Адамның психикалық іс-əрекеті



Pdf көрінісі
Дата20.01.2017
өлшемі159,93 Kb.
#2295

Адамның психикалық іс-əрекеті 

 

Осы күнгі физиология ғылымының өзекті мəселелерінің бірі - адамның психикалық (психо—



жан),  іс  -  əрекетінің  негіздерін  анықтау.  Қазіргі  кезде  үлкен  мидың  он,  жəне  сол  жарты 

шарларының Əрекеттік айырмашылыгы, сезім жүйелерінің, таным, түйсік, тіл, сана процестерінің, 

ұйқы,  сезініс,  мотивация  іспетті  психикалық  əсерленістердің  физиологиялық  механизмдері 

кеңінен зерттеліп, айтарлықтай нəтиже алынды 

Адамның  психикалық  əсерленісінің  физиологиялық  негіздері  мен  заңдылықтары  И.  M. 

Сеченов  пен  И.  П.,  Павловтың  ұғыну  ілімі  арқылы  айқындалады.  Психикалық  əсерленістер 

физиологиялык құбылыстармен тығыз байланысты дербестігі бар процестер. 

Психикалық жəне физиологиялық кұбылыстардың ара салмағы 

(психо - физиология сауалы) бейнелеу теориясының маңызды саласы. Ол материя мен санаға 

байланысты философияның негізгі мəселесі. 

Психикалық  əрекеттің  қалыптасу  заңдылықтарын  психология  ғылымы  зерттейді.  Ол 

психиканы мидың ақиқат болмысты бейнелеу ретінде қарайды. 

Психикалық əрекет жалпы психикалық құбылыстардан, күйлерден жəне кісілік қасиеттерден 

тұрады.  Психикалық  əрекеттерге  ықылас  түйсік,  зерде,  эмоция  (сезініс),  ойлау,  тіл,  сана  жатады. 

Эволюциялық  даму  кезінде  адам  мен  жануарлардың  психикасы  биологиялық  мұқтаждығынан, 

қоршаған  ортаның  жағдайларына  икемделуі  арқасында  қалыптасты.  Ол  мінездің  қарапайым 

түрінен  күрделі  көріністеріне  алмасып  дамыды.  Адам  бейімделудің  жəне  өзгергіштіктің  өте 

ерекше  дəрежесіне  жетті.  Өйткені  оның  миы  өзгеше  жетіліп  бүкіл  адамзаттың  тарихи-қоғамдық 

тəжірибесін иеленді. 

Адамның  психикалық  қасиеттері:  қабілеті,  типтік  ерекшеліктері,  мінезі,  темпераменті, 

əлеуметтік бағдары, талаптары, оның санасы арқылы ұйымдастырылады. 

Психикалық  əрекеттің  негізі  —  қоршаған  ортамен  организмнің  объективті  ара  қатынасын 

сипаттайтын  жеке  физиологиялық  көріністер.  Олар  біртұтас  бірлестірілген  субъективтік  бейне 

құрайды  (А.  А.  Ухтомский).  П.  К.  Анохиннің  əрекеттік  жүйе  туралы  ілімі  физиология  мен 

психология арасындағы тұжырымды байланысты ашты. 

Психикалық əрекетті бірнеше əдістер арқылы зерттейді. Олар 

физиологиялық, психологиялық, социологиялық, кибернетикалық, 

электрофизиологиялық əдістер. Сонымен бірге пікірлесу, ауызша 

жауап,  бақылау,  тəжірибе,  психологиялық  сынамалар  жиі  қолданылады.  Адамның 

психикалық əрекеттері мен кейбір күйлері алдыңғы тарауларда талданды. Сондықтан ықылас, ой, 

тіл сана іспетті психикалық процестердің əрекеттік негізін анықтаған дұрыс. 

Ықылас 


Ықылас — көңілдің белгілі нəрселерге қажетті мəлімет алу үшін бағытталып, оған қадалуы. 

Басқаша  айтқанда,  организмнің  тітіркенуге  жауап  беру  даярлығын  көрсететін  оның  сергектік 

белсенді күйі. 

Ықылас  ерікті  жəне  еріксіз  болып  екі  түрге  бөлінеді.  Еріксіз  ықылас  —  туа  біткен  жүйке 

тетіктері  арқылы  жүзеге  асырылатын  құбылыс.  Ерікті  ықылас  адам  психикасын  мақсатты 

жұмылдыра-тын жəне жанама түрде болатын əлеуметтік дамудың жемісі. Ықылас қысқа мерзімді 

жəне ұзақ мерзімді болуы ықтимал. Ол сыртқы əлем заттары мен құбылыстарына, не адамның ішкі 

күйіне,  ойына,  сезіміне  бағыттылады.  Ықыластың  толықтығынан,  тұрақтылығынан,  көлемінен 

адамның іс - əрекеті, сезуі, түйсігі, зердесі, ақыл-ойы, тіпті санасы тəуелді келеді. 

Ықыластың  əртүрлі  көріністері  бағдарлау  рефлексіне,  мидың  жергілікті  қозу  жəне  тежелу 

процестеріне,  сезім  мүшелерінін,  əсерленісі  мен  организмнің,  табиғи  мұқтаждықтарына 

байланысты.  Сондықтан  ықыластың  физиологиялық  механизмін  ұғыну  үшін  И.  П.  Павловтың 

шартты  рефлекс,  ми  қыртысының  ішкі  тежелуі,  талдау  синтез  əрекеті  туралы  ілімін  арқау  етеді. 

Сонымен  қатар,  A.  A.  Ухтомскийдің  доминанта  туралы  еңбектері  бойынша,  ықылас  кезіндегі 

үстемді  қозу  ошағы  теріс  -  индукция  (кезеліс)  процестері  арқылы  оның  шоғырлануына  жағдай 

жасайды. 



Көптеген  деректер  бойынша,  ықылас  пен  сергектіктің,  шығу  тегі  ұқсас.  Оларға  да  торлы 

құрылым, шашыраңқы таламус жүйесі, оның ми қыртысы проекциясы жəне гипоталамус жауапты. 

Торлы  құрылымның  белсендіруші  ықпалы  əуелі  ілмек  (лемниск)  жолдарымен  келетін  арнамалы 

серпілістерді  ми  қыртысына  тікелей  экстраталамустық  жолдар  (ішкі  капсула  немесе  субталамус) 

арқылы жеткізеді. 

Торлы  құрылымның  белсендіруші  əрекеті  əртүрлі  сезім  мүшелері  қозғанда  немесе  ми 

қыртысының (ұласқан) аймақтарының құлдыраушы ықпалдарынан пайда болады. 

Таламустың  бейарнамалы  жүйесі  ми  қыртысына  берілетін  мəліметті  іріктеп,  ықыласты  бір 

тітіркенуден басқасына ауыстырады 

Торлы кұрылым ұзақ жəне жалпылама сергектікті, ал таламустың арнамалы Жүйесі ықылас 

пен сергектіктің қысқа мерзімді өзгерістерін қамтамасыз етеді. 

Ми  қыртысы  жəне  оның  ұласқан  зоналары  ықылас  механизмінің  негізгі  орталық  бөлімі 

болып  саналады.  Мұнда  ақпаратты  іріктеп  алу  арқылы  түйсік,  ықылас  жəне  сананың  талғамыс 

түрлері  жүзеге  асырылады.  Ми  қыртысы  -  торлы  құрылым  механизмдері  ерікті  ықыласты,  оның 

шоғырлануын  жіті  қадағалайды.  Еріксіз  ықылас  механизмдер  қыртысасты  құрылымдарда 

қалыптасады. 

Соңғы  жылдары  ерікті  ықыластың  ерекше  «парасатты  ықылас»  деп  аталатын  түрі  айтылып 

жүр.  Ықыластың  бұл  түрі  ми  қыртысының  маңдай  бөлігінің  арнамалы  нейрондары  мен  олардың 

өзара  байланыстары  арқылы  іске  қосылады.  Сөйтіп  ықыластың  əркелкі  құбылыстарына  жауапты 

құрылымдардың  иерархиялық  (көп  сатылы)  құрылысы  байқалады  (торлы  құрылым-таламус-

гипоталамус-лимбия жүйесіми қыртысы). 

Ықыластың  сапасы  бірнеше  физиологиялық  көріністермен  сипатталады.  Оның  белсенділігі, 

бағыттанушылығы,  тереңдігі,  орнықтылығы,  қарқындылығы,  аудара  қосушылығы  болады. 

Ықыластың  белсенділігі  ерікті  жəне  еріксіз  болып  жіктеледі.  Ерікті  ықылас  адамның  санасы,  өз 

ырқы арқылы туады. Ол адамның таным - тіршілігі, ақыл - ойы жəне іс-əрекеті үшін жетекші роль 

атқарады.  Еріксіз  ықылас  кездейсоқ  төтенше  тітіркендірістерге  шартсыз  бағдарлау  рефлексі 

ретінде пайда болады. 

Орнықтылығы деп ықыластың белгілі нəрсеге (объектіге) шо-ғырлануын айтады. Ол тұрақты 

жəне  тұрақсыз  ықылас  болып  бөлінеді.  Дені  сау  адамның  өзінде  де  ықыластың  орнықтылығы 

құбылмалы келеді. 

Ықыластың  тереңдігі  оның  көлемі  жəне  таратылуы  арқылы  анықталады.  Оның  көлемін 

ықылас  қамтитын  нəрселердің  саны  сипаттайды.  Мұнда  ыкыластың  шашырауы  немесе 

шоғырлануы маңызды орын алады 

Сонымен  қатар  ықылас  адамның  ішкі  əлеміне  немесе  сыртқы  төңірекке  бағытталады. 

Ықылас  басқа  нəрселерге  оңай  не  қиын  ауысады.  Ал  ықыластың  қарқындылығы  жоғары  немесе 

төмен болады. 

Адамдардың  тынымды  ықыласымен  қатар  ықылассыздығы  байқалады.  Ықылассыздықтың 

бірінші түрі зейін шашырауда, қажудан кейін білінеді. Бұл кебінесе мектеп жасына дейінгі 

балаларда,  торыққыш  адамдарда  кездеседі.  Ықылассыздықтың  екінші  түрі,  керісінше, 

жоғары  қарқынды,  қиын  ауыстырылатын  жəне  иіке  бағытталған  болады.  Мұны  өз  ойына  терең 

берілетін  «оқымыстының  ықылассыздығы»  деп  те  атайды.  Ыкылас  сыздықтың  үшінші  түрінде 

əлсіз қарқын, шала ауыстырылатын, селқос жағдай туады. 

Ықыластың сапасын арнайы тестілер мен санамалар арқылы тексереді. 

Эмоция 


Адам  мен  жануарлар  психикасының  ерекше  көріністерінің  бірі—  эмония  (лат.  emavere  — 

күйзелу,  қобалжу).  Ол  мінезді  бағыттау  жəне  жүзеге  асыру  амалдарын  жасайтың  мотивацияның 

құрамында маңызды орын алады. 

Эмоцияның бірнеше түрі бар. Биологияльщ эмоция — əртүрлі Тіршілік (ашығу, шөлдеу т. б.) 

мұқтаждықтарын  қанағаттандыру  немесе  қанағаттандырмау  əрекеттерімен  байланысты  болады. 

Жоғары эмоция — əр алуанрухани (əлеуметтік, танымдық, əсемдік) əрекеттерінен туады. Қідірген 

эмоция  —  жёке  адамның  кейбір  себептерімен,  эмоциялық  көріністерін  тежеуі  нəтижесінде 

байқалады. Жағымсыз эмоция — қандай болса да бір мұқтаждық қанағаттандырылмаған жағдайда 



ұнамсыз  күйзеліс  түрінде  кездеседі.  Жағымды  эмоция  —  мұқтаждық  қанағатта.ндырылған  кезде 

болатын сүйкімді əсерленушілік. 

Эмоция  кұбылыстары  аффект  (долданыс),  нағыз  эмоция  жəне  сезім  түрінде  кездеседі. 

Аффект — айқын қимылдар ағза көріністерімен қоса жүретін күшті жəне біршама қысқа мерзімді 

эмоциялық күйзеліс күйі. Ол жүріп жатқан тіршілік немесе əлеуметтік жағдайда кездеседі. Нағыз 

эмоция  ұзақ  уақыт  жəне  əлсіз  түрде  білінеді.  Ол  бастан  кешкен  немесе  болашақты  елестету 

арқылы  туады.  Эмоцияның  үшінші  түрі  —  заттық  сезімдер.  Олар  кейбір  белгілі  немесе  дəйексіз 

нəрселерді (мəселен, махаббат), отанды сүю, өшпенділік т. б. елестету немесе ойлау арқылы пайда 

болады. Заттық сезімдер тиянақты эмоциялық қатынасты көрсетеді. Эмоциялық көтеріңкілік сəтте 

адамды  шабыт,  нұрлану,  жаңалық  ашу,  шығармашылық  қуанышы  билейді.  Яғни,  сезініс  күйі  — 

адамның рухани жəне дене күшінің ең жоғары көтеріңкі сатысы. 

Организмнің  эмоциялық  күйі  эмоциялық  күйзеліс  жəне  эмоциялық  көрініс  іспетті 

əсерленістерден  тұрады.  Эмоииялық  күйзеліс  деп  организмнің  өзін  жəне  қоршаған  əлемді 

бейнелейтін  субъективтік  сезінісін  айтады.  Организмнің  дене  сезу  жəне  ағза  жүйелерінде 

байқалатын  өзгерістерді  эмоциялық  керіңіс  деп  атайды.  Эмоциялық  көрініс  əртүрлі. 

Симпатикалық  жүйке  қатты  қозғағандықтан  жүректің  қызметі  жеделдейді,  қанның  қысымы 

көтеріледі,  газ  алмасу  өседі,  тыныс  кеңейеді,  организмде  тотығу  жəне  энергия  құбылыстарыньң 

қарқыны  артады.  Қанда,  сілекейде,  несепте  катехоламиндер,  пептидтер  жəне  глюкоза  мөлшері 

көбейеді. 

Бұлшық  ет  тонусы  өеіп,  көз  қимылы  жиіленеді,  терінің  түктері  үрпиеді,  эмоциялық  қозу 

кезінде  организмнің  бүкіл  қосалқы  мүмкіндіктері  жедел  жұмылдырылады.  Сонымен  қатар  түпті 

қарқынды  іс-əрекеттің  өзінде,  оның  əлі  де  зор  пəрменді  мүмкіншіліктері  сақталады.  Бұлар  тек 

төтенше жағдайларда, эмоциялық зорлану кезінде тұтынылады. 

Эмоция  кезінде  адамның  субъективтік  күйі  өзгереді.  Оның  парасаттық  қабілеті,  зердесі 

сезімтал, қоршаған орта əсерлерін жіті қабылдайды. 

Эмоциялық күйзелістің тіршіліктегі негізгі мəңі адам мен жануарларға өзінің ішкі жағдайын, 

пайда  болған  мұқтаждығын,  тез  бағалауға,  оны  толық  қанағаттандыруға  мүмкіндік  жасайды. 

Сөйтіп, 


ол 

организмдегі 

бейнелеуші 

(бағалаушы) 

ізденуші, 

нығайтушы, 

реттеуші, 

байланыстырушы əрекеттерді ұйымдастырады. 

Эмоцияның  бейнелеуші  əрекеті  оқиғаларға  жалпы  баға  береді.  Организм  өзінің  бүкіл  іс 

əрекетін  бірлестіру  арқасында,  оған  əсер  етуші  тітіркендіргіштің  жағымды  немесе  жағымсыз 

жактарын  тез  анықтайды.  Адамның  сезініс  қабілеті  дара  күйзеліспен  қатар,  өзара  қоса 

əсерленушілік арқылы қалыптасады. 

Эмоцияның  ізденуші  түрі  мақсат  пен  ниетке  байланысты  білінеді.  Ол  жетекші  жəне 

жағдайлық 

болып 

екіге 


бөлінеді. 

Жетекші 


эмоциялық 

күйзеліс 

— 

мұқтаждықты 



қанағаттандыратын  мінездік  мақсатқа  бағытталады.  Жағдайлық  эмоциялық  күйзеліс  мінездің 

кейбір  кезеңдерін  бағалаудан  туады.  Ол  нəтижеге  қарай  мақсатқа  жету  үшін  мінезді  не 

жалғастырады не өзгертеді. 

Эмоция  нығайтушы  əрекеті  арқылы  тəлім  жəне  зерде  процестеріне  қатысады.  Эмоциялық 

əсерленістер  тудыратын  маңызды  қақиғалар  тез  жəне  ұзақ  уақытқа  зерде  де  сақталады.  Мұны 

əрбір шартты рефлекс қалыптасар кезде байқауға болады. Оның алғашқы жалпылама сатысын — 

эмоциялық  сатысы  дейді.  Дəл  осы  кезде  организмнің  вегетативтік  саласы  ерекше 

жұмылдырылады. Өйткені белгісіз жайларда үстемді əсерлену тиімді келеді. 

Эмоцияның  реттеуші  немесе  аударақосушы  əрекеті  үстемді  мұқтаждықты  анықтайтын 

себептердің бəсекесінде айқын көрінеді. Ол үрей мен міндет, үрей мен үяттың сезімдер таласында 

байқалады. Мұның ақыры ңиеттің күшіне адамның тілегіне жəне еркіне байланысты болады. 

Эмоцияның  байланыстырушы  əрекеті  ымдау,  қол  сермеу,  дене  қимылы,  кейпі,  мəнерлі 

күрсіну,  дауыс  ырғағын  өзгерту  арқылы,  серіктеріне  сезініс  түрін  білдіреді.  Мұның  айғағын 

эмоциялық күйлердің  арасындағы  қарама  -  қарсылықтан  байқауға  болады.  Мəселен,  куаныш  пен 

қайғы,  ашу  мен  үрей,  ынта  мен  жеркену,  ұят  пен  жек  көру,  сүйсіну  мен  күйіну  сезімдері  белгілі 

сипаттармен айқындалады. 



Эмоцияның  пайда  болу  механизімін  теориялар  арқылы  ұғынуға  болады.  Эмбпияның 

алғашқы теориясы Ч. Дарвин ұсынған биологиялық қағида болатын. Ол жануарлардың эмоциялық 

көрнекті қимылдарын салыстырып, белгілі бір биологиялық сигналдық мəні барлығын анықтады. 

Мұндай  көрнекі  қимылдар  (ашу,  үрей,  қуаныш  т.  с  с.)  жəне  ымдау  əсерленістері  эмоциялық  туа 

біткен көріністерге жатады. 

П.  K.  Анохиннің  айтуынша,  эмоция  тарихи  даму  сатысында  сыртқы  жайларға  сəйкес 

мүқтаждықты  тез  бағалау  жəне  қанағаттандыру  амалы  ретінде  қалыптасты.  Əдетте,  əрбір 

мұқтаждық жағымсыз күйзеліспен қатар жүреді. Сондықтан ол адам мен жануарларды белсеңді іс 

- əрекетке демеп отырады. Ал əрбір мұқтаждық мақсат орындалса қанағаттық сезімі туады. Содан 

нəтижелі  қимыл  -  əрекетпен  ұласқан  жағымды  эмоция  зердеде  сақталып,  əр  уақытта  мақсатты 

мінезді ұйымдастырады. 

В.  В.  Симонов  ұсынған  ақпараттық  қағида  эмоцияны  адам  мен  жануарлар  миының  пайда 

болған  мұқтаждықтың  сапасын  жəне  мөлшерін,  оны  қанағаттандыру  ықтималдығын  бейнелеу 

қасиеті  деп  санайды.  Мұны  олардың  əрқайсысы  ырықсыз  генетикалық  жəне  жеке  жүре  пайда 

болған  тəжірибе  негізінде  бағалайды.  Яғни,  эмоция  мұқтаждық  мотивациялық  жəне  ақпараттық 

түрткілерден туады. Оның пайда болу ережесі ретінде төмендегі теңдеуді қолданады: 

Э=М- (An-A11), 

мұнда  Э  —  эмоция,  оның  дəрежесі,  сапасы  жəне  белгісі;  M  —  маңызды  мұқтаждықтың 

сапасы  мен  күші;  (Ак—A1,)—туа  бітін  жəне  жүре  болған  тəжірибе  негізінде  бағалау;  Ак  — 

мұқтаждықты  қанағаттандыру  үшін  қажетті  амалдар  тұралы  ақпарат,  A1,  субъект  қолданып 

отырған нақтылы амалдар туралы ақпарат. 

Келтірілген көрсеткіштер кейбір эмоция пайда болуы үшін қажетті жəне жеткілікті түрткілер 

болып  есептеледі.  Алайда  бұлармен  қатар  субъектің  дара  типологиялық  ерекшеліктері,  эмоция 

тудыратын  уақыт  түрткісі  жəне  мұқтаждықтың  сапасы  ескерілуі  тиіс.  Осыған  орай  əлеуметтік 

жəне рухани мұқтждықтан шыққан эмоцияны сезімдер деп атайды. 

Осы «эмоция теңдеуі» бойынша, амалы ықтималдылық 

(Ақ—Ah)  жағымсыз  эмоциялар  тудырады.  Ал  болжамды  мақа  жету  ықтималдылығы  (Ан—

Ақ) артқа жағдайда жағымды сезініс пайда болады. 

Физиологиялық тұрғыдан алғанда, эмоция — арнайы ми құрылымдарының белсенді күйі, ол 

осы жағдайды өсіруге немесе азайтуға бағыттап, мінезді өзгертуге мəжбүр етеді. 

Эмоциялық  күйдің  қалыптасуына  мидың  əртүрлі  құрылымдары  қатысады.  У.  Кеннон 

ұсынған  таламустың  теория  бойынша  эмоциялық  əсерленіс  алғашқыда  таламус  орталықтарында 

пайда  болып,  ми  қыртысына  ықпалын  тигізеді.  Сөйтіп,  ол  түйсіңті  түрлендіріп,  көрнекті 

қимылдарды тудырады. 

Эмоцияны  ұғынуда  лимбиялық  теория  жетекші  орын  алады.  Дж.  Пейпец  клиникалық 

байқаулардың нəтижесінде, ми қыртысының маңдай бөлігі, гипокамп, күмбез, бадамша, таламус, 

гипоталамус  эмоциялық  əсерленісті  ұйымдастырады  деп  тұжырымдады.  Д.  Линслей 

электроэнцефалография  əдісін  қолданып,  бұл  құрылымдарды  ми  бағанының  торлы  құрылымы 

белсендіретіндігін дəлелдеді. Сөйтіп, ол эмоцияның белсендіріліс теориясын ұсынды. 

B.  P.  Гес  тітіркендіру  əдісі  арқылы  гипоталамустың  алдыңғы  жəне  қапталдас  ядроларының 

жағымды  эмоцияға,  ал  артқы  жəне  ішкерілес  (медиальды)  ядроларының  жағымсыз  эмоцияға 

жауапты екендігін көрсетті. Сол сияқты Д. Олдз жануарлар миына енгізілген электродтар арқылы, 

олардың  өзін-өзі  токпен  тітіркендіру  əдісін  пайдаланып,  мидың  жағымды  жəне  жағымсыз 

нығайтушы құрылымдары болатындығын анықтады. Жағымды нығайтушы құрылымдар жүйесіне 

қапталдас  гипоталамус,  перде,  мидың  ішкерілес  будасы  жатады.  Жағымсыз  орталық  солғын  зат, 

ішкерілес  гипоталамус,  бадамшадан  құралады.  Бұл  құрылымдар  мидың  эмоциогендік  жүйелері 

құрамына кіреді. 

Эмоция саласында үлкен ми сыңарларының əрекетінің асимметриясы байқалады. Мидың оң 

жарты шарының эмоциогендікмəні зор, көбінесе дағдыланудың алғашқы кезеңінде іске қосылады. 

Адамның  жағымды  эмоциясы  негізінен  сол  жарты  шармен,  ал  жағымсызы  оң  жарты  шармен 

жүзеге  асады.  Осыған  сəйкес  əртүрлі  психосоматикалық  көріністер  тұлғанын,  сол  жақ 

жартысынан  жиі  білінеді.  Адамның  сол  жақ  беті  көбінесе  жағымсыз,  ал  оң  жақ  беті  жағымды 



эмоцияны  бейнелейді.  Мұндай  айырмашылық  тіпті  жаңа  туғандарда  байқалады.  Олардың  тəтті 

немесе ащы дəмді туйсінуі бет əлпетінен анық көрінеді. 

Алайда A. B. Вальдман эмоцияның белгілі түрлері мен мидыц нақты құрылымдары арасында 

«мызғымас»  байланыс  болатынына  кумəн  келтіреді.  Өйткені,  эмония  психикалық  əрекет 

болғандықтан  белгілі  ми  құрылымына  тұрақты  бекітілмейді.  Ол  туа  біткен  жəне  жүре  болған 

механизмдерге  негізделген  мінездің  түрі.  Расында,  клиникалық  байқауларда,  мидың  əртүрлі 

құрылымдарын  емдеу  мақсатымен  тітіркендіргенде,  олардың  əрқайсысы  əрі  жағымды,  əрі 

жағымсыз эмоциялық күйлерге сəйкес келетіндігі анықталды. 

Эмоциялык  күйдің  пайда  болу  негізі  орталық  жүйке  жүйесінің  нейромедиаторлық 

механизмдерінен құралады. Жануарларға жасалған тəжірибелер бойынша, норадреналин жағымды 

сезініс,  ал  cepотон  мен  холинергиялық  жүйелер  жағымсыз  эмоция  тудырады.  Сонымен  қатар 

жағымды  эмоциялық  күйді  қалыптастыруға  ішкі  апиындар  қатысатындығын  дəлелдейді.  Бір 

жағынан осы эндорфиндер мидағы серотонин сезгіш жүйелердің əсерін өзгерте алады. 

Кейбір зерттеулерде эмоцияның нығайтушы əрекетінің дофамин — жəне серотонинергиялық 

жүйелерден,  ал  мотивация  норадренергиялық  жүйелерден  тəуелді  екендігі  анықталды.  Сөйтіп: 

əртурлі  эмоциялық  күйді  жүзеге  асыруға  мидың  бүкіл  нейромедиаторлық  жүйесінің 

қатысатындығын  болжауға  болады.  Шынында,  олардың  балансы  өзгергенде  эмопия  бұзылады. 

Мəселен,  мания  немесе  депрессия  жағдайларында  мидың  əртүрлі  бөлімінде  дофамин, 

норадреналин жəне серотонин құрамасы өзгереді. 

Эмоцияның  екі  түрлі  ауытқуы  байқалады.  Гипотимия  —  абыржу,  үрей,  торығу,  жабырқау 

күйі.  Мұндай  жағдайда  мотивация  əлсірейді,  адам  жүдеп,  ішкі  ағзалардың  қызметі  бұзылады. 

Гипертимия  —  көңіл  шалқып,  қимыл  күшейеді,  желік  пайда  болады.  Адамдарда  эмоция 

ауытқулары  өте  күрделі.  Мұндай  күйлер  эмоциялық  ышқынуда  (стресс)  жиі  кездеседі.  Ол 

мұқтаждық  пен  оны  өтеу  мүмкіндігі  сəйкес  келмеген  жағдайда  туады.  Яғни  эмоциялық  ышқыну 

осындай  кақтығысуларды  жоюға  арналған  организмнің  барлық  қорғаныш  күшін  жұмылдыратын 

маңызды икемделу əсерленісі. Ол жойылмаған күнде эмоциялық қозу ұзақ уақыт іркіліп, адамның 

мотивация сезініс саласы бұзылып, əртүрлі аурулар пайда болады. 

Эмоциялык  стресс  —  жүрек  ишемиясы,  гипертензия,  асқазан  жарасы,  эндокрин  жүйесінің 

ауруларына  əкеліп  соғады.  Мұнда  орталық  жүйке  жүйесіндегі  нейромедиаторлар  мен 

пептидтердің мөлшері көп өзгереді. 

Адамдарда мұндай ауытқулар көбінесе əлеуметтік қақтығы - суларда ете жиі кездеседі. 

Эмоциялық  стресті  зерттеу  невроздарды  емдеу  істеріне  көмектеседі.  Сондықтан  ұзақ  жəне 

тиімді  психофармакологиялық  емдеу  психиканы  зақымдаушы  əсерлердің  эмониялық  зерде,  із 

жазбасын  өшіріп,  толық  немесе  жартылай  психикалық  іс-əрекетті  қалпына  келтіреді.  Сонымен 

бірге  нəтижелі  емгерліктің  алғы  шартты  —  мидың  өзінің  етеміс  механизмдерін  белсендіріп, 

дерттену сəттерін жою немесе шектеу. 

Ойлау 

Oйлау  —-адамның  жаңа  жағдайларға  бейімделуі  кезінде  мақсаттарды  жаңаша  шешуге' 



арналған ми қыртысының ете күрделі іс-əрекеті. Ол əлемді танудың жəне бейнелеудің ең жоғары 

сатысы.  Ойлау  —  болмысты,  оның  бүкіл  байланыстарын,  қатынастарын  жəне  заңдылықтарын 

жанама түрде, жалпылама бейнелеу. Ойлау арқылы заттардың жəне құбылыстардың түйсінбейтін 

мазмұны, маңызы жəне мағынасы танылады. 

Танымның алғашқы кезеңі — нақтылы сезімдік бейнелеу.  Ол сезу, түйсік, елестету  арқылы 

атқарылады. Қоршаған əлем мен организмнің өз 

хал-жағдайын нақтылы сезімдік бейнелеуді бірінші сигналдық жүйе атқарады. 

Материалдық (мəдилік) дүниені тану сезуден басталады. Ол əртүрлі талдағышқа əсер ететін 

қоршаған  орта  құбылыстары  мен  заттардың  жеке  қасиеттерін  бейнелейді.  Ал  түйсік  біртұтас 

нақтылы бейне (образ) түрінде тек сезуден құралады. Сезу мен түйсік талдағыш жүйелерге,тікелей 

əсерден туады. Жалпы нақтылы елестету (түсінік) арқылы пайда болады. 

Ойлау  процестері  жалпы  түсінік  пен  уғышнан  жəне  пікір  мен  ой  тұжырымынан  тұрады. 

Ұғым, ең жоғары ойлаудың дəрежесі — түсінікті ой. Ол біздің сезім мүшелеріміз қабылдамайтын 

ең маңызды жақтарын бейнелейді. Бұлар танымның анағұрлым күрделі кезеңі — қоршаған əлемді 



жалпылама дерексіз бейнелеу. Ойлаудың дерексіздік (абстракциялық), сезімдіқ, нақтылы, көрнекі 

əсерлі т. б. түрлері болады. 

Психология  ғылымы  негізінен  ойлаудың  үш  түрін  ажыратады:  нақтылы,  бейнелі  жəне 

дерексіз-қисынды (абстракциялық-логикалық). 

Нақтылы  немесе  көрнекі  —  əсерлі  ойлау  бірінші  сигналдық  жүйеге  тіркеледі,  əрі  екінші 

сигналдық жүйені де арқау етеді. Бұл қисынды ойлаудың алғашқы сатысы, ол кейін бейнелі ойға 

алмасуы мүмкін. 

Бейнелі ойлау — ойша байымдау немесе елестету жəне жоспарлау арқылы жүзеге асады. Бұл 

тілмен тығыз байланысты. 

Дерексіз-қисынды  ойлау  —  ұғым,  пікір  символдық  белгілер  жəне  басқа  дерексіз 

категорияларды  пайдаланады.  Мұндай  ойлау  ең  терең  жəне  нəтижелі  келеді.  Алайда  ол  үшін 

жеткілікті білім мен дағдылар қажет. 

Ұғым  дегеніміз  заттар  мен  кұбылыстардың  жалпы  жəне  маңызды  ерекшеліктерін  бейнелеу 

болып  табылады.  Пікір  олардың  əртүрлі  жақтары  мен  қасиеттері  арасындағы  байланыстар  мен 

қатынастарды  бейнелейді.  Ой  тұжырымы  пікірлерді  заңдылықпен  байланыстыратын  ойлаудың, 

жоғары  сатысы.  Ойлаудың  үш  түрі  де  тектік  (гендік)  жəне  диалектикалық  тұрғыдан  алғанда 

санның сапаға ауысуы. 

Ойлау  əрекетінің  нейрофизиологиялық  негіздерін  алғашқы  ашқан  И.  M.  Сеченов.  Оның 

айтуынша,  ойлау—  нəрселерді  бір-бірімен  салыстыратын  мидың  рефлекстік  құбылыстарының 

анализдік-синтездік əрекетінің нəтижесі. Ойлау процесінің нейрофизиологиялық негізін іс-əрекеті 

түзетіндігі И. П. Павловтың нактылы тəжірибелерімен дəлелденді. 

И.  M.  Сеченов  пен  И.  П.  Павловтың  еңбектерінде,  ассоииация  (ұлас)  үғымы  организмнің 

белсенді бейімделу іс-əрекетінің күрделі нəрселер ортасындағы мінезінің нəтижесі деп саналады. 

Адам  мінезінің  физиологиялық  механизмдеріне  талдау  жасағанда,  ол  екі  сигиалдық  жүйенің,  ми 

қыртысы мен қыртысасты құрылымдардың бірлескен іс-əрекеті екендігі көрінеді. Адам өз еркімен, 

өзінің  шартты  рефлекстік  əсерленісін  тоқтата  алады.  Ырықсыз  сезім  мен  эмоцияның  көптеген 

көріністері қорғаныш, тағамдық, жыныс рефлекстерін тыяды. Ми бағаны мен торлы құрылымның 

серпіністері ми қыртысының қалыпты тонусын (сергуін) қамтамасыз етеді. 

Ойдың  физиологиялық  негізін  сигналдық  жүйелердің  өзара  əрекеттесуін  жүзеге  асыратын 

үлкен ми сыңарларының қызметі құрайды. И. П. Павловтын, айтуынша, екінші сигналдық жүйенің 

іс-əрекеті  мидың  маңдай  аймағы  мен  сөйлеу,  есту  жəне  керу  талдағыштарының  əрекеттерінен 

тұрады.  Олар  ауызша,  жазбаша  сездерді  түйсініп,  жаңа  сөйлемдер  құрауға,  айтуға  жағдай 

жасайды. Сөйтіп, миға жететін сигналды қадағалап, сыртқы əлемнің тітіркендіргіштерін қалайша 

əуелі  сезуге,  түсінуге  болатынын  анықтайды.  Кейін  сөз  арқылы  нақтылы  нəрселерді  түйсініп, 

олардың  қасиетін  ажыратып,  белгілі  категорияларға  жатқызып  ұғынуға  болады.  Осылай 

танымның бірінші кезеңі екінші кезеңге, қарапайым сезуден күрделі ой процесіне алмасады. 

Ой  іс-əрекеті  ми  қыртысы  мен  оның  маңдай  аймағында  өтетін  анализ  жəне  синтез, 

салыстыру жəне жалпылау, дерексіз ойлау (абстракция) жəне нақтылау құбылыстарын бірлестіру 

арқылы орындалады. Жоғарыда аталған ойлау операциялары ұғым жəне сөз түрінде əрбір ойдың 

негізін құрастырады. 

Тіл 

Тіл  адамдардың  қатынас  құралы  ретінде  қалыптасты.  Ол  еңбектену  нəтижесінде  адамдар 



бірімен-бірі  түсінісу  үшін  қажет  болды.  Тіл  сөз  арқылы  ақпарат  қабылдау,  емдеу  жəне  жеткізу 

түрінде сипатталады. Яғни, болмыс сөйлеу əрекетімен бейнеленеді. 

Сөз  бейнелеудің  екінші  сигналдық  формасы.  Тіл  байланыстырушы,  ұғындырушы  жəне 

реттеуші  қызмет  атқарады.  Тілдің  байланыстырушы  (коммуникациялық)  əрекеті  —  оның  адамға 

тəн арнайы қатынас құралы болуы. Бұл айтушы мен тыңдаушы арасындағы саналы іс-əрекет. Ол 

өзара  тығыз  байланысты  айтылу  (экспрессивтік),  суреттелу  немесе  ұғыну  (импрессивтік) 

түрлерінен  тұрады.  Мұның  екеуі  де  өте  күрделі  психологиялық  құбылыс.  Бұлардың 

физиологиялық негізін мидың ерекше əрекеттік жүйелері атқарады. 



Жануарларда  да  коммуникациялық  іс-əрекеттің  қарапайым  түрлері  кездеседі.  Олардың 

кейбір  дыбыс  шығаруы  немесе  көру  тітіркенулері  басқа  жануарларға  сигнал  болуы  мүмкін. 

Алайда ол екінші сигналдық жүйе бола алмайды. 

Тілдің ұғындырушы əрекеті - дерексіз ойлаудың, түсінудің құралы. Түскен ақпаратты талдап 

қорыту арқылы пікір жəне тұжырым туады. Сөйтіп сигналдық жүйелердің өзара əрекеті қарапайм 

сезуді күрделі ойлау процесіне ауыстырады. 

Тілдің реттеуші əрекеті сөз арқылы организмнін əртүрлі жүйелерін реттеуді жүзеге асырады. 

Сөз  сигналы  ішкі  ағзалар  қызметін,  организмдегі  зат  алмасу  қарқынын  өзгертеді.  Мұны  K.  M. 

Быковтың ми қыртысы—ағзалық теориясы дəлелдейді. 

Сөздік  тітіркендіргіштер  қимыл-əрекетті,  сезімдік  жүйелерді,  вегетативтік  жүйкені,  мидың 

қызметін  өзгертіп,  адамның  психикасына,  көңіл  күйіне  əсер  етеді.  Мұндай  психофизиологиялық 

көріністерді адамның жəне науқастардың əртүрлі əрекеттік жағдайларын анықтау үшін қолданады. 

Нəрселерді  сөзбен  белгілеудің  акустикалық,  кинестезиялық  жəне  оптикалық  түрлері 

кездеседі. 

Тілдің акустикалық формасы дыбыс сигналдары түрінде болады. Ол сөз түйдектерін жіктеп 

немесе құрап түйсінуге көмектеседі. Яғни байланыстырушы əрекет атқарады, 

Тілдің кинестезиялық түрі дыбыс шығарушы артикуляциялық 

мүшелердің  қимыл-əрекеті  арқылы  жүзеге  асады.  Тіпті  дыбыс  шығармай  тек  ойлаудың  өзі 

олардың  бұлшықеттерінің  сергуін  күшейтеді.  Ал  ойын  саусақпен,  ыммен  түсіндіретін  керең-

мылқаулардың  қол  еттері  жиырылады.  Сол  арқылы  оларды  екінші  сигналдық  жүйе  жоғары 

парасаттық дəрежеге жеткізеді. 

Тілдің  оптикалық  түрі  жеке  сөз  (əріп)  тітіркендіргіштерін  талдау  жəне  бірлестіру 

механизмдерін,  сөздің  символдық  мəнін  қамтамасыз  етеді.  Ми  қыртысының  шүйде  аймақтары 

зақымданса  əріптерді  тану,  ажырату  қиындайды.  Ал  қозғалыс  жəне  есту  талдағыштары 

зақымданған жағдайда əріпті жазумен қатар естіген сөзді ұғыну бұзылады. 

Тілдің физиологиялық негіздері үш күрделі процестен тұрады: сөздік сигналды түйсіну жəне 

танып білу, қабылданған хабардың мазмұнын түсіну жəне сөзді айту əрекеттері. 

Тілдің немесе екінші- сигналдық жүйенің іс-əрекеті мидың маңдай бөлігі мен сөзді айту, есту 

жəне жазуды көру талдағыштары арқылы орындалады. 

Сөзді айту талдағышы дыбыс аппаттары мен бұлшықеттері рецепторларынан мəлімет алып, 

сөйлемдер құрастырып сөйлеуді жүзеге асырады. Ол мидық маңдай бөлігінің екінші жəне үшінші 

қатпарларында орналасқан (Брока орталығы). Аурсыну кезінде еріксіз сөйлеуге байланысты бұған 

қыртысасты құрылымдар д,а қатысады деп болжауға болады. 

Тілді  түсіну  мидың  сөзді  есту  талдағышы,  арқылы  атқарылады.  Ол  оңқай  адамдардың  сол 

жақ ми сыңарының самай аймағынын, жоғарғы бөлігінде орналасқан (Вернике орталығы). 

Тіл  түйсігінін,  негізгі  алғы  шарты  акустикалык  немесе  оптикалық  түрде  келген  ақпаратты 

жіктеп  ажырату.  Мұны  тек  есту  зердесі  мен  қиын  материалды  оқыған  кездегі  көздін,  ізденіс 

қимылдары  арқылы  орындауға  болады.  Ми  қыртысының  белгілі  аймақтары  екінші  сигналдық 

жүйенің əрбір көріністеріне жауапты болғанымен, əдетте, тілдің күрделі іс-əрекеті 

(сөйлеу, оқу, жазу, санау) мидың баска бөліктері бөлінсе де бұзылады. Өйткені пехикалық іс-

əрекет бүкіл мидың бірлестірілген қызметі. 

Сана 


Сана — болмысты бейнелеудің ең жоғары сатысы. Сана арқылы адамның қоршаған əлеммен 

қарым-қатынасы  мақсатты  түрде  реттеледі.  Ол  адамның  сезу,  түйсік,  елестету,  ықылас,  сезім, 

ырық,  ойлау  іспетті  психикалық  іс-əрекетінен  құралады.  Сана  адам  миы  қызметінің  -  жемісі. 

Материяның  əрбір  қасиеті  сияқты  сана  тек  ақиқат  заттар  мен  құбылыстардың  өзара  əрекетінен 

туады. 

Адам  мен  жануарлар  болмысты  сезімдік  түйсіктер  арқылы  бірдей  таниды  жəне  бағалайды. 



Алайда  адам  жануарларға  қарағанда  объективтік  дүниені  ақыл-оймен  бейнелеу  жəне  дерексіз 

ойлау, тіл арқылы түсінеді. 

Тіл — сананың (ойдың) материалдык көрінісі, негізгі. Тілсіз сана жоқ, ал санасыз адам жоқ. 

Сана  жеке  адамның  субъективтік  əсерленушілігі.  Жалпы  сана  сезіну  жəне  сана  -  сезімнен 



құралады.  Сезіну  дегенміз  акиқат  болмысты  жинақталған  біліммен  салыстыру  жəне  адамның 

тəжірибесін молайту. Сана арқылы басқа адамға білім беріледі. 

Адам  өзіндік  сана  (сана-сезім)  арқылы  өзін-өзі  сезініп  ұғынады.  Сана-сезім  дегеніміз  — 

адамның  өзін-өзі  жəне  өзінің  психикалық  күйін  түсінетін  арнайы  кісілік  ерекшелігі.  Адамның 

сана-сезімі қашанда таптық, топтық қоғамдық сана-сезіммен тығыз байланысты. Сондықтан сана-

сезім адам өзін - өзі түсінгеннен көрі кең ұғым. Өйткені өзін - өзі сезіну мен қоршаған болмысты 

сезінудің бірлігі арқылы тек адамның кісілік қасиетіне тəн өздігінен реттелудің жоғары формасы 

жүзеге асады. Сөйтіп əрбір сана қоршаған əлемнің нəрселерін сезіну мен адамның өзін-өзі, өзінің 

ішкі  дүниесін  сезінуден  тұрады.  Адам  санасы  əлеуметтік  түрткілердін,  ықпалынаң  —  енбек  іс-

əрекеті мен қатынастан қалыпасады. Caна-сезім бір жағынан, танымдық екінші жағынан, əрекеттік 

рухани  құбылыс.  Өзін  түсіну  арқылы  адам  өзін  -  өзі  жөнге  салады,  өз  ісіне  баға  береді,  мінез  - 

құлқын реттейді, тəрбиелейді. 

Алайда  адамның  көптеген  психикалық  əсерленісі  оның  санасына  жетпей  атқарылады. 

Оларды П. В. Симонов екі топқа бөледі. Бірінші топ — шаласана (подсознание). Оған санадан тыс 

шығарылған  автоматты  қимыл  дағдылары,  ішкі  ағзалардың  қызметі  мен  реттелуі,  эмоция  реңкі 

мен  олардың  сыртқы  көрінісі,  мотивациялық  келіспеушілік  жатады.  Шаласана  адамды  артық 

энергия  шығынынан  сақтайды,  оны  ышқынудан  қорғайды.  Шаласананың  немесе  санасыздықтың 

(бессознательное)  бірінші  деңгейі—адамның  өз  денесін,  тіршілігін  психикалық  санасыздықпен 

бақылауы.  Екінші  деңгейі  —  адамның  ұйықтамай  жүрген  кезеңіне  ұқсайтын  процестер.  Оның 

үшінші  деңгейі  адам  рухының  жоғары  сергектігінде  жетілетін  көркемдік,  ғылыми  жəне  басқа 

сезімталдық  психикалық  процестерден  көрініс  табады.  Екінші  топ  —  асқан  сана  (сверхсознание) 

немесе  интуиция.  Ол  сана  бақыламайтын  шығармашылық  нұрлану  (озорение),  болжам,  жорамал, 

аңғару,  шамалау  қасиеттерін  қалыптастыратын  механизмнен  тұрады.  Асқан  сананың  негізі  — 

зерде  іздерін  өңдеп,  жаңаша  комбинациялар  табу,  жаңа  уақытша  байланыстар  жасау,  аналогтар 

құрастыру.  Ол  ғылыми  жаңалықтар  ашуға,  көркем  шығармалар  жазуға,  өнер  туындыларын 

жасауға ықпалын тигізеді. 

Сана мен таным процесінде эмпияның мəні өте зор. Адам эмоция мен сезімі арқылы ақиқат 

болмысқа  өзінің  арнайы  ыңғайын  білдіреді.  Сонымен  бірге  адам  қоршаған  болмысты 

жандандыруға  саналы  іс-əрекет  жасайды.  Сананың  практикалық  қимыл-əрекетке  бағытталуы, 

оның  маңызды  бір  саласы  —  адам  ырқын  құрайды.  Ырық  дегеніміз  —  киындықтарды  жеңуге 

арналған  саналы,  мақсатты  психикалық  іс-əрекет.  Ол  адамның  талаптарын,  мақсат-мүдделерін, 

істерін жүзеге асырады. 

Көп жылдар бойы сана үлкен ми сыңарлары қыртысы, ал шаласана орталық жүйке жүйесінің 

төменгі  бөліктері  арқылы  атқарылады  деген  пікір  болды.  Алайда  олар  мидың  барлық 

құрылымдарының бірлестірілген 

іс-əрекеті.  Яғни,  үлкен  ми  сыңарларының  қыртысы  барлық  рефлекстік  əсерленістерге 

қатысады. 

Мидың бірлес тіріліс (интеграция) іс-əрекеті үш негізгі əрекеттік жүйенің өзара əсерлерінен 

құралады. Біріншісі — сезім ақпаратын қабылдайтын жəне өңдейтін сезім жүйесі (талдағыштар), 

екіншісі — жүйке жүйесін белсендіретін мидың түрлендіріс (модуляция) жүйесі (лимбия жүйесі, 

торлы  құрылым),  үшіншісі  —  мінез  актісін  бағдарлайтын,  іске  қосатын  жəне  бақылайтын  — 

қимыл - əрекет жүйесі (қозғалыс талдағышы). 

Əрбір  шарты  рефлекстік  əсерленіс,  оның  ішінде  екінші  сигналдық  жүйе  де,  шаласана 

деңгейінде  іске  қосылады.  Қез  келген  ақпарат  санаға  жетпестен,  мидың  тиесі  бөліктерінде 

талдаудан өтеді. Бұл адамның жоғары жүйке, психикалық іс-əрекетінің саналы жəне шала саналы 

көріністеріне мидың тұтас қатысатындығын көрсетеді. 

Адамның  мұндай  екі  сатылы  құрылымы  организм  мен  ортанын,  үздіксіз  қарым-қатынасын 

қамтамасыз  етеді.  Сана  шаласана  тудыратын  нейрофизиологиялық  құбылыстардың  арасында 

жылжымалы (динамикалы) тепе-теңдік болады. 

И.  П.  Павловтың  айтуынша,  шала  сана  деңгейінде  пайда  болатын  əлсіз  тітіркенудің 

сергітетін  ықпалы  ми  қыртысының  қызметті  бірлігін  күшейтеді  Жаңа  көп  ақпарат  мидың 

шаласаналық 

сатысы 

сананың 


бүкіл 

пəрмейін 

қосатын 

бағдарлама 

жасайды. 

Егер 


шаласананыақпараттық  талдау  мен  өңдеуден  айырса,  саналық  əрекет  болмай  қалады,  Сондықтан 

да психикалық ауытқулар немесе жағымсыз субъективтік əсерленушілер тууы мүмкін. 

Дені  сау  адамда  ішкі  ағзалардың  шартты  рефлекстік  реттелуі  де  шаласана  деңгейінде 

атқарылады.  Ішкі  ағзалардың  интерорецепторына  əсер  ететін  үйреншікті  тітіркендіргіштерден 

шығатын  мəліметтер  ми  қыртысына  жетіп  талданады.  Бұл  шаралар  организмнің  мінез  қылғын 

өзгертетін шартты рефлекстердің негізі болуы ықтимал. Мұндай күйлер адамның өзіне түсініксіз 

болады  («күңгірт  сезім»).  Осы  тітіркендіргіштердің  əсері  күшейсе,  ақпараттар  санаға  жетіп, 

организмнің  сəйкес  аймақтарындағы  жаман  халды  баяндайды.  Ол  науқастарда  əртүрлі 

субъективтік сезулер мен шағымдар туғызады. 

Шаласана  əсерленіс,  мінез-құлықтық  жəне  психикалық  іс-əрекеттің  басқа  түрлері  сияқты, 

себеп пен олардар қатынасы заңдарына бағынады. 

Психофизиологиялық сауал 

Қазір 

физиология, 



психология, 

философия 

ғылымдары 

саласында 

өзекжарды 

проблемалардың бірі — психофизиологиялық сауалдар. Ол материалдық пен идеалдық мəндердің 

бір-біріне  ауысу  қатынастарының  құрамына  кіретін  физиологиялық  жəне  психикалық 

құбылыстардың  арасалмағын  ажырату.  Бұл  туралы  қазіргі  философия  да  үш  түрлі  қағида  бар. 

Бірінші  қағиданы  жақтаушылар  физиологиялық  құбылысты  да,  психикалық  құбылысты  да, 

материалдық  процесс  деп  санайды.  Яғни  психиканы  жоғары  жүйке  іс  əрекеті  сияқты  материя 

қозғалысының  қасиеті  деп  есептейді.  Олардың  пікірі  бойынша,  адам  миы  объективті  болмысты 

материалдық нəрселермен бейнелейді. Демек', психика физиологиялық құбылыстар сияқты мидың 

рефлекстік механизмдерінен туады. 

Екінші  қағида  психика  материя  қозғалысының  формасы  екендігі  туралы  тезисті  теріске 

шығарады.  Психиканы  жоғары  жүйке  қызметіне  ұқсастыруға  болмайтындығын  ерекше  атайды. 

Мұны жақтаушылардың айтуы бойынша, психика рухани нəрсе, материалды дүниенін, идеалдық 

шындығы. Яғни, сана болмыстың идеалдық кескіні бола тұра мидың нақтылы құбылысы жəне өз 

идеалдығын жоймайды. Алайда мұндай пікірдің көмескі жерлері көп. 

Үшінші  қағиданы  қолдаушылардық  басты  тезисі  психика  —  мидың  белгілі  бір 

нейродинамикалық жағдайының субъективтік көрінісі. Басқаша айтқанда, кез келген психикалық 

күй  (сезу,  эмоция,  ой)  мидың  əрекеттік  жүйелерінің  сəйкестелген  нейродинамикалық 

құбылыстарының көрінісі. 

Шындығында,  психика  мен  физиологиялық  кұбылыстарды  тірі  организм  əрекеттерінің  екі 

түрлі  даму  сатысы  ретінде  қараған  жөн.  Расында,  идеалды  құбылыс  —  нəрсені  субъективті 

бейнелеу. Сондықтан ол мида орналасады, өйткені осы материалдық құрылымнан тыс субъективті 

бейнелеу  болмайды.  Психика  субъективті  болмыс  ретінде  тек  адам  миында  туады,  əрине,  ол 

сыртқы  əсерлерге,  адамның  əлеуметтік  белсенділігіне  байланысты.  Адамның  психикалық  іс-

əрекетінің  күрделі  формаларының  механизмдер  адамдардың  өзара  жəне  адам  мен  əлеуметік 

ортаның қарым-қатынасына негізделген. Сондықтан адамдарды олардьщ іс-əрекетінен бөлек алып 

үғыну мүмкін емес. 

Соңғы  жылдары  миды  электр  тогымен  тітіркендіру  арқылы  психикалық  əсерленістердің 

негізгі  механизмдері  анықталды.  Сөйтіп,  күрделі  психикалық  құбылыстарды  жүзеге  асыруға 

мидың  терең  орналасқан  құрылымдарының  белсенді  түрде  қатысатындығы  дəлелденді  (H.  П. 

Бехтерева).  Адамның  ойлау  қасиеті,  ақпараттармен  жоғары  сатыда  əрекет  жасайтын  құбылыс 

ретінде,  нысаналы  зерттелді.  Адам  миының  орасан  ақпараттық  сыйымдылығы  бар.  Ол  14—15 

миллиардтай нейроннан тұрады, шамамен. 1020 дəрежесіне тең ақпаратты қабылдай алады. Мұны 

көптеген  ми  нейрондарынан  басқа,  олардың  көп  əрекеттік  популяциясы  жəне  мидың  барлық  іс-

əрекетінің негізін қалайтын жылжымалы механизмдері жүзеге асырады. 

Психикалық  іс-əрекеттің  бірлестіру  механизмдері.  Адам  мінез-кұлқының  саналы  іс-əрекетті 

бағдарлауын,  реттелуін  жəне  бақылауын  қамтамасыз  ететін  механизмдері  өте  күрделі  біріккен 

жүйелерден  тұрады.  Олар  адамның  психикалық  іс-əрекеттің  күрделі  салаларын  реттейтін 

физиологиялық механизмдер. 

Психолог  A.  P.  Лурияның  пікірі  бойынша,  психикалық  іс-əрекеттік  қайсысы  болса  да,  үш 

негізгі əрекеттік блоктан құралады. Бірінші əрекеттік блок қалыпты психикалық іс-əрекетті жүзеге 



асыратын  ми  қыртысының  сергектігін  реттейді.  Ол  қыртысасты  жəне  ми  бағаны  бөлімдерінің 

торлы құрылымында орналасқан. Бұлар ми қыртысына əсер етумен қатар, өздері оның ықпалында 

болады.  Оларды  белсендіретін  үш  түрлі  əсер  бар.  Бірінші  белсендіру  көзі  —  гомеостаз  бен 

ырықсыз мінездің негізін қалайтын зат алмасу процестері. Оған торлы құрылымнан басқа орталық 

аралық  ми,  лимбия  жүйесі  ықпал  жасайды.  Екінші  белсендіру  көзі  —  сыртқы  əлемнен  келетін 

тітіркендіргіштер.  Олар  организмді  сезім  мүшелері  арқылы  белсендіреді,  бағдарлау  рефлексін 

тудырады.  Бұл  рефлекске  таламус,  құйрықты  дене,  гипокамп  нейрондары  қатысады.  Үшінші 

белсендіру көзі — адамның саналы өмірінде тіл арқылы қалыптасатын ниет, жоспар, керініс жəне 

бағдарлама.  Олар  ми  қыртысы,  торлы  құрылым,  таламус,  ми  бараны  арасындағы  қатынастар 

арқылы жүзеге асады. Екінші əрекеттік блок мидың ақпарат қабылдауын, өңдеуін жəне сақтауын 

қамтамасыз  етеді.Олар  ми  қыртысының  көру,  есту  жəне  сезімдік  аймақтарында  атқарылады. 

Үшінші  əрекеттік  блок  белсенді  саналы  психикалық  іс-əрекеттің  реттеу  мен  бақылау 

бағдарламасын  жасайды.  Бұл  орталық  үлкен  ми  сынарларының  алдыңғы  маңдай  бөлігінде 

орналасқан.  Мидың  маңдай  бөлігі  сыртқы  тітіркендіріске  синтез  жəне  бағдарлама  жасап,  қимыл-

əрекетті дайындаумен қатар, олардың нəтижесі мен барысын қадағалайды. 

Қазіргі  ұғымдарға  байланысты  белсенді  психикалық  əсерленістердің  кұрылысын  өзін-өзі 

реттеуші  күрделі  «рефлекстік  шеңбер»  түрінде  қарайды.  Саналы  іс-əрекеттің  қайсысы  да  үш 

блоктың  біріккені-жұмысы  арқылы  жүзеге  асырылады.  Бірінші  блок  үйлесімді  қимылға  қажет 

бұлшықеттер  тонусың  екіншісі  —  афферентік  синтезді,  үшіншісі  —  бағдарламаға  сəйкес  ниетті 

қамтамасыз етеді. 

Сонымен  қатар  көптеген  психикалық  əрекеттерге  ми  сыңарларының  əртүрлі  меңгеру 

айырмашылықтары ықпалын тигізеді. 

Мидың əрекеттік асимметриясы. Адам миы симметриялы орган. Алайда олардың əрекеттері 

əртүрлі болып, əралуан іс-əрекетті меңгереді. 

Бұрын  мидың  сол  сыңары  тіл,  ойлау,  қимыл-əрекетіне,  кеңістікте  дене  бағдарланысына 

жауапты, сондықтан үстемді (доминантты) деп есептелді. Ал оң сыңары қосалқы ретінде қаралды. 

Қазіргі  кезде  əрбір  психикалық  əрекетті  меңгеруде  сол  немесе  оң  ми  сыңарларының  үстемдігі 

болатындығы анықталды. Мəселен, сол ми сыңарының əрекеті басым адамдар теорияға бейім, сөз 

қоры  мол,  оны  кеңінен  пайдаланғыш,  қимылы  белсенді,  мақсатқа  талпынғыш,  уақиғаларды 

болжағыш келеді. 

Оң  ми  сыңары  нақтылы  іс-əрекетке  жұмылдырады,  ол  адам-шабан,  сөзге  сараң,  бірақ  ете 

сезімтал жəне əсерленгіш, меңзей қарауға жəне еске түсіруге əуес болады. 

Алайда  адамдардың  үштен  бірінде  ми  сыңарларының  жекеленген  анық  əрекеттік 

мамандалысы  байқалмайды.  Маманданған  ми  сыңарларының  арасында  өзара  тежелу  процесі 

болады. 

Екі  ми  сыңары  екі  түрлі  ойлау  процесін  ұйымдастырады.  Сол  ми  сыңары  талдау  процесіне 

қйтысып,  қисынды  ойлауды,  ал  оң  ми  сыңары  нақтылы,  яғни  бейнелі  ойлау  амалын  басқарады. 

Сол  ми  сыңары  сөйлеу  іс-əрекетін:  оны  түсіну  жəне  құрастыру,  сөз  символдары  мен  жұмысты 

қамтамасыз  етеді.  Оң  ми  сыңары  кеңістік  сигналына  жауапты  заттарды  көру  жəне  сипап  сезу 

арқылы  таниды.  Оған  жеткен  ақпараттар  бір  мезгілде  жəне  жалпы  тəсілмен  өңделеді.  Оң  ми 

сыңарымен музыкалық қабілеттер байланысты. 

Сөйлеу  орталығы  сол  ми  сыңарында  орналасады.  Ол  он  қолдың  қимыл  белсенділігінен 

қалыптасады.  Солақай  адамдардың  да  70%-де  сөйлеу  орталығы,  оңқай  адамдардағыдай  сол  ми 

сыңарында, солақай адамдардың тек 15%-де сөйлеу орталығы оң ми сыңарында орналасады. 

Мидың  кейбір  əрекеттерге  ерекше  жауапты  болып,  белгілі  үстемді  орталыққа  айналуы 

латерализация  деп  аталады.  Сірə,  адамның  жоғары  жүйке  іс-əрекетінің  типтік  ерекшеліктері 

қандай  ойлау  аппаратын  иеленетіндігіне  байланысты  болуы  мүмкін.  «Көркемпаз»  типтер  — 

бірінші  сигналдық  жүйесі  басым  адамдар,  олардың  оң  ми  сыңары  жетік,  көбінесе  бейнелі 

ойлайды. Ал «ойшыл» типтер — екінші сигналдық жүйесі үстем адамдар. Бұлар сол ми сыңарына 

тəн  дерексіз  ойлауды  иемденеді.  Аралық  тип  екі  сигналдық  жүйенің  əрекеттік  теңдесуімен 

сипатталады. Адамдардың көбісі осы типке жатады. 


Жалпы  мидың  бір  сыңарының  басым  болуы  туа  пайда  болады,  алайда  тəрбие  мен  тəлім  де 

ерекше маңызды орын алады. Сондықтан солақай балаларды қайта үйрету кезінде, олардың ойлау 

қабілетінің ширақтығы тоқырап қалуы ықтимал. 

Сөз  жоқ,  адамның  қалыпты  психикалық  іс-əрекеті  мидың  екі  сыңарының  біріккен 

жұмысының  нəтижесі.  Олардың  тек  бір  мезгілдегі  жұмысы  мен  бейнелік  жəне  дерексіз  ойлау 

тетіктерін  бірлестіру  ғана  сыртқы  əлемнің  құбылыстарын  жан-жақты  (нактылы  жəне  теориялық) 

қамтиды.  Ми  сынарларының  өзара  қатынасына  сыртқы  ортаның  əртүрлі  кұбылмалы  ықпалдары 

себепші болады. Сонымен ми сыңарларының 

қарым-қатынасының  екі  жақты  силаты  психикалык  іс-əрекетті  жəне  мінез-құлықты  тиімді 

бағытта өзгертуге мүмкіндік туғызады. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет