Адамның тарихи дамуындағы



бет1/2
Дата09.05.2022
өлшемі25,23 Kb.
#33763
  1   2

Жас ерекшеліктегі психика дамуының әлеуметтік тарихи шартталуы

  1. Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар.

Адамның жеке басының дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар (онтогенез).

Адмның жеке басының дамуындағы биологиялық факторлармен әлеуметтік факторлардың алатын орны мен рөлі жайлы түрліше пікірлер болады және қазір де бар. Мәселен: Ч. Дарвиннің Ілімін насихаттауда көп еңбек сіңірген неміс биологы Геккель адам мен қоғамның дамуын негізінен анықтаушы биологиялық фаторлар, ал қоғам дамуымен адам эволюциясының қозғаушы күші тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу деп есептеді. Сондықтанда дәл осындай қөзқарасқа негізделген әлеуметтік дарвинизмнің тууын көбінесе Геккельдің есімімен байланыстырады.

1869ж. Евгеника ілімінің принциптерінің тұңғыш тұжырымдаған Ф. Гальтон деген Дарвиннің немере інісі екенін жоғарыда ескрткенбіз. Сол Гальтон адамның болашақ ұрпақтарының тұқым қуалаушы сапаларын (денсаулығын, дарындылығын,ақыл-ой қабілеттерін) жақсартуға әсерін тигізетін факторларды зерттеуді ұсынды. Сонымен бірге озат ойлы ғалымдар евгениканың алдына гуманистік мақсаттар қойған болатын бірақ оның идеялары көп жағдайларда нәсілшілдікті, атап айтқанда фашистік нәсілшілдік атап айтқанда фашистік нәсілшілдік теорияларды актау үшін пайдаланылады. Қазіргі заманғы ғылымда евгениканың көптеген проблемалары, медициналық генетика саласында шешімін табуда.

Фашизм жеңілгеннен кейін түрлі нәсілдердің өзара қосылысуы зиянды болуы былай тұрсын, қайта биологиялық жағынан пайдалы екендігін дәлелдеген еңбектер щыға бастады. 1950 және 1951 жылдары ЮНЕСКО-ның барлық нәсілдерінің теңдігін

жариялаған Мәлемдерінің зор иаңызы болды, өйткені оларда түрлі нәсілдердің ақыл-ой қабілетінің әр-түрлі екндігін көрсететін ғылыми мәлеметтері жоқ екендігі, сондықтан нәсіл аралық неке қауіпсіз екені айтылған.

Әлеуметтік және биологиялық факторлардың жеке адамның эволюциясына тигізетін әсері жайлы қазіргі ғылыми әдебиетте бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт бар. Олардың бірі панбиологизм деп, ал екіншісі пансоциологизм деп аталады. Панбиологизм бағытын жақтаушылар адамның жеке басының дамуы бүтіндей генмен анықталады деп, биологиялық фактордың рөлін абсолюттендіріді. Ал пансоциологизмді жақтаушылар жеке адамдардың бәрі дүниеге келгенде бірдей гендік қабілетпен келеді, олардың қабілеттердің дамуында оқу-тәрбие басты, шешуші рөл атқарады деп есептейді.

Бұл мәселені қарастырғанда адамның жеке басының дамуының екі кезеңі бар екенін, ол эмбриондық және эмбриондықтан кейінгі кезеңдерден тұратынын ескеру керек. Бірінші кезең- бала туғанға дейін ана құрсағында өсіп-өнуі кезеңі. "Бұл эмбриондық кезеңде ,- деп жазады академик П.Н.Дубинин,- организмнің дамуы генетикалық программаға қатаң сәйкес жүреді де оған сыртқы физикалық және әлеуметтік ортаның әсері (анасының организмі арқылы) әлсіз болады. ” Эмбриондық дамудың ең басты кезеңінде-ақ ата- анасының көшкен, сөйтіп ДНК-ның хромосомдарында берік орныққан генетикалық программа іске аса бастайды. Дамудың әсіресе бұл ерте кезеңіндегі адамның эмбрионы мен басқа омыртқалылардың эмбрионының өсіп-өнуі өте ұқсас болады. Ал адамның эмбрионы мен маймылдардың эмбрионының ұқсастығының ұзақ сақталуы олрдың тарихи шығу тегінің бір екндігінің тағы бір дәлелі екндігі табылады. Адамның генетикалық мүмкіндігін нің уақыт жағынан қатаң шегі бар. Егер баланы әлеуметтендіруді (оқытуды, тәрбиелеуді ) ерте бастамаса, онда қабілеті жарық көрмей,өшіп қалуы әбден мүмкін.

Айтқанымызға нақты дәлел ретінде кейбір нәрестелердің белгісіз бір себептермен адам қоғамынан бөлініп қалып, қалың ормандағы аңдардың ішіндегі бірнеше жыл өмір сүрген фактілерін көптеп келтірүге болады. Оларды тауып алып, адамзат қоғамына қайта алып келгенмен, олар енді толық мәнінде адам бола алиаған, өйткені сөйлеу тілін дұрыс меңгере алмаған, екі аяқтап дұрыс жүре алмаған, ақыл-ой және басқа психикалық процестер нашар дамыған. Бұл фактілер адамды адам ететін мінез-құлық формалары мен



іс әрекет қимылдары тек оқу-тәрбие процестерінің нәтижесінде әлеуметтік мұраны меңгеру арқылы ғана қалыптасатынын қөрсетеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет