Абиссальды белдеу тереңдігі 2500-ден 6000 м-ге дейінгі мұхит түбі



бет1/6
Дата09.02.2022
өлшемі33,67 Kb.
#25128
  1   2   3   4   5   6

ГЛОССАРИЙ
Абиссальды белдеу – тереңдігі 2500-ден 6000 м-ге дейінгі мұхит түбі.

Абориген байырғы тұрғын (лат.aborіgіnes-бастапқы):

1) белгілі бір елдің ежелгі, тұрғылықты халқы. Ежелгі римдіктер қоныс аударып келгендерге қарама-қарсы жергілікті тұрғындарды байырғы тұрғындар деп атаған;



2) Аустралияның ежелгі тұрғындарының атауы.

Абсолют ылғалдылық (лат. absolutus-сөзсіз, шексіз) – белгілі бір ауа көлеміндегі су буының мөлшері, 1 м3 ауадағы су буы граммен өлшенеді (г/м3). Атмосферадағы абсолют ылғалдылық 0,1-1,0 г/м3-ге дейін және одан да жоғары болады.

Адвекциялық процесс – ауаның горизонталь бағыттағы ауысуына байланысты болатын тұман түсу, найзағай жарқылдау, үсік ұру құбылыстары.

Ағынсыз аймақ – құрлықтағы өзендер жүйесінің мұхитпен байланысы жоқ бөлігі. Мұндағы өзендер ішкі теңіздер мен көлдерге құяды немесе құмға сіңіп, жоқ болады.

Айсберг -(ағ. іceberg- мұзтау ) – солтүстік және оңтүстік жарты шарлардағы мұхиттың поляр бөлігінде ығып жүрген материктік мұздың ірі кесегі. Мұзтаудың көп бөлігі судың астында болғандықтан, ол кемелер үшін үлкен қауіп туғызады. Биіктігі 70-450 м-ге дейін жетеді. Арктика мен Антарктидада 4-10 жыл ығып жүреді.

Акватория - су айдыны (лат. aqua-су және территория) – теңіз, мұхит, көл, су қоймасы бетінің белгілі бір аймағы.

Аккумуляциялық процесс – су, жел, т.б. әсерінен әртүрлі бос жатқан минерал шөгінділері мен органикалық тұнбалардың бір жерге жиналуы, үйілуі.

Аласы (якут тілінен шыққан) – диаметрі ондаған метрден бірнеше километрге дейін жететін жайпақ ойыс. Бетін даланың шалғынды өсімдіктері басқан, онда кейде қалдық көлдер пайда болады. Көп жылдық тоңның еритін аймақтарында (Оңтүстік Якут ойпаты) кездеседі. Аласы жақсы шабындық, әрі мал жайылымы.

Амплитуда (лат. amplіtudо-шама, ауытқу) – атмосфералық қысымның, ауа температурасының тәуліктік, жылдық ауытқу айырмашылығы. Мысалы, тәуліктік амплитуда, жылдық тәуліктік амплитуда.

Анемометр (гр. anemos-жел, metron-өлшем) – желдің немесе газ ағынының жылдамдығын анықтауға арналған құрал.

Аномалия - (гр. anomalіa-ауытқу) – қабылданған нормадан, жалпы заңдылықтан ауытқушылық.

Антипассат (гр. antі-қарсы, нем. passat-ауа райы) – үнемі пассатқа қарама-қарсы бағытта соғатын жел, яғни солтүстік жарты шарда-оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа, оңтүстік жарты шарда-солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай соғады.

Антициклон – тұрақты жоғары атмосфералық қысым аймағы. Антициклон орталығында қысым жоғары, шетіне қарай-төмен болады.

Антропогендік ландшафт (гр. anthropos-адам, genos-тегі) – адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде өзгеріске ұшыраған табиғи ландшафт.

Ареал (лат. area-жер, кеңістік) – жер бетінің жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір түрлері тіршілік ететін бөлігі.

Аридті климат - қуаңшылық климат ауа температурасы жоғары, атмосфералық жауын-шашыны аз, шөл мен шөлейттерге тән құрғақ климат. Мұндай климат жағдайында шөл және шөлейт басым болады.

Арктика (гр. arktіkos-солтүстік) – жер шарының солтүстік поляр аймағы. Арктика Еуразия мен Солтүстік Америка материгінің жиегі, бүкіл Солтүстік мұзды мұхитты, оның барлық аралдары мен теңіздерін, Атлант және Тынық мұхиттың солтүстік бөлігін қамтиды. Арктика шекарасы әдетте солтүстік поляр шеңбері бойымен жүреді. Ауданы 25 млн. км2, оның 10 млн. км2-құрлық.

Артезиан суы (лат. Artesіum) – тау жыныстарының су өткізбейтін қабаттары арасындағы жер асты суы. Оның қысымы жоғары болатындықтан, скважина қозғанда жер бетіне атқылап шығады. Артезиан суы 50-800 м аралығындағы тереңдікте кездеседі. Франциядағы Артуа провинциясының атауы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет