Адал азамат



Pdf көрінісі
бет1/30
Дата01.01.2017
өлшемі4,55 Mb.
#905
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
0  
    
 
 
АДАЛ АЗАМАТ, 
ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ, 
ЖЕТІСТІКТІ ҒАЛЫМ-ЗЕРТТЕУШІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
1  
    
 
 
 
 
 
 
 
 
АДАЛ АЗАМАТ,  
ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ, 
ЖЕТІСТІКТІ ҒАЛЫМ-ЗЕРТТЕУШІ 
 
Тарих ғылымдарының кандидаты,  
доцент Құрманбеков Беркін Жолмырзаұлы туралы  
естеліктер жинағы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ақтөбе, 2013 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
2  
    
 
УДК 821.512.122 
ББК 84 Қаз-7 
А 24 
 
 
Жалпы редакциясын басқарған:   
Е.Ж. Құрманбек 
Құрастырған және терген:  
 
М.Б. Құрманбекова 
Педагогика магистрі 
 
 
 
 
А 24  Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
Тарих  ғылымдарының  кандидаты,  доцент  Құрманбеков  Беркін 
Жолмырзаұлы  туралы  естеліктер.  –  Ақтөбе:  Қ.  Жұбанов  атындағы 
Ақтөбе  мемлекеттік  университетінің  редакциялық-баспа  бөлімі.  – 
2013 ж. – 272 бет. 
 
 
 
ISBN 978-601-7433-16-1 
 
 
Бұл  кітапта  тарих  ғылымдарының  кандидаты,  доцент  Құрманбеков  Беркін 
Жолмырзаұлы туралы естеліктер жинақталған. 
 
 
 
 
УДК 821.512.122 
ББК 84 Қаз-7 
 
 
ISBN 978-601-7433-16-1 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 Қ. Жұбанов атындағы  
Ақтөбе мемлекеттік университеті 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
3  
    
 
 
 
АТЫ ЕЛ ЖАДЫНДА 
 
  Беріков Ниетжан 
Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтының  
профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, 
Байғанин ауданының құрметті азаматы. 
 
Ағаның  қос  көзіндей  көретін  інілерім,  Еркін  мен  Беркін,  мені  көрген  сайын:    Біз 
әкемізден  жас  қалдық,  ол  кісінің  қадір  қасиетін  білмейміз,  оның  бәрі  біз  үшін  күңгіртті 
күйлер.  Аға,  әкеміз  туралы  сіз  айтқан  сайын  біз  көңілімізге,  есімізге  алуға,  жүрегімізде 
сақтауға  ұмтылыс  жасап  отырамыз»  дейді.  Әрине,  әкеден  жас  қалу  бала  үшін  тағдырдың 
қияметі  ғой.  Еркін  мен  Беркіннің,  басқа  балалардың  да  әкесі  Құрманбеков  Жолмырза 
Байғанин ауданына аса бір қиын кезеңде, соғыстың бір жанып тұрған жылдарында келіп еді. 
Содан бері 70 жылдан астам уақыт болды. Ол кісінің сол кезде істеген қызметтері, халыққа  
жасаған игілікті істері,   адамдарға жасаған рақымшылығы туралы  Байғанин ауданында көп 
айтылады.  Өмірдегі  оқығанымды,  елдегі  тоқығанымды,  естіп  көргенімді,  білгенімді  мен 
кейінгі  ұрпаққа  айтудан  жалыққан  емеспін.  Оларға  айтуға  болатын  оқиғалар  жүректі 
шарпып,  адамдардың  нағыз  қиын  кезеңдегі  көрген  таршылықтары,  қиыншылықтары  менің 
жүрегімде  де,  жадымда  да  қатты  жазылып  қалған  сияқты.  Қиын  кезең  соғыс  –  не  өмір,  не 
өлім.  Соғысқа  қатынасқан,  жаралы  болып  қайтқан  жауынгер  Жолмырза  ағаны  облыстық 
партия  комитеті  ең  қиыр  шеттегі  Жем  –  Сағыз  аймағына    басшылық  жұмысқа  жіберген. 
Үлкен міндеттер тапсырған. Байғанин аудандық партия комитетінің бірінші секретары Кәрім 
Ержанов,  аудандық  атқару  комитетінің  төрағасы  Ақпағанбет  Естібаев  Құрманбеков 
Жолмырзаны  дұрыс  қабылдады.  Оған  соғыста  қаза  тапқан  жауынгерлердің  отбасына 
қамқорлық жасау,  соғыстың жетім жетімектеріне қамқорлық жасау, соғыстан қайтып келген 
жаралы  мүгедек  жауынгерлерге  қамқорлық  жасау  тапсырылды.  Соғыстың  кезінде  бүкіл 
ерлер майданға кетті, ауылда  жұмысты атқарған соғысқа жарамаған қарт - ерлер,  әйелдер, 
жас  наушалар  яғни  еңбектеген  баладан  еңкейген  кәріге    дейін  мал  шаруашылығын,  егін 
шаруашылығын  дамытамыз  деп  үлкен  жұмыстар  істеді.  Соның  ішінде  ең  қиын  шаруа 
аумалы-төкпелі  саяси  –әлеуметтік  жағдай,  мектеп,  денсаулық  сақтау,  әлеуметтік  мәселесі, 
сауда,  коммуналдық  шаруашылық    және  қамқорсыз  қалған  жандардың  тұрмыс  жағдайы  
барлығы осы кісіге жүктелді.  
«Құрманбеков Жолмырза жолдас, сіз осы жұмыстарға жауап бересіз!» деп, аупартком, 
ауатком  аса  жауапты    міндеттерді  оған  жүктеді.  Сол  кезде  Байғанин  ауданына  бір  жақсы 
адамдар  жұмысқа    келді.  Олар  атап  айтқанда,  Ержанов  Кәрім  мен  Ақпағанбет  Естібаев,  
Жолмырза  Құрманбеков,  Мүтиғұлла  Садықов  т.б.  Құрманбеков  Жолмырза  сөйтіп  өмірге 
келген  шарана  балалардан  бастап,  тал  бесіктен  бастап,  жер  бесікке  дейінгі  барлық 
адамдардың әлеуметтік  өміріне жауап беретін міндетті мойнына алды. Қиын кездер еді. Елді 
аштық жайлады. Сонда сол ауданның басшылары бірі етек, бірі жең болып, бірігіп халықты 
қалай  сақтаймыз,  аштықтан  қалай  құтқарамыз,  елге  қамқор  қалай  боламыз  деген 
жұмыстарды,  істерді  ойластырды.  Олар  тақ  баққан  жоқ,  елді  бақты.  Өте  ауыр  шаруа  - 
Доңызтаудағы  бес  колхозға  бидай  ектіру.  Ол  бидайдан  Отан  қорғау  қорына  астық  жіберу. 
Жем, Сағыз өзендері бойынан шығыр қондырып, егін ектіру, Сам жайылымына малды айдап, 
қыс қаһарынан сақтау, міне осы істердің барлығын атқарған осы    жігіттер болды. Ауатком 
төрағасы  орынбасары  Ильяс  Отарбаев,  аудандық  ауыл  шаруашылық  бөлімінің  басшысы 
Керей Жомартов,  бас мал дәрігері Жұбан Айжарықов мал басын сақтауға жауапты  болды. 
Кызметкерлердің  көпшілігі  әйелдер  болды.  Былшықова  Бибатпа,  Жетпісова  Мейізгүл, 
Жұмағалиева  Ақтөре,  Мұңалбаева  Теңгежан  деген  әйелдер  әлеуметтік  қамту,    денсаулық 
сақтау, мектеп, мәдениет, сауда байланыс салаларын  басқарды. Осы әлеуметтік салалардың 
барлығына аудандық атқару комитеті тарапынан төраға орынбасары Жолмырза Құрманбеков 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
4  
    
 
басшылық етті.   
 
Мен  ауатком  хатшысы  боп  бірге  жұмыстас  болдық.  Жолмырза  аға  келбетті  келген, 
Шалқар ауданында қырғыздар деп аталынатын тұқымнан шыққан, сонда өмірге келген адам 
екен. Ақ-сары, орта бойдан сәл биіктеу, үнемі таза киініп жүретін, сол кездің өзінде әскерше 
киінген  «Сталинка»  деп  жүреміз  ғой,  үстінде  сондай  киімі  бар  болатын.  Басын  бір  жаққа 
бұрып, кеудесін шалқайта ерекше түрде отыратын, денесі шымыр, қапсағай келген, оңтайлы, 
істерге  бейім  адам  еді.  Ұстанымдары  –  әділеттілік,  заң,  үкіметтің  қандай  қаулылары  бар, 
әсіресе  әлеуметтік  тұрмыс  жағдай  жөнінде,  мектеп  жөнінде,  денсаулық  сақтау  жөнінде 
қандай  мәселелер  және  халыққа  берілетін  жеңілдіктер  бар,  соның  бәрін  біліп,  игеріп  алған 
басшы еді. 
Толғау  сөздің,  ақ  сөздің  иесі  еді.  Партиялық  конференцияларда,  кез  келген 
жиындардың өзінде қандай да болмасын қиыншылықтар болса, қандай да бір іс бітпей жатса
соны  қатаң  сынға  алып,  әділеттілігімен  адамдардың  істеріне  баға  беріп  отыратын  –  ды.  
Проблема  туралы  айтқан  уақытта  біліп  айтатын  еді,  көзін  жеткізіп  айтатын  еді.  Шешілмей 
жатқан істің қасында жүретін еді. Істі бітірдің бе деп, кейде ызғармен жауапты адамдардан 
қатты сұрайтын–ды. Күлтегін айтқан сияқты «Түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым» деп, 
түн  баласында  үкі  сияқты  түнде  де  ол  ұйықтамайтын  еді.  Өйткені  Байғанин  ауданының 
көлемі өте үлкен еді, алпыс мың шақырым шаршы километр жерді атпенен аралап, ол кезде 
машина жоқ, қиын кезеңдерде,  қыстың ақ боранында, жаздың ыстық шілде кезеңінде үнемі 
халықтың арасында жүретін еді.  
Мен ағаның екі жақсылығын өз басымнан өткердім. Маған екі рет жақсылық жасады. 
Біреуі  өзімнің  жеке  басыма,  екіншісі  –  менің  шәкірттеріме.  Жарқамыс    ауылдық  советінің  
секретары  болып  істедім.  Өзім  оқушымын.  Түсқайта  колхоздағы  Ақжар  мектебіне  барып 
сабақ  беремін.  Адамның  күштілігі  деген  сол,  соғыстың  сондай  қиыншылығына  біз  
мойымадық.  Сол  секретарь  болып  жүрген  кезде,  Жарқамыс  –  аудан  орталығында  120-дай 
отбасында  жұмыс  істейтін  адамдары  жоқ,  соғысқа  кеткен,  аналары  ауру,  еш  жұмыс 
істемейтін,  шиеттей бала шағалары бар еді. Аудандық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы 
Байзақ Бижановқа,  Здравомыслов Яков Иванович деген  жалғыз ғана дәрігерге адамдардың 
ашығудан өліп қалмауы жүктелді. Яков Ивановичті Мәскеуде Кировтың өліміне қатынасқан, 
кінәлi деп Жарқамысқа  жер аударған екен. Сол дәрігер шал, ол кезде шал дейміз ғой, жасы 
елуден  сәл  асқан.Сол  екеумізге  Жөкең,  Жолмырза  Құрманбеков,  тапсырма  берді.  120 
отбасының жағдайларын біліп тұрасыздар, қайсысының тамағы бар, қайсысының киімі жоқ, 
қайсысы  күйзеліп  отыр,  соны  зерттейсіңдер.  Тексеріп  қалғанымызда  бір  алты  отбасында 
ауыр  жағдай  болды.  Мысалы,  әкесі  соғыста  қаза  болған  Жармағанбетов  Тобық  жетім  бала, 
анасы бар, кемпір шешесі бар, төрт - бес бала,  күн көрісі - бір нар – соның сүтін сауып ішеді. 
Басқа тамақ жоқ. Екінші – Еспағанбетов Ораз деген кісінің отбасы. Өзі соғысқа кеткен, әйелі 
ауру,  екі  кішкентай  қызы  бар,  біреуі  бесінші  класта  оқиды,  біреуі  мектепке  бармаған,  түк 
тамақ жоқ, мал жоқ, сиыр да жоқ, ешкі де жоқ. Колхозда жұмыс жасайтын  жақын тумасы 
Тәкеш  деген  бала  фермадан  сүт  әкеліп,  жаңағы  адамдарды  асырайды  екен.  Сосын  ауыл 
советтің сессиясының шешімімен, жаңағы дәрігердің жасаған аштық кірді, ісік алған, деген 
құжаты негізінде бір күнгі 125 грамм  норма орнына екі нормаға шейін көтеріп 250 граммнан 
бидай  беретін  болдық.  Ол  бидайды180  шақырым  жердегі  Доңызтаудан  қыстың  ішінде  ақ 
боранда алып келу керек. Соған жаңағы Жармағанбетов Тобықтың  әжесі жетпістегі кемпір, 
«үш-төрт кемпір-шалды жинап алып, барамыз, алып келеміз әйтпесе қырыламыз ғой аштан» 
-  деп,  бастама  көтерді.  Халыққа  беретін  бидайды  өз  түйелерімен  қарттар  екі  жыл  бойы 
тасыды. Тиісті норма бойынша 125 грамнан, беру орнына 6 отбасына 250 грамнан  тараттық. 
Артынан  аудандық  сауда  бөлімінің  бастығы  тексеріп  қарағанда,    бір  адамға  екіден  норма 
беру  ауылсоветтің  құзырлы  билігіне  кірмейді  екен.  Ауыл  советтің  төрағасы  Сағымбай 
Наурызбаев үнемі Сам жайылымында болатын. Содан «Отан соғысының фондысын халыққа 
заңсыз  таратқан»  -  деп  шешімге  қол  қойған  мені  Прокурор  жауапқа  тартты.Ауатком 
төрағасы  Ақпағамбет  Естібаев  ағай  бірден  айтты:  «Мен  оны  шеше  алмаймын»  Аупартком 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
5  
    
 
бірінші  хатшысы  Кәрім  Ержановқа  бардым.  Ержанов  айтты:«Құрманбеков  пен  Садықов 
(аупартком  хатшысы)  тексереді  бидайды  қайда  жібердің  соны  анықтайды.  Кінәсіз  болсаң 
жазадан босатамыз, кінәлі болсаң сотталасың,  тағдырыңды солар шешеді» - деді.  
Комиссия  бұл  мәселені  бірнеше  күн  тексерді.  Мен  бидайды  өзім    жегенім  жоқ,  алған 
кісілер  бидайды  алғанын    растады,  екі  нормадан  бергеніміз  рас  екеніне  сендірді.  Енді  осы 
мәселені ауатком мәжілісінде қарау керек болды. Сол кездегі заң бойынша прокурорға ауыл 
советтің  секретарын  жауапқа  тарту  үшін    ауаткомның  рұқсаты  керек  екен.  Ауатком  
отырысында талқылап қараған уақытта мен кінәсіз болып шықтым. Жолмырза Құрманбеков 
пен  Мұтиғұла  Садықов  қорытынды  шығарды.  «Ашыққан  адамдарға  екі  нормадан  бидай 
бермесе, олар аштан өлген болар еді. Ал Беріков, сол адамдардың өмірін сақтап қалған. Өзі 
жеген ештемесі жоқ» - деді. 
Ауатком  мәжілісінде  Ержанов  та  болды.  Ол  қорытынды  дұрыс  шығарылған  деп  
қолдады.  Ал  аудандық  сауда  бөлімінің  бастығы,  тарихқа  кейде  лағнет  айтамыз  ғой, 
Қазақстанға кім келмеді? Қалмақиядан жер аударылып келген экономист Санжариков билік 
шығарып,  мені  қылмыскер  деп  таныды.  Санжариков  азықпен  қамтамасыз  ету  жөніндегі 
өзінің міндетін орындамаған, халықты асырауға қам жемеген.  Бидайды Доңызтаудан әкеліп 
беру  сауда  бөлімінің  міндеті.  Ауыл  советтің  міндетіне  жатпайды.  Халықтың  күйзеліс 
жағдайы, қай жерде аштық бар Санжариқов білуге тиісті. Соны білмегені үшін оны кінәлады. 
Прокурорға:  «Сіз  жағдайды  білесіз  бе,  соғыста  күйеулері  өлген  жесірлер,әкеден  айрылған 
балалар  нешеу,адамдардың  жағдайы  қалай?  Оларды  прокурорлар  білу  керек»  -  деді.  
Мүшелері екеуін де кінәлап сауда бөлімінің бастығын орнынан босатты, прокурорға ескерту 
жасады, маған рахмет айтты. Міне, Құрманбеков Жолмырза аға бастаған іс осылай аяқталды. 
Ағалардың  жасаған  жақсылығы,  әйтпесе  мен  сотталып  кететін  едім.  Орысша 
айтқанда:«Расстреляли  бы  по  закону  военного  времени  за  растранжирование  фонды 
Обороны» - Санжариқовтың маған таққан, прокурор қолдаған пікірі осындай еді.  
Екінші  жақсылығы  –шәкірттеріме  дедім  ғой.  Ол  былай,    1951    жылы  наурыз  айында 
орта  мектепке  директор  болып  бардым.  Директорда  міндет  көп.  Интернат  -    пансион  бар. 
Пансион  балаларды  толық  мемлекет  тарапынан    қамтамасыз  ететін  еді.  Пансионда  60  бала 
бар,  оның  50  пайызы  –  жетімдер,  30  пайызы жартылай  жетім,  ал  қалғандары  аз  қамтылған 
жағдайы  төмен  отбасынан.  Жөкең  басқарып  отырған  аудандық  әлеуметтік  бөлімі 
арқылыадамдарға  мемлекеттік  фонд  есебінен  жеңілдікпен  киім  берілетін  еді,  түрлі  азық- 
түліктер берілетін еді. Содан барып айттым: «Жөке, пансиондағы балалардың киімдері жоқ, 
шалбарлары жоқ, іш киімдері жоқ, аяқ киімдері жоқ, соның ішінде пәлендей жетім балалар, 
әкелері  Отан  соғысында  өлген,  сол  балаларға  мына  сіздің  қолыңызға  келіп  отырған  киім  - 
кешектен беріп отыруға бола ма?» Мәселені Жөкең іскерлікпен шешіп,  түсініп қарастырып, 
«жарайды,  бергізейік»  -  деді.  Мектеп  директоры  мәліметі  және  аудандық  оқу  бөлімінің 
сұранысы  бойынша,  ауатком  шешімін  қабылдатып,  Жолмырза  Құрманбеков  мемлекет 
қорынан көптеген киім бөлгізді. Менің шәкіртім Нұрғалиев Өтежан «Шалбар әні» деген өлең 
жазды. Сонда былай депті: 
Сыбағамыз суымапты біздің де, 
Кірдік бір күн жәрдем бергіш тізімге, 
Бұйырды маған ыңғайлы бір шалбар
Елу бірдің қара суық күзінде. 
Ақ дамбалды ат қып мінген сабаусыз, 
Шалбар кидім тұңғыш рет жамаусыз. 
Мен сияқты шалбар жырын толғаңдар, 
Шалбары жоқ жетім бала болмаңдар... –  Бұл шындық. 
Шәкірт пәк сезіммен жырлап отыр. Бұл әкесі соғыс құрбаны болып, жетім қалған 8  – 
сынып оқушысының зары еді. 
Міне,  ауатком  төрағасы  орынбасары,  аудандық  әлеумет  қамту  бөлімі  басшысы 
Жолмырза Құрманбеков жетімдерге осындай қамқорлық жасады.  Менің сұраған өтінішімді 
қабылдады.  Балалар  киініп,  көңілі  өсті,  шалбар  киді,  көйлек  киді,  аяқ  киім  киді,  сөйтіп 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
6  
    
 
пансионның балаларына үлкен жақсылық істеді.  
Соғыс кезінде ауыр күйзеліс, қиын  жоқшылық болды, сол жоқшылыққа халық шыдап  
тіршілік  етті.  Соғыс  кезіндегі  қиыншылық  Жолмырза  аға  отбасында  айналып  өткен  жоқ. 
Өздері аш құрсақ бола тұра, сол (оқ тимеген) қолымен менің қолымнан  ұстап апарып, үйінен 
талай  рет  тамақтандырды.  Мен  де  көбіне  ашқұрсақ  жүретінмін.  Кейуана  әжем  қара 
сиырының сүтін пісіріп, беретін  - ді. Жетім немересін осылай аштықтан сақтайтын-ды. Өзі 
ішпей,  тек  дәмін  алатын.  Жолмырза  аға  отбасыларымен    талай  рет  табақтас,  дастарқандас 
болдым.  Сонда  дастарқанның  үстінде  артық  ештеме  де  жоқ.  Халықта  қандай,  үйінде  де 
сондай.  Еркін  де  мына  дүниеге  сол  кезде    келді.  Алдында  Сергей  деген  бала  бар,  әже  бар, 
жеңгем Ақмоншақ бар. Біраз адам болатын отбасында. Бұлардың да халықтың тұрмысынан 
үй іші тұрмысының еш артықтығы жоқ,  қарапайым еді. Халыққа деген қамқоры ерекше еді. 
Елуінші    жылдардың  бас  кезінде  Байғанин  ауданында  40  колхоз  болды,  соларды 
ірілендіріп 13 колхоз жасады. «Сол колхоздардың біреуіне артта қалған«Қызыл әскерге» мен 
барамын!»–  деп  Жолмырза  -  аға  өзі  ауаткомға,  аупарткомге  арыз  жазды.  «Қызыл  әскер» 
колхозына барды. Екі жылдың ішінде колхозды миллионер қатарына жеткізді. Колхозшылар 
тұрмысы жақсарып,  қолына ақша алатын болды, еңбек күніне  мал алатын болды,  тұрмыс 
жағдайын  көтерді.  Сол  он  үш  колхоздың  ішінде  алғашқы  рет  Байғанин  ауданында 
миллионер  атанған  Жөкең  басқарған  «Қызыл  әскер»    колхозы  болатын.  Облыстық  атқару 
комитеті  социалистік  жарыстың  жеңімпазы  деп  танып,  бұл  колхозға  «Победа»  машинасын  
сыйға  тартты.Сөйтіп  тұңғыш  рет  Жем  –  Сағыз  аймағында  темір  тұлпар  жасыл  түсті 
«Победа» мінген Құрманбеков Жолмырза  болды.  
Жақсы аға, бір күні ауырып жатыр деген хабар естідік. Ауатком төрағасы, Мамайдаров 
Есіркеп,  Шалқар  ауданындағы  «Қызыл  жұлдыз»  колхозына,  бірінші  орынбасар,  Құттыбаев 
Рысжан  «Қопа»  колхозына  басқармалыққа  сайланып  кеткен.  Орындары  бос,  ешкім 
сайланбаған.  Мен  ауаткомда  екінші  орынбасар  едім.  Үш  кісінің  жұмысын  атқардым,  алты 
айға  дейін.  Жолмырза  -  аға  Қарауылкелдіде  үй  салдырып,  бірақ  үйлерін  бітірмеген  кезде 
ауырып  қалған.  Төсек  тартып  жатыр  екен.  Менің  қасымда  аудандық  партия  комитетінің 
зоналық хатшысы Қонақбергенов Жарылғас  болды. Көңілін   сұрадық.«Аға, жазыласыз ғой, 
дегенмен, айтыңыз бізге нендей тапсырмаларыңыз бар, айтатыныңыз бар ма?» - деп сұрадық.  
-  Сіздер  мені  жазылады  деп  жатырсыздар  ғой,  мен  бұл  аурудан  жазылмаймын,  
дәрігерлердің  әлі  келмейді  -  деді  ағамыз.  Одан  әрі  «Артымда  қалған  төрт-бес  бала,  кәрі 
кейуана бар, қамқорлық керек. Сарыауыз балапандар ғой, ұшар қанаттарына дем берсеңдер 
мен  о  дүниеде  тыныш  ұйықтар  едім.  Ал,  негізгі  сұрайтыным:  О,  Дүниелік  болып  кетсем, 
халыққа мен туралы жылы сөздеріңді айтыңдар,  Халық үшін  жаралған адам едім, (шаршап 
қалды). Отан соғысында болдым, қаза жетпеді, оққа ұшпадым, қолымды оқ жаралады. Бәрін 
көрдім. Соғыстан келгеннен кейін де мына елді бақтым. Соғыстан кейінгі де қиыншылықтар 
соғыстан  да  ауыр  болды.  Төздім.  Халыққа  қызмет  істедім.  Сөйтіп,  баға  берсеңіздер.  Дос 
болдық,  араздаспадық.  Сыйластық.  (көзіне  жас  алды).  Осыған  адалдықпен  қызмет 
істесеңдер,  басқа  айтарым  жоқ  -    деді  аға.  Қандай  керемет  ой.  Қандай  терең  ақыл.  Бізден 
кейін он бес күннен соң бақилық дүниеге аттанып жүре берді. 
Аудандық  партия  комитеті  мен  аудандық  атқару  комитеті  Жолмырза  Құрманбековты 
ақырғы сапарға шығару туралы шешім қабылдады. Мені төраға етіп комиссия құрды. 
Қаралы жиынға барлық колхоз, барлық ауылдық кеңес төрағаларын, бастауыш партия 
ұйым  секретарларын,  аудандық  мекемелер  мен  мектеп  директорларын  шақырдық. 
Қарауылкелді  поселкесінің  халқы  түгелдей,  «Қызыл  әскер»  колхозының  колхозшыларын 
қатыстырдық.  
Жиынды  ашып,  өмірбаянын,  отан  соғысындағы  ерліктерін  және  ауаткомдегі,  «Қызыл 
әскер»  колхозындағы  атқарған  ұланғайыр  еңбектерін  айттым.  Менен  соң  аудандық  партия 
комитетінің бірінші хатшысы Нұрдаубай Абатов, ұзақ сөз сөйледі. Ер еңбегіне лайықты баға 
берді.  Елді  тебіренте  ақ  ниеттен  ойлар  айтты.  Аудандық  мекемелер  басшылары  атынан 
аудандық ауыл шаруашылық бөлімі бастығы Қайырмұхан Әлқуатов, ауыл кеңес төрағалары 
атынан  Құлжан  Жолдин,  колхоз  төрағаларының  атынан  миллионер  Жамбыл  атындағы 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
7  
    
 
колхоз төрағасы Сұлтан Аманғосов, бастауыш партия ұйымы хатшылары атынан Жарқамыс 
МТС  –  ы  бастауыш  ұйымы  хатшысы  Әжібай  Аманжолов,  Қарауылкелді  МТС  –  нің 
директоры  Омар  Төртбаев,  «Қызыл  әскер»  колхозынан  бірнеше  колхозшы  сөйледі.  Кейбір 
колхозшылар  өзінің  туысқанындай,  жас  төкті.  Жолмырза  Құрманбековтың  «Қызыл  әскер» 
колхозы  мүшелеріне  жасаған  қамқорлығын  өзінің  әкесіне  теңеді,  жасаған  жақсылығын 
Атымтай  Жомартқа  балады.  Адам  жатырқамайтынын,  жетім  жесір  көрсе,  оны  Мұхаммед 
пайғамбардай (с.ғ.с) жебейтінін тілдері жеткенше айтып берді. 
Есімде  қалған  кейбір  сөздерімді  осы  орайы  келіп  тұрғанда  еске  түсіргім  келеді. 
Жиналған  қаралы  қауым!  Асыл  азаматты,  қимас  досты  ақырғы  сапарға  шығарып  тұрмыз. 
Байғанин ауданы ауыл шаруашылығы ауыр қазаға ұшырады. Аудандық партия комитетінің 
пленум  мүшесі,  аудандық  советтің  депутаты,  колхоз  басқарма  төрағасы  Құрманбеков 
Жолмырза  дүние  салды.  Ол  елді  жақсы  басқарды.  Адамгершілікті  биік  ұстады.  Адамдарға 
махаббат  сыйлады.  Партия,  халық  алдында  адал  болды.  Міндеттелген  істе  білімдарлық 
танытты. Басқару дегенді елді жөндеу деп түсінді.  
Мен 1944 – 1946 жылдары ауатком секретары болып істедім. Құрманбеков Жолмырза 
екінші орынбасар, Отарбаев Ілияс бірінші орынбасар, төраға Естібаев Ақпағамбет болды. Бір 
атадан  туғандай  тату  болдық.  Адамдарда  бір  –  біріне  тартылу  сезімі  бар.  Ол  тұрақты 
болмайды, өзгеріп тұрады.  
Біздерде  сөзіміз,  тартылу  күшіміз  өзгермеді.  Тұрақты  болды.  Ойлау  қабілеті 
шектелмеді.  Ойлау  шектелсе,  адамның  өмірі  қызғылықты  болмайды.  Аупартком 
басшылығын  да  ел  қамын  ойлады.  Әрқайсысымыздың  атқаруға  тиісті  міндеттеріміз  болды. 
Ойлау  сол  міндеттерді  қалай  жүзеге  асырамыз?  Қандай  стильде  істейміз?  Тәсіл,  әдіс,  амал 
ойлап  табу,  ақырында  ісіміздің  нәтижесі  қандай  болады?  Осы  талаптар  негізінде  жұмыс 
атқардық.  Ауатком  жұмысында  ілгерілеуде,  нәтижеге  жете  алу  да,  сәтсіздік  те,  жайсыздық 
та, кемшілік те, қиыншылық та кездесті. «Өмір сүруге ешкімге зияныңды тигізбе, қолыңнан 
келмесе,  істен  бас  тарт»  негізгі  принцип:  рұқсат,  өмір  сүр,  істе,  ізден,  қимылда,  ойлан, 
нәтиже шығар. Осы қағидаттарды басшылыққа алдық. 
Байғанин  аудандық  атқару  комитетінде  билік  құмарлықтан  келіп  шығатын  ашкөздік, 
қатыгездік болған емес.  
Соғыс  ардагерлері  ойлы  азаматтар  Естібаев,  Құрманбеков  жұмыста  кемеңгерлік 
танытты, жауынгерлік шешімпаздық көрсетті. Бұл екеуін соғыс шыңдаған. 
Ильяс  Отарбаев  -  ақылды,  өзінің  ойын  да  қалауын  да  үнемдеп  ұстайтын,  асықпайтын 
кісі.  Қайырымдылық  жолында  ағыл  –  тегіл  болатын.  Жұмыс  ортақ,  абырой  ортақ,  нәтиже 
ортақ  –  олар  халықтық  болатын.  Елге  жақсылық  жасадық.  Қол  қысқалық.  Қаржы 
тапшылығы.  Талай  ойларды  жүзеге  асыртпады.  Бірақ  Ақаң  да,  Ілекең  де,  Жөкең  де 
мойымады, істің тетігін іздестірді, ойластырды, бірлікте болдық. Бүгін сол топтың ішінде бір 
өзі ерекше көрінетін, жарқын мінезімен баурап, ылғи бусанып, буырқанып, қызыл қырандай 
Зеңгір  көкке  бір  самғап  алатындай  көрінетін  –  кәдімгі  Жолмырза  ағамыздан  біржолата 
айрылып тұрмыз. Аты өшкір ажалға қиғың да келмейді. Қайтып та қиярсың, асыл азаматты. 
Амалсыздан  қош  бол!  –  деген  сөзді  айтқалы  келдік.  Ел  жадында  сақталасың,  аға  атың 
ешқашан өшпек емес. Халық теңселіп кетті. Көз жастарын төкті. Сөйтіп, 1955 жылы  қоңыр 
күзде асыл азамат Жөке – ағамен мәңгі қоштастық, 45 жаста болатын. «Алдың өзіңе қайырлы 
болсын, артың ұрпақтарыңа, жақындарыңа қайырлы болсын!» деген ел тілегі болды.Артында 
шиеттей  бала  қалды.  Ақмоншақ  сүйген  жары,  Байғанинге  келгенде  20  жастағы  келіншек, 
балаларын  жетілдірді.  Еркініміз  мемлекеттік  қызметкер,  азамат,  Беркініміз  ғалым  болды. 
Мәнсия  қызы  күйеуге  шықты,  оның  күйеуі  Жәңгерей  менің  құда  балам,  медицина 
институтында  жұмыс  істеді,  химия  ғылымдарының  кандидаты  болды,  бірақ  қазір  бақи 
дүниеде,  оның  ұрпақтары  өсіп  жатыр.  Еркіннің  де,  Беркіннің  де  ұрпақтары  өсіп  жатыр. 
Жеңгем Ақмоншақ десе Ақмоншақ еді, ақылды, сабырлы, ісіне жайсаң. Еркін, Сергей  Жем 
бойында Жемнің ақ суына шомылып, ақ қайраңына аунап өсті.  Одан кейін Қарауылкелдіге 
кетті.  Майтүбек  деген  жерде  Сергей,  Еркін,  Беркін,  Мәнсия,  Мәдина  өсіп  мектебін  бітірді, 
халық қатарына жетті.  

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
8  
    
 
Беркін  қазіргі Әл-Фараби атындағы Ұлттық мемлекеттік университеттің түлегі. Оқуды 
бітіріп облыстық оқу бөліміне маған келді. Ақмоншақ жеңгей «Ақтөбеде қалдыруға бола ма» 
- деді. Ол кезде Ақтөбеде қазақ мектебі жоққа тән, бір қазақ мектебі бар №6 мектеп. Онда да 
араластырып оқытады. «Айналайын, ауданға бар, мұнда  жұмыс жоқ, қасыңда жайсаң келін 
бар  екен,  Сәуле  деген,  екеуің  де  тарихшысыңдар»  -  дедім.  Сонымен,  сәл  жабырқаңқырап 
қалды.  Қайда  барасың?  -  деп  едім,  Қобдаға  барайын  деді.  Қобдада  нағашы  ағасы  бар  екен. 
Жарқын жүзді, жайдарлы мінезді азамат Шындәулет Алдияров аудандық  прокурор еді. Жас 
мамандарды  жанындай  жақсы  көріп,  нағашы  ағасы  мен  жеңгесі  қамқорлықты  туғызған, 
мәпелеп әкесіндей болған. Беркін  барғаннан кейін бірден  халықпен тіл табысты. Уақыт өте 
келе    аудандық  оқу  бөлімін  басқарды.  Аудандық  партия  комитетінде  бөлім  меңгерушісі 
болып  жұмыс  істеді.  Қобда  ауданы  еңбекшілеріне    рухани  азық  берді.  Бала  оқытқанда  ол 
ұқыпты  болды.  Ауданның  партия  комитеті  жұмысында,  оқу  бөлімінің  жұмысында  да, 
бәрінде де ол көзге түсті. Адал болды. Егер де Беркіннің адами қасиетін мен сұрыптасам, ол 
ерекше  тұлға.  Оған  әкеден,  Жолмырза  ағадан,    дарыған  қасиеттер  өте  көп.  Біріншіден, 
арыстандай  жүректі  болды,  қабыландай  білекті  болды,  бөрідей  күшті  болды,  аюдай  ашулы 
болды,  бұғыдай  ұшқыр  болды,  түлкідей  айлакер  болды,  бурадай  кекшіл  болды,    нардай 
төзімді  болды,  құстай  қырағы  болды.  Әкесінің  осы  қасиеттерін  генетика  заңы  тұқым 
қуалаушылық  жолымен    Беркін  болмысына  түп  –  түгел  берген.  Екіншіден,жалпы  адамның 
ішкі жан дүниесіне үңілуге шебер болды. К.Д. Ушинский  айтқандай, мұғалім баланың ішкі 
жан дүниесін біліп алуы тиіс екенін терең ұққан.Адам бұл өмірден бақилық дүниеге енгенде  
бұл  дүниеде  не  істеді.  Жақсылықтары  халық  үшін  бе,  әлде  жеке  пендешілік  пе?  Қандай 
істерді  тындырды?  Не  жақсылық  жасады?  деген  сауалдар  алдынан  шығады  дейді  құранда. 
Жақсылықтары  пайдасын  тигізеді  деген  хадис  те  бар  екен.  Беркін  бұл  сауалдардан 
сүрінбейтін  болар.  Мүминнің  рухы  денесіне  қайтарылған  соң  екі  періште  келіп,  оны 
отырғызады. Кейін одан: «Раббың кім? – деп сұрағанда, мүмині Раббым – Аллаһ тағала деп 
жауап  береді.  Дінің  қандай?  –  дінім  ислам.  Сендерге  жіберілген  адам  кім?  –  ол  Аллаһтың 
елшісі. Сен не амал істедің? – мен Аллаһ Тағаланың кітабын оқып, оған иман келтірдім, және 
онда айтылғанмен амал еттім.  
Беркіннің жақсылығы-елге білім беру. Құранда ол мадақталады. 
Тазалықтың  тәңірі  -  білім.  Білім  тарататын  педагогика.  Педагогика  саласында  біздің 
өткен тарихымыздағы барлық істерімізді ол қайталады. Әлемдегі екінші ұстаз Әл-Фарабиге 
еліктеген  ұстаз  болды.  Қазақтың  тұңғыш  ғұлама  ғалымы  Ыбырай  Алтынсарин    сияқты 
педагогтың  бірі  болды.  Кемел  адам  тұлғасын  тәрбиелеу    керек  -деген  Абайдың«Әй,  қазақ, 
құрып  кетпейін  дейтін  болсаң  ұрпағыңа  қамқоршы  бол»  -    деген  Мұхтар  Әуезовтың 
өсиеттерін орындады. Яғни оның тұңғыш бітірген шаруасы - педагогтығы. Бұл бір. 
 Екінші    шаруасы  –  тарихи  ілім.  Тарих  деген  терең  құбылыс,  тарихқа  қиянат  жасауға 
болмайды,  тарихты  бұрмалауға  болмайды.Өзі  қысқа  өмірі  ішінде  тарихтың  бір  қатар 
ақтандақтарын    зерттеп,  жөндеген.  Халық  үшін  ісі  -  жазған кітаптары  О,  Дүниеде  алдынан 
шығады екен. Алпысбай Қалменов дейтін қазақтың тамаша адамы патша заманында болған, 
соның  тарихын  қалпына  келтірді.  Темір  қаласының  тарихын  қалпына  келтірді.  Жәңгір  хан 
тарихын  қалпына  келтірді.  Бақытжан  Қаратаевтың  тарихын  қалпына  келтірді.  Ырғыздың 
тарихын бірқатар өңдеп жазды. Міне, сөйтіп көптеген кітаптар жазды. Тарихи тұлға есебінде 
бұл  адамдардың  өмірі  қайта  таразыға  салынды.  Бұрынғы  евроцентристік  көзқарастан 
тазарып,  коммунистік  идеядан  тазарып,  шын  мағынасындағы  тарихта  болған  олардың  
істерін  дәлелдеп толық  жазып беріп кетті. Не деген керемет іс? Әйгілі  шығармасының бірі 
«Нұрлы  жүзді  Нұрпейіс».  Қазақ  халқының  –ұлы  ақиық  ақыны    Нұрпейіс  туралы  жұрт  біле 
бермейтін мағлұматтарды жинақтады. 
Тағы  бір  алдынан  шығатын  жақсылығы  –  қабілетті  перзент  өсіруі.  Ол  адамның 
дүниедегі еккен егіні. Егінің жақсы болса, ол жақсы егіннің тұқымы рия (қара ниет), хұсид 
(күншіл) болмайды. Пифагор айтқан: «Сен өлгенде, перзенттеріңнің көз жасынан сенің көрің 
толып  кететін  болсын».  Міне,  әкесі  о  дүниеге  аттанғанда,    көз  жасын  төккен    перзенттері 
арамызда  жұмыс  істеп  жатыр.  Айгүлі  бар,  Маринасы  бар,  Мәншүгі  бар,  Гүлдариясы  бар, 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
9  
    
 
төртеуі де ағылшын тілінің маманы. Ләйләсі құқық қорғау органында жұмыс істейді, үлкен 
офицер    жоғары  дәрежеде.  Гүлдариясы  мал  шаруашылығымен  айналысатын  адамдарға 
мемлекет  тарапынан  кредит  беремін  дейді.  Мәншүгі  Ақтөбе  мемлекеттік  педагогикалық 
институтында оқытушы, педагогика магистрі. Міне, ұрпақ өсіп жатыр. Ағашты жас күнінен 
түзей  білсең,  түзу  болып  өседі.  Сол  сияқты  ұрпақта  көркем  мінезді  жасынан  әдет  етсе,  ол 
тура жол. Беркіннің балалары сол жолмен жүріп келеді. 
Тағы бір қасиетті нәрсе – Беркіннің  бұл дүниеде досқа адал болғаны отбасымен, сүйген 
жарымен  бірлікте  болғаны,  бірін  –  бірі  қадірлегені  хадисте  еркектің  әйел    алдындағы  алты 
парызы,  әйелдің  еркек  алдындағы  жеті  парызы  бар.  Солар  толығынан  болсын  деген  екен. 
Сәуле  -  сонау    Қызылжарда  туған  ару.Екеуі  университет  бітіргеннен  соң,  алғашқы  рет 
көрдім. Қайтейін, Ақтөбе қаласында ол уақытта қазақ мектебі жоқ. Жұмысқа қалада қалдыра 
алмай,  өзім  де  қиналдым.  Бірақ  Қобдаға  барды,  орын  тапты.  Ақтөбеге  көшіп  келді.  Беркін  
Ақтөбе пединститутына жұмысқа  алынды. Ал, Сәуле  №30 қазақ орта мектебінде   тарихтан 
сабақ  берді.  Тарихты  ол    жаңаша  оқытты.  Бұрынғы  коммунистік  тоталитарлық  жүйемен 
емес, қазақ тарихын таптық тұрғыдан емес, әділет тұрғыдан оқытты. Міне, осындай қос өрен 
қызмет етті. Елге сыйлы еді.  Сәуле екеуі тату болды, бір – біріне сүйкімді де лайық болды. 
Сәуле бұл өмірден бұрын озды.  Аққу қаздай екеуі өмір сүрді. Қазақ тарихында айтылатын 
аңыздар бар. Егер де ана қаз бұрын өлсе, ата қаз өмірде көп тұра алмайды. Сол ата қазымыз 
мынау  Беркін.  Сәуле  туралы  кітап  жазды.  Ол  кітапты  жазу  үстінде  оның  миындағы  бүкіл 
қайғының  салдары оның жүрегіне барып соққы болды. Жүрек оны көтере алмады. Жүректің 
айтқанын  істеген    ми  аварияға  ұшырады.  Ата  қаз  ана  қаздан  айрылғаннан  кейін  қанатын 
жерге ұрып-ұрып,  жан тапсырады екен. Бұл өмір дәл солай болып шықты. Сәуленің жылын 
беріп  жатқанда,  Қ.Жұбанов  атындағы  университеттің  ректоры  К.Кенжебаев  үстел  басына 
әкеліп  отырғызып  қойған  Беркінге  келіп:  «Беркін  еңбек  ақыңды  сақтап  отырмыз,  дәрігерге 
қарал,  жазылып  шық,  сен  алаңдама,  сабақтарың  жүріп  жатыр,  кафедраңда  жұмыс  жүріп 
жатыр.  Алаңдамай,  дұрыстап  емделіп  шық»  -    деді.    Менің  қасымда  отырған,  Беркінге, 
осындай  азаматтық  тілек  айтты  ректор  досы.  Мен  де  күнде,  балаларға  айтам,  «  әкелеріңді  
жақсылап  бағыңдар,  Мәншүкті  күнде  институтта  көрем  ғой.  «Әкеңіздің  жағдайы  қалай? 
Күйзеліп  қалмасын.  Сәуле  кеткеннен  кейін,  оның  артында  сендер  қалдыңдар  мінекей, 
дұрыстап  бағыңдар»  -  деймін.  Балалары  жақсылап  күтті.  Мәпелеп  күтті  перзенттік 
парыздарын  өтеді.  Асқынған  қайғы  Беркіннің  өмірін  қысқартты.  Ауыр  қайғыға  жанашыр 
адамның барлығы қатты қиналды.  
Қ. Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  мемлекеттік  университет  ұжымы,  еңбек  еткен  Қобда 
ауданы,  туған  жері  Байғанин  ауданы  өкілдері  Беркін  Жолмырзаұлын  соңғы  сапарға  биік 
деңгейде  ақ  жуып,  арулап  шығарып  салды.  Мен  де  шын  ниетіммен,  ақ  жүрегіммен  қаралы 
қауым алдына шықтым. Аса қиналыс үстінде Жолмырза әкесі жайлы, Беркіннің өзі туралы, 
анасы  Ақмоншақ  пен  Беркіннің  сүйген  жары  Сәуленің  адал  істері  жайлы  ойларымды 
халыққа айтып бердім. Басқа қолдан келер не бар? Жақсыларды халыққа жария ету қарыз іс 
деп санаймын. 
Беркін де кетті, Сәуле де кетті, Ақмоншақ жеңешемді де, Жолмырза ағамды, әжемді де 
Алла  тағала  бәрін  о,  дүниеге  алып  кетті.  Оның  бер  жағында  Мәнсия  қарындасым  да  көз 
жұмды.  Жатқан  жерлері  жарық  болсын!  Топырақтары  торқа  болсын!  Алла  тағала  екі 
дүниенің  бақытын  берсін,  жандары  жаннаттың  төрінде  болсын,    артында  қалған  туған 
туысқандары, ұрпақтары қызық көрсін! 
70 жылдың ішінде айтылатын істер өте көп,  оқиға көп, оның барлығын  тізіп айту бір 
әңгіме  көлеміне  сыймайды.  Ол  туралы  толық  бір  кітап  жазу  керек.  Байғанин  ауданында 
Жолмырза  Құрманбековтің  жасаған  тарихи  еңбектері  Байғанин  энциклопедиясына  енді. 
Бірақ  ол  қалай  енді,  оған  сараптама  жасағым  келмейді.  Тереңірек,  толығырақ  балалары 
жазуы тиісті. Қатар жұмыс істедік. Мен ауданда атқару комитетінде  қызметте қана болмай, 
Жөке – ағамен тума - ағайын болып кеттік. Туысқан болып кеттік.  
Көңіліме медет тұтарымыз – Құрманбековтер әулетінің басшысы, Беркін балаларының 
«Көке»,  «Көкешім»  -  деп  (оның  төңірегіне  топтасқанын  естігенмін)  Еркіндей  азаматқа 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
10  
    
 
амандық  тілеймін.  Ұзақ  өмір  сүретіндер  –  мейірбанды  жандар,  өзгелерге  жақсылық 
тілейтіндер. Сондай адам – осы Еркін. Бұл қасиет те оған әкеден келген, ана сүтімен келген. 
«Туған  жердің  түтіні  де  тәтті»  -  дегенді  ол  қатты  сақтайды.  Жарқамыс  –  кіндік  қаны 
тамған  жер,  әкесінің  ел  баққан  жері,  әке  –  шешесінің  сол  топырақта  іздері  жатыр. 
Қарауылкелдіде әкесі мәңгі ұйқыда. Жем – Сағыз елі атамекені болмағанмен, туған мекені. 
Сондықтан, сол елдің жақсыларын елге танытуда да Еркін үлкен істерді тындырды, тарихи 
тағылымдарын,  ескерткіштерін  зерттеді,  баспасөзде  жариялады.  Өзі  облыстық  мәдениет 
басқармасын  басқарған  тұста  академик  Сақтаған  Бәйішевтің  есімін  облыстық  әмбебап 
ғылыми кітапханаға, ақын Сағи Жиенбаевтің есімін облыстық жасөспірімдер кітапханасына 
беруге  мұрындық  болды.  Үкімет  те,  облыстық  деректі  орындар  да  Еркіннің  ұсыныстарын 
қолдады, олардың есімдерін мәңгілік атап жүруге шешім қабылдады. Бұл үлкен елжандылық 
істері болатын. Бұл да әке аруағына адалдық кепілі деп санаймын. 
Байғанин ауданына бір барған сапарында ақын Нұрпейіс Байғаниннің мыстан құйылған 
бюсті  көмір  сарайында  көміліп  жатқан  үстінен  Еркін  шығады.  Ойланып  қалады.  Кім 
дайындатқан?  Кім  әкеліп  көмір  арасына  тұншықтырған?  Оны  тұғырға  отырғызып,  елге 
көрсетуге  неге  болмайды?  Осы  сұрақтармен  ауданның  деректі  орындауына  ой  салады. 
Сөйтіп, Еркіннің арқасында қазақ поэзиясы алыптарының бірі Нұрпейіс  ескерткіші «Жарық 
дүниеге» шығып, орталық парктен аудан орталығы – Қарауылкелдіде өз орнын табады. Бұл 
Еркіннің ерекше бір іскерлік әдеті ғой. Ескерткіш те көркем өнердің құндылықтарының бірі 
екенін ол жете түсінеді. Бұл да кәсіби кемелдіктің белгісі – ау деп ойлаймын. Басқалар неге 
көрмеген?  Еркінді  кім  айдап  көмір  қораға  апарған?  1940  жылы  осы  аймаққа  Жем  –  Сағыз 
аймағына  есімін  берген  ұлы  жыраудың,  данагөй  ақынның  әруағы  Еркінге  аян  берген  –  ау! 
Әй, Еркін – жан, сен өнер иесісінің бірі емессің бе, мен қашанғы көмір қорада тұншығамын, 
бір жәрдем етсеңіз екен – деген ғой әруақ деп ойлаймын кейіннен. Не де болса, төбесінен нұр 
жауғыр Еркінжанға Нұрпейіс Байғанинді өз тұғырына мәңгілік отыруға септігін тигізгеніне 
ризашылық айтамын! Ол менің – ақсақалдық парызым деп білемін. 
Адамға  бір  нәрсе  ұнамай  қалса,  бір  –  бірінің  арасында  қайшылық  түсетіні  жиі 
кездесетін  құбылыс.  Еркіннің  ұнамды  қасиеті  мұндайда  қарсылықты,  өшпенділікті 
туғызатындай  терең  әсер  етпейді.  Ол  өзін  ой  мен  бақылаудан  тыс  қалдырмайды.  Еркін 
жасынан  адам  тәрбиесімен  айналысты.  Адамдарға  рухани  азық  беретін  республикалық, 
облыстық  комсомол  ұйымдарында  істеді,  ысылды,  тәжірибе  жинақтады.  Мәдениет 
саласында көп жылдардан бері тер төгіп келеді.  
Тарихта  адамдардың  болашаққа  көзқарасына  біреулер  теріс  ықпал  етіп  ашу-ызасын 
тудырады.  Мәселен,  облыстық  музейді  басқарған  кезде  оны  халықаралық  «Қазақ  тілі» 
қоғамының  облыстық  алқа  мүшесінен  шығарды.  Мен  бұл  қалай?  Музей  тіл  үшін  ештеме 
істеуге  тиісті  емес  пе?  Бұл  сұраққа  «төрағасымақ»  жауап  бере  алмады.  Өйткені  ол  қате 
әрекет еді.  
Біреуге  ренжу,  ұрысып  қалу,  арыз  жазу,  сотқа  беру  –  болатын  нәрселер.  Еркін  ұзақ 
жылдарғы  жұмысында  мұндайға  бармады.  Мұндайда  қаншалықты  шыншыл  болса, 
соншалықты  жақсы  ғой  деген  ұстанымы  бар.  Өркөкірек  адам  шыншыл  болмайды,  бола 
алмайды,  шақар  өшпенді,  тырысқақ  және  өкпешіл  болып  келеді.  Әкеден  дарыған 
өркөкіректікке  салынбау,  уайымшыл  болмау,  қандай  қасіретте  де  жабырқай  бермеу  –
Еркіннің  бойында бар. Басынан қаншама қайғы  – қасіретті өткізіп отырса да ол азаматтық 
қалпынан айрылмады. Бұл қасиеттерін Ана қайғысы, інісі Беркін қазасы, қарындасы Мәнсия 
өлімі  кезінде  байқадым.  Ұстамдылық,  төзімділік,  сарыуайымға  салынбаушылық  –  оның 
тұлғалық  болмысын  биікке  көтеріп  тұрды.  Рухани  биіктік  –  ең  үлкен  бақыт,  адамды  адам 
етіп  тұратын  сол.  Аса  жақсы  көретін  ағамның  Жөкеңнің,  (Жолмырза)  соғыс  кезінде 
қолымнан    ұстап  іске  үйреткен,  барын  бөліп  ішуге  үйреткен,  үлкен  істе  жауапкершілікке 
үйреткен  ұстаздарымның    бірі  Құрманбеков  Жолмырзаның  өзіндей  де,  көзіндей  де  көретін 
інім  Еркін Жолмырзаұлына,  отбасына,  туған  туыстарына,  ұрпақтарына  үлкен  адами  Бақыт, 
рухани Бақыт, Есендік, Амандық, ұзақ Ғұмыр тілеймін. Өлгендерге иман байлығын, тірілерге 
Есендік тілеймін. 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
11  
    
 
 
 
Орта ғасырдағы ұлы дана  Жүсіп Баласағұни былай деген екен: 
 
Алды бәрін,  өмірге  Өлім тоя ма, 
Ей, құлқы пәк, сені алмай қоя ма?! 
Ашып көрші, қара жердің қабатын, 
Жатыр не ерлер, қайғы қиған қанатын! 
 
Сол айтқандай-ақ,  аталған қайғы-қасіреттер артында қалған адамдарды шомылдырды.  
Енді  олай  болмасын,  аман  болыңдар.  Бұдан  былай  Құрманбековтер  әулетін  Алла  тағала 
қорғай жүргей. Алла жар болғай! 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет