛрсетпей,  зытады.  Сӛйтіп, 

тұтқындар  мен  қыруар  мал  қайтарылады.  Қазақ  қолы  жауды  ізіне  түсе  қуып, 

Қалбадан асыра еңсеріп тастайды сол жолы. 


Кӛкжал  Барақ  Жетісудың  Іле  бойындағы  айқастарда  да  ерекше  кӛзге  түседі. 

Балқаш  ӛңіріндегі  ел  тыныштығын  бұзған  хонтайшының  Сайын-бӛлек,  Намеху-

жырғап,  Батыр  Мӛңке  бастаған  қолы  алға  қарай  ӛршелене  ұмтылады.  Оларға 

Абылайдың  қол  астындағы  Малайсары,  Кӛкжал  Барақ,  Ер  Жәнібек  қосындары 

қарсы тұрады. 

Қазақстанның  халық  жазушысы,  Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты  Қабдеш 

Жұмаділовтің «Дарабоз» романының бірінші кітабында торғауыттың қас батыры 

Балдазының Кӛкжал Барақпен жекпе-жегі ерекше суреттеледі. 

– Жолың болсын Кӛкжалым! Сенің жекпе-жегің жеңістің басы болсын! Атаңның 

аруағы қолдап, жауыңды жайратып қайт! – деп Қабанбай ықылас батасын берді. 

…Екі дәу атылатын жолбарысша шеңгелдерін ашып, жұмып бір-біріне жақындап 

келеді. Күрестің ұзаққа созылуы Қабекеңді мазасыздандыра түскендей. 

–  Біздің  Кӛкжал  күреске  қалай  еді  ӛзі?  Әлде  айла  бірдеңкесі  бар  ма  еді?  –  деді 

қасындағы жігіттерге қарап. 

– Барақтың асау жамбасы бар. Соған бір ілінсе болғаны жан баласы шыдамайды, 

–  деді  Кӛкжалмен  бала  кезінен  сыр  мінезде  ӛскен  Танаш  пен  Жаман  батыр. 

Әңгіме  аяқталмастан  Кӛк  жамбасқа  дәл  келтіріп  Балдазының  аяғын  кӛктен 

келтірді.  Анталаған  жаудың  сағы  сынып,  дүрілдесіп  шегінгені  байқалды.  Қазақ 

қолы  атбасын  еркін  жіберіп,  жау  соңына  түсіп  берді.  Тарихи  деректер  осы 

шайқаста  Тарғып,  Тайынты  аймағынан  келген  қазақтың  жас  жауынгерлері 

Асылбай  Сарыжомарт  Танаш,  Ақпантай,  керей  Жәнібек,  Жантай,  Байтайлақтың 

да ерекше ерлік кӛрсеткенін айғақтайды. 

1728  жылы  қалмақтың  Балқаш  кӛлінің  батысындағы  қазақ  елінің  тыныштығын 

әлсін-әлі бұзып, халықтың берекесін алғаны Абылайға да жетсе керек. Қол жинап 

атқа қонуға мәжбүр болған хан Шұбар теңізі маңында жаудың зор күшімен бетпе-

бет кездеседі. Қалыптасқан дәстүр бойынша алдымен батырлар жекпе-жекте күш 

сынасуы керек. Міне, осындай бір айқас былай баяндалады. 

«Қалмақ  ноян  батырымен  бұл  айқасқа  Боранбай  мен  Шынқожа  дайындалып, 

білектерін түріп, сауытын киіп жатқанда, Бұқар жырау келіп: 

–  Бұл  арада ноянға пар келетін  тек  Барақ  болар,  – деген  шешім  айтады.  Сӛйтіп, 

жекпе-жекке Кӛкжал Барақ шығады. 

Қалмақтан балуан шықты еңгезердей, 

Ешкімге келеді екен ырық бермей. 


Айғайлап араласып кеткеннен соң, 

Қан толып кетеді екен кӛзі кӛрмей. 

Бұқар тұрып Бараққа бар, – деп айтты, 

Бӛгеліп тоқтап қалған – ар, – деп айтты. 

Тоқтамады, бӛгеліп шықты Барақ, 

Қалмақпен бара сала айқасты да. 

Ноянды кетті салып, тұрмай қарап, 

Шойын батпан шоқпармен ұрды Барақ. 

Қалқанын талқан етіп тӛбесінен, 

Еңкейіп сонда қалмақ тӛмен бұқты, 

Бұрқырап аузынан жалын шықты. 

(Кәтеп Мамырұлы, «Қазақ тарихы», Алматы, 1995 жыл). 

Кескілескен  шайқастардың  нәтижесінде  1750  жылдары  Алтайдың  Қалба,  Ұлан, 

Қызылсу, Шар, үлкен-кіші Нарын, Сарытау, Нарын, Зайсан, Кӛкпекті, Тарбағатай, 

Күршім  ӛңірлері  негізінен  жау  қолынан  босатылады.  Абылай  бастаған  ауыр  қол 

енді  Алакӛл,  Ақсу,  Қапалды  асып,  Іленің  сол  жағына  бет  алады.  Бұл  кезде 

Жетісудың Шарын, Кетпен және Нарынқолдағы Шалкӛде аймақтары қырғыздың 

Балдыбек  басқаратын  манап  руларының  қолында  болатын.  Абылайдың  аттың 

басын  ӛзіне  қарай  бұрғанын  естіген  Балдыбек  жан-жаққа  хабаршы  жіберіп,  қол 

жинай  бастайды.  Осы  жолы  жауының  сағын  сындыруды  ойлаған  хан  Баян, 

Олжабай, тарақты Байғазы батырларға нақтылы міндеттер жүктейді. Ал, Кӛкжал 

Барақ басқарған үш мың аламан негізгі соққы беретін тұсқа орнығады. 

Абылай  қырғыздар  кейін  шегінсе,  текке  қан  тӛгуді  ойламаса  керек.  Алайда 

Балдыбек  астындағы  атына  қамшы  басып,  топтың  алдына  шығып,  сайрай 

бастайды. 

–  Біліп  қойыңдар,  қырғыз  ӛлуге  бар.  Отырған  жерден  бір  сүйем  де  шегінбейді. 

Кәне, Абылай мықты екеніңді кӛрейін, шық ортаға, – дейді. 

Хандардың  қарашамен  жекпе-жекке  шығуы  ешбір  салтта  болмаған.  «Абылай 

қызбалыққа салынып қалар», деген қауіппен Кӛкжал Барақ шауып келіп: 

– Хан ием, маған рұқсат етіңізші! – дейді. 



– Жолың болсын, Барағым! Тек ана итті менің алдыма тірі әкелетін бол, – дейді 

Кӛкжалдың жол жоралғы білетін тапқырлығына іштей риза болған Абылай хан. 

Қырғыз манабы оңай жау кӛрінбеді. Мұндай айқастың санын ӛткізгені байқалады. 

Барақтың  ұрыс  қимылын  қалт  жібермей  қадағалап  тұрған  Қабекеңнің  қабағы 

түсіп  кетеді.  Небір  дӛп  басатын  сәттерде  ағаттық  жібергенін  түсіне  алар  емес. 

Кӛкжалдың  ӛз  есебі  бар  еді.  Оның  мақсаты  –  Балдыбектің  басын  алу  емес, 

Абылайдың  айтқанындай  хан  алдына  тірідей  әкелу.  Кӛкжалдың  қарсыласын 

тобықтан ұрып сұлататын әдеті бартын. Ақыры, оның да ыңғайы келді. Барақтың 

сілтеген  қылышына  ұмтыла  берген  Балдыбектің  оң  тізесіне  шоқпар  сарт  ете 

қалды. Сол-ақ екен, қырғыздың қаруы қолынан сусып түсті де кетті. Кӛкжалдың 

күткені  де  осы  болса  керек.  Есін  жиып,  үлгермеген  қырғыздың  батырын  артқы 

жағасынан іле сүйретіп Абылай тұрған топтың алдына сылқ еткізіп тастай салды. 

Кӛкжал  Барақты  бұрыннан  жақсы  кӛретін  Абылай,  бұл  жолы  тіпті  риза  болды. 

«Кӛкжалым-ай, сен бүйтпесең Кӛкжал болармысың! Сендей ұлды туған анаң мен 

атаңнан,  ӛсіріп,  ер  жеткізген  халқымнан  айналайын»,  деп  Барақтың  арқасынан 

қақты. 


Сӛйтіп,  бұл  шайқаста  Жетісудың  Іле  бойындағы,  Хан-тәңірінің  солтүстік  шығы-

сындағы  жер  түгелдей  босатылды.  Міне,  содан  бері  ол  ӛңір  Ұлы  жүздің  албан, 

суандарының тұрақты мекеніне айналды. 

Ендігі  бағыт  қазақтың  оңтүстігіндегі  басты  шаһар  –  Ташкент  еді.  Бұл  қала 

аумалы-тӛкпелі  заман  ағысына  қарай  қолдан  қолға  ауысып  отырған.  1700  жылы 

қазақтың батыр ханы Тәуекел шаһарды Бұхар әмірі Абдулладан тартып алған. Ал, 

әз  Тәукенің  тұсында  бұл  қала  Ұлы  жүздің  орталығына  айналды.  Қазақтың  кӛп 

жылғы  қалмақтармен  соғысын  пайдаланып,  құрамалар  Ташкентке  сұғынып,  ӛз 

биліктерін жүргізе бастағаны қашан?! 

Қазақ  жасақтарының  Ташкент  маңына  шоғырлануына  орай  қалмақтар  да  қарап 

жатпады. Ауыр қолды осылай бағыттағаны жӛнінде хабар жетті. Абылай шешімі 

бұларды  қалаға  жақындатпау.  Осы  мақсатпен  шапырашты  Наурызбай,  албан 

Райымбек  батырды  5000  қолмен  тосқауылға  қойды.  Басқаларын  үш  қосынға 

бӛлді.  Жауға  бірінші  соққы  беретін  Кӛкжал  Барақтың  жасағы.  Олар  – оң  жаққа, 

Олжабайдың қолы сол жаққа орналасты. 

Арада  кӛп  уақыт  ӛткен  жоқ,  айқас  басталып  кетті.  Әсіресе,  жаумен  бетпе-бет 

келген Кӛкжал Барақтың қосынына оңай соқпады. Олар қоқандықтарды ормандай 

отап, екі жақтағы қол жауынгерлеріне жол ашып берді. Ақыры не керек, Ерденбек 

ұрыс  даласынан  мәйіттерді  жинатпақ  түгілі  жаралыларын  қалдырып,  қашуға 


мәжбүр  болды.  Ташкент  Қоқан  хандығы  бодандығынан  босатылып,  қазақ 

хандығына қарады. 

Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз» романында қазақтың басқа да 

батырларындай  Кӛкжал  Барақтың  кӛзсіз  ерліктері  бӛле-жара  баяндалып 

кӛрсетіледі.  Осы  жорықтан  қазақ  жасақтары  топ-топқа  бӛлініп,  елдеріне  бет 

алады.  Барақтың  тобы  да  жүзге  де  жетпейтін.  Арттарынан  суыт  жүріп,  отырған 

қырғыз  бақылаушылары  хабарды  ӛз  басшыларына  үнемі  жеткізіп  отырған. 

Аңдыған  жау  Шу  ӛзені  бойындағы  Жайыл,  Кекілік  тауы  бойында  Барақтың 

шағын қолының түбіне жетеді. 

Суық хабар қазақ даласына тез тарады. Қабанбай, Наурызбай, Райымбек бастаған 

жасақ  сарбаздары  тӛменгі  Шу  ағысына  бет  алды.  Бұл  кезде  Абылай  хан  да 

Түркістаннан аттанып кеткен. 

Үш  жақтан  тоғысқан  қазақ  қолдары  құрбандарға  арнап,  үлкен  ас  берді.  Абылай 

хан  ӛзінің  ақбоз  атын  шалды.  Бұл  да  жиналған  халыққа  «осы  жолда  аянып 

қаларым жоқ» дегенді білдіретін анттай әсер етті. 

Осыдан  кейін  Абылай  қырғыз  манаптарына  бұрынғыдай  шарт  қойып,  бітімге 

шақырып жатпады. «Бізге бұл жолы бітім керек емес», деп ескертті. Шабуылдың 

мақсаты қанды қолдыларды жазалау еді. Қырғыздың қарсыластарына дес бермей 

келе  жатқан  қарақшы  батыры  Әтеке  жекпе-жекте  қазақтың  Қабанбайының 

табанының  астында  қалып,  мерт  болды.  Талай  қазақтың  обалына  қалған 

қырғыздың Жәйіл ханы да нақ осы жолы найза ұшына шаншылды. 

Кӛкжал Барақтың тарихи тұлға екенін тарих ғылымдарының докторы, профессор 

Болат  Нәсеновтің  «Абылай  хан»  деп  аталатын  еңбектерінен  анық  аңғаруға 

болады.  Сол  сияқты  Мәшһүр  Жүсіптің  Абылай  хан  атақты,  аруақты  хан  болып 

тұрған  күнде  уақ  сары  –  Баянсыз,  керей  –  Тұранбайсыз,  шанышқылы  Бер-

діқожасыз,  Кӛкжал  Барақсыз,  Малайсарысыз  жорыққа  аттанбайды  екен  деген 

сӛздері де кӛп жайдан сыр ұқтырып тұрғаны анық. 

Кӛкжал  Барақ  туралы  сӛз  қозғағанда  2002  жылы  Алматыда  басылған  Ақтайлақ 

бидің  шежіресіне  соқпай кету  мүмкін емес.  Найманның  сыбан руынан  тарайтын 

Ақтайлақ Байқараұлы 1742-1838 жылдары ӛмір сүрген. Абылай ханды, Қабанбай 

мен Кӛкжал Барақты кӛріп, білуі әбден мүмкін. Ӛйткені, шежіреде Кӛкжал Барақ 

жан-жақты  әңгімеленеді.  Батырдың  бір  қазақ,  бес  қалмақ  әйелдерінен  ӛскен  ұр-

пақтары  аталады.  Қазіргі  Күршім  ауданындағы  ұрпақтар  ХХ  ғасырдың  соңында 

екі  мыңнан  асқан.  1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысына  Кӛкжал  ұрпақ-

тарынан жүзден астам адам қатысқан. 


Халық  қаһарманы  Қасым  Қайсенов  ағамыз  Күршім  ауданында  ӛткен  Кӛкжал 

Барақтың 290 және 300 жылдық мерейтойларында: «Батыр рухы, батыр есімі ӛзі 

ӛмірден  ӛткелі  талай  жылдар  болса  да  тарих  қиянатын  тартып  келеді.  Неге 

дейсіздер  ғой?  Осы  Кӛкжал  Барақтың  қолынан  қаза  тапқан  қалмақ  батыры 

Күршімнің  есімімен  Күршім  ӛзені,  Күршім  ауданы,  Күршім  елі,  жері  аталады 

бүгінде.  Ал,  туған  ӛлкесін  бүкіл  қазақ  жерін  жоңғар  басқыншыларынан  азат 

еткен, 40 жылдан аса Абылайдың ақ туы астында қанды жорықтарға қатысып, хан 

батырлары қатарында болған, ауыр қол түменді басқарған қазақтың ғажап, әйгілі 

тұлғасы  Кӛкжал  Барақ  тарихтан  заңды  орнын  ала  алмай  келеді.  Мен  соған 

налимын!  Батыр  есімі  ұрпақты  ерлікке,  бірлікке  шақырып  тұрған  жоқ  па?  Неге 

Күршім ауданы Барақ есімімен аталмасқа!» деген еді. Кӛрнекті ғалым Сәбетқазы 

Ақатаев 1992 жылғы бір сӛзінде: «ХVІІІ ғасырдың айтулы батырлары Қабанбай, 

Бӛгенбайдың  үзеңгілес  досы  –  Кӛкжал  Барақ.  Оның  елі  мен  жерін  қорғаудағы 

еңбектері  тарихшылар  мен  тиісті  орындардан  бағасын  алмай  келе  жатқаны 

қалай?»  деп  ашына  айтқаны  бар.  Олай  болса,  хас  батырға  еліне,  халқына  еңбегі 

мен  ерлігіне  сай  құрмет  кӛрсететін,  атын  мәңгілік  есте  қалдыру  мақсатында 

Шығыс  Қазақстан  облыстық  әкімдігінің  нақты  шараларды  қолға  алатын  мезгілі 

жетті дегім келеді. 



Хабдышаар ӘМІРЕНОВ, 

Ұлы Отан соғысының ардагері, 

Қазақстанның Құрметті журналисі, 

отставкадағы гвардия полковнигі. 

АЛМАТЫ. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет