Адам аралық Қатынастар психолопіясы



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата11.01.2023
өлшемі95,4 Kb.
#61002
  1   2   3   4   5


Кіріспе.
Адам аралық қатынас дегентміз - қарапайым да күрделі проблема.
Күңделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес.
Адам арасындағы қатынастардың түрі келесідей: жеке және
қызыметтік, дара және тонтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-
қарсылықты және дау-дамайлы. Жеке қатынастар екі адам арасындағы
сүйіспеншілік пен жек көрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен
күдіктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр
жеке адамның қоғамдағы орыны мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала
өз ата-анасын сыйлауы да, жеккөруі де мүмкін; өз қызметін ойдағыдай
атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен сүйіспешнілік танытса,
екіншісін көргісі келмейді.
Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері
арасында олардың сол топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.
Егер арі қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сиптатыңда
қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке
сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса,
топтық қатынастар деп аталады.
Тең құқықты қатынастар - қатынас мүшелерінің құқықтары мен
міндеттері теңгерілген жерде, ал тоуелді қатынастар құқықтары мен
міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.
Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өзара терең сыйластық
жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.
Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің
келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты қатынастар бой
тіктейді.
Адамдардың бір-біріне деген өшпенділіті болған жерде дау-дамайлы
жанжалды қатынастар өрбиді.
Адамдар арасындағы, тіпті кейде бір тұлғаның да бойынан көрінетін
адамдық қатынастар түрі міне осындай. Бұл қатынастардың бәрі өмірде


адамдардың бір-біріне беретін бағалары мен мінездемелерінде, әр адамның
басқаға бағытталған іс-әрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен -
сезімінде көрініс береді.
Тұрақты да келелі қатынастар жүйесі қалыптаспаған ортада адамның
өрелі өмір сүруі өте қиын, себебі әр-бір жеке адамның да, топ пен ұжымның
да қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды. Балалық шақта
орныққан адам аралық қатынастарға орай адам азаматтық қасиеттерін
тіктейді. Ересектердің төңірегіндегілермен қатынасынан сол ортаның көңіл-
күйі айқындалып, алға қойылған мұрат-мақсаттардың сәтті орындалуы не
кедергіге ұшырауы мүмкін.
Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз
құбылыс - бұл остракизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбір адамдардың
көпшілік арасында сиымсыздығынан, ұжымдық қатынастан шеткерілеп
қалуы. Мұндай адамдар көпшіліктің жек көрушілігіне тап болып, назардан
тыс қалады, еленбейді. Осыдан өзі қатарларынан оң қатынас таба алмай,
ақырында адамгершілік қасиеттерінен айырылып, қауымдық өмір
тіршілігінен айрылғандар да кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет