Abo жүйесі бойынша қан топтарының генетикасы. Резус фактордың тұқым қуалауы. Резус қайшылық



бет1/3
Дата07.04.2023
өлшемі1,83 Mb.
#80402
  1   2   3

КЕАҚ “Астана медицина университеті”

БӨЖ

Тақырыбы: ABO жүйесі бойынша қан топтарының генетикасы. Резус фактордың тұқым қуалауы. Резус қайшылық

Орындаған: Ертөлеген Е.Р.
Тобы: 102 Пед
Қабылдаған: Төлепбергенова С.А
Астана 2023
Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім:

  • Қан топтары

  • АВО жүйесі

  • Қан құю ережелері

  • Резус факторлардың тұқым қуалауы

  • Резус қарама қайшылық

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Қан топтары – бір биологиялық түр дарабастары қанының иммуногенетикалық белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Қан белогының құрамында агглютинин деп аталатын ерекше заттар болады. Олар a және b әріптерімен таңбаланады. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV.
Жарақаттанып қаны азайған адамға қан құйып, ағып кеткен қанның орнын толтырады.Қан құйып емдеу дәрігердің ежелгі арманы болатын. Алдымен жануар қанын адамға, кейін адам қаны адамға құйылды, бірақ бұл тәжірибелердің бәрі де сәтсіздікке ұшырады. Бір адамның қаны екінші адамға алдын ала тексермей құя салуға болмайтыны анықталды. Мұның себебін білуде гетерогемоагглютинация мен изогемоагглютинация құбылыстарының ерекше мәні бар.1836 жылы Губер жануарлардын бір түрінен қан алып, оны екінші түріне (қойдың қанын қоянға) құйған. Мұның нәтижесінде қоян қанындағы эритроциттер бір біріне жабысып, желімденіп қалатыны, яғни агглютинацияланатыны байқалды. Екі түрлі жануарлардың қанын араластырған кезде эритроциттерінің бір біріyе жабысып қалуы гетерогемоагглютинация деп аталады. 1901 жылы Ландштейнер бір адамның қаның екінші адамға құйған кезде эритроциттердің агглютинацияланатынын, желімдеген эритроциттер жарылып олардан гемолизин (қанды ерітетін улы зат) бөлініп шығатынын, бұл гемолитикалық шокка апарып соғатынын анықтады. Бір түрге жататын екі жануардың қанын араластырғанда да эритроциттер агглютинациясы пайда болады, мұны изогемоагглютинация дейді.
Эритроциттердің желімдену себебін Прага университетінің профессоры Янский ашты.Тірі организмнен тыс жерде тәжірибе жасап, көрген адамдардың қандарын алма кезек араластырып мұның нәтижесінде адам қанында, яғни оның эритроцитінің мембранасын 2 түрлі (А және В) агглютиногендер, ал плазмада сол агглютиногендерге сәйкестелетің 2 түрлі агглютининдер желімдейтін (α) не (β) болатынын анықтады. А- агглютиногені бар эритроциттерді плазмалық α-агглютинин жабыстырса, В- агглютиногені бар эритроциттерді β- агглютинин жабыстырады. Демек, бір адамның қанында әрі желімденетін, әрі желімдейтін аттас заттар (А - агглютиноген, α- агглютининмен, В- агглютиноген β-агглютининмен) болмайды. Белгілі 4 заттан (А, В және α, β ) тек 4 комплекс құруға болады. Осы ойға келіп адам қанын 4 топқа бөлді.
Халықаралық келісім бойынша қан тобы белгілерінде оның агглютиноген қан тобы көрсетіледі.
Оαβ (I); Аβ ( I I ); Вα ( I I I ); АВо ( I V ).

Адам қанын 4 топқа бөлу оның қай тобын кай топқа құюға болатынын анықтап берді. Қан құйған кезде аттас агглютиноген агглютининмен кездесе қалса (А мен а В мен β), алдымен құйылған қанның (қан беретін адам — донордың) эритроциттері жабысады. Донордың аздаған эритроциттері реципиент (қан қабылдайтын адам) плазмасындағы көптеген агглютининдермен кездеседі.
Сондықтан қанның құю тобын анықтау үшін донор эритроцитінде агглютиноген, реципиент плазмасында агглютинин бар-жоқтығын ескеріп, агглютинация болатынын плюс ( + ) немесе болмайтынын минус (-) белгісімен белгілеп тіркеуге болады
I топтағы донордың қанын барлык топтардағы адамдарға құюға, ал IV топтағы реципиентке қай топтың болса да қанын құюға болады. Донор қаны көп мөлшерде (3—4—5 л) кұйылатын болса реципиент эритроциттері донор плазмасындағы агглютининмен кездесіп желімденуі мүмкін. Бүл жағдайда жоғарыда келтірілген кестені пайдалануға болмайды: тек топтас кан құйылады (I топ қанын I топқа, II топ қанын II топқа т. т.). Сонымен қазіргі кезде бір-біріне тек аттас топтардың ғана құйылады.
Осы төрт топтағы қан АВО жүйесіндегі топтар деп аталады. (Мұны АВ ноль деп оқу керек). Бұлардың ішінде әсіресе қаны I топқа жататын адамдар көп (46%), II топтағылар бұдан сәл аз (42%), ең азы үшінші топтағылар (9%), IV топтарылар (3%).


ABO жүйесінің генетикалық негізі эритроциттердің бетінде А және В антигендерінің болуын немесе болмауын анықтайтын үш ABO аллельінің болуы болып табылады. Бұл аллельдердің екеуі - A және B - басым, ал үшінші аллель o рецессивті. Бұл дегеніміз, егер адам бір ата-анадан А аллелін, ал екінші ата-анадан в аллелін мұра етсе, онда олардың қан тобы AB болады. Егер адам ата-анасының екеуінен де аллельді мұра етсе, онда оның қан тобы O болады.

Сондай-ақ оң (Rh+) немесе теріс (Rh -) болуы мүмкін Rh факторы (Rh факторы) ұғымы бар. Бұл фактор Abo қан тобымен байланысты емес және бөлек тұқым қуалайды. Оң Rh факторы бар адамдарда қызыл қан жасушаларының бетінде ақуыз болады, ал Rh теріс факторы бар адамдарда бұл ақуыз жоқ.

Медициналық тәжірибеде қан тобын білу өте маңызды, өйткені қан құю кезінде жағымсыз реакцияларды болдырмау үшін қан топтарының үйлесімділігін ескеру қажет. Сондай-ақ, қан тобын білу анемия, гемофилия және талиассемия сияқты кейбір ауруларды диагностикалауға көмектеседі.

Abo қан тобы жүйесі бір ғасырдан астам уақыт бұрын ашылғанына қарамастан, ол әлі күнге дейін әлемдегі ең көп зерттелген генетикалық жүйелердің бірі болып табылады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет