Абсолютизм –жоғары үкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың бір түрі. Автаркия



бет21/21
Дата12.09.2022
өлшемі54,35 Kb.
#38866
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Экспопрация -бір тапты жеке меншігінен, өндіргіш, құралдарынан күшпен, ықтиярсыз айыру.
Экстремизм -1)саяси және басқа мақсаттарға жету үшін заңсыз, күштеу, зорлау тәсілдерін пайдаланатын әрекет. Ол ұлтаралық араздықты қоздырады, демократиялық принциптерді шектейді, елді тұрақсыздандырады, саяси шиеленістерді бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік бермейді; 2)шектен шыққан көзқарастарға және шараларға бет бұрушылық.
Электорат -халықаралық ұйымдарға, мемлекет басқару органдарына, жеке қызметкерді сайлау кезінде дауыс беруге құқығы бар адамдар тобы.
Элита -саясатта, экономикада, рухани өмірде өздерінің білімділігімен, ікерлігімен, асқан мамандығымен ерекше жағдайға ие болған адамдар тобы.
Эмансипация -адамның немесе әлеуметтік топтың тәуелділік, кіріптарлық езгіден құтылып, теңдік алуы.Мысалы, ұлттық езгіден құтылу, әйелдердің ерлермен тең құқық алуы және т.с.с.
Этатизм -елдің экономикалық және саяси өміріне, қоғамның барлық саласына мемлекеттің белсенді араласуын қалайтын тұжырымдама.
Этнос- тілінде, мәдениетінде, мінез-құлқында ортақ ерекшеліктері бар, белгілі бір аумақта (территорияда) тарихи қалыптасқан, өз қауымдастығының бірлігін сезінетін адамдар жиынтығы.
-Ю-
ЮНЕСКО -БҰҰ-ның білім, ғылым, мәдениет мәселелер жөніндегі халықаралық, үкіметаралық ұйымы

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет