Абсолюттік ұзару брустың ұзындығының



бет1/2
Дата31.12.2021
өлшемі30,04 Kb.
#21663
  1   2

Глоссарий

Абсолюттік қысқару - дененің қысқару шамасы.

Абсолюттік ұзару - брустың ұзындығының ұзару шамасы.

Айнымалы - қайталанбалы күштер - машина бөлшектеріне уақытқа тәуелді, периодты түрде қайталанып түсетін күштер.

Аралық - брустың бойлық күшінің өзгеру заңдылығы тұрақты болатын бөлігі.

Аумалы күш - кризистік шамаға тең күш.

Беріктік - конструкцияның немесе оның жеке элементтерінің сыртқы күш әсеріне қирамай қарсыласу қабілеті.

Қатаңдық - кез келген дененің деформацияға қарсыласу қабілеті.

Талғаусыз күй – аумалы күшке сәйкес стерженнің күйі.

Жүйенің орнықсыз күйі - сыртқы күш шамасының аумалы күштен қайсы бip аз шамаға артуы жүйенің, тепе - теңдік қалпынан ауытқуын тудырады, яғни стержень иіліп, деформацияның шексіз өcin кетуі.

Материалдар кедергісі - конструкция элементтерін беріктікке, қатаңдыққа және орнықтылыққа есептейтін ғылым.

Брус-стержень - екі өлшемі үшіншісінен әлдеқайда кіші дене.

Пластина – қалындығы деп аталатын бip өлшемі өзге екеуінен едәyip кіші дене.

Қабықша - ара қашықтығы басқа өлшемдеріне қарағанда әлдеқайда кіші болатын екі қисық, сызықты беттермен шектелген дене.

Массив - үш өлшемдері өз ара шамалас, денелер.

Сыртқы күш - денеге оны сырттай қоршаған ортадан немесе көрші денеден берілетін күш.

Беттік күш - беті арқылы берілетін сыртқы күш.

Көлемдік күш - көлемі арқылы берілетін сыртқы күш.

Қадалған күш - конструкция элементтеріне нүкте арқылы берілетін күш.

Қарқындылық - бірлік ауданда әсер етіп тұрған күштің, шамасы.

Тұрақты күш - уақытқа байланысты шамасы өзгермей әсер етіп тұрған күш.

Уақытша күш - уақыт аралығында әсер ететін күш.

Статикалық күш - нөлден соңғы шамасына жеткенше жылдамдығы жай, жеткен соң тұрақты болып қалатын күш.

Сығылу (қысқару) - деформация нәтижесінде дененің сызықтық өлшемінің кемуі.

Созылу (ұзару) - деформация нәтижесінде дененің сызықтық өлшемінің өcyi.

Қатаңдық шарты - нүктелердің ең үлкен орын ауыстыру шамасы белгілі бip мүмкіндік шамадан аспауы. Мұндай шарт теңсіздік ретінде көрсетіледі.

Сығу немесе созу деформациясы - егер дененің кез келген көлденең қимасында тек қана Nz пайда болғанда (Nz – күшінің бағытына байланысты).

Ығысу деформациясы - егер дененің кез келген көлденең қимасында тек қана Qx немесе Qy пайда болғанда.

Таза иілу деформациясы - егер дененің кез келген көлденең қимасында тек қана Мх немесе Му пайда болғанда.

Вертикаль жазықтықтағы иілу деформациясы - егер дененің кез келген көлденең қимасында тек қана Qy, Мх пайда болғанда.

Горизонталь жазьқтықтағы иілу деформациясы - егер дененің кез келген көлденең қимасында тек қана Qx, Му пайда болғанда.

Бұралу деформациясы - егер дененің кез келген көлденең қимасында тек қана Мz пайда болғанда.

Толық кернеу - шексіз кіші аудан нөлге ұмтылғандағы В нүктесіндегі көрсетілген қатынастың шегі.

Тік кернеу - толық кернеудің көлденең қима жазықтығына перпендикуляр OZ өсте, түсірілген проекциясы, OZ әрпімен белгіленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет