Қабылдаған: Избаиров. Асылбек 2022-2023



Дата15.05.2022
өлшемі15,92 Kb.
#34517

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Тарих және құқық институты

Эссе (Проблеманың қойылуы. Дін және әлеуметтік өзгеріс.М. Вебер.)

Орындаған:Қуанышбай Айя

Қабылдаған:Избаиров.Асылбек

2022-2023

Дін социологиялық талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік феномен ретінде шыққан болатын . Дінді ғылыми анықтаудың қарапайым және ең кең тараған әдісі ол индуктивті әдіске негізделеді және мүмкіндігінше қарастырылып отырған құбылысқа қатысы бар фактілердің бәрін жинап, оларды салыстыра отырып, зерттеліп отырған феноменді сипаттаушы ретінде ұқсас жақтарын, қайталанып отыратындарын, ортақ қасиеттерін бөліп қарастыратын сала. Сонымен бірге социология олар соншалықты әр түрлі болғанымен, барлық діндерге тән қандай да бір ортақ қасиеттерін анықтау мүмкін емес екендігін көреміз, жалпы М.Вебердің тұжырымдамасына сәйкес дінді зерттеуге социологиялық ыңғайдың спецификасын қалыптастырады. М.Вебер тұрғысынан социолог, теолог пен философқа қарағанда діннің шығу көзі жайлы мәселеге араласпау керек және діннің қандай да бір метафизикалық "мәнін” орнатпай оның өмір сүру жағдайын орнатып немесе проблеманы сену объектісінің шынайылығы, құдай болмысы, т.б. жөніндегі сұрақтарды шешумен алмастыру керек деп жазған болатын. Басқаша айтқанда, дін социолог үшін тек адамдардың әлеуметтік жүріс-тұрысы дәледенуінің ерекше түрі ретінде ғана қызық болады. Сонымен, М.Вебердің ойынша социология діннің шынайылығы және жалғандығы, оның шығу көздері жайындағы мәселесін қозғамай, көзқарастардың діни идеялармен ынталандырушы әсерін зерттеумен, олардың қоғамдық өмірге әсерін анықтаумен шектелуі керек. Бұл ХІХ ғасырдың соңында ұсынылған маңызды ережелер, бұрын көбіне дінді атеистік дүниетанымдық боп салау шеңберінде сынау үшін эмпирикалық материал жасаумен айналысуға үйреніп қалған қазіргі заманғы социологтар үшін айрықша өзекті болып көрініп отыр. М.Вебер дінді құндылықтардың бастапқы негізі ретінде көрсетеді және осындай тұрғыда ол әлеуметтік әрекетке мән берудің ең маңызды амалдардың бірі болып табылады, оның мағынасы мен мақсаттарын анықтайды. Вебердің дін социологиясының тағы бір маңызды бөлігі - "шіркеу мен секта” арақатынасын қарастыруға келіп тірейтін, діни ұйымдар түрлерін зерттеу болып табылады.



Макс Вебер қолдайтын екінші көзқарас дінге басқа әлеуметтік институттарды қалай қолдайтынын қарастырады. Вебер діни нанымдық жүйе экономика сияқты басқа әлеуметтік институттардың дамуын қолдайтын мәдени негізді қамтамасыз ететін ғалым болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет