Абсолютшілдік, абсолютизм (лат. Absolutus-сөзсіз, шексіз)-мемлекеттік басқарудың түрі



Дата07.01.2022
өлшемі17,14 Kb.
#20475
түріҚұрамы

ГЛОССАРИЙ





  1. Абсолютшілдік, абсолютизм (лат. Absolutus-сөзсіз, шексіз)-мемлекеттік басқарудың түрі.

  2. Автономия (грек. Autonomia - өзін-өзі басқару, тәуелсіздік) - бір мемлекеттің құрамындағы саяси-ұлттық құрылымның айрықша статус алып, өзінің ішкі проблемаларын дербес шешудің кең де ауқымды мүмкіндіктеріне ие болу.

  3. Алаш (ежелгі түрік сөзі – бауырластар, қандастар, туыстар) – көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым. Ортағасырлық және одан ерте кезеңдегі деректерде қазақтық өз алдына ел болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының атауы.

  4. Айтыс – ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.

  5. Әмір – шығыс елдеріндегі әскербасылық атақ.

  6. Әскери демократиякөне грек қоғамындағы әскери көсемдердің алғашқы адамдар қауымындағы ұжымшылдық пен демократия қалдықтарын сақтай отырып, билік жүргізген жүйесін атау үшін, тұңғыш америкалық тарихшы Л.Г. Морган (1818-1881) қолданған ғылыми термин. Ә.д-ны гректер сияқты кельттер мен германдар, нормандар, сақтар, сақтар т.б. басынан өткізген.

  7. Бай – дәстүрлі қазақ қоғамындағы дәулетті әлеуметтік топ.

  8. Батыр – (парсы тілінде бәһадұр-ержүрек, батыл, батыр) - әскери өнерді жақсы меңгерген, жау-жүрек ерлігімен аты шыққан, қаһарман адамға берілетін құрметті атақ.

  9. Бек, беглер бегі, бейлер-бей – ежелгі түркілер мемлекетінде қолбасылық жәрежесін білдірген әскери шен, атақ.

  10. Би – дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі.

  11. Гурхан – қидандар мемлекеті (1140-1213 жж.) билеушісінің лауазымы.

  12. Елтаңба - /герб/ (нем. евче-таңба) – мемлекеттің, әлеуметтің, әкімшілік бөліністің, т.б. дәстүрлі ерекшеліктерін бейнелейтін, оларды әлеуметтік-тарихи тұрғыдан даралау мақсатында жасалатын айырымдық белгі, рәміз, таңба.

  13. Дала өркениеті – түркі тектес халықтардың, соның ішінде қазақстардың материалдық және рухани құндылықтарының даму сатысы.

  14. Декларация (лат. declaratio-мәлімдеу, хабарлау)-мемлекеттік саясат пен құқықтық, халықаралық қарым-қатынастардың негізгі принциптерін салтанатты түрде жариялайтын құжат.

  15. Демократия (грек. demos-халық және kratos-билік) – қоғамды, мемлекеттік билікті саяси және әлеуметтік ұйымдастырудың негізгі пішімдерінің бірі, ұдайы дамып, жетіліп отыратын саяси режим.

  16. Егемендік, суверинитет (нем. souveranitat, франц. souverainete – жоғарғы билік) – мемлекеттің сыртқы саясатта толық тәуелсіз болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы.

  17. Елтебер – түрік қағанаты тұсындағы 28 дәрежелі әскери-әкімшілік шеннің ең төменгі лауазымы.

  18. Ел – көне түркі тілінде “халық” сөзінің синонимі ретінде қолданылған атау. Дәстүрлі қоғамдағы көшпелі шаруашылық қарым-қатынастарының дамыған кезеңдерінде ел атауы қауымдық-туыстық құрылымның (патриархалды отбасы, ру, тайпа, мемл. бірлестік) жоғарғы деңгейін білдіретін мағынаға ие болды.

  19. Жабғұ – Түрік қағанатында болған 28 дәрежелі әскери-әкімшілік қызмет сатысы жүйесіндегі қаған мен ұлықтан кейінгі лауазым.

  20. Жекешелендіру – меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі.

  21. Иқта (араб.-жерді пайдалану және иелік ету)-мұсылмандық құқықтағы тиісті салықтарды мемлекетке төлеу шартымен иен жатқан жерлерді пайдалануға беру тәртібі.

  22. Индустрия (лат.Industria-ынта, жігер) халық шаруашылығының өндіргіш күштерге және қоғамның экономикалық дамуына ықпал ететін маңызды саласы.

  23. Кебеже – дәстүрлі қазақ қоғамында азық-түлік сақтауға пайдаланылған, ағаштан жасалып, беті сүйек, күміс ою-өрнегімен әшекейленген, сандықша ыдыс.

  24. Келі мен келсап – тары, бидай, т.б. дәнді дақылдарды түйетін, ұнтақтайтын қатты ағаштан жасалған құрал.

  25. Казактар-казак-орыстар, казачество – ХУІІІ ғасырдан 1917 жылға дейін Ресей империясында болған әскери әлеуметтік топ.

  26. Конфедерация (кейінгі лат. Confederatio-одақ, бірлестік)-мемлекеттік құрылым формасы.

  27. Көшпелілік – көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі.

  28. Конституция (лат. Constitio-белгілеу, орналастыру) – мемлекеттің негізгі Заңы.

  29. Көші-қон – адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы.

  30. Кредит (лат. Creditum-несие, credo-сенемін, сенім білдіремін), несие –белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз.

  31. Қоғам – адамдар арасында тарихи қалыптасқан саяси-әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың тұрақты жүйесі.

  32. Қаған, қаһан (хандардың ханы, бас хан деген ұғымды білдіреді) – ерте түрік мемлекеттерінің басшысы.

  33. Әнұран, гимн (грек. hymnos-мадақтау ән) – салтанатты ән, мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі.

  34. Айдар (рубрика). Газет-журналдарда бір тақырып төңірегінде ұдайы беріліп тұратын материалдардың жалпы атауы.

  35. Ақтаңдақтар – мүлде немесе зерттелмеген, сондай-ақ дұрыс түсіндірілмей бұрмалана жазылып келген тақырыптар.

  36. Анықтамалық – белгілі бір саладан жан-жақты мәлімет алуға болатын кітап, құрал, кітапша.

  37. Әкімшілік – іске нақты басшылықтың орнына бұйрықшыл-жарлықшыл әдісті қолданушылық.

  38. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) – жұртшылыққа жүйелі түрде хабар тарататын құралдар: баспасөз, радио, теледидар.

  39. Ғимарат – белгілі бір архитектуралық үлгімен салынған құрылыс.

  40. Дерекнама – белгілі бір ғылыми зерттеуге негіз болатын жазба дүниелер, ескерткіштер.

  41. Жариялылық – жағымсыз құбылыстар мен кемшіліктерді ашып көрсетудің, қоғамды сауықтыру мен демократияландырудың негізгі құралы.

  42. Жәдігер – ертеден қалған мұра, ескерткіш.

  43. Жеделдету – қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын тездету.

  44. Жылнама – халықтың, мемлекеттің, қаланың т.б. жылма-жыл жазылған тарихи шежіресі.

  45. Қайта-құру – Кеңес қоғамындағы тоқырау процестерін жойып, қоғамдық-әлеуметтік дамуды жеделдетуге, демократия мен жариялылыққа негізделген жаңа бағыт.

  46. Өкілетті елші – шет елде өз елінің мүддесін қорғауға толық құқығы бар елші.

  47. Пікірталас – даулы, талас мәселені көпшілік алдында (жиналыстарда, баспасөз беттерінде т.б.) талқылау, жұртшылық талқысына салу.

  48. Тоқырау кезеңі – қоғамның дамусыз, ілгерілеусіз күйде тұруы.

  49. Ұлыс – тайпалық қатынастың ыдырау барысында тарихи қалыптасқан адамдардың қоғамдастығы.

  50. Хандық дәуір – қазақ елінің тарихында хандық билік орны ғып, мемлекеттегі қоғамдық-әлеуметтік, саяси-мәдени проблемалардың барлығын аталған билік жүйесі аясында шешу үлгілері қалыптасқан кезең.

  51. Шетке шығару, шеттен келтіру (экспорт, импорт) – мемлекетаралық сауда операциясы: шет елдерге товар шығарып сату, шет елдерден товар сатып алу.

  52. Іргелі зерттеу – теориялық негізі терең, өзекті ғылыми зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет