Аңдардың психикалық іс-әрекеті Орындаған: Рахим Диана



бет1/4
Дата07.01.2022
өлшемі451,45 Kb.
#17038
  1   2   3   4

Аңдардың психикалық іс-әрекеті

Орындаған:Рахим Диана

Тірі организмнің психикалық дамуының бүкіл ұзақ процесі үлкен екі кезеңнен тұрады:

1. Жануарлардың психикасының дамуы (ол биология заңдарына, тұқым қуалаушылық, құбылмалылық, табиғи сұрыпталу заңдарына бағынады).

2. Адам санасының дамуы қоғамдық-тарихи заңдылықтарға сәйкес дамиды.

Жануарлардың психикасының дамуы қоршаған дүниені бейнелеудің және оның өзгеруіне бейімделу, күрделі психикалық процестердің пайда болуымен байланысты болды. Жануарлардың түйсіктерінің дамуының нәтижесінде оларда қабылдау туады. Сонымен қатар жануарлардың есі жетіле түседі. Мәселен, маймыл тығып қойған нананды іздей бастайды.

Омыртқалы жануарларда ойлау нышаны бар, бірақ ол адам ойлауынан әлдеқайда шамалы келеді. Психиканың дамуы үшін жануарлардың тұрмысының, қоршаған ортасының маңызы зор. Басқа жануарларға қарағанда ұшатын құстар мен балықтардың психикасы нашар дамыған. Бұл жағдай олардың тіршілік ететін ортасына байланысты, бірақ та құстың көзі жақсы көреді. Жемін алыстан көруіне көп көмек көрсетеді. Маймылдардың психикасының басқа жануарлармен салыстырғаңда жоғары дәрежеде дамуының себебі орманда өмір сүруіге бейімделуінен. Ағаш арасындағы тіршілік жағдайында иіс айырудың қажеті азайып, көру рөлі арта түседі. Ағаш бұтақтарында отырып теңселу, ағаштан-ағашқа секіру, көзбен мөлшерлеуге жаттықтырады, дененің сезімталдығын жетілдіреді, әрі жылдам қозғалуды талап етеді. Маймыл жаңғақтың ішіндегі дәнін, түрлі миуа атауылыны, шөптің сабағын тауып жейді. Ол үшін ептілік керек. Маймыл қолын жүру қызметіне де, ұстау қызметіне де қолдана алады. Маймылдардың психикасының даму сатысын аңғаруға негіз болатын маңызды бір факт - көз бақылауы мен ептіліктің пайда болуы. Бұл бейімділік бұтақтан-бұтаққа секіріп, тамақ тауып жеуіне көмектеседі. Жануарлар дүниесінің дамуында үш түрлі әрекет бар. Олар: 1.Инстинкт 2.Дағды 3. Интеллект



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет