Адамның өмір тәжірибесінде қабылдағаны басынан кешкен ой-сезімі, әрекеті ізсіз жоғалып кетпейді, баста сақталады, кейін қайта жаңғыртылады



Дата11.12.2022
өлшемі18,04 Kb.
#56425

Адамның өмір тәжірибесінде қабылдағаны басынан кешкен ой-сезімі, әрекеті ізсіз жоғалып кетпейді, баста сақталады, кейін қайта жаңғыртылады. Бұрын қабылдаған зат, құбылыс образдарын өз көңіл-күйлерін ойда сақтап,қайта жаңғыртатын психикалық процесті ес дейді. Бұрыңғы уақытша жүйке байланыстары қызмет істесе, адамның есінде қалғаны қайта жаңғырады, санасына қайтадан келеді. Естің бұл күйін қайта жаңғырту дейміз. Адам көптен көрмеген танысын көргенде болған жері есіне түседі. Қабылдаған нәрсемен кездеспей-ақ қайта жаңғыртуды еске түсіру деп айтады.
Қайта жаңғырту процесінде тану мен еске түсірудің қызметі бірін-бірі толықтырып отырады.Мысалы бұрын оқыған кітабымыз болса, оны танимыз. Қабылдаған нәрсенің есте қалғаны – естің материалы, есте сақталып, қайта жаңғыртылғаны – естің мазмұны, Адам есінің негізгі мазмұны – сөзбен айтылатын материал. Адам басқа кісінің ойы бастан кешкен сезімдері, әрекеттері сөз арқылы қайта жаңғыртылады.
Есте қалдыру процесінде, әдетте, бір заттың немесе құбылыстың екінші бір заттармен немесе құбылыстармен байланысы жасалады. Мәселен, біздің жаңа танысқан адамымыздың атын есте сақтау үшін, біз белгілі бір атты ол адаммен, оның сыртқы келбетімен және басқа ерекшеліктерімен байланыстырамыз. Белгілі бір тарихи фактіні меңгере отырып, біз оны тарихтың басқа уақиғаларымен байланыстырамыз. Оны белгілі бір кезеңге жатқызамыз. Шетел сөзін, мысалы das Haus деген сөзді есте сақтау үшін, бұл сөзді ‘’үй’’ деген ұғыммен байланыстырамыз.Сөйтіп есте сақтау дегеніміз – жаңаны адамның санасында бұрыннан бар бір нәрсемен байланыстару.
Есте қалдыру қайта жаңғырту процесінде тану – естің процестері.Есте қалдыру процесі адамның өмір тәжерибесін байытады. Қайта жаңғырту процесінде тану,еске түсіру бастан кешкенді кейінгі өмірде пайдалануға мүмкіндік береді. Нәрселер мен көріністер бір кеңістік байланысты, бір уақытта болса, ұқсастық қатынасты, біріне-бірі қарама-қарсы сипатта болса, қарама-қарсылықты дейміз. Есте қалдыру мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі-уақытша байланыстар. Олар психологияда ассоциация деп аталады. Есте қалайша ұстайтыны, қандай жеңілдікпен еске түсіріп, бейімділігіне, әдетіне, нені қажетті бағалы деп қадірлейтініне байланысты.

Адам егер мидың толық мүмкіндігін пайдаланған болса, онда ол 100 000 энциклопедиялық мақала, 3 университет материалын және 6 шет тілін жетік меңгере алады. Бұл өте жақсы көрсеткіш, алайда адамдар барлық мүмкіншілікті бірдей пайдалана бермейді. Егер сіз өзіңіздің есте сақтау қабілетіңізді күшейткіңіз келсе, төменгі кеңестерге жүгінулеріңізге болады. 




  1. Жазу

2008 жылы Киото университетінде жүргізілген зерттеулер адамның оқу алдынан 15-20 минут бұрын өмірде өткен-кеткендерін еске түсіріп, мұңлы сәттерді қағаз бетіне жазғанда адамның оқуға деген икемділігінің артқандығын байқаған. Мұның себебі адам табиғатынан қайғылы, қорқынышты оқиғаларды тез және ұзақ уақытқа дейін есіне алып жүреді. Адам миы инерция бойынша жаман нәрселерді есте мықтап бекітеді. Сонымен қатар ақпаратты бірнеше рет көшіру арқылы да жақсы сақтай аласыз.
2.Орныңызды өзгертіңіз
Мәлесен, егер сізге екі пәннен емтиханға дайындалу қажет болса, онда екеуін екі түрлі жерде отырып дайындалған жөн. Бір жерде қақиып оқыған малұматтар көбіне мида үлкен қиындықпен сақталады.
3. Дауыстап оқу
Мәтінді дауыстап оқығанда сөздер 10%-ға жақсы есте қалады. Бұл дәлелденген жүйе. Сөздерді бірнеше рет қайталап, дауыс ырғағымен дәл түсіп әр сөзді түсінікті қылып оқу керек. Мұның тағы бір себебі көзбен көрген затты құлақпен ести отырып, қабылдануы. Осылаша бірден екі сезім мүшесі қатар жұмыс істейді.

4. Бейнелеу


Меңгеруге өте қиын тілдердің сөздерін ым, ишарат жасап жаттау керек. Мысалы, егер сізге "жүгір" деген сөзді жаттау қажет болса, онда жүгіріңіз. Бұл әдісті іс жүзінде қолданғаннан кейін тәсілдің жұмыс істейтіндігіне көз жеткізесіз.
5. Өз дауысыңызды тыңдаңыз
Біршама мәліметті есте сақтаған соң, оны дауыстап үнтаспаға жазып алыңыз. Жатар уақытта үнтаспадағы ақпаратты тыңдап ұйықтауыңызға болады. Осылайша сіз керек нәрсеңізді ұзақ мерзімге дейін сақтап жүресіз.

6. Машықтану


Өлең, тақпақ, жаңылтпаш секілді қосымша мағлұматтарды жиі-жиі қайталап, жаттап отыру қажет. Психологтардың айтуынша, ми жаттыққан сайын тез еске сақтауға
7. Жақсы ұйқы
Мәліметтеріңізді толығымен оқып, есте сақтағаннан кейін біраз уақытқа дейін демалып ұйықтау керек. Ұйқысыздық адамның есте сақтау қабілетін тым қатты төмендетіп жібереді. Емтихан тапсыратын кезде ұйқыны қандырып ұйықтаған дұрыс.
8.Спортпен шұғылдану
Аэробика жаттығулары мен йогамен айналысатын кісілердің миы тынық болады. Сондықтан да олардың әр түрлі қабілеттері мен мүмкіндіктері анағұрлым жоғары. Жалпы кез келген істі бастамас бұрын аздап басқа нәрсеге көңіл аудару керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет