АҢдатпа 6-бет 5-бет



жүктеу 4.28 Mb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата24.03.2017
өлшемі4.28 Mb.
1   2   3   4   5   6

Н.ҚУАНДЫҚОВ, 

Ырғыз аудандық сотының бас маманы

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ



К

ез келген өркениетті қоғамда тәрбие тұрақты сипатқа ие болып, 

оның ішінде, жас ұрпақ мәдениетінің қалыптасуында отбасылық 

тәрбие басты рөл атқарады. Шаңырақ көтерген жастардың 

ұрпағын жалғауды ойлауы, сол себепті, баласының болуын армандауы 

заңдылық. Сондықтан, халқымыз «Бесіксіз үйде береке жоқ», «Балалы үй 

– базар, баласыз үй – қу мазар» деген.

Қолдау


6

№4 (2929) 

17 қаңтар 2017

zangazet@maiI.ru

алдымен қызметкерлер тиісті деңгейде 

құрылған комиссияларда әңгімелесуден 

өтуде.  Аттестацияның  әділ  өтуіне  де 

күмән тууы заңдылық. Ол күмән-күдікті  

әңгімелесу, жалпы, сынақ барысында 

дыбыс  не  бейнежазба  құралдары-

ның қолданылатыны сейілтуде. Яғни, 

өзінің  білім-білігі,  кәсіби  деңгейі 

дұрыс  бағаланбады  деген  қызметші 

сол  жазбаларды  пайдалану  арқылы 

жоғары аттестация комиссиясына, т.б. 

органдарға шағымдана алады.

Аттестаттаудың  тағы  бір  жақсы 

мүмкіндігі,  еңбегі  еленбей  жүр-

ген  қызметшілердің  білім-білігі  ес-

керіледі.  Нақты  айтқанда,  аттес-

тация  нәтижесінде  комиссия  қатар-

дағы  қызметшінің  лауазы мын  жо-

ға рылатуды,  керісінше,  қолдау шы-

ларының  қамқорлығымен  «крес-

лоға»  ие  болғандарды  төмен детуді 

ұсынады.  Бұл  шара  өз  кезегін де 

мемлекеттік  қызметшілерді  жүз 

пайызға  жақсартпаса  да,  етек-жең-

дерін  жинап,  жауапкершілік  жүгін 

сезінулеріне ықпал етері талассыз. 



САЛЫҚ САЛАСЫНДА ҚИЮЫ 

КЕЛМЕЙ ТҰРҒАН ІС КӨП



ТЕМІРҚАЗЫҚ

ЗАҢ ЖАҢА 

МАНСАПТЫҚ 

МОДЕЛЬДІ ЕНГІЗУГЕ 

КӨМЕКТЕСТІ

Үкімет сағаты

Сарап


Көкейкесті

Осы  ретте  Қаржы  министрі  мұның  кедендік  рәсімдеу 

мен  бақылау  процестерін  біртұтас  платформа  негізінде 

электрондық  форматқа  ауыстыру  жолындағы  алғашқы 

қадам  екеніне  назар  аудартты.  Бүгін  осы  үрдістер 

әртүрлі  ақпараттық  жүйелерде  байланыссыз  қал ған. 

Бұл олқылықты жою үшін кедендік және салықтық әкім-

шілендірудің  халықаралық  автоматтандырылған  жүйесі 

базасында  электрондық  кедендік  декларациялаудың 

толық циклымен «Астана-1» ақпараттық жүйесі құрылмақ. 

Сонымен қатар, елордада барлық бақылаушы органдарды 

біріктірген  көліктік-логистикалық  орталық  ашылмақ. 

Мұнда  сыртқы  экономикалық  қызметке  қатысушыларға 

логистикалық қызмет кешенді түрде көрсе тілетін болады. 

Өз  кезегінде  Сұлтанов  мырза  Елбасының  бес 

институционалды    реформасында  басымдық  берілген 

мемлекеттік қызмет көрсетудегі жаңалықтарға да тоқталды. 

Оның айтуынша, бүгінде мемлекеттік кірістер органдары 

52  түрлі  мемлекеттік  қызмет  көрсетеді.  Бұл  қызмет-

тердің 34-і электрондық нысанда, 29-ы баламалы негізде 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 

арқы лы жүзеге асырылуда. Ағым дағы жылы тағы  7 қызмет 

берілмек. 

Мұнымен  қоса,  Қаржы  министрі  былтыр  Қазақстан  

«Кеден рәсімдерінің ауырт палығы» көрсеткіштері бойынша 

Жаһан дық  бәсекеге  қабілеттілік  индексінде  елеулі  алға 

жыл жығанын атап өтті. Бақыт Тұрдыханұлының айтуынша, 

осындай салық және кедендік әкімшілендіру саласындағы 

іргелі  өзгерістер  депутаттардың  Ұлт  жоспарына  сай 

қоғамды  тиімді  заңнамалармен  қамтамасыз  етуінің 

арқасында  мүмкін  болып  отыр.  Мәселен,  қабылданған 

заңдар негізінде бизнесті қаржылай сауықтырудың оңтайлы 

жүйесін құру  мақса тында банкроттықтың алдын алу және 

бизнесті  сақтап  қалуға  бағытталған  нормалар  енгізілді. 

Сондай-ақ,  оңалту  және  бан кроттық  рәсімдерін  жүргізу 

мерзімдері қысқартылып,  қазіргі таңда жеке тұлғалардың  

банкроттық тетігін енгізу бағы тында жұмыстар жүргізілуде. 

Парламент қабылдаған «Мүлікті және ақшалай қаражатты 

жария ету» жөніндегі заңның жүзеге асуы нәтижесінде 5,7 

млрд теңге мөлшерінде мүлік пен ақшалай қаржат жария 

етілді. 

Депутаттар салықтық және кедендік әкімшілендіру ісінде 

соңғы жылдар бедерінде атқарылған жұмыстарды жоққа 

шығармады. Олардың айтуынша, уақытында қабылданған 

шаралар  нәтижесінде  қол  жеткен  жетістіктер  аз  емес. 

Сол  секілді,  әлі  де  сындарлы  шешімдерді  қажет  ететін 

өзекті мәселелер баршылық. Жиында қосымша  баяндама 

жасаған  Мәжілістің  Қаржы  және  бюджет  комитетінің 

төрайымы  Гүлжан  Қарағұсова  солардың  бірқатарын 

құзыр лы  орын  басшылары  наза рына  салған  еді.  Гүлжан 

Жан пейісқызының айтуынша, біріншіден, салынатын салық 

ауқымы кеңеюі керек.   

Ақиқатын айту керек, бұл  депутаттар тарапынан үнемі 

көтеріліп келе жатқан мәселе. Осы жолы Құрағұсова ханым 

энерготасымалдаушылар  бағасының  тұрақсыздығына 

қарамастан, бүгінде жүзеге асырылып жатқан экономиканы 

индустриалды-инновациялық дамыту, тұрғын үй құрылыс, 

бизнесті  қолдау,  жұмыспен  қамту  бағдарламаларының 

нәтижесі  бюджеттің  табыс  бөлігін  толтыруы  қажеттігін 

шегеледі.  Өйткені,  олар  Экономикалық  әлеуметтік  даму 

ұйымының  қағидаттарына  сай,  кез  келген  бағдарлама 

тиімділігінің  басты  көрсеткіші.  Өкінішке  орай,  бізде 

олай  емес.  Мұның  басты  себебі,  депутаттың  айтуынша, 

салықтық  әкімшілендіруде  жатқан  сияқты.  Біздегі  салық 

органдары көбіне салық төлеушілерге қатал. Осы тұрғыда 

бізге  азаматтармен  салық  төлеу  бойынша  кең  көлемде 

түсіндірме  жұмыстары жүргізіліп, оларға көмек көрсетілуі 

Бұл  туралы  құзырлы  орган  өкілі, 

яғни,  Мемлекеттік  қызмет  істері 

және  сыбайлас  жемқорлыққа  қар-

сы  іс-қимыл  агенттігі  төрағасының 

орын басары  Айгүл  Шайымованың 

сөзімен нақты түсіндірсек: «Аттестат-

тау  мақсаты  –  «Б»  корпусындағы 

қызметшінің  құзыретін  және  жеке 

мінезін анықтау. Осы тестілеу бағдар-

ламасы аясында мемлекеттік қызметке 

қаншалықты  шынайы  берілгендігі 

белгілі  болады.  Олардың  сыбайлас 

жемқорлық  әрекеттеріне  бейімдігі 

тексеріледі. Қорытынды шығарылып, 

соның  негізінде  әрбір  мемлекеттік 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назар   баевтың 

«Қазақстан-2050»  Стра тегиясы:  қалыптас қан  мем    лекеттің  жаңа 

саяси бағыты» атты Жол дауында жаңа экономикалық саясат табыс-

тылығының  басты  шарты  жаңа  кадрлар  арқылы  нығайтылуға  тиіс 

екені айқындалған. Сондықтан, мемлекеттік қызмет жүйесін білікті 

кадрлармен қамтамасыз ету – ең өзекті мәселелердің бірі. 

Ел Президентінің заманауи мемлекеттік аппаратты қалыптастыру 

жөніндегі  тапсырмасы  институттық  реформалар  аясында  жүзеге 

асырылып отырған Сот саласының кадр саясаты тұжырымдамасының 

ережелерімен толықтай сәйкес келеді. Сот саласына қызметке кіру 

(бірінші қадам) бүгінде төменгі тұрған лауазымнан басталады.

Инновациялық  жаңалықтардың  бірі  –  бәсекеге  қабілеттілік 

көрсеткішін енгізумен байланысты (меритократия қағидасы) болып 

отыр.  Яғни,  ендігі  жерде  бәсекеге  қабілеттілік  көрсеткіші  жоғары 

қызметкерлер  ғана  қызмет  бабында  жоғарылайтын  болады.  Бұл 

көрсеткіш  әрбір  қызметкердің  тиімді  жұмыс  жасап  отырғанын 

көрсететін белгілі бір индикаторлар арқылы есептеп шығарылады.

2016  жылдың  қаңтар  айынан  бастап  жаңа  «Қазақстан  Респуб-

ликасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңы қолданысқа енгізілген. 

Заң  Қазақстандағы  мемлекеттік  қызметтің  мансаптық  моделіне 

біржола өтудің құқықтық негізін айқындады. Мұндай модельді енгізу 

келесі механизмдердің есебінен қамтамасыз етіледі.

1. Мемлекеттік қызметшілерді ілгерілету төменгі лауазымдарда 

жұмыс өтілі болған кезде және ішкі конкурс өткізу жолымен жүзеге 

асырылады (әңгімелесу арқылы).

Алғашқы кезеңде ішкі конкурс мемлекеттік органның өз қызмет-

шілерінің арасында өткізіледі. Тиісті кандидат болмаған кезде, ішкі 

конкурстық  іріктеу  барлық  мемлекеттік  қызметшілер  арасында 

өткізіледі.  Ішкі  конкурс  өткізу  туралы  хабарландыру  мемлекеттік 

органның және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері 

және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігі  Астана 

қаласы  бойынша  департаментінің  интернет-ресурстарында  ғана 

жарияланады. Осыған байланысты оларды өткізу мерзімі екі еседен 

астам қысқартылған (егер бұрын ол кем дегенде 25 жұмыс күнді алса, 

қазір - 7 жұмыс күнге дейін).

Ішкі конкурстада кандидатура анықталмаған жағдайда, Қазақстан 

Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаментімен 

келісу бойынша, жеке немесе квазимемлекеттік секторда салыстыруға 

келетін  еңбек  өтілі  бар  азаматтардың  арасында  жалпы  конкурс 

өткізіледі.

2.  Мемлекеттік  органдардағы  төменгі,  яғни,  мәні  бойынша 

мемлекеттік  қызметке  кірудегі,  лауазымдар  үш  кезеңдік  іріктеу 

негізінде жалпы конкурс өткізу арқылы ғана алмастырылады: бірінші 

кезеңде  үміткерлер  заңнаманы  білуге  тесттілеуден  өтеді;  екінші 

кезеңде олардың жеке қасиеттері мен негізгі құзыреттерінің болуы 

бағаланады;  үшінші  кезең  –  мемлекеттік  органда  бейінді  білімі 

бойынша конкурстық әңгімелесу.

3. Мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін тұлғаларға тәлімгерлер 

бекітілумен 3-тен 6 айға дейін сынақ мерзімі белгіленген (сынақтан 

өтіп жатқан тұлғаның сәйкестілігін тексерумен). Сынақтан өтпеген 

жағдайда, қызметші Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет 

істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана 

қаласы  бойынша  департаментімен  келісу  бойынша  қызметтен 

босатылады.

Осындай  мансаптық  модель  жас  мемлекеттік  қызметшінің 

психологиялық тұрғыда бейімделуіне әрі оның кәсібилігінің артуына, 

болашаққа сенімді қарауына және мемлекеттік қызмет аясында ұзақ 

мерзімді мансаптық өсуді жоспарлауына өз септігін тигізеді. Екіншіден, 

барлық мемлекеттік қызметшілерге жеке жұмыс жоспарлары бекітіліп, 

сәйкесінше  тоқсан  және  жыл  сайын  бағаланады.  Нақтылап  айтар 

болсақ, «Б» корпусындағы қызметшілерді бағалау кезінде бағалаушы 

ретінде тікелей басшы, бағынысты қызметкерлер және әріптестер 

қатысады. Сондай-ақ, басшыны бағалауда тек басшылардың пікірі 

ғана  емес,  сондай-ақ,  әріптестер  мен  қоластындағы  бағынысты 

қызметкерлердің де пікірлері ескеріледі. 



Г.ТІЛЕУКЕНОВА, 

Астана қаласы бойынша Соттар әкімшісі

 персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметі) басшысы 

қызметшінің  жеке  даму  жоспары 

құрылады.  Олар  қайта  даярлаудан 

өткізіледі».  Айта  кетерлігі,  аттестау 

биылғы 1 шілдеге дейін өткізілуі тис. 

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңға, 

Жарлыққа сәйкес, аттестаттаудың өз 

талаптары бар. Мысалы, бұл сынақ-

тан  зейнеткерлік  жасқа  толуына  екі 

жыл  қалған,  жүктілік  пен  босануға, 

сондай-ақ, бала күтіміне байланысты 

демалыстағы қызметшілер, жүкті, үш 

жасқа дейінгі ұл-қызы бар әйелдер және 

мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп 

отырғандар босатылады. Аттестацияның 

5  қаңтар дан  басталғанын  ескерсек, 



ЖЕМҚОРЛЫҚ – МЕМЛЕКЕТКЕ 

ТӨНГЕН ҚАУІП

Деректерге жүгінсек, «Б» корпусын-

да еңбек ететін 65 мыңға жуық мемле-

кеттік  қызметші  кешенді  тестіден 

өтеді. Тестілеу бағдарламасы дамыған 

елдердің  тәжірибесіне  негізделген. 

Жалпы, мемлекеттік қызметтегілердің 

тәртібі мен жауапкершілігін арттыруды 

уақыттың өзі талап етіп отыр. Оларға 

қатысты  келесі  бір  тың  жаңалық, 

бұдан  былай  олардың  интернеттегі 

әр  жазбасы,  салған  видеосы  мен 

суреті  бақылауда  болады.  Өйткені, 

мемлекеттік  қызметкердің  этикасы 

барлық  жерде  мінсіз  болуы  тиіс. 

Мемлекеттік  қызметкерлердің  әлеу-

меттік  желісіне  үнемі  мониторинг 

жүргізілуі де соңғы кездері орын алып 

жатқан  жағдайларға  байланысты 

екені  даусыз.  Дардай  атағы  бар 

шенділер,  лауазымдарына  қарамай 

төбелесіп,  жұртты  шулатуда.  Мұның 

бәрі  мемлекет  тарапынан  тегеурінді 

шара қолдануды қажет еткені анық.

Ж а з у ш ы   Ш е р х а н   М ұ р т а з а 

«Жап-жас,  балаң  мемлекетіміздің 

тәуелсіздігіне  сырттан  зеңбірекпен 

төніп  тұрған  қауіп,  құдайға  шүкір, 

дәл  қазір  жоқ.  Мемлекетімізге, 

зарығып жеткен тәуелсіздігімізге төніп 

тұрған  орасан  қауіп  –  жем қорлық, 

парақорлық,  ұрлық  қарлық»,–  деп 

текке  тұжырымдаған  жоқ.  Қазіргі 

қоғамдағы  бар  ақиқат,  ащы  шын-

дық  осы.  Демек,  халық  сенген 

қызметкерлердің  тәртібі  мен  жауап-

кершілігін  темірдей  қатайтар  сәттің 

туғаны талайға сабақ болса игі.

Т.ИБАШЕВА,

«Заң газеті»

Ж

емқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының 

бірі. Сол себепті, тек бізге емес, бүкіл әлемге үлкен мәселе 

тудырып отырған дертті ауыздықтауда әр ел әртүрлі шара 

қарастыруда. Осы мақсатта өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан 

өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Аттестаттаудың бар көздегені «Б» 

корпусы қызметшілерінің кәсіби дайындық деңгейін  және атқаратын 

лауазымдарына сәйкестігін айқындау. Ең бастысы, олардың сыбайлас 

жемқорлық пен парақорлыққа бейімділігі арнайы тестпен тексеріліп, халық 

қамына емес қалта мүддесін көздейтіндері қызметтерінен аластатылмақ. 

К

еше Парламент Мәжілісіне келіп Үкімет сағатын өткізген Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов тың айтуынша, өзі 

басқа ратын құзырлы орын осы қомақты табыстың құралуында негізгі орын алған сыртқы  тауар айналымын 

жеделдету үшін едәуір жұмыс атқарыпты. Әрі бизнес процестерді оңтайландыру нәтижесінде жасалатын 

әрекеттердің саны екі еседен көпке  қысқарған. Кедендік рәсімдеу уақыты 6 сағаттан бір сағатқа дейін азайды. 

қажет.  Бұған  тағы  бір  ықпал  етіп  отырған  жағдай  мүлік, 

жекелеп айтқанда, тұрғын үй есебінің дұрыс жүргізілмеуі. 

Бұл  шара  тіркеуден  өтпеген  нысан  бойынша  да  салық 

төлеу  жөніндегі  өлшемнің  болғанына  қарамастан    алға 

баспауда.  Сондықтан,  оны  жүзеге  асыруды,  Гүлжан 

Жанпейісқызының пікірінше, шектеулі уақытта және ашық 

жұмыс істейтін әкімшіліктерге беру дұрыс болады. 

Екінші  өзекті  мәселе  ретінде  Қарағұсова  ханым 

айып  салу  тәжірибесін  атап  көрсетті.  Расында    бүгінде  

табыстарды көбейту көздерінің бірі  салық төлеушілерге 

қатысты қолданылып отырған  заңсыз тетіктер екені ешкімге 

құпия емес. Осы орайда Гүлжан Жанпейісқызы бұрнағы 

жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің 

кіріс бөлігіне түскен айып түріндегі қаржы көлемінің  2014 

жылдан    45  пайызға  артып  кеткеніне  назар  аудартты. 

Оның айтуынша, өкінішке қарай, тәжірибе айыппұлдардан 

көбіне салықты есептеуде елеусіз қате жіберген немесе 

дер кезінде тапсырып үлгере алмаған адал ниетті салық 

төлеушілер зардап шегетінін көрсетіп отыр. Жалпы  кесілген 

айыппұлдар көп жағдайда Салық кодексінің, халықаралық 

келісімдердің, конвенциялардың баптарына да қайшы келіп 

жатады.  Алайда, бұған келтірілген дәлелдер қабылданбай, 

бірден  іс  сотқа  жіберіледі.  Кей  жағдайда  салынған 

айыппұлдар  салық  төлеушінің  табысына  сай  келмейді.  

Біздің салық төлеушілер өздерінің дұрыстығын дәлелдеу 

үшін тозақтың жеті шеңберін айналып өтуге мәжбүр.  

Гүлжан Жанпейісқызының айтуынша, негізінде айыппұл 

санкцияларын  қолдану  әрекеті  немесе  әрекетсіздігі 

салдарынан зиян келген салық төлеушілерге қолданылатын 

ең  ақырғы  шара  болуы  тиіс.  Шын  мәнінде  айыппұлдар 

–  басты  мақсаты  салық  төлеушілерге  конституциялық 

міндеттерін  орындауға  көмек  көрсету  болуға  тиіс  салық 

органдарының  тиімсіз  жұмысының  айғағы.  Сондықтан, 

Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  үнемі  айта-

тындай, басты міндет салықтан бас тарту емес, оны төлеу 

қолайлы болатын жағдай туғызылуы керек. 

Депутаттың  тағы  бір  назар  аудартқан  мәселесі  тек-

серістер болды. Қарағұсова ханым Үкіметтің бұл тұрғыда 

оң  шаралар  қабылдап,  салық  төлеушілерге  мәселені 

сотқа  дейін  реттеу  мүмкіндігін  ұсынғанын  атап  өтті. 

Бірақ,  соған  қарамастан  тексерістерге  қатысты  сұрақ 

туғызатын,  алаңдаушылыққа  арқау  болатын  келеңсіздік 

көп. Және олар көбіне көп  салық органдары қызметкерлері 

тарапынан  болады.  Мәселен,  салық  инспекторлары 

тексеріс барысында түрлі заңбұзушылыққа барады. 

Жалпы салық саласын ашық және әділ әкімшілендіру 

–  бизнестің  тұрақты  дамып,  қарапайым  азаматтардың 

мемлекетке деген сенімін  көтерудің кепілдігі. Шын мәнінде 

елімізде  бұл саланы жетілдіру, оның өзекті мәселелерін 

шешу  мақсатында  заңнамалық,  қаржылық  тұрғыда 

жасалып  жатқан  қолдау  аз  емес.  Соған  қарамастан, 

салық саласында қиюы келмей тұрған іс көп. Мұны жиын 

барысында депутаттар тарапынан қойылған сұрақтардан 

да  аңғардық.  Байқауымызша,  бұл  саланың  ауған  жүгі 

тек  сауатты  және  түсінікті  жүйе  құру  арқасында  ғана 

оңғарылмақ. 

Басқосуға қатысып, аталған мәселелерге байланысты 

уәждерін  айтқан  құзырлы  орын,  мүдделі  ұйым  өкілдері 

мәселенің  өзектілігін,  оны  шешу  жолын  білетін  сияқты. 

Олай  болса  не  кедергі?  Әлде  бәрі  де  әлгі  «алтын  көрсе 

жолдан  таятын  періште»  пиғылға  келіп  тіреле  ме?  Егер 

солай болса, біздіңше,  заңсыздыққа жауапкершілікті жаза 

деңгейінде арттырудан өзге жол жоқ сияқты. 



А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА,

«Заң газеті»

7

zangazet@maiI.ru



№4 (2929) 

17 қаңтар 2017

Президенттің міндетін 

атқарушы – редакторлар 

кеңесiнiң төрағасы



Мақсат СЕМБЕКОВ

Бас редактор



Бекжан ӘШІРБАЕВ

Бас редактордың орынбасары



Айнұр СЕМБАЕВА

Жауапты хатшы-дизайнер 

міндетін атқарушы

Шолпан НҰРЖАУОВА

Нөмірдің кезекшісі



Түймегүл ИБАШЕВА

Астана

Алматы 

Атырау

Ақмола 

Қызылорда 

Оңтүс тiк 

Қазақстан

Шығыс 

Қазақстан

Газет  бетiндегi  жарияланымдардың 

позициясы мен фактiлерi үшiн редакция 

жауап бермейдi.

Жарнама  мен  хабарландырулардың 

маз мұнына жарнама берушi жауап ты. 

Жарнама берушi нiң жiберген қа телiгiне 

байланысты талап-тiлектер хабарлан-

дыру жарияланған күн нен бастап екi ай 

мерзiм iшiнде қа былданады. 

Газеттi есепке қою туралы 

№16297-Г 

куәлiктi 2017 жылғы 12 қаңтарда Қа-

зақстан  Респуб лика сының  Мәде ниет 

және ақпарат министрлiгi берген. 

Газеттiң терiмi мен бет қаттау жұ мыс-

тары «Заң» Медиа-корпорация» ЖШС 

компьютерлiк орта лығында жа салды. Ал-

маты облысы, Iле ауданы, Өтеген батыр 

ауылы, Сейфуллин кө шесi, 2«б», «Принт 

плюс» ЖШС баспаханасында басылып 

шығарылды. Тел.: факс. 8 (727) 51-78-27, 

8 (727) 51-78-31

Алматы қаласы 

Тел: 8(727) 292-29-27, 292-40-89

факс: 8 (727) 292-29-92 

E-mail: zanreklama@mail.ru



Астана  қаласы  Абай  көшесі,  78, 

105-кеңсе

тел: 8 (7172) 34-58-28

Меншiк иесi:

 

«ЗАҢ» МЕДИА-КОРПОРА ЦИЯ» 

ЖАУАПКЕРШIЛIГI ШЕКТЕУЛI 

СЕРIКТЕСТIГI

Айша Құрманғали,

8 707 851 91 13; 

Айтақын Бұлғақов,

8 702 239 62 99

Құралай ҚУАТОВА

8 701 678 9077

Қалкөз Жүсiп, 

8 701 300 14 74.

Нағымжан Сауяев,

8 778 282 7782.

Шадияр Мекен бай ұлы,

8 775 773 56 65.

Азамат Қасым,

8 702 276 93 76

МЕНШIКТI ТIЛШIЛЕР: 

ЖАРНАМА БӨЛІМІ: 

«ÞðÑëóæáà» ÆØÑ

Êөêøåòàó  қ.,  М.Горьêий  êөøåñi,  37, 

107-бөлмå. 

Òåл.: 8 (7162) 25-77-17



«Âåðñèÿ-Ïðåññ» ÆØÑ

Ïàâлоäàр қ., Åñòàй êөøåñi, 40. 

Òåл.: 8 (7182) 32-47-67, 32-49-04

«Àéäè» ÆØÑ

Қàрàғàíäû қ., Æàмбûл êөøåñi, 11. 

Òåл.: 8 (7112) 42-00-71

Қàëèàñқàðîâ Íұðëàí 

Íұðғèñûíұëû ÆÊ

Ïåòроïàâл қ., Ê.Ñүòiøåâ êөøåñi, 58, 

30-бөлмå, 3-қàбàò

Òåл. 8 (7152) 46-02-57, ұÿлû òåл.: 

8 (777) 572-29-91, 8 (701) 315-54-59

Ìèõååâà Îëüãà Ñòàíèñëàâîâíà ÆÊ

Қоñòàíàй қ., Гоголь êөøåñі, 110, ВÏ 

67  (Чåхоâ-Гоголь  êөø.  қиûлûñû), 

8(714-2)  50-97-07,  8-7758847211, 

8-7013506918 

«Îçàò-1» ÆØÑ

Àқòөбå қ., Àлòûíñàриí êөøåñi, 31. 

Òåл.: 8 (7132) 40-41-05, 87774348344

жәíå Àқòàó қàлàñû



ИП  «SAPA  KZ»  Аòûðàу  қàëàñû, 

87781063779, e-mail:zan-at@mail.ru 

Åðøîâà Ëþäìèëà ÆÊ

Øûмêåíò қ., Æåлòоқñàí êөøåñi, 20 б.



ÆØÑ  «Íàçàð-1  фèðìàñû»  ÆØÑ 

(«РУТÀ» ÆÀ) 

info@nazar1.kz

Øûмêåíò қ., Èлÿåâ êөøåñi, 47, 

à/ж 144. 

Òåл.: 8 (7252) 53-40-48, 30-12-10



«Þðèäè÷åñêàÿ фèðìà 

«Êîíñуëüòàíò» ÆØÑ Îрàл қ., 

Ë.Òолñòой, 28. 

Òåл.: 8 (7112) 50-88-05

«Ðåêëàìà» ÆØÑ

Îрàл қ., Äоñмұхàмåäоâ êөøåñі, 43/1. 

Òåл.: 8 (7112) 50-47-34

«Ëèð» ÆØÑ 

Қоñòàíàй  қ.,  Áàйòұрñûíоâ  êөøåñi, 

67, 

417-ïәòåр. Òåл.: 8 (7162) 54-57-03



«Êîìпàíèÿ Æåòå» ÆØÑ

Òàлäûқорғàí қ., м-оí Молоäåжíûй 

3  үй,  1  ï.  Òåл.:  8(7282)  24-29-66, 

87058147221



ÆÊ Гàâðèëåíêî И.И. Қоñòàíàй қ.,

ïр. Àль-Фàрàби 119 үй, êàб.407-À

òåл/фàêñ: 8 (7142) 53-63-21.

«Æàñ Îòàу» ÆÊ Қûäûðбàåâà Í.Í. 

Қûзûлорäà  қ.,  Әйòåêå  би  ê-ñі.,  27, 

òåл: 26-45-89, ұÿлû òåл: 8 (777)402-

28-28; 8 (700) 332-24-78.



ÆÊ Тàжèбàåâà, Òàрàз қàлàñû 

Қойêåлäі êөøåñі 158 à, ХҚΠàóмàғû

òåл.: 87017268772, 87054422939


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті
2015 -> Jaguar 11 / jaguar 24 Котлы для отопления и горячего водоснабжения
2015 -> Профессия моей мечты
2015 -> Сочинение «Профессия моей мечты»
2015 -> Программа по русскому языку для IX класса составлена на основе
2015 -> БАҒдарламасы астана 2016 2 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет