Қабылдаған: Берикбол Таслима Использовани шаблона



Дата09.03.2023
өлшемі197,54 Kb.
#72630

қазақ тілі сөзжасамының іргетасының қалануы және басқа салалармен байланысы

Дайындаған: Қалдыбек Назыгүл, Азаматқызы Аяулым

Қабылдаған: Берикбол Таслима

Использовани шаблона

Ахмет Байтұрсынов туралы

Ахмет Байтұрсынұлы 1872 - 1937Алматы — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі және де қазақ тіл білімінің негізін қалаушы.

Шығармашылығы

Қырық мысал, Маса, Қазақ салты, Қазақ, қалпы, Досыма хат, Жиған-терген, Тілек батам, Жауға түскен жан сөзі, Бақ т.б. өлеңдері өте көп. Ал, біздің бүгінгі тақырыпқа қатысты еңбегі Тіл құрал еңбегі

Тіл құрал еңбегі

Тіл-құрал. Оқулық, негізінен, үш жылдыққа арналып, әр жылғы сыныптарға жеке-жеке жазылған құрал. Бірінші тіл танытқыш кітап: Дыбыс жүйесімен түрлері (1914), екіншісі: Сөздің жүйесі мен түрлері (1914-1915), үшіншісі: Сөйлем жүйесі мен түрлері (1923). Барлығы да Орынборда жарық көрген. Әдіскер ұстаз осы оқулықты не себепті үш жылға бөлгендігі туралы түсіндіре отырып, бірінші жылы оқытылатын «Тіл-құрал» тіл білімінің негізі болғандықтан, оқытушылардың алғашқы жылы нық үйретулері керектігін ескертеді.

Годовой отчет

Қазақ тіл сөзжасамының қалыптасуы

Ал ана тілімізде бұл мәселенің қарастырылуы Ахмет Байтұрсынұлының («Тіл – құрал»(1914 )), Қ.Жұбановтың («Қазақ тілінің грамматикасы» (1936 )) еңбектерімен тығыз байланысты. Осы қазақ тіл білімінің бастау көздерінің өзінде сөздердің тұлғасы, сөзжасамдық жұрнақтар, күрделі сөздер мәселесі көтерілгені белгілі.

Ал, сөзжасамның өз алдына жеке сала ретінде өзіндік зерттеу нысаны мен оның басқа салалардан ерекшелігінің зерттелуі А.А.Юлдашевтің, Э.В.Севортянның, Ф.А.Ганиевтің, В.В.Виноградовтың, Г.О.Винокурдың, Е.С.Кубрякованың, Е.А.Земскаяның т.б. еңбектерінде көрініс тапты. Қазақ тілінің сөзжасамына қатысты мәселелер ең алдымен орыс зерттеушілері П.М.Мелиоранскийдің, В.В.Катаринскийдің, Н.И.Ильминскийдің еңбектерінде (ХІХ ғ.) қарастырылып, алғаш рет сөз таптарының жұрнақтарын анықтау, жұрнақтардың мағынасын ашу, олармен жасалған туынды түбірлерді айқындау сияқты сөзжасам мәселелері сөз болды.

Жеке сала болып қалыптасуы


Терминжасам тәсілдерінің ара-жігі ашылып, олардың термин шығармашылығында іске қосылуы - қазақ тілінің грамматикасының (сарфы) жазылуымен тікелей байланыста қарастыруды қажет етеді. Бүгінгі терминжасам тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар екендігіне қарамастан, ол негізінен қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерінің құрамына енеді. А.Байтұрсынұлының қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерін анықтаумен қатар, ол тәсілдерді термин жасауда пайдаланудың жарқын үлгісін көрсеткендігін оның қаламынан туындаған жүздеген терминдері дәлелдейді

Отчет о деятельности компании

Тіл білімі салаларының ішінен сөзжасамның морфологиямен байланысы ертеден-ақ белгілі болған. Сондықтан да сөзжасам көптеген тілдерде морфологияның құрамында қаралып келді. Себебі, бұл екеуінің де зерттеу нысаны – сөздің ең кішкене бөлшегі – морфема. Бірақ сөзжасам жаңа сөз жасаушы морфемаларды зерттейді де, морфология грамматикалық тұлғаларды (формаларды) яғни сөз түрлендіруші тұлғаларды зерттейді. Ал бұл екі тілдік көрсеткіштердің ұқсастық жақтары да, дүдәмал жақтары да мол. (Мысалы, еркелету, кішірейту т.б. мәнді жұрнақтар, шырай жұрнақтарының кей түрі, етіс жұрнақтары, үстеу құрамындағы көнерген септік жалғаулары т.б.).

Сөзжасамның морфологиямен байланысы

Синтаксиспен байланысы

Сөзжасам синтаксиспен байланысы да тілде белгілі орын алады. Сөзжасамның синтаксистік тәсілі арқылы жасалған күрделі сөздер өзінің шығу тегі жағынан сөз тіркестеріне барып тірелетіні жалпы тіл білімінде әбден танылған, даусыз мәселе деп саналады.

Лексикологиямен байланысы

Сөзжасамның лексикологиямен байланысы. Лексикология сөзді, тілдің сөздік құрамын зерттейді. Сөзжасам тілдің сөздік құрамының туынды сөздер арқылы толығуын зерттесе, лексикология жалғыз туынды сөзбен емес, оның сөздің, түбірдің барлық түрімен толығуын зерттейді, оған басқа тілден енген сөздер де кіреді.

Морфологиямен байланысы

Сөзжасамның морфонология саласымен байланысы. Сөзжасамның ең кіші нұсқасы морфема, яғни жұрнақ. Ал тіліміздегі жұрнақ атаулының басым көпшілігінің дыбыстық варианты бар. Қосымшалардың дыбыстық варианттары фонетикалық заңдылық негізінде қалыптасқан

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет