«Ақерке бөбекжай» кмқК директоры А. Назирова


Ұсыныс: топтарда құқықтық бұрыштар дайындау. Шешу жолдары



бет11/51
Дата06.09.2022
өлшемі388.79 Kb.
#38510
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
Ұсыныс: топтарда құқықтық бұрыштар дайындау.
Шешу жолдары: тақырыптық буклет, жадынамалар, кітапшалар дайындау.


2.2.8.Вариативтік компонент
Бөбекжайда күннің екінші жартысында вариативтік компоненттік бөлімі бойынша ортаңғы, ересек топтарда «Ұлттық қазына», ІІ кіші, ортаңғы, ересек топтарда «Ағылшын тілін үйренейік» вариативтік компоненттері жүргізілді. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау», - деп ерекше атап көрсетілген. Осы Заңның 8-бабында «Білім беру мекемелеріндегі тәрбиелеу бағдарламалары этномәдениет элементтерімен байытылады»,-делінген. Халқымыз «Қисық біткен талды жастайынан түземесе, буыны қатқан соң оның көлеңкесі де қисық болып тұрады» деп бекер айтпаса керек. Осыған байланысты бүгінгі бүлдіршіндерді жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеуде балабақша қызметкерлерінің жауапкершілігін де арттыра түсуде. Себебі біздің халқымыз үшін бала тәрбиесі бүкіл зиялы қауымның, бүкіл қоғам шұғылданатын ұлағатты істің тұтас бір кешеніне айналып отыр. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды ұтымды ұйымдастыру үшін балабақшада ұлттық этнопедагогика бағыты бойынша арнайы бағдарлама негізінде жұмыс жасамаймыз. Бағдарламаны құрастыру жаңа білім парадигмасына сәйкес төмендегідей қажеттіліктерден туындап отыр:

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен білім және мектепалды даярлықтың нәтижеге қайта бағдарлануы;

  • Мемлекеттік жалпыға міндеті білім беру стандартына сәйкес білімнің практикалық құндылығын қамтамасыз ету.

  • Өмірлік білім моделінен өмір бойғы білім моделіне сәйкес білім беру;

  • Баланың қандай да бір саладағы білім мен тәжірибесімен және оларды нақты бір жағдайда соған сай қолдана білу біліктілігімен байланысты қасиеті-құзіреттілігін қалыптастыру.

Сол себепті алға қойылып отырған мақсат:
«Кішкентай бүлдіршіндердің жасын, жеке ерекшеліктерін, психологиялық процестерін ескере отырып, ұлттық құндылыққа негізделген, қоғамдағы жағымды қатынастарға қабілетті, шығармашыл ұрпақ тәрбиелеу»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет