Қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерінің мәнін түсінуден оларды тікелей тұтас күйінде сезімдік бейнеге түсіру



Дата13.03.2022
өлшемі6,97 Mb.
#27766

Абай” Атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Қабылдау жөнінде жалпы ұғымы

Жоспар

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Қабылдау ұғымы
  • Қабылдаудың түрлері
  • Қабылдаудың негізгі қасиеттері
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерінің мәнін түсінуден оларды тікелей тұтас күйінде сезімдік бейнеге түсіру.

Мақсат бағытына, ерік қатысына орай қабылдау екі формаға бөлінеді:

ырықсыз (ниеттелмеген, ерік күшімен, алдын ала белгіленген мақсатпен байланыспаған)

және ырықты (мақсат бағдарлы).


Қабылдау түрлері бейнеленетін нысан ерекшеліктеріне орай өзара топтасуы мүмкін, мысалы, көркем шығарманы, сөзді қабылдау, табиғат әсерлері мен өрнектерін қабылдау және т.б. әдетте, қабылдау қандай да іс-әрекетке қосыла орындалады, дегенмен ол өз алдына да, дербес жүруі мүмкін.

Қабылдау түрлері бейнеленетін нысан ерекшеліктеріне орай өзара топтасуы мүмкін, мысалы, көркем шығарманы, сөзді қабылдау, табиғат әсерлері мен өрнектерін қабылдау және т.б. әдетте, қабылдау қандай да іс-әрекетке қосыла орындалады, дегенмен ол өз алдына да, дербес жүруі мүмкін.

Тұтастығы. Бейнелі түрде бөлшек пен бүтіннің ішкі органикалық өзара байланысы. Екі аспектісі: 1. Әр түрлі элементтерді біріктіру. 2. Оның құрамдас элементтерінің сапасынан құрылған бүтінннің тәуелсіздігі.


ҚАБЫЛДАУДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

2.Құрылымдылығы Қабылдаудың тұтастылығымен тығыз байланысты. Бiз белгiлi бiр обьектiнi жеке элементтермен емес, ал тұтас құрылым ретiнде қабылдаймыз.

3. Заттылығы

3. Заттылығы

  • Объект жеке физикалық дене болып кеңістікте және уақытта жекеленуі. Бұл қасиет фигура мен фонның өзара байланысы кезінде анық көрінеді.
  • Заттың қасиеті, заттылығы затпен байланыс кезінде пайда болады, ол адамға қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажет.

4.Мағыналылығы Бұл ерекшелiкте қабылдаудың түйсiктерден негiзгi айырмашылығы жақсы көрiнедi. Обьектiлердiң мазмұнын жақсылап түсiнбейiнше, оларды белгiлi тұжырымдар мен сөз арқылы атамайынша, олар толық қабылданбайды.

5. Константтылық

5. Константтылық

  • Жағдайдың өзгергеніне қарамастан заттың адекватты қабылдануына мүмкіндік береді.
  • Біздің қабылдауымыз белгілі бір шектеуде қабылдаудың жағдайына тәуелсіз олардың көлемін, формасын, түрін заттан тыс сақтап қалады.

Қабылдаудағы иллюзиясы Түрлi себептерге байланысты шындықтағы обьектiлердi қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан-алуан себептерге байланысты пайда болады.


Апперцепция. Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжiрибесiнiң мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейдi. Бұл адамға қабылданатын заттар немесе құбылыстар таныс болып, оның бұрыңғы тәжiрибесiнде кездескен болса, онда адам оларды дұрысырақ, тереңiрек қабылдайды.

Апперцепция тұрақты және уақытша болып екi түрге бөлiнедi. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, бiлiмi мен дүниетанымына байланысты болып отырады. Апперцепция затты түрлi жағынан бағалай алу, адамның оны өзiнше талқылап, өзiнше өз көзқарасын бiлдiре алуы. әртүрлi иллюзиялардың негiзiнде адам жаңсақ пiкiрде болады. Оны уақытша апперцепция дейдi.


Қабылдаудың түрлері

  • Қабылдаудың түрлері

Кеңістікті қабылдау

Уақытты қабылдау

Қозғалысты қабылдау

Кеңістікті қабылдау

  • Кеңістікті қабылдау
  • заттардың формасын, көлемін, тереңдігін және алыстығын, бағытын қабылдау.

Уақытты қабылдау бұл құбылыстар мен оқиғалардың ұзақтығы мен тізбегін бейнелендіру.

Қозғалысты қабылдау бұл объектінің кеңістіктегі орны мен қалпының өзгерісін бейнелеу.


Обьект қозғалысының параметрлерi: жылдамдық, үдеу және бағыт.

Адам обьекттердiң кеңiстiктегi орын ауыстыруы жөнiндегi мағлұматты екi жолмен алады: орын ауыстыру немесе қозғалысты тiкелей көру, қабылдау арқылы және белгiлi бiр уақытта басқа орында болған обьектiнiң қозғалысы арқылы.


Пайдаланылған әдебиеттер

  • Қ.Жарықбаев “Жантану” С.Бап-бала
  • “Жалпы психология”


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет