Абсолютизм –жоғары үкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың бір түрі. Автаркия



бет1/21
Дата12.09.2022
өлшемі54,35 Kb.
#38866
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ГЛОССАРИЙ
Абсентеизм - халықтың саяси өмірге немқұрайды, селқос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы. Ол әсіресе сайлаушылар тарапынан өкіметтің өкілдік органдарына сайлауға қатынасқысы келмеуінен байқалады.
Абсолютизм –жоғары үкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың бір түрі.
Автаркия –елдің экономикасын басқа елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталған ұлтық мақсат. Осыған орай ол шетелдердің тауарларын, капиталын және т.б. өз еліне енгізуге шек қоюы мүмкін. Бұл тәсіл өз елінің өндірісін дамытуға немесе басқа саяси мақсатта да жасалады.
Автократия –бір адамға жоғары өкімет билігін шексіз беру арқылы басқарудың немесе осындай басқарушылық орнаған мемлекетті айтады. Сонымен қатар қазіргі саясаттануда ол саяси билікті бөліспей, тұтас басқаруға тырысқан адам не адам тобын атау үшін де пайдаланылады.
Автономия –бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлтық құрылым.
Авторитаризм –жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік-саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент болғанымен ол кеңесші органға айналады. Тоталитарлық тәртіппен салыстырғанда мұнда көпшілік партия, бірыңғай идеология болмайды және экономика бақылауға алынбайды. Тоталитарлық тәртіптің басқа белгілері негізінен сақталады. Ол көбіне саяси жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді. Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.
Агрессия –басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау.
Адам –жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси-қоғамдық қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі.
Адам құқықтары –белгілі бір игілік алуды, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастары, кепілдіктері.
Азаматтық қоғам –жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (қоғамдық, кәсіби, шығармашылық ұйымдар, ассоциациялар және т.б.) азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, әдет-ғұрыптары, салттары кіреді. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет