Абсолют қара дене моделі



Дата31.12.2021
өлшемі265,56 Kb.
#22788
түріҚұрамы

Абсолют қара дене моделі.

  • Абсолют қара дене — өзіне түскен сәуле ағынын оның спектрлік құрамы мен температурасына қарамай толық жұтатын дене. Абсолют қара дененің сәуле жұтқыштық коэффициенті 1-ге тең. Ал сәуле шығарғыштық қабілеті, оның температурасы мен толқын жиілігіне байланысты анықталады. Табиғатта өзіне түскен сәуле ағынын түгелдей жұтатын (спектрлік құрамына қарамай) дене кездеспейді. Өзінің оптикалық қасиеті жағынан Абсолют қара денеге тым жақындайтындар қара күйе, қара барқыт және қарайтылған платина болып есептеледі. Олар жарық ағынының көрінетін бөлігін түгелдей дерлік ( 99 %) сіңіріп алады. Физикада Абсолют Қара Дененің моделі ретінде сыртқы беті сәуле ағынын өткізбейтін, ал ішкі беті өзіне түскен сәуленің біраз бөлігін сіңіріп алатын кішікене тесігі бар қуыс дене алынады. Мұндай қуыс денеге енген сәуле оның ішкі жағына сан рет шағылып, сыртқа шықпай түгелдей дерлік қалып қояды. Абсолют қара дене ғылым мен техникада жарық эталоны ретінде қолданылады

Өзіне түскен әртүрлі жиіліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын денені абсолют қара дене деп атайды.Күн сыртқы ортаға жарық шығарумен қатар өзіне сырттан келіп түсетін әртүрлі жиіліктегі сәулелерді де толық жұтып алады. Сондықтан ол абсолют кара денелер қатарына жатады.


 Суретте абсолют қара дененің үлгісі көрсетілген. Іші куыс ыдысқа тар саңылаудан түскен сәуле шек-сіз мәрте шағылады да, толық жұтылады.

Абсолют қара дене:

Сұр дененің жұту қабілеттілігі барлық жиілік үшін бірдей, тек дененің температурасы мен материалына тәуелді, және 1-ден кем.

Абсолют қара дененің моделі

Стефан − Больцман заңы


Абсолют қара дененің толық сәуле шығару қабілеті оның абсолют температурасының төртінші дәрежесіне тура пропорционал.

Дененің сәуле шығару қабілеті деп белгілі температурада оның бір өлшем беткі ауданынан бір өлшем уақытта барлық жиілікте шығаратын электромагниттік сәулелерінің энергиясын айтады.



Абсолют қара дененің сәуле шығару қабілеттілігінің толқын ұзындығына тәуелділігі.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет