Адал азамат



Pdf көрінісі
бет8/30
Дата01.01.2017
өлшемі4,55 Mb.
#905
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
66  
    
 
ЖАЙРАҢДАҒАН  ЖАЙСАҢ ЖАНДАР ЕДІ 
 
Балнияз - Зия, Махамбет - Бағила 
Беркін мен Сәулемен Қобдада комсомол, партия 
 органдарында жұмыстас болған замандастары 
 
«Қырық күн үлкен жүрек тоқтағалы, 
Біз оны көп айтармыз жоқтап әлі» деп ұлы ақын жырлағандай Сәуле мен Беркіннің 
бұл дүниеден озғанына да біршама күндер өтіп барады. 
Беркін  мен  Сәулені  өткен  шақпен  айту  біз  үшін  өте  қиын.  Жанымызда  жүргенде, 
дүниенің  жалғандығын  байқамаймыз.  Біздерді  жастық  шақта  табыстырған  Қобда  топырағы 
болатын. 
Беркін  мен  Сәуле  Қазақ  мемлекеттік  университет  түлектері  осы  ауданның  білім  беру 
саласына құлшына араласып кетті. Беркін келбетімен де, мінезімен де өзгеше еді. Білімі мен 
білігі  де  ерекше  болатын.  Осы  қасиеттері  ескеріліп  ол  көп  ұзамай  аудандық  білім  беру 
бөліміне,  ал  жылдар  өте  аудандық  партия  комитетіне  жауапты  қызметтерге  көтерілді.Ол 
шығармашылықпен айналысып,осы ауданның белгісіз батырлары, тарихи оқиғалары туралы 
деректі  және  құнды  еңбектер  жазды.  Мәселен,  «Даңқ»  орденінің  толық  иегері  Кошелевтің 
Қобда топырағында дүниеге келгенін, оның туыстары мен майдангер жолдастарын тауып, өз 
еңбегіне арқау етті. 
Беркін  сонымен  қатар  қайшылыққа  толы  өмір  кешкен  ұлт  қайраткері  Исламғали 
Құрманов туралы да тың деректер жазды. Қобда ауданы 70  – 80 жылдары, сайып келгенде, 
орыс  ауданы  болып  саналатын.  Аудандық  партия  комитетінің  аппаратында  90%  өзге  ұлт 
өкілдері  қызмет  атқаратын.  Беркін  өзі  қазақы  Байғанин  ауданының  түлегі  бола  тұра  орыс 
тілін  терең  меңгеріп,  сол  кездегі  аупарткомның  1-ші  хатшысы  Иван  Константинович 
Луценкоден  үнемі  оң  баға  алатын.  Бұл  оның  бірінші  кезекте  еңбекқорлығының, 
адалдығының  нәтижесі  болатын.  Ауыз  толтырып  айтылатын  тағы  бір  ерекшелігі  оның  өте 
салмақтылығы болатын. Қарапайымдылығы, қазақшылығы мен бауырмашылығы өз алдына. 
«Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген, ол Сәуле екеуі аналары Ақмоншақты (Бошай) 
аялап,  бағып  қолдарынан  о  дүниеге  арулап  шығарып  салса,  олардың  қыздары  да  уақыты 
келгенде  ата  –  анасына  дәл  осындай  сый  –  құрмет  жасап,  қазақи  мінездер  танытты. 
Алматыда  жүргенінде  Беркін  Сәуле  сынды  арумен  жұптасты,  отау  құрды.  Сәуле 
халқымыздың  тамаша  дәстүрін,  қазақ  қыздарына  ғана  тән  әдет  –  ғұрыптарын  өмір  бойы 
ұстай  алды.  Беркінге  жан  серік  ғана  емес,  нағыз  демеуші,  жәрдемші  болды.  Өкінішке  орай 
Сәуле өмірден ертелеу өтті. Бұл жағдай жалындап тұрған жайсаң отбасына жазылмас жара 
әкелді. Балаларына әсіресе Беркінге өте ауыр тиді. Көп уақыт өтпей Беркінде бақиға аттанып 
кетті.  Өмірден  ерте  өтіп  кеткен  қимас  достарымыздың  үлгілі  отбасын  құрған,  қыздарын 
өсіріп, оларды азамат етіп тәрбиелегені, әрине бәрімізге өнеге. Беркін мен Сәуленің жарқын 
бейнесі әрдайым жадымызда. 
Шырақтарың сөнбесін, асыл достарымыз! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
67  
    
 
ПУТИ ИСТОРИКА….. 
 
Абраменко  Наталья  Владимировна 
Зав. отделом  Автоматизации Актюбинской   
областной универсальной научной  
библиотеки им. С. Баишева 
 
В жизни встречаешься со многими людьми. Однако не все остаются в памяти, кто-то 
просто  проходит  мимо,  не  оставив  о  себе  даже  воспоминаний.  Я  не  могу  такого  сказать  о 
Беркине Жолмурзиновиче Курманбекове. 
Общаться с ним приходилось на мероприятиях, которые проводила наша библиотека. Я 
всегда  поражалась  тому  терпению  и  вниманию,  с  которым  он  слушает  выступающих  на 
мероприятиях,  его  доброжелательности,  которая  сквозила  в  каждом  его  взгляде.  Подкупал 
его  искренний  интерес  к  происходящему  на  вечерах-встречах  и  его  открытости  и 
отзывчивости к коллегам. 
Мне симпатичны  те люди, которые стараются быть специалистами в своей отрасли, и 
которые  стремятся    вникнуть  в  суть  проблемы  и  не  быть  поверхностными  дилетантами. 
Таким был Беркин Жолмурзинович. 
Дотошность  и  скрупулезность,  с  которыми  он  подходил  к  освящению  вопросов 
истории,  тот  титанический  труд,  который  он  затрачивал  на  исследование  истории 
Актюбинской  области,  у  меня  всегда  вызывал  огромное  уважение  к  этому  человеку.  Ведь 
исследования  истории  нашей  области  никогда  не  носило  комплексный  и  упорядоченный 
характер.  Беркин  Жолмурзинович  одним  из  первых  стал  активно  собирать  и  освящать 
материал по такому огромному пласту истории нашей области, как история ярмарок в 18- 20 
веках. Эта тема настолько обширна, что работы в ней хватило бы на не одну ученую статью 
и  исследование.  Однако  Беркин  Жолмурзинович  последовательно  и  как  можно  полнее 
старался  исследовать  эту  тему  и,  что  самое  главное,  донести    свои  материалы  до  людей, 
своих  земляков.  Некоторые  его  работы  вызывали  откровенные  споры  с  коллегами  (он  об 
этом  рассказывал),  шли  дискуссии  о  правильности  или  недостоверности  излагаемых  им 
фактов, так в данном процессе рождалась истина.  
Беркин Жолмурзинович как истинный подвижник, краевед – исследователь не оставлял 
без  внимания  те  достижения,  которые  вносили  наши  земляки  в  развитие  актюбинской 
области  -  самое  главное  -  он  писал  и  рассказывал,  даже  о  самых  мало-мальских  событиях, 
которые  оставили  свой  след  в  истории  нашего  края.  Именно  так  поступают  настоящие 
исследователи, которые не проходят мимо того или иного события, оставляя тем самым след 
в истории изучения и познания. 
Что я могу сказать о Беркине Жолмурзиновиче как о человеке, которого мы старались 
всегда  приглашать,  на проводимые  нашей  библиотекой  мероприятии?  Только  одно  -  с  ним 
было очень легко работать. Он всегда приходил подготовленным и сам предлагал раскрыть 
тот или иной момент в мероприятии наиболее верно, с его точки зрения. Всегда он был прав, 
хотя  никогда  не  старался  навязать  свое  мнение.  Он  мог  слушать.  Он  был  постоянным 
читателем  и  настоящим  другом  нашей  библиотеки  и  билиотекарей.  В  нашей  большой 
библиотеке собраны и хранятся все книги Беркина Жолмурзиновича ими часто пользуются 
студенты, краеведы, ученые.  
Искренне  подкупали  его  взаимоотношения  с  женой,  которая  всегда  была  его  верной 
спутницей.  Такое  уважение  и  заботу  нельзя  сыграть,  это  видно  и  всегда  вызывало  даже 
некоторую зависть, что люди смогла сберечь такие чувства и пронести их сквозь, наверняка, 
не очень легкую жизнь. 
Беркин  Жолмурзинович  по  праву  считается  одним  из  выдающихся  актюбинских 
историков  -  исследователей,  внесших  неоценимый  вклад  в  сохранение  краеведческого 
наследия.Светлая  память  о  Беркине  Жолмурзиновиче  навсегда  сохранится  в  сердцах 
соотечественников, поклонников его творческого наследия. 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
68  
    
 
ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ  
 
Досова  Рысты  
 Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану  
музейінің бөлім меңгерушісі.  
ҚР Мәдениет қайраткері 
 
Тарихшы  -  ғалым  Беркін  Жолмырзаұлы  Құрманбеков  өзінің  ғылыми  еңбектерінде, 
зерттеу,  ізденіс  жұмыстарының  барысында  Ақтөбе  өңірінің  әр  кезеңдегі  тарихына,  тарихи 
оқиғаларына  және  белгілі  тұлғаларына  ерекше  назар  аударып  отырды.  Сондықтан  Ақтөбе 
облыстық тарихи-өлкетану музейімен үлкен байланыстары болды.                                               
Зерттеу  жұмыстарының  басты  өзегі  болған  1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтерілісінің 
Ақтөбе  өңіріндегі  бас  көтерулері  мен  толқуларына  арналған  ізденіс  мақалалары  осы 
қозғалыстың  75  жылдығына  арналып,  1991  жылы  жазда  жергілікті  газеттерде 
басылды.Облыстық  мемлекеттік  архив  қорларындағы  осы  көтерілістің  дереккөздері  туралы 
мәліметтерді  кейін  өзі  музейге  әкеліп  тапсырды.  2006  жылы  1916  жылғы  көтерілістің  90 
жылдығына  орай  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция  өткізуді,  онда  белгілі 
ғалымдардың  келіп  қатысып,  баяндама  жасауын  белсене  ұйымдастырды.  Конференцияның 
ғылыми  жинағына  облыстық  музейдің  «Дауылды,  дабылды  1916  жыл  музей 
экспозициясында» тақырыбы енді. 
Қобда ауданында қызмет атқарған жылдары осы өңірде болған айтулы оқиға - Исатай 
Тайманұлы  мен  Махамбет  Өтемісұлы  бастаған  көтерілістің  соңғы  шайқасы  туралы 
мәліметтерді  негізге  алып,  арнайы  мақаланы  Исатай  Тайманұлының  200  жылдығы 
қарсаңында көпшіліктің назарына ұсынды. 
Облыстық музей өткізген көптеген шараларға, кездесулерге міндетті түрде уақыт тауып 
келетін. Келелі мәселелерді қозғап, өзіндік пікірлері мен ұсыныстарын айтып тұратын. 2005 
жылы  өткен  сондай  бас  косудың  бірінде  Беркін  Жолмырзаұлы:  «Облыстық  музейдің 
қызметкері Р.Досова Бақытжан Қаратаев туралы газетке жазып, оны оқып,ол жеке басыма ой 
салды. Музейдің қызметкері Б.Қаратаев туралы жазғанда неге айтылмай, жазылмай жатқан I 
Мемлекеттік  Думаның  депутаты,  Темір  өңірінің  тумасы  Алпысбай  Қалменов  туралы  неге 
жазбасқа?»  -  деген  еді.  2006  жылы  белгілі  ғалым,  академик  Өмірзақ  Озғанбаймен  бірігіп, 
«Қайраткер  Алпысбай  Қалменов»  атты  кітапты  шығарды.  Архив  деректері  негізінде 
Алпысбай  Қалменовтің  өмірі  мен  атқарған  қызметін  және  сол  дәуірді  жан-жақты  баяндап, 
ұмыт болған белгілі тарихи тұлғаны көпшілікпен қайта қауыштырды. «Қайраткер Алпысбай 
Қалменов» кітабы қазір облыстық музейдің экспозициясында. Кітаптың тұсаукесері де үлкен 
шараға айналып, облыстық музей қызметкерлері белсене қатысты. 
Тарихи  тұлғаларды  таныту  бағытындағы  зерттеу,  ізденіс  жұмыстарын  жалғастырып, 
академик Ө.Озғанбаймен бірігіп, «Қайраткер Қаратаев» кітабын жазып, өкінішке орай кітап 
Беркін Жолмырзаұлы өмірден озғаннан кейін жарық көрді. Қос автордың бірігіп жазған екі 
кітабы да талай ұрпақтың кәдесіне жарайды деп есептейміз. 
Беркін Жолмырзаұлы соңғы жылдарда Ақтөбе өңіріндегі сауданың дамуы мәселелеріне 
ден  қойды.  Ойыл,  Темір  (Қарақамыс)  жәрмеңкелерінің,  әр  жылдардағы  өткізілген 
жәрмеңкелерде  сатылған  тауарлар  туралы  статистикалық  мәліметтер  қатар  беріліп,  әсіресе 
жәрмеңкелер  өнер  адамдарының  ортасы  болғандығын  жазды.  Жәрмеңке  өтіп  жатқан  Ойыл 
бекінісінің,  Темір  қаласының  даму  тарихына  да  көңіл  бөледі.  Жәрмеңкелердің  тарихына 
қатысты  біздің  музейдің  қорында  жинақталған  материалдар  әсіресе  фотоматериалдармен 
кеңінен танысып, жұмыс істеді. 
Соңғы  рет  ол  2011  жылы  20  сәуірде  облыстық  музей  1836-38ж.ж.  ұлт-азаттық 
көтерілісінің көсемі, батыр, қолбасшы Исатай Тайманұлының 220 жылдығына арнап өткізген 
«Ердің сойы-Исатай» тарихи-танымдық шарасына келіп, қатысып, сөз сөйлеген болатын.                                                                                                                                                   
Ғалым  Беркін  Жолмырзаұлының   есімі   артына  қалдырған   ғылыми   еңбектері   мен  
кітаптары арқылы тарихта қалды.                                                                                                     

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
69  
    
 
«ЫРҒЫЗДЫҢ  ҚИЛЫ ТАРИХЫ» АТТЫ КІТАПҚА ПІКІР 
 
Тұрабаев Е. 
өлкетанушы 
Беркін ініміздің  2008 жылғы айналымға түсірген  
«Батыс Қазақстанда сауданың дамуы» - атты  
архивтік деректер негізіндегі зерттеу еңбегінде  
оқыдым. Өзін – өзі тануға таптырмайтын құрал. 
 
Ғұмыр  дегеніміз  -  ғалам  кеңістігі  мен  шексіздік  арасындағы  жылт  етіп  жанып  сөнген 
ұшқын секілді. Қас-қағым мезет. Қазақ жарық дүниенің арасы есікпен төрдей дейді. Жарық 
дүниеден өтпейтін пенде жоқ. Ендеше,сол өткен ата- бабаларымыздың белгісізін түгендеуге 
шама-шарқымыз  жетпесе  де,  ең  болмаса  белгілі  болып  ізі  қалғандарды  жадымызға 
алсақ,олардың рухтары да бір биіктей түсер еді-ау. 
Осы тұрғыда Ырғыз елінің өткен дәуірінің шашырама мәліметтерін жүйелеп баяндаған 
2010  жылғы  жарыққа  шыққан  «Ырғыз  энциклопедиясы»,тарихшылар  С. Оразымбетов 
(«Ырғыз»),  Қ .Еламанов  («Шежірелі  өңір»),  А.В. Сотниковтардың  («Проблемы  водных 
ресурсов Иргизского района») шығармаларымен таныс болдық. 
Жаңадан  осыларды  толықтырған  құнды  шығармалардың  бірі  болып  қатарға  қосылған 
тарихшы  Беркін  Құрманбековтің  «Ырғыздың  қилы  тарихы»-атты  тарихи  зерттеме  кітабы 
Тарихнама  баяндалуы  кіріспеден  Ырғыз  бекінісінің  салынуынан  бастап,  тың  игеру  кезеңі 
аралықтарындағы  112  жыл  көлеміндегі  Ырғыз  өңірінің  дәуір  көшіндегі  тарихи,  саяси, 
экономикалық  дамуы  жөніндегі  нақты деректермен  статистикалық мәліметтерді  алдымызға 
жайып  салуымен  ерекшеленеді.  Шығарманы  ұзақ  жылдарғы  ізденістің,өз  ісіне  деген 
еңбекқорлықтың түйінді нәтижесі деуге әбден болады. 
Кітап ұрпақ танымына үлес қосары  мол  болғандықтан, әрбір  саналы адамның төрінде 
тұруға  лайық.  Тіптен,  Ырғыз  өңірі  мектептерінде  жас  ұрпақтың  дүние-танымын  арттыру 
мақсатында қосымша оқу құралы есебінде қолданысқа енгізуге де болатын шығарма. 
Тарихшы  Беркінге  тілеріміз,  ізденісіңізге  сәттілік  айтып,  абыройыңыз  биіктеп, 
шығармашылық шабытыңыз арта берсін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
70  
    
 
ЖАНЫ ЖАЙСАҢ ЖАН ЕДІ... 
 
Айтанов Қанат 
Қазақ – Қытай біріккен «Ұлы Қабырға»  
ЖШС – нің аға инженері, бұрғылау мастері  
 
Беркін  ағамен  жакынырақ  танысқаныма  да  біраз  уақыт.  Ол  кезде  мен  Ресей 
Федерациясының  Орынбор  қаласындағы  Ауыл  шаруашылығы  институтында  оқитынмын. 
Қасымдағы  студенттік  өмірдің  қара  суын  бөліп  ішіп,  қара  нанын  бөле  жеген  досым  Сайд 
Ләйлә  екеуі  шаңырақ  көтерді.  Осы  тойдың  барысында  талай  адамдармен  таныстық. 
Солардың  бірі,  өзіміздің  Ләйләнің  әкесі  Беркін  аға  еді.  Сырласа  келе  Қ.Жұбанов  атындағы 
Ақтөбе  мемлекеттік  университетінің  саяси  әлеуметтік  пәндер  кафедрасының  меңгерушісі, 
тарих ғылымдарының кандидаты Беркін Құрманбеков ұзақ жылдар бойына Қобда аудандық 
жергілікті  өкілді  және  атқарушы  органдарда  қалтқысыз  еңбек  еткендігін,  өмірден  көргені 
мен естігені көп, түйгені мол абзал азамат екендігін ұқтым. 
Досымның  қайын  атасы  менің  әкемді,  сол  кездегі  Темір  қаласының  әкімі  Марат 
Айтановты  да  жақсы  біледі  екен.  Сөйтіп  таныстығымыз  одан  әрі  нығая  түсті.  Араласып 
тұрдық.  Тарихшы  ағамыздың  елдің  өткені  мен  келешегіне  көз  сүзіп,  қызықты,  танымдық 
дүниелер жинап жүретін жақсы қасиеті маған да көп ой салды. Оның ізденістеріне лайықты 
әңгімелерді  құлағымыз  шалса  немесе  оған  негіз  қалайтын  адамдарды  ұшырастырсақ, 
ағамызға  жолығуға  немесе  жолықтыруға  асықтық.  Сондай  бір  кездесудің  сәті  түсіп, 
Алматыдан  Зарлық  деген  шежіре  атамыз  келіп  қалды.  Әкем  ауылдан  телефон  шалып, 
екеуінің  бастарын  кос  дегендей  кеңес  берді.  Мен  үйде  ет  астырып,  ақ  дастарқан  жайдым. 
Ағамыздың  қолы  босай  қоймаса  да  уақыт  тауып,  отауымызға  ат  басын  тіреді.  Сол  күнгі 
әңгіменің  нәтижесі  іспетті,  біздің  демеушілік  жасауымыздың  нәтижесінде  «Дума  депутаты 
Алпысбай  Қалменов»  деген  кітапша  жарық  көрді.  Ол  мың  дана  тиражбен  таратылды.  Бір 
күндері кітап Қазақстанның алғашқы сенаторларының бірі, Маңғыстау облысының кұрметті 
азаматы, Алпысбай Қалменовтің немересі Өмірзақ Озғанбайдың қолына тиеді. Қолына кітап 
тиген бойда Озғанбай ағамыз авторды іздестірді. Содан кейін екеуінің ортақ ізденістері басқа 
да  дүниелердің  өмірге  келуіне  түрткі  болды.  Алпысбай  Қалменов  туралы  жан-жақты 
жазылған кітаптан бөлек «Қайраткер Қаратаев» деген кітап та өз оқырмандарымен қауышты. 
Ғалымның  әккі  көзі  әкемнің  тарапынан  Темір  қаласында  жүргізіліп  жатқан  іс-
шараларға  түсіп  жүр  екен.  Қала  көшелерінің  біріне  республикаға  белгілі  ғалым,  тарих 
ғылымдарының докторы, жерлесіміз Әбу Тәкеновтің атын бергендігін естігенде, ескі мешітті 
жаңғыртып, кәдеге жаратқанымызда да қуанышын жасыра алмай ағынан жарылған еді. 
Ұстаз ағамыз әкем Марат Айтанов қайтыс болғанда да қасымыздан табылып, қолынан 
келгенше жәрдем беріп, еске алу кештерінде, садақаларында ел алдына шығып, жылы-жылы, 
аталы, салиқалы сөздерімен көңілімізге нұр құйған еді. 
«Адам тағдырын тәрбие шешеді, ал тәрбие құралы - сөз» демекші, сөзі арқылы, тарихи 
зерттеулері  арқылы,  адамдармен  қарым-қатынасы  арқылы  елінің  ертеңі  -  жас  ұрпақты 
тәрбиелеу  ісіне  өзіңдік  үлес  қосқан  Беркін  Құрманбеков  сияқты  ағалардың  өмірі  жастарға 
әманда үлгі, өнеге. Өйткені олар бойындағы ізгі, жақсы қасиеттерін өзінің ортасына дарыту, 
тарату  арқылы  артында  үлкен  қазына  тастап  кетеді.  Ал  сол  қазынаға  баға  беру,  ағаның 
еңбегін лайықты бағалау өскелең ұрпақтың саналығы мен өресінің дәрежесіне байланысты. 
Мен де Беркін ағадан көп нәрсе үйрендім, көптеген игі істерге себепші болдым. Ағамен 
таныс болғаныма қуаныштымын. 
Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Ол көре алмай кеткен қызықтарына, жете 
алмай кеткен армандарына оның ұрпағы жетсін! 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
71  
    
 
ПОМНЮ И ЧТУ БЕРКИНА ЖОЛМУРЗИНОВИЧА 
 
Дубров Михаил Григорьевич 
Бывший заведующий  организационным 
отделом Хобдинского райкома партии  
 
Я Курманбекова Беркина Жолмурзиновича знаю со времени его приезда в Хобдинский 
район  и  началом  работы  в  Ново-Алексеевской  казахской  средней  школе.  Благодаря  его 
активности,  умению  общаться  с  людьми,  он  быстро  стал  продвигаться  по  служебной 
лестнице. Беркина Жолмурзиновича заметили как грамотного, умеющего работать с людьми 
и предложили работать в Хобдинском районном  отделе образования. 
Зарекомендовав  себя  способным  и  знающим  специалистом,  он  был  заметен  иему 
предложили  вступить  в  ряды  Коммунистической  партии  Советского  Союза.  Затем  по 
истечении  определенного  времени  Беркин  Жолмурзинович  входил  в  тесный  контакт  не 
только  с  педагогическими  коллективами  района,  но  молодежными  организациями.  Он 
хорошо изучил и знал обстановку в районе, тесно работал  с молодыми людьми, особенно в 
калхозах и совхозах района, в трудовых коллективах районного центра. 
Был  избран  членом  бюро  Хобдинского  райкома  комсомола,  где  принимал  активное 
участие в воспитательной работе молодежи и школьников. 
Районный  комитет  Компартии  Казахстана  постоянно  изучал  кадры  района,  он  был 
включен  в  его  резерв,  а  затем  рекомендован  для  работы  в  аппарате  Хобдинского  райкома 
партии    на  различные  должности.  Длительное  время  он  возглавлял    в  ту  бытность  отдел 
пропаганды и агитации. Я и Беркин Жолмурзинович в одни и те же годы работали в аппарате 
Хобдинского райкома партии, заведовали отделами. За время работы заведующим отдела он 
зарекомендовал  себя  очень  грамотным,  деловым,  политически  знающим  и  владеющим 
обстановкой  не  только  в  районе,  но  во  всей  стране,  умеющим  очень  квалифицировано  и 
доступно  донести  до  каждого  человека  идеи  и  мысли  политики  того  времени.  Он  умело 
организовывал мероприятия, часто писал статьи в районную газету, внимательно относился 
к приему и просьбам простых людей. 
Беркин  Жолмурзинович  снискал  большое  уважение  и  неоспоримый  авторитет  среди 
населения и руководящих работников, отличался активной  гражданской позицией. 
Беркин Жолмурзинович неоднократно избирался членом Хобдинского райкома партии, 
депутатом Хобдинского районного совета  народных депутатов. 
Беркин Жолмурзинович постоянно работал над собой, повышал свой образовательный 
уровень  знаний,  что  способствовало  положительной  работе  при  подготовке  документов  и  
докладов, постановлений, решений партийных конференций и других мероприятий.  
Вся это работа положительно сказалось на том, что он сумел и в дальнейшем достичь 
такого  уровня,  как  работника  высшего  учебного    заведения  нашей  области  –  считаться 
ученым  человеком,  он  сумел  тем  самым  заслужить  почет   и  уважение  не  только  среди  нас 
сельчан, но на уровне ученых светил, любовь среди сотрудников. 
Я,  лично,  очень  уважал  и  гордился  его  успехами.  Беркин  для  меня  был  и  останется 
замечательным  человеком  с  большой  буквы.  С  ним  можно  было  пообщаться,  поделиться 
впечетлениями на любую тему. Одним словом – классный человек. 
Беркин Жолмурзинович был и останется примером большого  уважения не только для 
своих детей, но и для всех нас, кто знал его. Мы гордимся им, его заслугами, достижениями. 
 
С  уважением  и  пониманием,  помню  и  чту  Беркина  Жолмурзиновича  -  его  бывший 
соратник Дубров Михаил Григорьевич. 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
72  
    
 
ЕҢБЕКТЕРІ ДЕРЕКТІ ЕКЕН 
 
Бораш Баян  
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе  
мемлекеттік университетінің 
қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры 
филология ғылымдарының докторы 
 
Құрметті жамағат! 
Беркінді мен екі жағынан білетін едім. Алдыменен 70 жылдардың аяғы, 80 жылдардың 
ортасына  дейін  партия  қызметі  бойынша  таныс  болдық.  Беркін  Қобдада  үгіт  –  насихат 
бөлімінің меңгерушісі болып жақсы жұмыс жасады. Қобда ауданы Ақтөбе облысының үлкен 
ауданы. Халқының құрамы әртүрлі. Шаруашылығы әр салалы. Осындай жағдайда идеология 
жұмысын  ұйымдастыруға  мықты  қабілет,    мол  дайындық  қажет  болса  Беркін  сол  талап 
деңгейінен  шыға  білді.  Оны  қызмет  бабымен  Қобдаға  іс  –  сапарға  барғанымда  жұмысты 
белсене құлшынып, біліктілікпен істейтінін көргенмін. 
Үйінен  Сәуле  келіннің  қолынан  шай  ішіп  едік.  Ал  екінші  жағынан,  ол  соңғы  он  бес 
жылдықта Құдайберген Жұбанов атындағы Университетте қызмет жасады. Әріптес болдық. 
Университетте кездесіп жүрдік. Ол ғылыми ұстаздық жұмысты тез игеріп оқытушылар мен 
студенттер  арасында  танымал,  абыройлы  болды.  Сонымен  қатар  Беркіннің  ағасы  Еркінмен 
біз  он  шақты  жыл  саяси  партия  қызметінде  бірге  болғанбыз.  Соңғы  кезде  бұл  отбасында 
ауыр  жағдайлар  болды.  Мейрамханада  Беркіннің  садақасын  берейін  деп  жатырғанда,  мен           
1 – 2 күн бұрын қызмет бабымен Астанаға баратын болып қатынаса алмай қалдым. Артынан 
өзім,  келіп  «Айнам,  ренжіме!»  осындай  жағдай  болды  деп  түсіндірдім.  «Ғалымның  хаты 
өлмейді» - дейді ғой, Беркін ғылыми жолда үлкенбелсенділік көрсетті, көп жұмыстар істеді. 
Өлкетарихынан  кітаптар  шығарды.  Көптеген  ғылыми  мақалалар  жазды,  тарихи 
тақырыптарға,  қоғам  жұмысына  белсене  қатынасты,  университет  өмірі  тынысының  дәл 
ортасында  болды.  Әсіресе  маған  ұнағаны,  Алпысбай  Қалменов  туралы  жазған  еңбегі,  өте 
тартымды,  көптеген  мазмұнды  деректер  бар.  Бірде  өзімнің  жерлесім,  ағамның  үйінде 
отырғанымда олар кездесу кезінде А.Қалменов, Беркін Жолмырзаұлы туралы әңгіме қылды. 
Содан  кітапты  сұрап  алып,  үйге  әкеліп  оқыдым.  Сонан  соң,  Беркіннің  көрмеге  қойылған 
жұмыстарын қарадым, өнімді, тартымды деректер қалдырған екен. Енді сөзімді қысқартып: 
Айнам, Еркін! Отбасыларыңда өте қиын жағдай болып тұр, «інісін айлы түнге қиюдың  өзі 
қиын», дегенмен, берік боларсың, арты жақсы болсын. Беркіннің артындағы отбасы, қалған 
жеткіншектері жақсы азамат болсын деп тілеймін. Осы Беркіннің артындағы ұрпақтарының 
талай қызығына қатысайық, соған жазсын! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет