Абсолютизм –жоғары үкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың бір түрі. Автаркия


Альянс –ортақ мақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі. Анархизм –



бет2/21
Дата12.09.2022
өлшемі54,35 Kb.
#38866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Альянсортақ мақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.
Анархизм –жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым. Оны жақтаушылар күштеу арқылы еріксіз көндіретін органдарды азаматтардың еркін ассоциацияларымен (құрама одақтармен) алмастырғылары келеді. Оның алғашқы идеялары Платонның еңбектерінде кездеседі. Орта ғасырда утопистердің, жаңа дәуірде ұсақ буржуазия (У.Годвин, М.Штирнер, П.Прудон), орыс және халықаралық революциялық қозғалыстың идеологтарының (М.Бакунин, П.Кропоткин) ілімдерінде кең тараған. Қазіргі кезде бұл ағымның саяси әсері шамалы.
Анархия –1) Мемлекеттік биліксіз әр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық; 2) үйреншікті өмірде тәртіпсіздікті, жөнсіздікті, заңсыздықты, басшылықтың жоқтығын білдіреді.
Аннексия –басқа мемлекеттің, халықтың жерін тұтас, я бір бөлігін күшпен жаулап алу немесе басқаға алып берушілік.
Антагонизм –мүдделері қарама-қарсы күштердің, қастасқан таптар, топтар, партиялар және т.б. арақатынасының шиелініскен түрі.
Антисемитизм –еврейлерге қарсы бағытталған, оларды қудалауға арналған саясат пен идеологияның түрі.
Апартеид –нәсілдік жағынан бөлу, қорлау саясаты. Ол сайлау құқығынан айыру, бірдей еңбекке төмен ақы төлеу, көшіп-қонуды шектеу және т.с.с. көрініс береді.
Апатридтер –ешбір мемлекеттіңазаматы болып саналмайтын адамдар.Олар қай елде тұрса,сол елдің заңына бағынады, бірақ саяси құқықтары болмайды.
Аристократия –1) пұрсатты, бай, ерекше құқықтар мен жеңілдіктерге ие ақсүйектер тобы; 2) ақсүйектер әулеті, билік жүргізетін мемлекеттік басқарудың түрі. Мысалы, мұндай мемлекеттік билік Ежелгі Гректерде болды.
Ассамблея –халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы.
Ассимиляция –бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет