Қабылдаған: Рсай Дильбарканова


Жыныс бездерінің гормондары



бет12/17
Дата06.01.2022
өлшемі304,56 Kb.
#15750
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Жыныс бездерінің гормондары.

Жыныс бездері аралас секреторлық без болып табылады. Жыныс клеткаларының пайда болуы, ұрық безінде сперматозоидтардың (аталық жыныс клеткалары), аналық безде аналық жыныс клеткаларының пайда болуы сыртқы секреторлық қызметі, ал жыныс гормондарының түзілуі мен бөліну ішкі секреторлық қызметіне жатады. Жыныс гормондары стероидты гормондар, олардың негізін салушы холестерин болып табылады. Жыныс гормондары синтезінің көп сатылары бірдей болғандықтан, әйел мен ер адамдар организмінде олардың екі түрі де кездеседі. Бірақ әйелдерде әйелдік жыныс гормонның бөлінуі басым болады, ал ер адамдарда еркек жыныс гормондарының синтезі басым болады. Организмнің барлық тіндері, соның ішінде әйел оргаизмінің жатыр, қынап, аналық без, сүт бездері клеткаларында, ер адамның простата безінде, ұрық безінің қосымшасында, ұрық жолында және ұрық көпіршігінде көп орналасқан. Осы гормондардың рецепторлары гипоталамус және гипофиздің алдыңғы бөлімінде де кездеседі.Гормондар жалпы физиологиялық және ерекше әсер етеді.

Жалпы физиологиялық әсері: олар аралық метаболизмнің көптеген процестерінде, су-минералды тұздардың алмасуына, бейімделу реакцияларына қатысады. Ферменттердің синтезін, соның ішінде аденилатциклазаның синтезін арттырады. Бұл ферменттің әсерінен липолиз, гликогенолиз липидтердің қор ретінде жиналуы төмендейді. Аталып кеткен реакциялар биосинтез реакциялары үшін қажетті энергияның көп бөлінуіне әкеледі, белоктың биосинтезі күшейеді. (І және ІІ механизм арқылы), дененің салмағы, бұлшық ет массасы артуы есебінен көбейеді. Азотты баланс оң болады, жас организм жылдам өседі. Спорттық практикада анаболик ретінде қолданылады. Жыныс гормондары сүйек қаңқасының пропорциональды дамуын реттейді, алқым безінің қызметін тежеп, қуыс сүйектердің ұзаруын тоқтатады. Ұзын бойлы жігіттер мен қыздарда жыныс гормондарының жетіспегендігінен бойлары өсіп кетеді. Ерекше әсері – жыныс гормондары адамда және жануарларда ерте эмбрионалдық мезгілде жыныстық саралануды анықтайды. Екінші реттік жыныс белгілерінің дамуын қамтамасыз етеді. Жыныс органдарының өсуі және дамуы, дауыстың жуан жіңішке болуы, түктенуі (сақал, мұрт, қолтық немесе шатқа шаштың шығуы), сүйек қаңқасының дамуын қамтамасыз етеді. Осы екінші реттік жыныс белгілері арқылы әйел немесе ер адамдарды айыруға болады. Жыныс гормон орталық жүйке жүйесіне қоздыру процесін арттыру арқылы әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет