Абыралы көтерілісі 1928 жылы 27 тамызда Қазақ асср орталық Атқару Комитеті мен Совет Халық Комиссариатының «Ірі бай шаруашылықтардың және жартылай феодалдардың мал-мүліктерін тәркілеу және жер аудару туралы»



Дата15.02.2022
өлшемі16,41 Kb.
#25559
Байланысты:
Абыралы көтерілісі


Абыралы көтерілісі

1928 жылы 27 тамызда Қазақ АССР Орталық Атқару Комитеті мен Совет Халық Комиссариатының «Ірі бай шаруашылықтардың және жартылай феодалдардың мал-мүліктерін тәркілеу және жер аудару туралы» қаулысы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес Қарқаралы округі бойынша 56 қожалық тәркілеуге түсіп, 12702 бас мал тәркіленсе, Семей округінде 66 қожалық тәркіленіп, 9113 бас мал алынды. Осы тәркілеу саясатынан кейін  іске асырылған ет дайындау науқандары көтерілістердің басталуына түрткі болды.

Көтеріліс жетекшісі – Ысқақ Кемпірбаев болды. Ол 1899 жылы, Семей облысы бұрынғы N2 ауылда дүниеге келді. Ысқақ Кемпірбаев 1918 жылы Алаш полициясы қатарына қосылды.

1931 жылы Томар, Аққора, Жорға және басқа да Абыралы аймағындағы 300-ден астам шаруа ауылдары Кеңес үкіметі жүргізген күштеп ұжымдастыру саясатына қарсы шықты. Көтеріліс жетекшісі Кемпірбаев шаруалардан бопсалауды тоқтатуды, малды халыққа қайтаруды, олар тапсырған ет пен басқа керек-жарақтың ақысын төлеуді талап етті.



1931 жылдың күзінде тек Кемпірбаевтың жақтастары тізімінен Абыралы көтерілісіне қатысушылар - 274 адамды құрап, 85 адам ату жазасына кесілді.

1931-1933ж Қазақстанда болған ашаршылық.

Күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру қазақ халқының шаруашылығына үлкен зиян келтірді. Негізгі күнкөрісі мал болған қазақтар екі-үш жылдың ішінде малдарынан түгелге жуық айырылды. 1928 ж. 45 миллионға жуық мал болса, ол он есе кеміп, 4,5 миллионға дейін азайды. Малы жоқ тақыр кедейлер көбейді.



Осының салдарынан Қазақстан халқы 1931-1933 жылдары аштыққа ұшырады. 1931-1932 жылдары қуаңшылық болды. Бұл шаруашылықты одан сайын күйзелтті. Ашаршылық жылдары сол кезде Қазақстанда тұратын қазақтардың тең жартысына жуығы (40%) қырылды. Бұл 2 миллондай қазақ деген сөз. Басқа халықтар да ашаршылыққа ұшырады. Бірақ бірде- бір халықтың қазақтар сияқты тең жартысы қырылған жоқ. Ашаршылық деген, оның үстіне миллиондаған адамның бейбіт уақытта қырылуы cол халық үшін аса зор апат. Бұл апатқа кім кінәлі деп сұрақ қойсақ, оған кінәлі – Кеңес өкіметінің басшылары, солар жүргізген солақай саясат деп қана жауап беруге болады. Ішер тамағы таусылып, ашыға бастаған адамдар бала-шағаларын ертіп өзен-көлдерді жағалады, бақа-шаяндарды теріп жеді.


Әр жылдың соңына қарай

Халықтың азаюы

Мал басының кемуі

1930

317.373

11.904.900

1931

754.888

20.935.924

1932

769.160

3.676.682

1933

690.020

Мәлімет жоқ

Барлығы

1.831.441

36.317.506


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет