АҢдатпа 6-бет 5-бет



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата24.03.2017
өлшемі4,28 Mb.
#10358
1   2   3   4   5   6

  Батыс Қазақстан облыстық

 сотының баспасөз қызметі

Халық  қалаулылары  алдымен  «Нұр 

Отан»  партиясы  аудандық  филиалында 

болып,  азаматтарды  қабылдау  өткізді. 

Шара  барысында  аудандық  ардагерлер 

кеңесінің төрағасы И.Комиссаров ардагерлер 

туралы  заң  қабылданғаны  жөн  болар  еді 

деген  ұсынысын  айтты.  Өйткені,  ардагер­

лерге қатысты қордаланып қалған түйткілді 

мәселелер аз емес. «Аталмыш заң сондай 

өзекті мәселелерді шешуге игі ықпалын тигізер 

еді», – дейді ардагерлер кеңесінің төрағасы. 

Мәжіліс  депутаттары  өз  кезегінде  мұндай 

ұсыныстың бұрыннан айтылып жүргендігін, 

алдағы уақытта сондай заң қабылдау мәселесі 

Мәжілісте көтерілетінін айтты.

«Атбасар су» мемлекеттік коммуналдық 

кәсіпорнының  кеңесшісі  В.Силич  қаланы 

жылумен қамтамасыз етуге қатысты мәсе­

лені көтерді. 2015 жылы Атбасар қаласын 

дамыту  жобасы  жасалып,  ол  облыстық 

Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Мәжілісінің 

депутаты  Абай  Тасболатов  жұмыс  сапарымен  Ақтөбе 

облысына келіп, Ішкі істер департаментінің жеке құрамымен 

кездесу өткізді. 

мәслихат  шешімімен  бекітілген  екен. 

2020  жылға  дейінгі  аймақтарды  дамыту 

бағдарламасына  сай,  «ТКШ  дамытудың 

қазақстандық  орталығы»  АҚ­ы  Атбасар 

қаласын жылумен қамтуға инвестиция тарту 

жобасын жасаған. Бұл жоба Құрылыс және 

тұрғын  үй­коммуналдық  шаруашылығы 

комитетіне  бекітуге  жолданыпты.  Қазір 

бар мәселе жұмыстың жобалық­сметалық 

құжаттарын  дайындауға  тіреліп  тұр.  Оны 

жасауға  қажетті  ақша  бюджеттен  бөлінуі 

тиіс.  В.Силич  депутаттардан  керекті  қар­

жыны  бюджеттен  бөлдіруге  ықпал  етуін 

сұрады. Халық қалаулылары бұл мәсе лені 

бақылауға  алып,  тиісті  құзырлы  орган­

дармен  сөйлесетінін  және  оны  шешуге 

көмектесетінін айтты.

Покров  ауылдық  округінің  атынан 

келген  зейнеткер  В.Самойленко  ауылды 

ауызсумен қамтамасыз ету жайын шешуге 

Парламент  Мәжілісінің  Халықаралық  істер,  қорғаныс  және 

қауіпсіздік  комитетінің  мүшесі  А.Тасболатов  Ақтөбе  өңірінің 

тыныштығын  күзетуде,  азаматтардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз 

етуде алғы шепте жүрген полиция қызметкерлерімен кездесті және  

олардың жұмысымен танысты.  

–  Қазіргі  кезде  терроризмге,  экстремизмге  қарсы  күресті 

жандандыру,  қарудың  айналымына  тосқауыл  қойып,  көші­қонды 

реттеу  заңнамасын  жетілдіру  өзекті  мәселе  болып  отыр.  Ал,  бұл 

түйткілдерді жою үшін жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын 

кеңінен  жүргізу  маңызды.  Себебі,  насихаты  аз  заңға  халықтың 

наразылығының тууы қалыпты жағдай, – деді депутат. А.Тасболатов 

полиция қызметкерлеріне халықпен қарым­қатынаста сыпайы және 

әдепті болып, заң аясында қызмет атқаратындарына сенім білдірді.

Сонымен қатар, кездесу барысында азаматтарды тіркеудің жаңа 

тәртібі  аясында  көптеген  күрмеулі  жайттардың,  әсіресе,  тіркеусіз 

жүрген  азаматтардың  әлеуметтік  қорғалу  мәселелері  шешімін 

табатыны, көші­қон саласында тұрақтылық орнайтыны, бұл заңның 

еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететіні және құқық 

қорғау саласына да елеулі көмек болатыны жиын өзегіне айналды.

Кездесу  барысында  депутат  Қазақстан  Республикасындағы 

соңғы қабылданған заңдар туралы түсіндірме жұмыстары бойынша 

сұрақтарға егжей­тегжейлі жауап берді.

Лаура ЗАБИХОВА

АҚТӨБЕ


көмек  көрсетулерін  сұрап  шағымданды. 

Қазіргі күні ауылды сумен қамтамасыз ету 

жүйесінің  жобалық­сметалық  құжаттары 

дайындалған. Ендігі мәселе тиісті қаржыны 

бөлуде  болып  отыр.  Мәжіліс  депутат­

тары ақсақалға су жүйесін салуға қажетті 

қаржыны  бөлуге  қолдан  келгенше  көмек­

тесетінін айтып уәде берді.

Бұдан  кейін  депутаттар  «Нұр  Отан» 

партиясы  аудандық  филиалының  белсен­

ділерімен  кездесті.  Жиында  депутаттар 

заң  шығарушылық  қызметтері  саласында 

атқарып жатқан жұмыстары жайында жан­

жақты  баяндады.  Әсіресе,  бүгінде  халық 

арасында  үлкен  пікір  туындатып  отырған 

уақытша тіркеу жөнінде түсінік берді.

Мәжіліс депутаттары өңірдегі ірі кәсіп­

орын  саналатын  «Қамқор­Локоматив» 

электровоз  жөндеу  зауытында  болып, 

оның  жұмысымен  танысты.  Қазіргі  күні 

зауытта  1322  адам  еңбек  етеді.  Олардың 

300­ден  астамы  әйелдер.  Орташа  айлық 

жалақы  112 мың теңгеден айналады. Оған 

қоса, жұмыс киімдерімен қамтамасыз ету, 

еңбек  демалысында  емделуге  қажетті 

қосымша ақша беру сияқты жеңілдіктері де 

бар. Уақыт талабына сай жұмыс бағдарын 

айқындаған  іргелі  кәсіпорын  әлемді  қам­

тыған дағдарысқа қарамай, ырғақты жұмыс 

істеп тұр.

Депутаттар  зауыт  жұмысшыларымен 

ашық пікір алмасып, оларды толғандыратын 

мәселелер  туралы  сұрап  білді  және  өз 

жұмыстары жайында айтып берді.



Қалкөз ЖҮСІП,

«Заң газеті»

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ 



Қазақстан 

Республикасы 

Парламенті 

Мәжілісінің 

депутаттары 

Ерсұлтан Бектұрғанов 

пен Жанат Жарасов 

Ақмола облысының 

Атбасар ауданында 

болып, бірқатар 

кәсіпорындардың 

жұмысымен танысты 

және азаматтарды 

жеке басының 

мәселелері бойынша 

қабылдады.

НАСИХАТЫ АЗ ЗАҢҒА 



НАРАЗЫЛЫҚТЫҢ ТУУЫ ҚАЛЫПТЫ

АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН 



ЗАҢ ҚАЖЕТ

5

zangazet@maiI.ru



№4 (2929) 

17 қаңтар 2017

ТҰҒЫР

Ұлмекен ТӨЛЕШОВА, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, 

педагогика ғылымдарының кандидаты, психолог:

«АТА-АНА МЕН 

МҰҒАЛІМДІ БАЛАНЫҢ 

БАҒАСЫ ҒАНА 

ОЙЛАНДЫРАДЫ»

қиындық бар ма, болса, ол мәселені 

бірге  шешуге  ұмтылайық»  –  деп, 

жиынның  өтетін  орны  мен  уақытын 

жазып  жіберсе,  бұл  кімді  болса  да 

қызықтырады.  Сынып  жетекшісі 

мектеп психологымен біріге отырып, 

ата-анаға  баламен  сөйлесу  әдісін, 

оған қандай көмек беру, қалай көңіл 

бөлу,  тыңдау,  қолдау,  жауап  беру 

керектігі жайлы бағыт-бағдар берсе, 

нұр үстіне нұр. Айта кеткім келетіні, 

жиналыста сынып жетекшісі журналға 

қарап, балалар тізімін оқып шығады. 

Қайсысы  қалай  оқитынын  айтады. 

Балаңыздың  тәртібі  нашар  немесе 

үлгерімі төмен деген сөзді еститіндер 

мектепке келуден қашқақтайды. Баға 

баланың  ата-анасын  ғана  қызық-

тыратындықтан, оның сабақ үлгерімі 

жайлы  мәліметті  жеке  өзіне  берген 

жөн.  Бұл  өз  кезегінде  ата-ананың 

мұғаліммен жеке сөйлесіп, баласына 

көмектесу  шараларын  іздеуіне 

мүмкіндік тудырады.

– Бағаны электрондық журнал 

арқылы көруге де болмай ма?

–   И ә ,   э л е к т р о н д ы қ   ж у р н а л 

мектеп терге  енді  ғана  ендіріліп 

жатыр. Ал, жоғары оқу орындарында 

электронды бағалау жүйесі бұрыннан 

бар.  Студент  әр  аптада  лекциядан 

немесе семинарлық сабақтан қандай 

баға  алғанын,  яғни,  қанша  балл 

жинағанын көріп, біліп отырады. 

–  Баласының  сабақ  үлгерімін 

ата-аналар  да  бақылай  алатын 

шығар?

–  Баласының  құпия  кілтін  біле-

тін  ата-ана  электронды  журнал 

арқылы  ауылда,  қалада  болсын, 

сабақ  үлгерімін  біле  алады.  Бірақ, 

студент тер  көп  жағдайда  парольді 

ата-аналарына бермейді. Бұл арада 

да  бар  мәселе  ата-ана  мен  бала 

қарым-қатынасына  келіп  тіреледі. 

Куратор-эдвайзер  болғандықтан 

топ  ата-аналарының  әрқайсысына 

баласының  паролін  беремін.  Сол 

арқылы ұл-қызының сабаққа қатыс-

ып не қатыспай отырғанын, баға сын, 

т.б., бақылай алатынын  айтамын. 

– Ата-анамен қалай сөйлесуді 

білмейтін де ұстаздар барын бай-

қаймыз. 

–  Мұғалім  ата-анаға  көпшілік 

көзінше «сенің балаң бұзық» деуден 

сақтануы  керек.  Өзім  куә  болған 

жайт,  бір  ер  кісіге  сынып  жетекшісі 

қайта-қайта  баласының  тәртібі 

нашар лығын  айтып  қоймады.  Сол 

жиын нан  кейін  мен  ол  кісіні  көрген 

емеспін.  Жиналыстан  ашуланып 

барып  баласына  қол  көтеруі,  сол 

сияқты  отбасында  келеңсіз  көрініс-

терге  жол  беруі  мүмкін.  Жарын 

жазғырады. Осының салдарынан бір 

отбасының  шырқы  бұзылады.  Кез 

келген  ата-ана  мектеп  жиналысына 

асығып  тұратындай  жағдай  туғыза 

білу – әр мұғалімге сын.

 – Сіз айтып отырған ынтымақ-

тастықты,  мектепке  тартуды  кім 

ұйым дастыру керек?

–  Бұл  жағдай  мектеп  басшы-

ларына, олардың жұмысты ұйымдас-

тыруына тікелей байланысты. Мұға-

лімдердің шығармашылықпен жұмыс 

істеуіне  мүмкіндік  туғызу  да  үлкен 

мәселе.  Бізді  оқушылармен  тре-

нинг тер  жүргізіп  беруге  шақырса, 



ЖАСТАР ЖАҢА 

БАҒЫТТЫҢ ҚОЗҒАУШЫ 

КҮШІНЕ АЙНАЛУЫ ТИІС

Мемлекет басшысы жастарға айрықша көңіл бөлуде. Елімізде төрт жылдан бері Жастар 

саясаты және жастардың ресурстық орталығы мәселелері жөніндегі басқармалардың 

жұмыс істеуі де соның айғағы. Елбасы жастар форумында: «Мен сіздерге – жаңа буын 

қазақстандықтарға  сенім  артамын.  Сіздер  жаңа  бағыттың  қозғаушы  күшіне  айналуға 

тиіссіздер», – деген болатын. 

Мұны  айтып  отырғанымыз,  жаңа  жылдың  алғашқы  аптасындағы  үкімет  отырысы 

барысында  мемлекеттік  жастар  саясатының  негізгі  бағыттары  қарастырылды. 

Осы  басқосуда  ҚР  Дін  істері  және  азаматтық  қоғам  министрі  Нұрлан  Ермекбаев 

мемлекетімізде  соңғы  онжылдықта  жастар  саясатын  жүзеге  асыру  үшін  заңнамалық 

негіздер қалыптастырылып, қажетті инфрақұрылымдар жасақталғанын атап айтты. Және 

министр осы бағыттағы ұсыныстарды да мәлім етті. 

Жастар саясаты саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижесінде  мемлекетіміз 

183  ел  бағаланған  жаһандық  даму  рейтингінде  2016  жылы  жастарды  дамыту  индексі 

бойынша 61 позицияны иеленді. Осыған орай, сараптамалық бағалаулар мен ұсыныстар 

ескеріліп, әрі қарайғы жұмысты бес бағыт бойынша ұйымдастыру жоспарланғаны белгілі. 

Соларға тоқталсақ, ең бірінші, ауыл және қала жастарының арасындағы мүмкіндіктердің 

айырмашылығын  төмендету,  жастарды  әлеуметтендіру,  олардың  бос  уақытын 

ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жалғастыру қарастырылған. Бірінші бағыт аясында 

жалпыұлттық жастар қозғалысы жобасын әзірлеу ұсынылды. Оның негізгі бағыттарына 

волонтерлікті, спорттық және шығармашылық жетістіктерді, еңбек дағдыларын дамыту 

кірді. 


Көшелердегі  қарапайым  спорттық  жарақтар  желісін  (воркауттар),  аула  клубтары 

мен жастарды жаппай спортқа және шығармашылыққа тартудың басқа да аз шығынды 

түрлерін арттыру қажеттігін алға тартқан Нұрлан Ермекбаев бұл жағдайда мемлекеттік-

жекешелік әріптестік тетіктерін белсене пайдаланудың маңызы зорлығын да атады. 

Ал,  екінші  бағыт  «әлеуметтік  лифтілерді»  дамытуға  арналғанын  айтқан  министр 

мұндағы тиімді тетік «қабілетті» анықтап, олардың дамуына жәрдемдесетін шығармашылық 

бірлестіктер мен одақтар екенін еске салды. Сонымен бірге, талантты жастар мүмкіндігін 

арттыру мақсатында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын пысықтау ұсынылды. Әскери 

қызметтерге жастарды көптеп тартудың маңызы да айтылды. 

Жас  отбасыларға  қолдау  көрсету  аясында    көктемгі  уақытта  еліміздің  барлық 

мектептерінде ата-аналарға арнап, тәжірибелі психологтар мен өзге сала мамандарының 

шақыртылуымен «Отбасы сағаты» атты жалпыұлттық акция өткізу үшінші бағыт бойынша 

ұсынылды. Жастармен жұмыс істейтін мемлекеттік аппараттың кадр әлеуетін арттыру 

маңызды  десек,  төртінші  бағыт  негізінде  жастардың  ресурстық  орталықтарында 

әдістемелік  база  жаңартылмақ.  Бұдан  өзге,  «Жастар»  ғылыми-зерттеу  орталығы 

жастармен жұмыс істейтін мамандарға арналған оқыту семинарлары мен тренингтерін 

өткізуді жалғастырады. Мұндай шараларды студенттермен жүйелі түрде ұйымдастыру 

көзделуде. Ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруда мекемеаралық байланыс, үйлестіру 

шараларын  күшейту  қолға  алынбақ.  Олардың  ең  бастысы  ретінде  аталған  отырыста 

консультативтік-кеңестік органдардың қызметін жандандыру ұсынылды. 

Бүгінде мемлекетімізде жастардың жарқын болашағына жаңа мүмкіндіктер ашылуы 

үшін барлық шаралар  жасалуда. Олардың оқып, білім алуына еш кедергі жоқ. Сондықтан, 

жастар да мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауларға үн қосып, Елбасы айтқандай: 

«Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл 

намысты,  биік  рухты  болса  –  ол  елдің  еңсесі  де  биік  болады.  Өршіл,  намысшыл  жас 

отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылулары міндет».



Т.СМАҒҰЛ

МІНДЕТКЕ АДАЛДЫҚ 

ТАНЫТАЙЫҚ!

Орайы келген әңгіме

Пікір

–  Бүгінде  баланың  кемшілігі 

үшін  ата-ананың  мұғалімді,  мұға-

лім нің  ата-ананы  кінәлау  үрді сі 

белең  алып  бара  жатқан  сияқты, 

Сіз қалай ойлайсыз?

–  Өкінішке  қарай,  солай  болып 

барады.  Жаман  мектеп  жоқ,  бәрі 

жақсы,  мұғалімдер  де  білім ді.  Бұл 

жерде  түсініспестікке  мек теп,  ата-

ана,  бала  арасындағы  ынты мақ-

тастықтың  жоқтығы  себеп  болып 

отыр.  Егер  мектептегі  іс-шара-

лар ға  ата-аналарды  көбірек  тар-

тып,  ынтымақтастық  орнатса,  олар 

онда  болып  жатқан  процес терді 

түсінер  еді.  Осы  жағдай  жалпы 

оқу-тәрбие  жұмысындағы  өзекті 

пробле малардың  бірі  екені  талас-

сыз.  Мектептерге  барғанымда  бай-

қай тыным,  ата-аналар  жиыны  тек 

жиналыс формасында өтеді. Мұндай 

бас қосуларды қазіргі инновациялық 

технологияларға  сүйене  отырып 

ұйымдастыру керектігін уақыттың өзі 

талап  етіп  отыр.  Мысалы,  мұғалім 

мектепке  шақыртуды  хат  түрінде 

жасап, ата-анаға «Сізге балаңызбен 

қарым-қатынаста  қандай  да  бір 

қуана барар едік. Біраз мектепке өз 

ұсынысымды білдіріп, тақырыптарды 

да  қалдырып  кеттім.  Алайда,  ешкім 

қызығушылық  танытып  жатқан  жоқ. 

Мұны айтып отырғаным, кей ата-ана 

өсе  келе  баласының  мінез-құлқы 

өзгергеніне  алаңдап,  кеңес  сұрап 

жатады.  Мысалы,  ұлы  бөлмесінің 

есігін  ашпай  қояды  немесе  ашық-

жарқын  қызы  аяқасты  тұйықталып 

қалады.  Өз-өзінен  жылайды,  мұн-

дай  көріністерге  еш  ата-ананың 

бейжай  қарамасы  анық.  Өзім  де 

қыз өсіріп отырмын. Өтпелі кезеңде 

оның  да  мінезінде  өзгеріс  болды. 

Психолог  маман  ретінде  сөйлесіп, 

бағыт-бағдар  берейін  десем,  ол 

мені  қабылдамайды.  Сондықтан, 

психологиялық  тренинг,  т.б.  сыны-

бында, топпен, яғни, құрбы-құрдас-

тарымен  біріктіре  отырып  жасауға 

тырыстым.



–  Мектептерде  психолог  бар 

ғой,  олардың  жұмысына  көңіліңіз 

толмай ма?

– Мектепте штат аз, сонша балаға 

бір ғана психолог бекітілген. Содан 

ба,  кейбір  оқушылар  психологты 

көрмейді, танымайды да. Кабинетте 

тығылып  отыратын  психологтар  да 

жоқ  емес.  Бізде  педагог-психо-

логтардың білімін жетілдіру, арнайы 

курстардан өткізу жағы ақсап жатыр. 

– «Қызым үйде, қылығы түзде» 

демекші,  ұл-қызының  тәрбиесі 

сырттан  бұзылып  келетінін  алға 

тарта тын ата-аналар да жеткілікті.  

Сіз бұған не дейсіз?

–  Бүгінде  балалардың  психоло-

гиясы  өте  қиын.  Мойындау  керек, 

біз ұл-қызымыздың көңілінен шығу-

ға  жаны мызды  саламыз.  Мұның  өзі 

олардың  психологиясының  бұзы-

луына  әсер  етеді.  Баланың  жауап-

кершілігі  ең  алдымен  ата-анаға 

жүктеледі.  Сондықтан,  ұл-қызының 

жеке  бас  жауапкершілігін  әр  ата-

ана өз қолына алуы керек. Баланың 

бос  уақытын  тиімді  ұйымдастыра 

алмаудамыз.  Әйтеуір  бос  отырғыз-

бауды ойлап, курстан-курсқа сүйрей-

міз.  Ағылшын,  математика,  т.б. 

беріп, білімге баса көңіл бөліп кеттік 

те,  тәрбие  шет  қалуда.  Мысалы, 

ұшақтың  екі  қанаты  бірдей,  сол 

секілді  білім  мен  тәрбие  де  балаға 

бірдей  берілуі  керек.  Ғұлама  Әбу 

Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші 

білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз 

берген білім – адамзаттың қас жауы, 

ал,  келешекте  оның  өміріне  қауіп 

әкеледі» деген жоқ па? Қазіргі ата-ана 

мен мұғалімді тек баға ойландыратын 

болды. Бес алған бала керемет. Оның 

тәрбиесіне, жағымсыз қылықтарына 

мән бермейміз. Баланы тәрбиелеудің 

де әр кезеңі бар. Бастауыш сыныпта, 

өтпелі  кезеңде,  жоғары  сыныпта 

баламен қалай сөйлесіп, оны қалай 

тәрбиелеу  керек,  мұның  бәрінің  өз 

бағыты бар. 

 Басты ескерерлігі, ата-ана баланы 

мектеп пен үйдің арасындағы ақпарат 

тасушы ретінде пайдаланбауы керек. 

Мәселен,  сабақтан  келген  балаға 

«мектепте не болды, мұғалім не деді, 

ұрысты ма?» деген сияқты сұрақтар 

қоямыз.  Бала  сабақ  барысында  не 

болғанын үтір-нүктесіне дейін айтып 

береді.  Күндегі  сұрақ  сол  болған 

соң бала да оған дағдыланады. Егер 

балаға  мұғалім  қатты  сөйлегенін 

білсек,  алды-артымызға  қарамай 

жетіп  барамыз.  Ата-ана  баладан 

жағымсыз ақпаратты емес, неғұрлым 

жағымды  жайттарды  ғана  сұрағаны 

абзал.  Мағжан  Жұмабаев  «Бала 

тәрбиесі  –  өнер,  жеке  бір  ғылым 

иесі болуды тілейтін өнер» деп бекер 

айтпаған.  

– Қазіргі ержетіп қалған бала-

лардың  көбі  менмен,  ашушаң, 

оларды бұл жағдайдан қалай алып 

шығуға болады? 

– Жоғары сынып оқушыларының 

бойындағы менмендік 11-12 жаста-ақ 

басталады.  Мысалы,  бірдеңе  десең 

«өзім білем», «сөйлемеңізші», «айта 

бермеңізші, мен не істеймін» дейді. 

Яғни,  бала  агрессиялық  жағдайда. 

Басқа жұмыс жүргізілмеген соң бала 

агрессиядан шығудың жолын өзінше 

іздейді, интернет ақтарады. Бәріміз 

білетіндей  ғаламтор  қорқынышты, 

жағымсыз ақпаратқа толы. Оң-солын 

айыра алмайтын жасөспірім, дұрысы 

осы  екен  деп,  жағымсыз  әрекет 

жасауы  да  мүмкін.  Сондықтан, 

бала  агрессияда  жүргенде  өте 

абай  болып,  мамандар  кеңесіне 

жүгінген  жөн.  Мысалы,  бала  ондай 

кезде  кінәні  өзгелерден  іздейді. 

«Бәрі  сіздің  кесіріңіз»  деп  анасына 

не  мұғаліміне  ашулануы  мүмкін. 

Неге  үш  алдың  десең  «апай  үш 

қойды»  дейді.  Өзі  тап-таза  болып 

шығады.  Мұндай  кезде  баланың 

көңіл күйін белгілі бір іс-әрекеттер, 

яғни,  ойындар  арқылы  жақсартуға 

болады.  Оны  сынып тас тарының 

арасында жүргізген дұрыс. 

Баланы шамасы келмейтін істерге 

шектен  тыс  салудың  қажеті  жоқ. 

Музыкант,  спортшы,  математик, 

т.б.  бәрі  болуын  қалаймыз.  Оған 

бала  қабілеті  жете  ме,  жетпей  ме, 

оған  мән  бермей міз.  Сенімді  ақтай 

алмаған  бала  өзіне  ашулануы, 

күйзеліске түсуі мүмкін. «Оқы, оқы» 

деп,  шектен  тыс  талап  қою  артық. 

Бір  ата-ананы  білемін,  баласын 

спортқа да, музыкаға да, ағылшынға 

да апарады. Ұлының түріне қарасаң, 

әбден  шаршап  кеткен.  Шексіз 

жүктеме қалжыратқан. Қазіргі бала-

лардың  көбі  анемия.  Үйден  шық-

пайды,  компьютердің  алдында 

отыра ды. Сондықтан, олардың таза 

ауада  көп  жүруі  пайдалы.  Мысалы, 

мектеп болып табиғат аясына шығуға 

болады.


–  Бүгінде  мұғалімдердің  өзіне 

психологиялық көмек керек секілді, 

олар қайдан алады? Бәлкім, Білім 

беру басқармаларының тарапынан 

қандай  да  бір  шаралар  жасалуы 

керек шығар?

–  Мұғалімдерге  психологиялық 

көмек  беретін  орталықтар  өте  көп. 

Мысалы,  Қазақ  Ұлттық  универ-

ситетінде курстар ұйым дастырамыз. 

Әрине, мұғалімдерге талаппен қатар, 

қолдау  да  қажет.  Жергілікті  Білім 

беру басқармаларының басшылары 

да  бұл  мәселеге  жан-жақты  көңіл 

бөлулері тиіс.



– Әңгімеңізге рақмет.

Түймегүл ИБАШЕВА,

«Заң газеті»

Отбасылық тәрбиенің ауқымы қашанда кең. Атап айтқанда, оның негізі баланы 

өмірге  әкелу  ғана  емес,  бойына  жақсы  қасиеттерді  сіңіру,  аға  ұрпақтың  өмірлік 

тәжірибелерін үйрету, өз қоғамының толыққанды мүшесі етіп тәрбиелеуден көрінеді. 

Бала тәрбиесінің басты жауапкершілігі ең бірінші ата-анадан сұралатыны да ақиқат. 

Себебі,  жас  ұрпақтың  адам  болып  қалыптасуы  отбасындағы  тәрбиемен  тікелей 

байланысты. Отбасы бала өмірінің жағдайын жасайтын орта болғандықтан, оны жат 

қылықтардан жирендіріп, дұрыс жолға бағыттайтын алтын діңгек болып саналады. 

Бабаларымыз  ежелден  ұрпақ  тәрбиесіне  ерекше  көңіл  бөлген.  Шарананы 

құрсақтан тәрбиелеп, ата салтын бойына дарытқан. Ұрпағының салауатты, тәрбиелі 

болғанын қалап, оларға тиісінше өнеге көрсеткен. «Қызға қырық үйден тыйым, қала 

берді қара құлдан тыйым» деуі де сол зор  жауапкершілікті аңғартса керек. Ата-

бабаларымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, өнегесін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге 

ата-ана тәрбиесінің ықпалы зор. Дегенмен де, қоғамда әке мен шешенің тілін алмай, 

оларға қарсы келіп, балағаттап, тіпті, қол жұмсайтын жастар да кездесуде. Осындай 

жағдайлармен аудандық соттың өндірісінде істер қаралып, ардан аттағандар заң 

бойынша  ҚР  ӘҚБТК-нің  79-5  бабының  1-бөлігімен  әкімшілік  жауапқа  тартылуда. 

«Іштен шыққан шұбар жылан» демекші, ұл-қызы қанша қасыретке салса да, ата-

аналар оларға кешіріммен қарауда. Сонымен бірге, болмашы себептен бұзылып 

жатқан неке саны да көбеюде. Осы жағдайлар жан ауыртады.

«Неке және отбасы туралы» заңда белгіленгендей, сот алты ай уақытқа дейін 

отбасын  сақтап,  татуласу  үшін  ерлі-зайыптыларға  мүмкіндік  береді.  Отбасын 

сақтау,  олардың  кәмелетке  толмаған  балаларын  тірі  жетім  қалдырмау  үшін  заң 

жүзінде  соттың  құзырындағы  бар  мүмкіншілік  осы.  Бұзылған  неке  салдарынан 

қанша кәмелетке толмаған жасөспірім толық емес отбасында тәрбиеленіп жатыр. 

Сондықтан,  ерлі-зайыптылар  ажырасқанда,  балалары  заңда  белгіленгендей, 

әрқашан  да  анасында  қалады.  Кейде  олардың  ортақ  келісімдері  арқылы  әке 

тәрбиесінде де қалуы мүмкін. Бала тағдырын олардың болашағын, жалпы, ұрпақ 

тағдырын  ойлау  әр  ата-ананың  міндеті.  Ел,  бала  алдындағы  міндеттеріміз  бен 

жауапкершіліктерімізді адал орындау әрқайсысымызға сын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет