Адам игілігіне арналған көшбасшылық қызмет



Дата06.01.2022
өлшемі261,37 Kb.
#16504

Адам игілігіне арналған көшбасшылық қызмет

Жоспар

  • Дәйексөз
  • Бейнероликен жұмыс
  • Көшбасшылыққа 5 қадам
  • Үй тапсырмасы

Дәйексөз

  • Жұмысты шектен шығып ынтамен істесең, басшының сенімін жоғалтасың. Егер достықта шектен шығып ақкөңіл болсан, досыңның сенімін жоғалтасын.
  • Конфуций

  • Берілген дәйексөздіді оқып, дәптеріңізге жазыңыз. Дәйексөзді қалай түсіндіңіз?

Бейнероликпен жұмыс

  • https://www.youtube.com/watch?v=ht-K_zn5qMU
  • Бейнероликтен сіз лидер мен көшбасшының айырмашылығын байқадыңыз. Сіз қалай ойлайсыз лидер болған дұрыс па әлде басшы ма?
  • Жауабыңызды дәптерге жазып алыңыз

Көшбасшылыққа 5 қадам 1-ші қадам

  • Көшбасшылық – көпке берілмейтін сирек дарын. Адамдардың көпшілігі көшбасшы болып туылу керек деп есептейді. Бұл олай емес. Не десе де көшбасшы болып туылу міндетті емес, бара-бара үйренуге болады. Жақсы ұйымдастырушы болу талабы бар адамдардың саны біз ойлағандағыдан анағұрлым көп. Басқа да дағдылар сияқты көшбашылық та көп уақытты, жаттығуларды қатемен жұмыс істеуді талап етеді. Адамдарды көшбасшы ететін басты қасиет – өзгелерге қамқор бола білу. Бұл бірегей қасиет еместігімен келісесіз ғой. Екінші қасиет – мақсаттылық, миссияны сезіну. Көшбасшы бір мақсатты көздейді және қалай қарай жүру керек екендігін нұсқайды. Өзгелер оның артынан ере ме, әлде оны аңди ма, міне ендігі мәселе осында...

2-ші қадам

Көшбасшыда міндетті түрде харизма болу керек. Ия, көптеген көшбасшыларда харизма қасиеті бар, яғни ерекше бір жеке қасиеттер мен беделге ие. Алайда дұрыстап зерттеп келгенде, сәтті басшылардың көпшшілігі ондай еместігі анықталады. Дүниежүзіне белгілі тұлғалардың көбісінің өзіндік кемшіліктері мен проблемалары бар екен. Сізді харизмалық және тартымды қылатын сіздің ісіңіз бен миссияңыз. Керісінше емес, дәл осылай. Әрине харизмалық көшбасшы нәтиже алу үшін азырақ ресурс жұмсайды. Бірақ басқарудың әкімшілік жүйесі де жақсы нәтижелер әкеледі, әсіресе техникалық өндірістерде. Екінші жағынан, басқарудың харизматикалық жүйесі анағұрлым нәзік келеді, өйткені оның төрінде бір тұлға тұрады. Бұл тұлғаға бірдеңе бола қалса, барлық жүйе құлдырайды

3-ші қадам

Тиімді басқару бақылауға, күштеуге және манипуляцияларға негізделеді. Бірақ... ең тиімді басқару жеке мысалға, жандандыра білуге, сыйлайстыққа және тез шешім қабылдай білуге негізделеді. Көшбасшылық өткеннен гөрі болашаққа жұмыс жасайды. «Көшбасшы дегеніміз – өзіңіз баруға жүрексінетін жаққа оның артынан еріп кететіндей адам». Көшбасшының негізгі қызметтері – Құтқар және Сақта, Тамақтандыр және Қорға, Дауды шеш және Бағытта (А. Калабин). Және де бұлар адамның негізгі сезімдеріне негізделеді: өзін-өзі сақтау және тірі қалу. Адамдар көшбасшының соңынан оның көзқарасы мен мақсатын бөлісіп, сонымен келісетіндіктен ереді... Жақсы көшбасшы адамдардың бұрыңғыдан да жақсаруына көмектеседі. Ол қызметкерлерді жұмыс жасауға еліктіретіндей, оларды ұстап тұратындай жұмыс атмосферасын жасайды.

4-ші қадам

  • Көшбасшы – жоғары лауазымды, атақты адам болуы керек. Нағыз көшбасшылық лауазымға қарамайды. Оның негізінде – қызмет, тиімділік және мүмкіндіктер. Көпшілігіміз көшбасшы роліне бір адамды қолдан тағайындап, ал бұл адамдарды моральсыздандырып, кәсіпке зор нұқсан келтіргенінің куәсі болдық. Ең жақсы компаниялар қаншалықты мүмкін болса, сонша көшбасшыны айқындап, оларды дамытуға тырысады. Яғни, мысалға сүйенген табиғи басқаруды жүзеге асырады. Олар көшбасшыны тағайындамайды.  Олар көшбасшылардың өздерінің жоғарыға өрмелеуіне мүмкіндік береді. Адамдар өздері сыйлайтын, өзіне үлгі тұтатын, оған еліктеп жіне одан бір нәрсе үйрене алатын адамға қарай тартылады.

5-ші қадам

  • Жақсы көшбасшылар басқа адамдарға қарағанда білімнің жоғарғы дәрежесіне ие. Дипломдардың саны мен сапасының және көшбасшылық қасиеттердің дәрежесі арасында ешқандай да байланыс жоқ. Адамдарды басқару ісіне келгенде ең жақсы мұғалім – тек тәжірибе, ең жақсы қозғалтқыш күш – ерік. Формалды білім нан табуыңызға мүмкіндік береді. Өзін-өзі шыңдау Сізге ақша әкеледі, ал ерік – билік береді деген сөз бар. Бизнестің ең атақты гурулары мен саясаткерлердің кейбірі тіпті университетті де бітірмегендігі белгілі. Олар «бизнес-метептерде жоқ әлемнің керемет моделдерін құрады» деп есептеген (П. Друкер). Оқу – ол ережелерді зерттеу. Тәжірибе – ерекшеліктерді зерттеу. Ұлы көшбасшылар өз ережелерін орнатады.

Тапсырма

  • Осы 5 қадамды конспектілеп жазып, ойыңызда сақтап алыңыз.
  • Сіздің тарапыңыздар тағы қандай қадам қосар едіңіз?

Үй тапсырмасы

Көп қасиеттерді фильмдер мен сериалдар ашып көрсете алады. Мысалға соның бірі “Того” атты фильм. Нағыз көшбасшылық қасиетті ашып көрсетті деп ойлаймын. Және де сіздерге көруге кеңес беремін.

Сіздерде өзіңізге ұнаған көшбасшылық қасиетті, басшылық қасиетті ашып көрсеткен фильмді ұсынып, сипаттама жазыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет