«Ақерке бөбекжай» кмқК директоры А. Назирова


Келешек жұмыстардың міндеттері



бет10/51
Дата06.09.2022
өлшемі388,79 Kb.
#38510
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
Келешек жұмыстардың міндеттері:
2018-2019 жылғы оқу жылында әрбір жастағы топтар үшін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келетін, балалардың физикалық және психикалық денсаулықтарын нығайту, олардың денсаулықты сақтаудан хабардар болуын қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру. Осы мақсатта СӨС-ның әртүрлі нысандары мен әдістерін, соның ішінде әдістерді, психологиялық ойындарды және релаксацияға арналған ойындарды пайдалану.
Медицина қызметкері нақты міндеттерді және күтілетін нәтижелерді тұжырымдай отырып, бір жылға балалармен сауықтыру жұмыстарын жүргізу жоспарын құруы және оған СӨС-ның медициналық бақылауды ұйымдастыру, жиі ауыратын балалардың денсаулығын нығайту жөніндегі іс-шараларды енгізу. Осы балалардың ата-аналары үшін, сауықтыру жөніндегі ақыл- кеңестер әзірлеу.
2018- 2019 жылғы оқу жылына арналған жұмыстың мақсатын белгілеу:
«Балалармен жүргізілетін дене тәрбиелік-сауықтыру жұмыстарының нысандары мен әдістерін жетілдіру және олардың денсаулықты сақтай білуден хабардар болуын қалыптастыру».
2.2.7. Бақылау және басшылық
Бөбекжайда жыл бойы тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен оқыту жұмыстарының жүргізілу сапасына бақылау жүргізіледі. Жылдық жоспардың педогогикалық ұйымдастыру жұмыстарының мақсаты: мектеп жасына дейінгілердің тәрбиелеу-білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру болып табылатын «Басшылық және бақылау». Бөбекжай ішіндегі бақылау мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс жағдайына талдау жасау үшін, барлық тәрбие және білім беру үдерісіне қатысушылардың жұмыстары нәтижелі болуы үшін негізгі ақпарат көзі болып табылады. Басшылық және бақылау бөбекжайда әр түрлі нұсқаларды қолдана отырып өткізіледі: тәлімгерлік және өзара бақылау, өзін-өзі бақылау, жоспарлы-әкімшілік бақылау. Бақылауда мамандармен жұмыс, еңбек, ойын жұмыстары, білім беру саласының жалпы барлық тармақтары қамтылған. Бақылаудың: жедел, бастапқы (алдын ала), тақырыптық бақылау түрлері қолданылады. Қорытынды нәтижесі анықтамалар, диаграммалар түрінде көрсетіледі. Бақылаудың қорытындысы педагогикалық кеңестерде, директор жанындағы жиын және әдістемелік кеңестерде қаралады. Мәселелерді болжауға жасалған талдаудың нәтижесі бойынша 2017-2018 оқу жылында бақылау нұсқаларын әдістемелік кеңесті тарта отырып түрлендіруді жалғастыру ұсынылған болатын, сондықтан биылғы оқу жылында да балаларды жетілдіруді дамытуға мониторингті, әдіскер басшылығымен әдістемелік бірлестігі жүргізді.
Балалардың даму деңгейін тексеру және бақылау әдіскер К.О.Жылкыбаеваның басшылығымен, әдістемелік кеңесте талқыланды. Әдістемелік кеңес «Педагогикалық қызмет барысында тәрбиеленушілерге жүйелі білім беру» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, барысында өтпелі тақырыптар бойынша перспективалық жоспар мен циклограмманы жазу, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы дайындаған Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеру бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу нәтижелеріне талдау жасалынып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.
Педагогикалық үдерістің жаңа оқу жылына дайындау деңгейіне, балалардың даму деңгейіне диагностика жүргізуге, ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыптық жоспарын құрастыруға, балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыруды жоспарлау циклограммаларын құрастыруға, ғимараттар мен қосалқы ғимараттарды қысқы жұмысқа дайындауға, жас мамандармен жұмысты ұйымдастыруға, ата-аналар жиналысының хаттамаларын ресімдеуге (жалпы және топтық), өткізілген семинарлар бойынша құжаттаманы ресімдеу жұмыстарына, өзін-өзі тану бойынша педагогикалық үдерісті ұйымдастыру, аттестаттау материалдарын ресімдеуге жедел бақылау жұмыстары жүргізілді. Бақылау нәтижесінде жаңа оқу жылына дайындық деңгейі орта екені, кейбір тәрбиешілердің құжаттарды толтыруда қателіктерге жол бергені анықталды. Ол педагогтармен жыл бойы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді. Жас мамандарға ата-аналармен жұмыс түрлерін таныстырып, тәлімгерлер кеңестер беріп отырды. Бөбекжай ішінде өткен семинар құжаттары уақытылы толтырылып, жылдық жоспар бойынша семинар өткізілді. Қыркүйек айында «Бөбекжайдың жаңа оқу жылына дайындығын бақылау; Педагогикалық үдерісті жаңа оқу жылына дайындау деңгейі», «Балбөбек» І-кіші тобындағы балалардың бейімделуі», «Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеру бойынша бастапқы даму мониторингі» тақырыптарында жедел бақылау, «Қауіпсіздік шараларының ережесін сақтау», «Ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне, мерекелік шараларға қатысу» тақырыптарында тақырыптық бақылау болды. Бақылау нәтижесінде қауіпсіздік шаралары бойынша барлық топтарда бұрыштар дайындалып, ата-аналарға мәлімет берілген. Қазан айында «Мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру» бойынша ортаңғы, ересек топтарда буклеттер дайындалып, серуеннен келгеннен кейін, ұйқыдан тұрған соң мәдени гигиеналық шаралар туралы тәрбиеленушілерге мәліметтер беріліп отырылды. «Педагогтердің күн тәртібін сақтау жөніндегі жұмыс деңгейі, серуенді бақылау», «Ересек топ балаларын мектеп өмірімен таныстыру» алдын-ала бақылау. Ересек топ балаларын мектеп өмірімен таныстыру, педагогтардың өзара ҰОҚ-не қатысу деңгейіне, педагог қызметкерлерді аттестаттауға дайындау жұмысының деңгейіне, психолог кабинетінің жұмысын ұйымдастыру, балалар портфолиосын ресімдеу, бөбекжай ауласының санитарлық жағдайы, балаларды көше қозғалысы ережелерімен таныстыру жұмысының деңгейі бойынша алдын ала бақылау жүргізілді. Бақылау нәтижесінде ересек топ балалары №5 жалпы білім беретін қазақ мектебіне жылдың басында және соңында саяхатқа барып, музыка, спорт залдарымен танысқан және технология кабинетінде қолдан жасалған қолөнер бұйымдарымен танысып, өз қызығушылықтарын бідіріп жатты. Сонымен бірге, даярлық тобының және 1 сынып сабақтарына қатысып, балалар партада қалай отыру, сабақ үстінде өз-өзін қалай ұстау керек екенін үйреніп, мұғалімдерден кеңес алған. Педагогтар өзара ұйымдастырылған оқу қызметтеріне қатысып, өзара қатысу парақтарын толтырып отырған. Ашық іс-шараларды ұжымдық қарау педагогтардың біліктілігін жоғарлату жүйесінде және жалпы білім беру үдерісінде маңызды рөль атқарады. Бұл әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді түрлерінің бірі. Олар педагогтарға әріптестерінің қалай жұмыс істейтіндерін көруге, олардың оңтайлы тәжірибелерін қолдануға, өздерінің балалармен жұмыс кезіндегі кемшіліктерін жөндеуіне мүмкіндіктер береді. «Балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыруды жоспарлау циклограммаларын құрастыру деңгейі», «Ғимараттар мен қосалқы ғимараттарды қысқы жұмысқа дайындау» тақырыптарында жедел бақылау жүргізілді.
Қараша айында «Мектепке дейінгі мемлекеттік жалпыға міндетті білім мен тәрбие беру стандарты талаптарының орындалуы (қосымша 13.05.2016ж. №292), баланың қызметін бақылау, балалар жұмысын зерттеу», «Ресімдеу және жүргізу деңгейі, ҰОҚ қатысу парақтары,балалар мен ата-аналар туралы мәліметтер», «Тәлімгер мектебі» жұмысын ұйымдастыру, «Жас ата-аналарға арналған «Ашық есік» кеңес беру пунктінің жұмыс деңгейі» тақырыптарында жедел бақылау жүргізіліп, ұйымдастырылған оқу қызметіне қатысу парақтарының толтырылмағаны анықталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Желтоқсан айында мерекелік шаралардың өтілуіне, «Ересек, ортаңғы топтарда орыс, ағылшын тілі бойынша сөздік қорды меңгеру бойынша білім срездері» тақырыбында тақырыптық бақылау жүргізілсе, жаңа жылға дайындық, Ересек, ортаңғы топтарда орыс, ағылшын тілібойынша сөздік қорды меңгеру бойынша білім срездеріне, ата-аналар жиналыстарының хаттамаларының дұрыс толтыруларына, Тамақтануды және ас әзірлейтін бөліктің жұмысын ұйымдастыру жедел бақылау жасалынды. Музыка залын жабдықтау жөніндегі жұмыс деңгейіне алдын-ала бақылау жасалынып педагогтар мен қызметкерлерге дер кезінде ұсыныстар берілді. Қаңтар айында педагог қызметкерлерді аттестаттауға дайындау жұмысының деңгейіне, үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеру бойынша аралық даму мониторингіне, өткізілген семинарлар бойынша құжаттаманы ресімдеуге, жертөлелердің санитарлық жағдайына жедел бақылау жасалынса, латын әліпбиіне өту бойынша іс-шараларының жағдайына тақырыптық бақылау жүргізіліп, бақылау карталары толтырылды. Әрбір бақылау педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, педагогикалық сағат, директор жанындағы жиындарда қаралып, талқыланды.
Педагог қызметкерлерді аттестаттауға дайындау жоспар бойынша жүргізілді. Аттестаттаудан өтетін педагогтар әдіскер К.О.Жылкыбаева, тәрбиешілер С.О.Акишова, С.Б.Абдуллаевалар аттестаттау ережелерімен таныстырылды, құжаттары қаралып, аттестаттау комиссиясына ұсынылды. Әкімшілік бақылауда, әр түрлі бақылау түрлері: тақырыптық және тұтас бақылау, салыстырмалы және аралық бақылау қолданылды. Жыл бойы жүргізілген бақылау нәтижесінде тәрбиеленушілерге құқықтық тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыру жұмыстарының төмен екені, топтарда құқықтық бұрыш жоқ екені және тәрбиеленушілерге мәліметтер берілмейтіні анықталды. Жыл сайын, жұмыс жоспарына сәйкес, бөбекжайда оқу жұмыстарын ұйымдастыруды және балалармен жұмыстың басқа да түрлерінде ұжымдық қарау жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет