Адамзат қоғамының қалыптасып, одан әрі өркендеуіне және белгілі бір даму сатыларымен ілгерлеуінде білімнің атқаратын рөлі айрықша



бет1/2
Дата30.09.2022
өлшемі25 Kb.
#40890
  1   2

  1. Білім беру әлеуметтік институт ретінде.

Адамзат қоғамының қалыптасып, одан әрі өркендеуіне және белгілі бір даму сатыларымен ілгерлеуінде білімнің атқаратын рөлі айрықша. Екінші жағынан алғанда білім қоғамның өзі дүниеге келтірген, өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Адамның қоршаған ортаны танып білуі өте күрделі ұзаққа созылатын тарихи процесс және оның адамның жаңа білімді игеруімен байланысты екендігі белгілі. Негізінен білімге көптеген аңықтамалар беруге болады.
1.Білім дегеніміз –адамның жеткен дәрежесі ол субъективті процесс, сонымен бірге белгілі бір ғылым саласына байланысты жеке адамның жинаған сан-қырлы ақпараттарының жиынтығы және де білім дегеніміз – адамның санасының, ақыл- ойының жиынтығы болып табылады.
2.Білім дегеніміз – материалдық және рухани құбылыстар туралы шынайы әрі нақты мәліметтер жиынтығы. Олардың адам санасында дұрыс бейнеленуі. Жалпы білім қорын ғылымға дейінгі яғни күнделікті өмірде пайда болған қарапайым білім және ғылыми білім деп 2-ге бөлуге болады. Ғылымға дейінгі қарапайым білім тіршілік барысында іс-әрекет үстінде жинақталады, ол бар болғаны құбылысты сипаттайды. Оқиғаның қалай өтіп жатқандығын көрсетеді. Ал ғылыми білім күрделі де мазмұнды болып келеді. Ол құбылысты, оқиғаны жай сипаттаумен ғана шектелмейді. Құбылыс неге сондай? Оқиға неліктен дәл осылайша өтіп жатыр? Деген сұрақтарға дәйекті жауап қайтарады. Басқаша айтқанда ғылыми білім оқиғаларды, фактілерді сипаттап қана қоймайды, сонымен қатар оларды анықтап түсініктеме береді. Ішкі мәнін және маңызды байланыстарын ашып көрсетеді. Осы негізде ғылыми білі рухани дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен логикалық жағынан ұйымдастырумен ерекшеленеді. Ғылыми білім ғылыми ізденістердің шығармашылық іс-әрекеттің барысында туындап жинақталады. Ол жалпы таным барысының негізгі мақсаты болып табылады. Білім екі жақты процестің тұтастығын қамтиды. Ол: білім беру және білім алу. Білімнің бірнеше түрлерін айтуға болады. Мысалы: тұрмыстық білім, ғылыми білім. Ал ғылым дегеніміз –белгілі бір саладағы білімдердің жиынтығы. Білім беру социологиясы-арнаулы социологиялық теориялық орта дәрежедегі ілімдерінің бір саласы болып табылады. Білім беру социологиясының негізгі зерттейтін объектісі- білім, ғылым және білімге байланысты қарым-қатынастар. Білім беру социологиясы білімдік қатынастарды, білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуын әлеуметтік институт ретінде зерттейді. Білім беру жүйесі мен әлеуметтік құрылымның дара байланысы бар. Білім беру социологиясының тағы бір мәселесі –жеке адамның белгілі бір мамандық иесі болуын, мәдени деңгейінің өсуін, оның өмір сүруінің нақты әдісінің, ғадетінің қалыптасуын, адамдардың арақатынасының дамуын білім дәрежесімен тығыз байланыста қарастыру. Білім беру институты өзінің әлеуметтік функциясымен бірге қоғамның дамуына белсенді ықпал етеді.
2)

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет