Абсолютизм –жоғары үкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың бір түрі. Автаркия



бет5/21
Дата12.09.2022
өлшемі54,35 Kb.
#38866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
-Г-
Геноцидадамдарды щығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.
Геосаясат –сыртқы саясатты географиялық факторларға (аумағына, ауа райына, қазба байлықтарына т.б.) байланысты жүргізетін саясат. Бұл теорияның негізін қалаушы Ф.Ратцель, Х.Маккиндер т.б. қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайы мен даму барысы географиялық ортаға байланысты дейді.
Геронтократия –ақсақалдардың билік жүргізу принципі. Басқарудың бұл түрі алғашқы қауымдық қоғамға тән. Сонымен қатар өкімет билігі жасы келген адамдардың қолында тұрған мемлекеттерге де байланысты айтылады.
Глобальдылық (жаһандық) –бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт. Қазіргі ғаламдық мәселелерге термоядролық соғысты болдырмау, айналадағы ортаны экологиялық апаттан қорғау, жер бетінде демографиялық жағдайды тұрақтандыру, халықаралық терроризм, нашақорлық, маскүнемдік, СПИД-тің өріс алуын тоқтату және т.с.с. жатады.
Гуманизм –қайта өркендеу дәуірінде дін мен феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс.
-Д-
Дәуір –қоғамның, табиғаттың, саясаттың, ғылымның, жалпы өзіндік ерекшеліктері бар ұзақ кезеңі.
Деидеологизация –идеологияның әсерінсіз, еркін, таза ғылымды жасауға, қоғамдық прогресті идеологиядан аластатуға тырысушылық.. Оның негізін біздің ғасырымыздың 50-60 жылдарында Р.Арон, Д.Белл, Т.Парсонс сияқты Батыстың ірі әлеуметтанушылары салды.
Декларация –үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай болмасын негізгі қағидаларды, мақсат-мүдделерді жариялайтын мәлімдеме.
Делегирование –бір субъектінің екінші субъектіге билікті беруі, сенім білдіруі.
Демагогия -өз мақсатына жету үшін адамдарға жалған уәделер беру, деректерді бұрмалау және т.т. арқылы әсер ететін саяси әрекеттің түрі. Күнделікті тұрмыста бос сөз, шатпақ деген мағынаны білдіреді.
Демократия –халық билігін,заңдылықты мойындап, азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бостандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, сайлау құқығы бәріне тең болуын, адамдардың экономикалық және саяси қорғалуын, шешім қабылдағанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі еске алынуын және т.б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі. Бұл – тарихи ұғым. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай оның принциптері өзгеріп, байып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет