АҢдатпа 8-бет 2-бет



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата31.03.2017
өлшемі4,23 Mb.
#10922
  1   2   3   4   5   6

АҢДАТПА

8-бет

2-бет

(Соңы 3-бетте)

№9 (2934) 3 ақпан 2017

www.zanmedia.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@mail.ru

ЖҮКТЕМЕ АРТҚАНЫМЕН, 

САПА ТӨМЕН ЕМЕС

«КҮШІҢЕ СЕНБЕ, 

АДАЛ ІСІҢЕ СЕН»

Сұхбат


(Соңы 4-бетте)

Баспасөз — 2017

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу жалғасып 

жатқанын естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@mail.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


(Соңы 5-бетте)

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың биылғы ел халқы­

на арнаған дәстүрлі жолдауы 

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: 

жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 

деп аталды. Форматы басқаша, 

яғни, баспасөз арқылы жасалған 

бұл бағдарламалық құжаттың 

мазмұны да жылдағыдан қысқа 

әрі нұсқа болып отыр. Елбасының 

жолдауында  Қазақстан  үшін 

басымдыққа ие мақсаттар мен 

міндеттер алғаш рет қысқа мер­

зімге белгіленіп отыр. Бұл ретте 

әрине, Мемлекет басшысы елі­

міздің 2050 жылға қарай әлем­

дегі  ең  алдыңғы  қатарлы  30 

мемлекеттің қатарына қосылуға 

тиістігін тағы бір еске салды.

Осы мақсатқа қарай табан­

ды лықпен ілгерілеу қажеттігін, 

жалпы ел болашағын айқындап, 

сын­қатерлерді күтіп отырмастан, 

оған табанды түрде қарсы тұра 

алатын  халық  қана  жеңіске 

жететіне кезекті рет үндеді.

«АҚИҚАТ 


ДӘЛЕЛДЕР 

ЖИЫНТЫҒЫ


НЕГІЗІНДЕ 

ҒАНА 


АНЫҚТАЛАДЫ»

Ақпарат


Бүгінгінің бас тақырыбы

Талқы


Талғат ОРЫНҒАЛИ, 

Алматы қаласы  Жетісу аудандық 

сотының судьясы:

–  Қазіргі  ағайын  арасындағы 

араздыққа  тарих  тасасына  сіңіп 

кеткен жесір дауы емес, жер дауы 

төңірегіндегі  айтыс-тартыстардың 

түрткі  болып  жататындығы  рас. 

Сондықтан  да,  сот  қоржынына 

түсе тін  шағымдардың  қомақты 

бір  бөлігін  қарапайым  адамдар-

дың «жерімді мемлекет қажеттілігі 

үшін  алып  қойған  құзырлы  орган-

дар  өтем ақысын  көңілімдегідей 

төлемеді» деген тәрізді өкпе-назы 

құрап жатады. Бұл қаншалықты рас 

жағдай? 

– Мұндай оқиғалардың бұдан ал-

ты-жеті жыл бұрын Алматы қаласының 

маңайында өткір мәселеге айналғаны 

рас. Қазір мемлекет қажеттілігі үшін 

алынатын  жер  телімдеріне  қатыс ты 

ондай  өткір  проблема  жоқтың  қа-

сы.  Есесіне,  көршілер  арасындағы 

келіспеушіліктер жиілеп барады. Тұр-

ғын дар  баспанасын  заңдастырып 

салма ғандықтан оның соңы көршілер 

арасын дағы  түрлі  дау-дамайға  ұла-

сып,  ақыры  жанжалдасқандар  сот 

төрелігіне жүгінеді. 

Азаматтар жеке меншігіндегі алты 

соттық жер теліміне үйін немесе жа-

тақхана сияқты құрылыс нысандарын 

тиісті  мекемелердің  рұқсатын  ал-

мастан, көршінің жер теліміне жақын 

салып,  өзгенің  құқығына  қарадай 

қиянат жасайды.

САУАТСЫЗ СУДЬЯЛАРДЫ 

ҚЫЗМЕТТЕН БОСАТҚАННАН 

СОТ САЛАСЫ ЗАРДАП ШЕКПЕЙДІ 

Әңгіме бұл талаптарға сай кел-

мейтін  мамандар  хақында.  Енді 

мұндай жандардың сот саласында 

қызмет ету мүмкіндігі бұрынғыдан 

тарыла  түспек.  Осы  аптада  Пар-

ламент Мәжілісінің жалпы отыры-

сында  қаралып,  мақұлданған  

«Қазақстан Республикасының кей-

бір  конституциялық  заңдарына 

өзгерістер  енгізу  туралы»  Қазақ-

стан  Республикасы  консти туция-

лық заңында қызметі төмен баға-

ланған судьялардың қайта аттес-

тациядан өту мүмкіндігі жойылды. 

Олар  аталмыш  заң  жоба сында 

айқындалған өлшем бойынша бас-

қа жұмысқа ауысады немесе мүл-

дем жұмыстан боса тылады.

Жиында «Қазақстан Республи-

касының  кейбір  конституция-

лық  заңдарына  өзгерістер  енгізу 

туралы» Қазақстан Республикасы 

конституциялық заңының жобасын 

Жоғарғы  Сот  судьясы  Ақылтай 

Қасымов қорғаған болатын. Оның 

айтуынша,  жаңа  құжат  Мемлекет 

басшысының  Ұлт  жоспарын  одан 

әрі іске асыру бойынша 2016 жылғы 

14 маусымдағы кеңесінде берілген 

тапсырмасын орындау мақсатында 

әзірленді.  Конституциялық  заң 

жобасы  «Сот  жүйесі  және  соттар 

мәртебесі  туралы»  консти туция-

лық заңға соттардың кәсіби қыз-

метін  кезеңдік  бағалау  бойын ша 

қабылданған  шараларды  жетіл-

Е

лімізде сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын көтеруге тағы бір қадам жасалып отыр. 

Бұл жолы да өзгеріс сот судьяларының біліктілігіне қатысты. Өз міндетіне адал, заң 

аясында азаматтар мен заңды тұлғалар мүддесін лайықты қорғап, әділ шешім шығару 

арқылы  мемлекеттегі  тұрақтылық  пен  қауіпсіздіктің  сақталуына  қызмет  ететін  судьялар 

мәртебесі қашан да биік. 

діруге бағытталған түзетулер енгі-

зілмек. Ұлт жоспарының 17-қада-

мын  жүзеге  асыру  мақса тын да 

былтыр  заң  бойынша  судья лар-

дың  кәсіби  қызметін  әрбір  бес 

жыл сайын бағалау мен сот әдебі 

мен  еңбек  тәртібін  сақтаудың 

өлшемдері  енгізілген  болатын. 

Тәжірибе  судьялардың  кәсіби 

білімін бағалау институтының тиім-

ділігін көрсетті. Сонымен қоса, бұл 

тетіктің қайта қаралу қажеттігін де 

ұқтырып отыр.

Қолданыстағы заңнамаға сәй-

кес, бағалау қорытындысы бойын-

ша судьялар жағымсыз баға алса, 

Сот  алқасы  олардың  білік тілігін 

арттырып,  жыл  ішінде  кәсіби 

қызметін  қайта  бағалау  жөнінде 

шешім шығарады. 

«ЭКСПО-2017» көрмесі  

азаматтарға қолжетімді 

болуы қажет

Жақында  ҚР  Премьер-министрінің  орын-

басары  Иманғали  Тасмағамбетовтің  төраға-

лығымен «ЭКСПО-2017» Халықаралық маман-

дандырылған көрмесі аясында мәдени бағдар-

ламаны сапалы дайындау және өткізу мәселелері 

жөнінде кеңес өтті.

Бұдан  бұрын  берілген  тапсырмаға  сәйкес, 

Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының 

әкімдігі және «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ бірлесіп 

көрме өтетін кезеңдегі мәдени бағдарламаны жоғары 

деңгейде ұйымдастыру мәселелері жөніндегі үйлесімді 

жұмысты күшейтіп отыр. Сонымен қатар, делегаттар 

мен қонақтардың келуі бойынша ұйымдастырушылық 

мәселелері жіті бақылауға алынды.

Осыған орай, кеңес барысында вице-премьер 

Астана қаласының әкімдігі елорданың инженерлік-

көліктік инфрақұрылымын егжей-тегжейлі зерделеу 

қажет екеніне тоқталды. Тарқатып айтсақ, жолдағы 

жүктемені азайту мақсатында көлік ағымын модельдеу 

бойынша қолайлы нұсқаларды есептеу, қонақтардың 

келуі және олардың қауіпсіз орналасуы бойынша 

ұйымдастырушылық сұрақтарды пысықтау, қонақ- 

үй және басқа да міндеттерге жұмылуы үшін өтетін 

шараларды барынша қысқартуға басымдық берді. 

Сондай-ақ, Қазақстанның мәдениет пен спорттағы 

жетістіктерін таныту мақсатында шетелдік жобаларды 

азайту және ұлттық брендті насихаттау қажеттігі 

айтылды.

 А.ҚҰРМАНҒАЛИ



Биылдан бастап 

жастар колледжге 

емтихансыз қабылданады

2017  жылғы  қыркүйектен  бастап  елімізде 

«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық 

білім  беру»  жобасы  енгізіледі.  Жоба  аясында 

жастар кейбір мамандық бойынша колледждерге 

емтихансыз, сұхбаттасу қорытындылары бойынша 

қабылданады. 

Білім  және  ғылым  министрлігінің  баспасөз 

хатшысы  Ә.Әлібекованың  мәлімдеуінше,  2017 

жылғы қыркүйектен бастап «Баршаға арналған тегін 

кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын енгізу 

мақсатында Білім және ғылым министрлігі мүдделі 

мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен 

бірлесіп келесі шараларды қарастырады.Бұдан былай  

9 және 11 сынып бітірушілері, мектепті бірнеше жыл 

бұрын бітіріп, еңбек нарығында біліктіліксіз немесе 

жұмыссыз  жүрген  жастардың  тегін  техникалық 

және кәсіптік білім алуға мүмкіндігі бар.  Тегін 

техни калық және кәсіптік білім техникалық, техно-

логиялық, ауыл шаруашылық, сервис және қызмет 

көрсету  мамандықтары  бойынша  беріледі.  Бұл 

мамандықтар бойынша жастар колледждерге емти-

хансыз,  сұхбаттасу  қорытындылары  бойынша 

қабылданады. 



Bak.kz

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: 

ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК»


2

№9 (2934) 

3 ақпан 2017

zangazet@maiI.ru

Есеп

ҚҰҚЫҚ

АСТАНАНЫҢ СОТТАР 

ӘКІМШІСІ ЖОҒАРЫ 

НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Жиында  өткен  бір  жыл  ішіндегі  қылмыстық, 

азаматтық  және  әкімшілік  істердің  есебі  мен 

электронды  сот  төрелігі,  Ұлт  жоспарында 

көрсетілген  заңның  үстемдігін  қамтамасыз  ету 

бағытындағы  атқарылған  жұмыстардың  жай-

жапсары  талқыланды.  Мәселен,  2016  жылы 

138 686 азаматтық іс пен шағым түссе, 2015 жылы 

бұл көрсеткіш 108 082 құраған. Ал, 2016 жылдың 

соңында аяқталмаған істің саны 5017 болса, 2015 

жылы 2342 азаматтық іс келер жылдың еншісіне 

қалдырылыпты. Сол сияқты, өткен жылы барлығы 

4831  қылмыстық  іс  қаралса,  алдыңғы  жылы 

4956 қылмыстық іс сотқа жеткен. 2016 жылдың 

соңында 220 қылмыстық іс аяқсыз қалыпты.  Ал, 

әкімшілік  істердің  есебіне  келсек,  2016  жылы 

37  458  әкімшілік  іс  қаралған,  бұл  сан  алдыңғы 

жылдан 910 іске төмен. 

Байқағанымыздай,  сот  төрелігіне  жүгіну ші-

лердің саны жыл сайын артпаса, төмендемеген. 

Соттардың жүктемесі де азаймай отыр. Әсіресе, 

аудандық соттардың жұмысы артқан. Мысалы, 

норматив бойынша ай сайын 28,18 іс қаралуы 

тиіс  болса,  бұл  өткен  жылы  72,5  іс  болып, 

нормадан  2,6  есе  асып  кеткен.  Қылмыстық 

істердің  де  жүктемесі  артқан.  Судьялардың 

8,17  істің  орнына  12,3  істі  қаруына  тура 

келген. Өткен жылы әкімшілік соттар да айына 

139,9 іс қарап, шамадан 1,9 есе артық жұмыс 

істеген. 

«Бүгін  өткен  бір  жылды  саралап,  осы  уақыт 

аралығындағы  кемшіліктерге  тоқталып,  енді 

«осы кемшіліктерді келешекте жібермеу үшін не 

істеуіміз керек?» деген сұрақты да күн тәртібіне 

қойып  отырмыз.  Жалпы  айтқанда,  өткен  жылы 

Алматы  қаласының  соттарында  180  мыңнан 

астам  қылмыстық,  азаматтық  және  әкімшілік  іс 

қаралды.  Бұл    2015  жылмен  салыстырғанда  30 

мыңға  артық.  Ал,  енді  барлық  санаттағы  істер 

бойынша  атқарылған  сот  төрелігінің  сапасына 

баға берер болсақ, азаматтық істер 0,9 пайызға, 

қылмыстық істер 0,5 пайызға, әкімшілік істердің 

сапасы  0,2  пайызға  жақсарды.  Өздеріңізге 

белгілі, біз өткен жылдың басынан бастап жаңа 

құқықтық жағдайда қызмет жасадық. Нақтырақ 

айтқанда,  Мемлекет  басшысы  Н.Назарбаевтың 

бастамасымен қолға алынған «100 нақты қадам» 

Ұлт жоспарын іске асыру аясында сот жүйесінде 

бірқатар реформалар орын алды. Бес сатылы сот 

жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне өтуіміз, бірқатар 

заңдарымыздың жаңаруы сот төрелігіндегі жаңа 

бағытқа  бастап  отыр.  Осы  ретте,  бірінші  және 

апелляциялық  сатыдағы  соттардың  құзыреті 

артып,  жауапкершілігі  айтарлықтай  күшейді»,  – 

дейді Алматы қалалық сотының төрағы А.Ештай 

мырза. 


Қалалық  сот  төрағасының  айтуынша,  арыз-

шағымдардың көбеюі ірі мегаполистегі қылмыстық 

ахуалдың артқандығын білдірмейді екен. Керісін-

ше,  тиісті  салықтарды  өндіру,  коммуналдық 

төлемдерді  сот  арқылы  төлету  мәселелері  заң 

аясында шешіле бастаған. Айталық, өткен жылы 

дәл  осы  екі  санаттағы  азаматтық  даулардың 

саны 32 мыңға артқан. Тағы бір тоқталып өтерлік 

жәйт, ауыр және аса ауыр қылмыстардың деңгейі 

қалыпты  болғанымен,  ұйымдасқан,  топ  болып 

жасалатын  қылмыстық  әрекеттердің  көрсеткіші 

көңіл көншітпей тұр.       



К.ЫСҚАҚОВА, 

«Заң газеті»

Кеңейтілген  кеңес  жұмысында  қалалық  сот 

төрағасы Т.Бәрпібаев пен алқа төрағалары Б.Естай, 

А.Кенжеғариннің есебі тыңдалды. Отырыста баян-

далған  статистикаға  сәйкес,  қаланың  бірін ші 

сатылы соттарымен 57 655 азаматтық іс қаралып, 

аяқталған.  Бұл  көрсеткіш  2015  жылмен  салыс-

тырғанда 15 пайызға ұлғайып отыр. 

2016 жылғы 12 айда Астана қалалық сотының 

апелляциялық сот алқасымен 5 044 азаматтық іс 

қаралған, ал 2015 жылғы 12 айда  4 152 іс қаралып, 

салыстырмалы түрде істер саны 18 пайызға өскен. 

Соған қарамастан, күшін жойған қаулылар саны 3 

есе азайған. 

Есепті  кезеңде  3  054  қылмыстық  іс  қаралып, 

2374 адамға қатысты үкім шығарылған. Олардың   

32,7 пайызына  бас бостандығынан айыру түріндегі 

жаза  тағайындалған.  Қылмыстық  істер  жөніндегі 

апелляциялық  сот  алқасы  538  қылмыстық  істі 

қараса, 2015 жылы судьялар 481 қылмыстық істі 

қараған.  Жиында  судья  А.Майқыбаева  инвес-

тициялық  даулар  бойынша  сот  жұмысын  қоры-

тындылады. 2016 жылы  өндіріспен барлығы 44 іс 

аяқталып, оның 29 бойынша шешім шығарылған. 

Жоғарғы  Соттың  қылмыстық  істер  жөніндегі 

сот алқасының төрағасы А.Рахметулин өз сөзінде 

былтырғы жылғы қызметті бағалау рейтінгі бойынша 

Астана қаласы бойынша Соттар әкімшісінің жоғары 

көрсеткішін атап өтті. Ал, қалалық соттың төрағасы 

Т.Бәрпібаев  Астана  қаласы  мамандандырылған 

ауданаралық  экономикалық  сотының  төрағасына 

республиканың  Судьялар  одағымен  өткізілген 

республикалық  конкурстағы  жеңісі  үшін  диплом 

табыс  етті.  Экономикалық  соттың  судьясы 

С.Кабидолдина  татуластыру  рәсімдері  бойынша 

дауларды реттеудің баламалы тәсілдерін дамыту-

ға  қосқан  үлесі  үшін  Жоғарғы  Соттың  құрмет 

грамотасымен марапатталды. 

Кеңес  жұмысын  қорытындылай  келе,  Абай 

Рахметулин  «100  нақты  қадам»  –  Ұлт  жоспарын 

іске  асырудың  негізгі  нәтижелері  және  респуб-

лика  судьяларының  VII  съезінде  берілгенн 

тапсырмалардың  орындалуын  тілге  тиек  етті. 

Кеңесті  қорытындылай  келе,  А.Рахметулин  сот-

тардың  жаңартылған  құқықтық  өрісте  жұмыс 

қарқынынан таймай, азматтардың, сонымен бірге, 

заңды тұлғалардың құқығы мен бостандығын әділ 

қорғауды қамтамасыз етудің  маңыздылығын айтып 

өтті. 

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі

ЖҮКТЕМЕ АРТҚАНЫМЕН, 



САПА ТӨМЕН ЕМЕС

Былтырғы жыл қазақстандық қазылар үшін 

жемісті,  жеңісті  жыл  болды.  Жоғарғы  Сот 

төрағасы  Қайрат  Мәмидің  жетекшілігімен  Ұлт 

жоспарында  белгіленген  тапсырмалардың 

барлығы  сәтті  орындалды.  Республика  сот-

тарында өткен қорытынды жиындар заң үстем-

дігін қамтамасыз ету мақсатында үшінші билікке 

жүктелген  міндеттердің  жақсы  нәти желер 

көрсетіп  отырғанын  дәлелдеді.  Мұндай  оң 

өзгерістерді  біздің  Еңбекшіқазақ  аудандық 

сотынан да байқауға болады. 

Елбасы  тапсырмасына  орай  бүгінде  сот-

тың  барлық  отырыс  залдары  үн-бейнеқұрыл-

ғыларымен  жабдықталған.  Және  мұндай 

жаңалықтың  сотқа,  тараптарға  қандай  артық-

шылық  беретіні  жаңа  технологиялар  қол-

данысқа  енгізілмей  тұрып-ақ  көпшілікке 

таныс тырылды. Судьялардың, сот маман дары-

ның  қатысуымен  өткен  шараларда  дыбыс-

бейнежазба  құрылғыларын  қолданудың  пай-

дасы, жазылған таспаны қайта тыңдауға, көруге 

болатыны  азаматтарға  түсіндірілді.  Сонымен 

бірге,  бұл  бастаманың  судьядан  бастап,  сот 

отырысына қатысушылардың бар лығына қандай 

жауапкершілік  жүктейтіні  айтылды.  Қазір  сот 

отырысының таспаға жазыла тынын білмейтіндер 

кемде-кем. Содан болар, азаматтар сотта өзін 

жинақы, сабырлы ұстай тыны байқалады. Мұндай 

өзгеріс судьяға, сот мәжілісінің хатшысына, сот 

приставтарына  айтылатын  негізсіз  сынның  да 

жолын кесті. Түптеп келгенде жаңа технология 

азаматтардың сотқа деген құрметін арттырды.

Әрине, сотқа деген құрмет тек ішкі тәртіптің  

сақталуымен  өлшенбесе  керек.  Судьялардың 

шешімі әділ, сөзі пәрменді болып, оның төрелігін 

халық мойындағанда ғана соттың беделі артады. 

Судьялардың тазалығына шексіз сенгенде ғана 

азаматтар сот шешімін кедергісіз, кешіктірмей 

орындайды.  Сондықтан,  ортасына  сыйлы 



Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  Әділет 

депар таментінің басшысы Ерлан Дауылбаев 

2016 жылы атқарылған жұмыстарды талдап, 

баспасөз жиынын өткізді. 

Департамент  басшысы  Ұлт  жоспарының 

27-қадамында көзделген бағдарға сәйкес, жеке 

сот орындаушылар институтын дамыту бойынша 

облыста жыл бойы жүргізілген шараларға тоқ-

талды. Мәселен, өткен жылы аймақтағы жеке сот 

орындаушылар саны 96-ға көбейіп, бүгінгі күні 

196-ны құрап отыр. Сәйкесінше, олар атқаратын 

істердің ауқымдылығы да артып, жеке орындауға 

жалпы 345 363 атқарушылық құжат түскен. Өткен 

кезеңмен  (2015  жылмен)  салыстырғанда,  бұл 

көрсеткіш 52 пайызға көбейген. 

«2016  жылы  жеке  сот  орындаушыларында 

алименттерді өндіруге қатысты 12 754   құжат 

болған, оның ішінде 2 678-нің өндірісі аяқ талған. 

Ал,  аталған  кезеңде  мемлекеттік  сот  орын-

даушыларының  орындауында  болған  15  111 

алименттік  өндірістің  ішінде  14 099  аяқталып, 

жылдың  соңында  1  512  құжат  қалған»,–  деді 

Е.Дауылбаев.

Баспасөз  жиынында  адвокаттардың,  нота-

риустардың  жеке  және  заңды  тұлғаларға 

көрсететiн заң қызметтерiнiң сапасына бақылау 

жүргізу  Әділет  департаменті  функцияларының 

бірі  болып  табылатынын  айтқан  департамент 

басшысы  облыс  аумағында  423  адвокат  және 

467  нотариус  заң  қызметін  көрсететінін  және 

олар  2016  жылы  11775  азаматқа  тегін  заң 

көмегін  көрсеткенін  жеткізді.  Сондай-ақ,  ол 

қолданыстағы  заңнамалардың  нормаларын 

бұзғаны  үшін  7  нотариустың  лицензиясының 

қолданысы  тоқтатылып,  40  нотариус  тәртіптік 

жауапкершілікке  тартылғанын,  2  нотариус 

лицензиясынан айырылғанын айтты.

Сондай-ақ,  АХАТ  саласындағы  жұмыстар 

аясында  былтыр  жергілікті  атқарушы  орган-

дармен 133349 азаматтық хал актісі тіркелген. 

Оның  ішінде,  тууды  тіркеу  82036  болса, 

некеге  тұруды  тіркеу  21716  болған.  156  294 

жыл жымайтын  мүлікке  құқықтар  тіркеліп, 

оның  ішінде  46509  құжат  нотариус  мәмілені 

куәландырғаннан кейін электрондық форматта 

тіркелген.  Нормативтік  құқықтық  актілерді 

тіркеу жұмыстары шеңберінде 566 нормативтік 

құқықтық  акт  ұсынылып,  оның  495-і  тіркелді. 

11-ін  тіркеуден  бас  тартылды,  Зияткерлік 

меншік  құқығын  қорғау  аясында  19  әкімшілік 

іс  қозғалып,  соттарда  қаралуына  сәйкес, 

құқық бұзушыларға 1533483 теңге мөлшерінде 

айыппұл салынған.



Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 

баспасөз қызметі

Бүгінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын 

кеңейту  мақсатында  еліміздің  сот  жүйесінде 

ауқымды  жұмыстар  атқарылуда.  Жалпы  тіл 

саясаты жайлы сөз бола қалса, мемлекеттік тіл 

мәртебесінің  пәрменіне  қатысты  мәселелерді 

айналып өту мүмкін емес. Себебі, мемлекеттік 

тіл тек тұрмыстық қарым-қатынас тілі ғана емес, 

тұтастай бір мемлекеттің елдігі мен ерекшелігін 

айқындайтын, сол елдің салт-дәстүрі мен  әдет-

ғұрпын,  мәдениетін,  болмысын  баяндайтын 

тіл.  Сондықтан,  мемлекеттік  тілге  басымдық 

беруіміз қашанда орынды. Мәселен, мемлекеттік 

тілдің сот жүйесінде еркін қолданылуы халықтың 

сотқа  деген  сенімін  нығайтып  қана  қоймай, 

республика  соттарының  беделін  көтеретін 

бірден-бір  құрал  екенін  естен  шығармауымыз 

керек. 


Алматы  гарнизонының  әскери  сотында 

тіл  саясатын  іске  асыру  мақсатында  көптеген 

жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, сот ғима ра-

тында  ілінген үлгі, ережелерден бастап, ілеспе 

хаттар,  шығыс  құжаттарының  жазылуында 

алдымен мемлекеттік тілге басымдық беріледі. 

Сондай-ақ,  ішкі  қызмет  тілі,  барлық  жұмыс 

жоспарлары,  ұйымдастырылатын  іс  шаралар 

түгелдей  дерлік  мемлекеттік  тілде  жүзеге 

асырылады.  Қазіргі  заман  талабына  сәйкес, 

Қазақстан  Республикасы  сот  органдарының 

«Төрелік»  жүйесімен  жұмыс  істеу  кең  ауқым 

алып  отыр.  Осы  бағдарлама  бойынша  сот 

кеңсесіне келіп түскен құжаттардың қай тілде 

болғанына  қарамастан,  тиісті  ұяшықтарды 

мемлекеттік тілде толтыру қалыптасуда. Соны-

мен  қатар,  сот  қызметкерлерінің  арасында 

мемлекеттік тілді дамыту, аударма жұмыстарына 

қажетті әдістемелік көмек көрсету және маман-

дардың  мемлекеттік  тілде  іс  құжаттарын  тол-

тыру  біліктілігін  арттыру  мақсатында  кәсіби 

педагогикалық  қазақ  тілі  және  әдебиеті  ма-

манымен  танымдық  семинар  өткізіліп  тұра-

ды.  Соттағы  сөздіктер  де,  Қазақстан  Рес-

публикасындағы іс қағаздарын жүргізу туралы 

үлгілер  жинағы  іс  жүргізу  барысында  үнемі 

қолданылуда.  Тілге  қатысты  оң  көзқарас  бір 

күнде  қалыптаспайды.  Дегенмен,  ниет  болса, 

нәтиже ойдағыдай болары анық.

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет