Адамгершілік ережелері және құқық ережелері. Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және бұлжымас императиві (И. Кант). Адамгершіліктің бастауларын түсінудің негізгі тәсілдері



Дата31.03.2022
өлшемі18,92 Kb.
#29370

Адамгершілік ережелері және құқық ережелері. Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және бұлжымас императиві (И.Кант). Адамгершіліктің бастауларын түсінудің негізгі тәсілдері. Утилитаризм және деонтологиялық теориялар (парыз теориялары). Пайдалылық пен принциптер. Құндылықтық сана табиғаты.
Құндылық ұғымы. Адамгершілік ережелері және құқық ережелері. Негізгі этикалық категориялар (парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік). С.Аверинцевтің редакторлығымен шыққан философиялық энциклопедиялық сөздікте құндылық - ол шынайылықтағы белгілі бір құбылыстардың адамдық, әлеуметтік, мәдени маңызын көрсететін термин. Адам әрекетінің барлық тұрғысындағы заттай құндылық болып, жақсылық пен жамандық, ақиқат пен жалған, әділдік пен әділетсіздік деп бағаланады. Ал бағалау үрдісін жүргізетін өлшемдер қоғамдық санада бекіп, ол «субъективті құндылыққа» айналып, адам әрекетінің бағыттаушысы болады.

Мәдениетанушы Н.Крылованың анықтауы бойынша «құндылық-ол идеалға жеткізетін және эталон туралы түсінік беретін кез келген мәдениеттің реттеуші компоненті. Олар сол мәдениетке сай материалды немесе идеалды түрде немесе нормалар, мәндер түрінде өмірде кезігеді. Олар адам үшін позитивті маңызы бар сипаттамалар.

Философ Д.А. Леонтьев құндылық ұғымын түсіндіруде екі бағыт бар екенін көрсетеді. Олар: біріншіден, құндылықты атрибут ретінде түсіну, екіншіден, бір объект немесе зат оның құндылығы жоғары деген пікір білдіреді. Екінші бағыт құндылық – ол объектіге немесе затқа (кең мағынада) қатысты тұрғыдан түсіндіріліп, субъект үшін нақты маңызы қаншалықты немесе оның қоршаған ортасының қажеттіліктерін өтеуші немесе абстрактілі мәндер деген пікір білдіреді.

Құндылық ұғымы адамгершілік ұғымымен бірге қарастырылады. Адамгершілік мәселесін философияда мораль қарастырады. Мораль (лат. moralis-әдет-ғұрып) – адамдардың өзара және қоғаммен қатынастарын, өздерін ұстауын реттеп отыратын қоғамдық сананың формасы. Мораль адам қоғамының пайда болуымен бірге қалыптасты. Қоғам әрқашан өз мүшесіне белгілі талаптар қояды. Ол талаптар әрқашан мораль нормаларынан көрінеді.

Мораль немесе адамгершілік туралы ілімді әдеп (этика) дейді. Ол моральдық нормалардың шығу тегін, мәнін және қолданылу тетіктерін зерттейді, оларды түсіндіреді, адамның қылығын адамгершілік талаптар тұрғысынан бағалау өлшемдерін анықтап береді.

Қоғамдық өмірде және тұрмыста адамдар арасындағы қатынастар ғасырлар бойы қалыптасқан моральдық нормалар арқылы реттеліп келеді. Моралдық нормалар адамдардың бір-біріне және қоғамға қатынасын білдіруімен бірге олардың адамгершілік сезімін, арын, намысын, ұжданын айқындайды, адамның әрекетін ретке салады. Адамгершілік — әдептің негізгі мәселесі. Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұлағатты азамат болып шығу.

Моральдың негізгі атқаратын функциясы – адам мен адам және адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу, осыны өзгелерге үлгі етіп, келесі ұрпаққа тәжірибе қылып жеткізу. Моральдың қоғамдағы атқаратын қызметі: реттеушілік, танымдық және тәрбиелік қызметтер.

Қоғам дамуы барысында адамгершлік ережелері мен құқықтық ережелер қалыптасқан. Адамгершілік ережелердің құқықтан мәнді айырмашылығы мынада: мораль – жазылмаған қағидалардың жиынтығы, сондықтан ол қоғамдық пікірмен реттеледі. Ал құқықтық ережелер мемлекеттегі жазылып, қабылданған заңдылықтар жүйесін құрайды, сондықтан ол мемлекеттің ықпалымен, билік органдарының араласуымен жүзеге асырылады.

Құқық мемлекеттің шығуымен бірге қалыптасты, онда қоғам мүшелерінің өздерін ұстау ережелері қарастырылып, қоғамдық өмір тәртібі орнатылды, оны бұзғандарға жаза тағайындалды. Қоғам мүшелері мемлекетті нығайту үшін, құқықтық құжаттарда бекітілген міндеттері бар (салық төлеу, Отан қорғау, заңды құрметтеу, табиғатты қорғау және т.б.). Құқықтың міндеті – тәртіпті бекіту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамассыз ету, ал мемлекеттің міндеті – осы құқықтар мен бостандықтарды қорғау.

Құқық моральдан кейін қалыптасқан. Құқық – нақты тұжырымдалады және оны қолданудың реттіліктері айқын көрсетіледі. Сонымен қоса, құқық және адамгершілік нормалары өзара тығыз байланысты. Көптеген адамгершілік нормалары құқықтық актілерге негіз болған.

Адамзат дамуы барысында адамгершлік ұғымдары негізгі ұғымдарға, яғни этикалық категорияларғ жинақтала бастады. Негізгі этикалық категорияларға мыналар жатады: парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік.

Парыз - әлеуметтік стаус талап ететін адамның адамгершілік міндеттерін білдіретін этикалық категория.

Игілік – ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым; адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер.

Мән- дүниедегі объектілер мен процестердің қажетті жақтарын, танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категориялар.

Қажеттіліктер - жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін объективті түрде керек нәрсеге мүқтаждық; белсенді әрекеттің ішкі қозғаушысы. Қажеттіліктер субъект пен оның қызметінің өзара байланысын көрсетеді, әуестіктен, мүдделерден, мақсаттардан және мінез-құлықтан көрініс табады.

Ар-ұят – қоршаған ортаның адамның құқықтарын мойындауы, оның еркіндігін, әрекеттерінің моральдық құндылығын түсінуі, құрметтеуі.

Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар өз әрекетінің объективті жағдайларын қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және салыстырмалы еркіндікке ие.
2 Құндылық ұғымы. Адамгершілік ережелері және құқық ережелері. Негізгі этикалық категориялар (парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік). С.Аверинцевтің редакторлығымен шыққан философиялық энциклопедиялық сөздікте құндылық - ол шынайылықтағы белгілі бір құбылыстардың адамдық, әлеуметтік, мәдени маңызын көрсететін термин. Адам әрекетінің барлық тұрғысындағы заттай құндылық болып, жақсылық пен жамандық, ақиқат пен жалған, әділдік пен әділетсіздік деп бағаланады. Ал бағалау үрдісін жүргізетін өлшемдер қоғамдық санада бекіп, ол «субъективті құндылыққа» айналып, адам әрекетінің бағыттаушысы болады.

Мәдениетанушы Н.Крылованың анықтауы бойынша «құндылық-ол идеалға жеткізетін және эталон туралы түсінік беретін кез келген мәдениеттің реттеуші компоненті. Олар сол мәдениетке сай материалды немесе идеалды түрде немесе нормалар, мәндер түрінде өмірде кезігеді. Олар адам үшін позитивті маңызы бар сипаттамалар.

Философ Д.А. Леонтьев құндылық ұғымын түсіндіруде екі бағыт бар екенін көрсетеді. Олар: біріншіден, құндылықты атрибут ретінде түсіну, екіншіден, бір объект немесе зат оның құндылығы жоғары деген пікір білдіреді. Екінші бағыт құндылық – ол объектіге немесе затқа (кең мағынада) қатысты тұрғыдан түсіндіріліп, субъект үшін нақты маңызы қаншалықты немесе оның қоршаған ортасының қажеттіліктерін өтеуші немесе абстрактілі мәндер деген пікір білдіреді.

Құндылық ұғымы адамгершілік ұғымымен бірге қарастырылады. Адамгершілік мәселесін философияда мораль қарастырады. Мораль (лат. moralis-әдет-ғұрып) – адамдардың өзара және қоғаммен қатынастарын, өздерін ұстауын реттеп отыратын қоғамдық сананың формасы. Мораль адам қоғамының пайда болуымен бірге қалыптасты. Қоғам әрқашан өз мүшесіне белгілі талаптар қояды. Ол талаптар әрқашан мораль нормаларынан көрінеді.

Мораль немесе адамгершілік туралы ілімді әдеп (этика) дейді. Ол моральдық нормалардың шығу тегін, мәнін және қолданылу тетіктерін зерттейді, оларды түсіндіреді, адамның қылығын адамгершілік талаптар тұрғысынан бағалау өлшемдерін анықтап береді.

Қоғамдық өмірде және тұрмыста адамдар арасындағы қатынастар ғасырлар бойы қалыптасқан моральдық нормалар арқылы реттеліп келеді. Моралдық нормалар адамдардың бір-біріне және қоғамға қатынасын білдіруімен бірге олардың адамгершілік сезімін, арын, намысын, ұжданын айқындайды, адамның әрекетін ретке салады. Адамгершілік — әдептің негізгі мәселесі. Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұлағатты азамат болып шығу.

Моральдың негізгі атқаратын функциясы – адам мен адам және адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу, осыны өзгелерге үлгі етіп, келесі ұрпаққа тәжірибе қылып жеткізу. Моральдың қоғамдағы атқаратын қызметі: реттеушілік, танымдық және тәрбиелік қызметтер.

Қоғам дамуы барысында адамгершлік ережелері мен құқықтық ережелер қалыптасқан. Адамгершілік ережелердің құқықтан мәнді айырмашылығы мынада: мораль – жазылмаған қағидалардың жиынтығы, сондықтан ол қоғамдық пікірмен реттеледі. Ал құқықтық ережелер мемлекеттегі жазылып, қабылданған заңдылықтар жүйесін құрайды, сондықтан ол мемлекеттің ықпалымен, билік органдарының араласуымен жүзеге асырылады.

Құқық мемлекеттің шығуымен бірге қалыптасты, онда қоғам мүшелерінің өздерін ұстау ережелері қарастырылып, қоғамдық өмір тәртібі орнатылды, оны бұзғандарға жаза тағайындалды. Қоғам мүшелері мемлекетті нығайту үшін, құқықтық құжаттарда бекітілген міндеттері бар (салық төлеу, Отан қорғау, заңды құрметтеу, табиғатты қорғау және т.б.). Құқықтың міндеті – тәртіпті бекіту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамассыз ету, ал мемлекеттің міндеті – осы құқықтар мен бостандықтарды қорғау.

Құқық моральдан кейін қалыптасқан. Құқық – нақты тұжырымдалады және оны қолданудың реттіліктері айқын көрсетіледі. Сонымен қоса, құқық және адамгершілік нормалары өзара тығыз байланысты. Көптеген адамгершілік нормалары құқықтық актілерге негіз болған.

Адамзат дамуы барысында адамгершлік ұғымдары негізгі ұғымдарға, яғни этикалық категорияларғ жинақтала бастады. Негізгі этикалық категорияларға мыналар жатады: парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік.

Парыз - әлеуметтік стаус талап ететін адамның адамгершілік міндеттерін білдіретін этикалық категория.

Игілік – ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым; адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер.

Мән- дүниедегі объектілер мен процестердің қажетті жақтарын, танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категориялар.

Қажеттіліктер - жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін объективті түрде керек нәрсеге мүқтаждық; белсенді әрекеттің ішкі қозғаушысы. Қажеттіліктер субъект пен оның қызметінің өзара байланысын көрсетеді, әуестіктен, мүдделерден, мақсаттардан және мінез-құлықтан көрініс табады.

Ар-ұят – қоршаған ортаның адамның құқықтарын мойындауы, оның еркіндігін, әрекеттерінің моральдық құндылығын түсінуі, құрметтеуі.

Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар өз әрекетінің объективті жағдайларын қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және салыстырмалы еркіндікке ие.

3 Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және бұлжымас императиві (И.Кант). Конфуций (б.з.б.551-479 жж.) - ілім мен философияға, қытай, корей және жапон өмірі мен тұрысы, ойлау ғұрыпына терең ықпал еткен, әйгілі қытай ақылманы және әлеуметтік философы. Конфуций адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жень), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді.

Конфуцийді ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік доктринасын моральдік максимумдарға – биік мораль, лайықты, дұрыс тәртіп, этикет эталондарына (ли) негіздеді. Конфуций мүлтіксіз, жетілген адам (цзюнь-цзы) тұжырымдамасын жасады. Мұндай адамның асылдығы, Конфуций бойынша, шыққан тегіне емес, алған тәрбиесіне байланысты болмақ. Өте оңды, тамаша адам өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде қалыптасады. Ойшыл ретінде Конфуций мұндай кісіні адамшыл (жень), әділ, адал, ақжүрек болу керек деп есептейді. Ол әрқашан білім ала беруге ұмтылып тұруға тиіс.

Конфуций адамдар арасындағы (отбасында, қоғамда, мемлекетте) мүлтіксіз қарым-қатынас заңын мынандай қанатты сөзбен тұжырымдаған: “Өзіңе тілемейтініңді басқаға жасама”,- дейді. Бертінгі ұрпақ адамгершіліктің алтын ережесі ретінде дәріптейтін осынау Конфуций іліміндегі тұжырымдама ілгерілі-кейінгі ойшылдар пайымдауында адам мінез-құлқы мен тәртібінің іргетасы іспетте қолданылуда.

Жалпы алғанда, Конфуций ізбасарларына қатаң әлеуметтік жіктелу идеясын, сондай-ақ, қоғам мүшелері міндеттерін отбасындағы қызмет бөлу тәрізді иерархиялық бөлініске салуды жақтау идеясын қорғау тән. Мемлекет – халық игілігін қамтамасыз ету және қажет тәртіпті орнату құралы. Солай бола тұра, мемлекет бәрін қамтитын және баршаға ортақ, бәрі орындауға міндетті, бірақ бет-бейнесіз заңға да, тиран-билеушінің озбырлығына да сүйенбеу керек, керісінше, мемлекет – билеуші мен оның көмекшілерінің даналығына, ізгілік-мейірімділігіне арқа сүйеуге тиіс. Конфуцийдің саяси доктринасына әр заманда әрдайым мұқият көңіл бөлініп отырды. Конфуций мен оның ізбасарларының ілімінде бейнеленген идеялар осы күнге дейін Қытай саяси мәдениетінің аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Иммануил Кант (1724-1804) – неміс философиясының негізін қалаушы. Ой еңбегіне арналған өмірін өзі дүниеге келген Кенисберг (қазіргі Калининград) қаласында өткізген. Кенисберг университетінің дін факультетіне оқуға түсіп, діни пәндермен қатар философия, физика. математика пәндерінен лекцияларға қатысқан.

Кант: «Сен еркін де ақылды болуға тиістісің» деп жария еткенімен, абсолюттік еркіндік түбінде жақсылыққа апармайтынын түсінді, сондықтан да бұлжымайтын императивті енгізді. Шектеусіз, абсолюттік еркіндіктің іс жүзінде аморальдылыққа ұшыратынының дәлелін тарихтан да, қазіргі өмірден де көруге болады. Гегельдің өзі абсолюттік еркіндікті құбыжық нәрсемен теңеуі тегін емес. Бұлжымайтын императив Канттың императивтерінің мазмұнын дұрыс жеткізу үшін «бұлжымайтын императив» ұғымын қолданып, оны парыз ұғымы ретінде түсіндіреді.

Сонымен бірге, ол адам өмірінің мәні тек өзінің алдындағы ғана емес, басқа адамдардың, жалпы қоғам алдындағы парызын орындау деп түсінеді. Бұлжымайтын императивтің бірінші қағидасы: «Өзіңдегі де, басқалардағы да ақылды және еркін жігерді мақсатқа жету құралы емес, сол мақсаттың өзі деп таны». Бұл қағидадан ұлы гуманист Канттың адам мен қоғам туралы демократиялық ойларын көреміз. Тұлға белгілі бір құқықтарта, еркіндікке ие, қоғамның саналы мүшесі, өз өмірінің, өз тағдырының кожайыны, оған ешкім де, ешқандай қоғамдық-саяси ұйымдар да өз көзқарасын таңа алмайды.

Канттың осы қағидасы жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуте де пайдасын тигізеді. Әрбір адам түбінде ең қатал сот - өзінің ар-ұятының алдында жауап беретінін ұмытпағаны жөн, Ал Канттың қағидасын ұстанып, басқа адамдармен мейлінше кіршіксіз қарым-қатынас орнатуға тырысқан адамның ары таза.



4 Адамгершіліктің бастауларын түсінудің негізгі тәсілдері. Пайда және принциптілік арақатынасы. Құндылық және сана табиғаты. Адамгершілік – адамға тән гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", ізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары. Адамгершілік принциптері әлеуметтік-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, зұлымдыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілерінің қалыптасуына ерекше әсер еткен мынадай факторлар бар: жыныстық қатынастарды реттеу, қандастарын өлтіруге тыйым салу, әлсіздерге қамқорлық ету, еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі және адамдар арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы. Адамгершілік құндылықтар-дың қалыптасуы үшін жүйелік және тұлғалық мүшелердің ара салмағын дұрыс айқындаудың маңызы зор. Жеке адамды әлеуметтік қатынастардың жемісі деп қарастыру адамды бағаламауға әкеп соғады.

Адамгершілік бастауларын түсіндірудің ежелгі дәуірден бастау алады. Адамгершіліктің классикалық теориялары жоғары құндылықтарды бекіту ретінде қарастырылады. Ол грек ойшылдары Платон және Сократтың этикалық құндылықтарында және Аристотель этикасында қарастырылған. Сондай-ақ Эпикурдың гедонистикалық этика құндылықтарында жалғасады.

Адамгершілік мәселелері утилитаризм және деонтология бағытында да қарастырылған. Утилитаризм - (лат.utilitas - пайда) өнегелі іс-әрекеттің пайдалығының мойындайтын буржуазиялық этикалық теория. Утилитаризмнің негізін қалаған және негізгі принциптерін анықтаған И.Бентам болды. Ол адамдарға олардың жеке мүдделерін қанағаттандыра отырып, "көп адамға үлкен бақыт сыйлау" қағидасын ұстанды. "Пайда принципін" таным теориясына ойыстыру прагматизмнің пайда болуына ықпал етті.

Принциптер өмірді қауіпсіз етеді, жақсы, нақты дәлелденген принциптер өмірді табысты етеді, бірақ ешқандай принциптілік (қағидаттар) адамды бақытты ете алмайды. Принциптілік қаншалықты көбірек болса, мақсат та соғұрлым күшті, ал еркіндік аз және жеке тұлғалық пен даралық та соғұрлым аз болады.



Утилитаризмнің жақтастары пайда адамның өмірлік жолының негізін құрайды деп, ал прагматизмнің жақтастары жеке пайда табу үшін барлық қаражат жақсы деп санайды. Пайда туралы ойлар, «қалай өмір сүруге» болады деген сұраққа әкеп тірейді? Осылайша, пайда – адамның өмір жолын анықтайтын ұғым.

Нақтыласақ, пайда – оң моральдық категория болып табылады. Пайда жақсылық категориясына сәйкес келеді, оның басты назарында – адам өзінің өмірлік, мәдени, кәсіби деңгейін арттыру үшін дамытуға ұмтылатын құндылықтар. Бұл адам өміріне өзінің болашағы үшін тыныштықтың оң сәтін, белгілі бір материалдық игіліктерді, моральдық қанағаттануды әкеледі және бәрінің шыңы, рахат немесе бақыт күйі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет